https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8055
Сұхбат: пайғамбарымызды құрметтемейтін мұсылманда иман болмайды (2025.01.31 / Хижра 1446-жыл 01-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бүгін кірген шағбан айы берекелі болғай, пайғамбарымыз ﷺ «шағбан менің айым» дейді, шағбан шәриф оның айы әрі бір қасиетті ай, онда көптеген берекелер бар, себебі Алла Әззә Уә-Жәллә мына ғаламды пайғамбарымыз ﷺ ның құрметі үшін оған ұсынылған бір сауға ретінде жаратты, пайғамбарымыз ﷺ ның ұлықтығы аса биік. Егер кім бұны білмесе, ол өзін зияндап, өзіне зұлымдық жасайды, ал сіз пайғамбарымыз ﷺ ды көптеп құрметтеген сайын, көптеп игілікке кенелетін боласыз, пайғамбарымыз ﷺ ның рахымы бүкіл үмбет үшін-дүр. Ол ең әуелі өз отбасын исламға шақырды, ол олардың барлығын бір жерге алып, исламға шақырды, барлығы оны қабыл етті, бірақ сол кезде оның кіші әкесі әбу-Ләхаб орнынан тұрып, жаман сөздер айтты, міне осылай ол олардың барлығын мұсылман болудан тосты, әрине, кейін олардың көбі мұсылман болып кетті, бірақ әбу-Ләхаб мұсылман болмады, Алла Әззә Уә-Жәллә оны құран әзиму-шәнда тозақтық етіп жазды, демек кім пайғамбарымыз ﷺ ды құрметтемесе, оның ақыры жаманға соғатын болады, Алла ﷻ бізді панасына алғай.
Алла ﷻ адамдарға ғыйбырат көрсетеді, тіпті ол пайғамбарымыз ﷺ ның кіші әкесі болса да, бірақ ол пайғамбарымыз ﷺ ды құрметтемегендіктен ол тозаққа тәуелді болмақ, сондықтан адамдар осыны анық білуі керек, Алла Әззә Уә-Жәллә әбу-Ләхаптың қандай жаман күйде қалғанын құран әзиму-шән атты мәңгілік кітапта көрсетіп кетті. Не үшін? себебі ол әрдайым адамдарға қиындық әкелетін және оларды игі істермен жақсы амалдар істеуден тосатын, сол үшін олар пайғамбарымыз ﷺ ға еруден тосылып, игілікке жетуден қағылды. Ал осы нәрселер оның иығында қияметке дейін арқаланатын болады, қазіргі кездегі кейбір адамдар да осыған ұқсайды, пайғамбарымыз ﷺ ды құрметтемейтін адамдар мейлі мұсылман немесе кәпір болсын, оларда еш иман болмайды, олар имансыз адамдар, олар тілімен «мұсылманбыз» дер, бірақ оларда иман жоқ. Шайтан осы заманның адамдарына осындай жаман нәрселерді көрсетіп, бүлік жасауда, ол «пайғамбарды құрметтеуден сақтан, егер олай етсең, Алла ﷻ сені жазалайды, себебі пайғамбар сен сияқты жәй біреу ғана, шірік істеген боласың, діннен шығып кетесің» дейді, міне бұл шайтанның адамдарды иманнан кетіру үшін жасаған бір қулығы, бір айласы еді, Алла ﷻ бізді панасына алғай.
Біз осы қасиетті айда бар шамамыз келгенінше пайғамбарымыз ﷺ ды ұлықтап, құрметтеуіміз керек, демек біз көптеп салауат айталық, әр салауатқа пайғамбарымыз ﷺ жауап қайтаратын болады, бұны пайғамбарымыз ﷺ өзі айтып кеткен, пайғамбарымыз ﷺ «маған сәлем берсеңдер, сонда мен де сендерге салам қайтарамын» дейді. Міне бұл аса зор сауға, біз одан құр қалмауымыз керек, біз шамамыз келгенінше тәсбихат (зікір) және салауат айтуымыз керек, иншалла. Алла ﷻ бұл айды берекелендіре бергей, құтайта бергей, оны жақсылықтың жаршысы, себепкері еткей, ал біздің иман қуатымыз күшеие бергей, және пайғамбарымыз ﷺ ға деген махаббатымыз арта бергей, бұл махаббат көптеп өскен сайын, ол бізге тіпті де пайдалы бола бермек, Алла ﷻ оны берекелі еткей.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەمەيتىن مۇسىلماندا يمان بولمايدى (2025.01.31 / حيجرا 1446-جىل 01-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بۇگىن كىرگەن شاعبان ايى بەرەكەلى بولعاي، پايعامبارىمىز ﷺ «شاعبان مەنىڭ ايىم» دەيدى، شاعبان ءشاريف ونىڭ ايى ءارى ءبىر قاسيەتتى اي، وندا كوپتەگەن بەرەكەلەر بار، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىنا عالامدى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ قۇرمەتى ءۇشىن وعان ۇسىنىلعان ءبىر ساۋعا رەتىندە جاراتتى، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ۇلىقتىعى اسا بيىك. ەگەر كىم بۇنى بىلمەسە، ول ءوزىن زيانداپ، وزىنە زۇلىمدىق جاسايدى، ال ءسىز پايعامبارىمىز ﷺ دى كوپتەپ قۇرمەتتەگەن سايىن، كوپتەپ يگىلىككە كەنەلەتىن بولاسىز، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ راحىمى بۇكىل ۇمبەت ءۇشىن-ءدۇر. ول ەڭ اۋەلى ءوز وتباسىن يسلامعا شاقىردى، ول ولاردىڭ بارلىعىن ءبىر جەرگە الىپ، يسلامعا شاقىردى، بارلىعى ونى قابىل ەتتى، ءبىراق سول كەزدە ونىڭ كىشى اكەسى ءابۋ-ءلاحاب ورنىنان تۇرىپ، جامان سوزدەر ايتتى، مىنە وسىلاي ول ولاردىڭ بارلىعىن مۇسىلمان بولۋدان توستى، ارينە، كەيىن ولاردىڭ كوبى مۇسىلمان بولىپ كەتتى، ءبىراق ءابۋ-ءلاحاب مۇسىلمان بولمادى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى قۇران ءازيمۋ-ءشاندا توزاقتىق ەتىپ جازدى، دەمەك كىم پايعامبارىمىز ﷺ دى قۇرمەتتەمەسە، ونىڭ اقىرى جامانعا سوعاتىن بولادى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.
اللا ﷻ ادامدارعا عىيبىرات كورسەتەدى، ءتىپتى ول پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ كىشى اكەسى بولسا دا، ءبىراق ول پايعامبارىمىز ﷺ دى قۇرمەتتەمەگەندىكتەن ول توزاققا تاۋەلدى بولماق، سوندىقتان ادامدار وسىنى انىق ءبىلۋى كەرەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءابۋ-ءلاحاپتىڭ قانداي جامان كۇيدە قالعانىن قۇران ءازيمۋ-ءشان اتتى ماڭگىلىك كىتاپتا كورسەتىپ كەتتى. نە ءۇشىن؟ سەبەبى ول ءاردايىم ادامدارعا قيىندىق اكەلەتىن جانە ولاردى يگى ىستەرمەن جاقسى امالدار ىستەۋدەن توساتىن، سول ءۇشىن ولار پايعامبارىمىز ﷺ عا ەرۋدەن توسىلىپ، يگىلىككە جەتۋدەن قاعىلدى. ال وسى نارسەلەر ونىڭ يىعىندا قيامەتكە دەيىن ارقالاناتىن بولادى، قازىرگى كەزدەگى كەيبىر ادامدار دا وسىعان ۇقسايدى، پايعامبارىمىز ﷺ دى قۇرمەتتەمەيتىن ادامدار مەيلى مۇسىلمان نەمەسە كاپىر بولسىن، ولاردا ەش يمان بولمايدى، ولار يمانسىز ادامدار، ولار تىلىمەن «مۇسىلمانبىز» دەر، ءبىراق ولاردا يمان جوق. شايتان وسى زاماننىڭ ادامدارىنا وسىنداي جامان نارسەلەردى كورسەتىپ، بۇلىك جاساۋدا، ول «پايعامباردى قۇرمەتتەۋدەن ساقتان، ەگەر ولاي ەتسەڭ، اللا ﷻ سەنى جازالايدى، سەبەبى پايعامبار سەن سياقتى ءجاي بىرەۋ عانا، شىرىك ىستەگەن بولاسىڭ، دىننەن شىعىپ كەتەسىڭ» دەيدى، مىنە بۇل شايتاننىڭ ادامداردى يماننان كەتىرۋ ءۇشىن جاساعان ءبىر قۋلىعى، ءبىر ايلاسى ەدى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.
ءبىز وسى قاسيەتتى ايدا بار شامامىز كەلگەنىنشە پايعامبارىمىز ﷺ دى ۇلىقتاپ، قۇرمەتتەۋىمىز كەرەك، دەمەك ءبىز كوپتەپ سالاۋات ايتالىق، ءار سالاۋاتقا پايعامبارىمىز ﷺ جاۋاپ قايتاراتىن بولادى، بۇنى پايعامبارىمىز ﷺ ءوزى ايتىپ كەتكەن، پايعامبارىمىز ﷺ «ماعان سالەم بەرسەڭدەر، سوندا مەن دە سەندەرگە سالام قايتارامىن» دەيدى. مىنە بۇل اسا زور ساۋعا، ءبىز ودان قۇر قالماۋىمىز كەرەك، ءبىز شامامىز كەلگەنىنشە ءتاسبيحات (زىكىر) جانە سالاۋات ايتۋىمىز كەرەك، ينشاللا. اللا ﷻ بۇل ايدى بەرەكەلەندىرە بەرگەي، قۇتايتا بەرگەي، ونى جاقسىلىقتىڭ جارشىسى، سەبەپكەرى ەتكەي، ال ءبىزدىڭ يمان قۋاتىمىز كۇشەيە بەرگەي، جانە پايعامبارىمىز ﷺ عا دەگەن ماحابباتىمىز ارتا بەرگەي، بۇل ماحاببات كوپتەپ وسكەن سايىن، ول بىزگە ءتىپتى دە پايدالى بولا بەرمەك، اللا ﷻ ونى بەرەكەلى ەتكەي.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8055