You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8061
КӨЗ ЖАСЫҢЫЗ ДА ӨТЕ ҮЛКЕН ҚҰЛШЫЛЫҚҚА ЖАТАДЫ

ӘЙГІЛІ ӘУЛИЕ МӘУЛӘНӘ РУМИ ХАЗІРЕТ көз жас туралы былай деген екен.

- мөлдіреп аққан көз жастарыңыз да зор құлшылыққа жатады, себебі олар сіздің айтарға еш сөз таба алмаған кезде Аллаға төте жасаған сапарыңыз.

- көз жаста кие бар, ол әлсіздіктің белгісі емес, бірақ жойқын қуаттың белгісі. Ол мың тілден де шешен. Көз жастар адамды меңдетіп алған мұң, өкініш, сағыныш я тілмен жеткізуге келмейтін махаббаттың елшілері.

- ішкі жан дүниеңізде тәубе найзағай болып жарқылдағанда, көзіңізден жастарыңыз жаңбыр болып төгіледі.

- менің көз жастарым Сүйіктіге деген құлшынысымның куәсі, осы жастарымнан ақиқатты сөйлейтін әппақ ләлә гүлдері өніп шығатын болады.

- көз жастың ішіне жасырылған күлкіні іздеп көріңіз.

- егер көздеріңіз ұсақ-түйек елестермен былғанып жүрсе, онда оларды жаспен жуыңыз, ал жас тамшылары оларды жетісімен-ақ емдей бастайды, олар - емшілер.

- Сіз кеткенде қан жыладым, қайғым көбейіп, мұңым өсті, бірақ Сіз жәй кетсеңіз жөн ғой, менің көздерім де Сізбен бірге кетіп қалды, ал енді мен қалай жылаймын!

- Алла кейде сізге жәрдем бергісі келгенде сізді жылатып, көз жасыңызды моншақтай төктіреді, жүрегіңізді махаббат отына күйдіреді, онан соң күлдіреді, Ол үшін жылау, Ол үшін күю қандай бақыт! жылауға ілесетін күлкі бар, су аққан жерде құлпырып гүлдер, жәйқалып майсалар өсетіні сияқты, жас аққанда Алланың илаһи мейрімі төгіледі, кім бұны түсінсе, ол расында бір құтты кісі болар.

- жалғыз қалған сәттеріңізде Алламен жақсылап сөйлесіп алыңыз, себебі дәл сол шақтарыңызда Алла өзгелердің барлығын кетіріп жіберіп, сіздің Өзіне сөйлеуіңізді күтіп тұрады.

كوز جاسىڭىز دا وتە ۇلكەن قۇلشىلىققا جاتادى

ايگىلى اۋليە ءماۋلانا رۋمي حازىرەت كوز جاس تۋرالى بىلاي دەگەن ەكەن.

- مولدىرەپ اققان كوز جاستارىڭىز دا زور قۇلشىلىققا جاتادى، سەبەبى ولار ءسىزدىڭ ايتارعا ەش ءسوز تابا الماعان كەزدە اللاعا توتە جاساعان ساپارىڭىز.

- كوز جاستا كيە بار، ول السىزدىكتىڭ بەلگىسى ەمەس، ءبىراق جويقىن قۋاتتىڭ بەلگىسى. ول مىڭ تىلدەن دە شەشەن. كوز جاستار ادامدى مەڭدەتىپ العان مۇڭ، وكىنىش، ساعىنىش يا تىلمەن جەتكىزۋگە كەلمەيتىن ماحابباتتىڭ ەلشىلەرى.

- ىشكى جان دۇنيەڭىزدە تاۋبە نايزاعاي بولىپ جارقىلداعاندا، كوزىڭىزدەن جاستارىڭىز جاڭبىر بولىپ توگىلەدى.

- مەنىڭ كوز جاستارىم سۇيىكتىگە دەگەن قۇلشىنىسىمنىڭ كۋاسى، وسى جاستارىمنان اقيقاتتى سويلەيتىن ءاپپاق ءلالا گۇلدەرى ءونىپ شىعاتىن بولادى.

- كوز جاستىڭ ىشىنە جاسىرىلعان كۇلكىنى ىزدەپ كورىڭىز.

- ەگەر كوزدەرىڭىز ۇساق-تۇيەك ەلەستەرمەن بىلعانىپ جۇرسە، وندا ولاردى جاسپەن جۋىڭىز، ال جاس تامشىلارى ولاردى جەتىسىمەن-اق ەمدەي باستايدى، ولار - ەمشىلەر.

- ءسىز كەتكەندە قان جىلادىم، قايعىم كوبەيىپ، مۇڭىم ءوستى، ءبىراق ءسىز ءجاي كەتسەڭىز ءجون عوي، مەنىڭ كوزدەرىم دە سىزبەن بىرگە كەتىپ قالدى، ال ەندى مەن قالاي جىلايمىن!

- اللا كەيدە سىزگە جاردەم بەرگىسى كەلگەندە ءسىزدى جىلاتىپ، كوز جاسىڭىزدى مونشاقتاي توكتىرەدى، جۇرەگىڭىزدى ماحاببات وتىنا كۇيدىرەدى، ونان سوڭ كۇلدىرەدى، ول ءۇشىن جىلاۋ، ول ءۇشىن كۇيۋ قانداي باقىت! جىلاۋعا ىلەسەتىن كۇلكى بار، سۋ اققان جەردە قۇلپىرىپ گۇلدەر، ءجايقالىپ مايسالار وسەتىنى سياقتى، جاس اققاندا اللانىڭ يلاھي مەيرىمى توگىلەدى، كىم بۇنى تۇسىنسە، ول راسىندا ءبىر قۇتتى كىسى بولار.

- جالعىز قالعان ساتتەرىڭىزدە اللامەن جاقسىلاپ سويلەسىپ الىڭىز، سەبەبى ءدال سول شاقتارىڭىزدا اللا وزگەلەردىڭ بارلىعىن كەتىرىپ جىبەرىپ، ءسىزدىڭ وزىنە سويلەۋىڭىزدى كۇتىپ تۇرادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8061