https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8048
Сұхбат: миғраж сапарында 100 жыл қас-қағым сәтке сыйдырылды (2025.01.26 / Хижра 1446-жыл 26-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Cyprus, Lefke-да айтылған сұхбат) Бүгінгі таң бір қасиетті түн, Алла Әззә Уә-Жәллә оның берекетін біздің үстімізде еткей, иманымыз қуаттанғай, бүгін түн - үлкен түн, ол адамзатпен ислам үшін ұлық түн, салтанатты түн, бұл түнде пайғамбарымыз ﷺ ақиретке барды, бүкіл ғаламды аралады, ғаршул-ғәлаға дейінгі барлық жерлерге барды, оның осыбір ұлықтығы оның қандай биік екендігін көрсетті, оның ұлылығы аса зор. Сондықтан бүгінгі түн берекелі түн, құтты түн, дұғалар қабыл болатын түн, осы түнде өтелінген құлшылықтар тіпті де оңай қабыл етіледі, сол үшін біз оларды шамамыз келгенінше өтейік, кейбір адамдар «осы түнде ояу отыралық» деп, бүкіл түнді ояу өткізеді, бірақ ол өте қиын, сондықтан әр адам өздері істей алатын істі істеуі керек. Демек олар құлшылық өтеп болған соң, дәрет алып, ұйықтаудан бұрын екі ракат қиямул-ләйіл намазын оқыса, ал ерте таңда тәхажұтқа тұрса, намаз өтесе, құлшылық етіп, дұғалар жасаса болғаны, олар қабыл етіледі, (осылай етсе, түнімен намаз өтегендей болады). Шүкір-Алла, Алла ﷻ бізді иманмен жаратты, біз дұға етелік, сонда иманымыз күшейетін болады, ең маңыздысы «ғафуа уәл афия уәл мұғафатал дайимах» яғни Алла ﷻ дан кешірім және жақсы денсаулық сұрау болмақ. Біздің деніміз әрқашан жақсы болғай, тәніміз сау болғай, міне бұл аса үлкен бір нығымет, бұл дұға пайғамбарымыз ﷺ ның кеңесі, кім осыны істесе игілікке кенеледі, ал кім істемесе, көп нәрседен құр қалып, көп нәрседен айырылатын болады, Алла ﷻ оларға бұны нәсіп етпеген болады.
Бұл қасиетті түннің адамдардың иманын сынайтыны тағы бар, мүминдер, демек иманды адамдар пайғамбарымыз ﷺ ның айтқан барлық сөзіне сенеді, олар ғайыпқа сенеді, ғайып дегеніміз көре алмайтын нәрселерге сену, пайғамбарымыз ﷺ бұл жәйлы айтып кеткен. Алла Әззә Уә-Жәллә осы нәрселерді пайғамбарымыз ﷺ арқылы бізге жеткізді, айтып кетті, ал біз болсақ, оларға сенеміз, иман келтіреміз, шүкір-Алла. Кімдерде осы сенім бар? ол пайғамбарымыз ﷺ ның жолында жүріп келе жатқандардан болады, ол оның сүннеттеріне еріп, оның айтқандарымен бізге әмір етілген бұйырықтарға бойұсынатын адамдарда болады. Ал кім бойұсынбаса, ол өзгелерді де құртатын болады, олар өзгелердің иманымен ойнап, олардың иманын жоғалтуға себепші болады, олар бұрынғы мүшіріктерге ұқсайды, себебі мүшіріктер пайғамбарымыз ﷺ ның көкке, одан ғаршул-ғәләға көтерілгеніне сенбеген болатын. Олар «ол өтірік, ал ол өтірікші» деп соқты. Ал қазіргі кезде де мұсылман болып жүргенімен, адамдардың иманымен ойнайтын адамдар бар, олардың кейбірі «оны - түс» десе, ал кейбірі оған мүлдем сенбейді, олар оны «түс те емес, ештеңе де емес» дер, міне қазір осындай топтармен адамдар бар, оларды шайтан алдап кетті, ол олардың иманын алып кетті, сондықтан оларда иман қалмады, ал иманы болмаған адам діннен де шығып кетеді, Алла ﷻ бізді панасына алғай.
Бұл өте қауіпті нәрсе, сіз осы сапарға сенуіңіз керек, Алла Әззә Уә-Жәллә үшін ештеңе қиын емес, Ол сізді жоқтан бар етіп жаратты, Ол қалағанын істеуші, Алла Әззә Уә-Жәллә сізді әпсәтте ең жоғарғы орынға да, ең төменгі орынға да қоя алады, сондықтан өзге адамдардың ойына күмән салып, олардың иманымен ойнап жүргендер өте ақымақ, өте надан адамдар. Әсіресе өздерін «өте ақылды, тым зерек» санап жүргендер, көп оқып, көп үйренгендер осындай күмәнға оңай ілінеді, демек олар шайтанның тұзағына оңай түседі, ал осы тұзақтан құтылмақ жоқ, өте қиын, Алла ﷻ бізді панасына алғай, тым аз адамдар ғана одан құтылады, сондықтан біз бұндай адамдардан алыс тұралық, оларға жолауға болмайды. Біз құрметтеуді білмейтін, абырой-әтуерді түсінбейтін адамдардан аулақ болуымыз керек, оларға сөйлеудің де керегі жоқ, себебі олар өте улы келеді, Алла ﷻ бізді қорғағай, ол у сізді құртады және өлтіріп кетеді, демек сіз рухани өлесіз де, ақиретте мәңгі құтыла алмайсыз, Алла ﷻ бізді панасына алғай, өзі сақтағай.
Алла ﷻ бұл түнді берекелі еткей, оны бізге мәңгілік еткей, иншалла, айтып өткеніміздей, ол бір аса салтанатты, тым айбынды түн, себебі пайғамбарымыз ﷺ сол түнде бүкіл әлемді аралады, сапар шекті. Адамдар «ол қалай болған?» дер, ал Алла ﷻ құзіретінде кеңестік те, уақыт та Оның қолындағы нәрсе, ол екеуін де Алла ﷻ жаратты, сондықтан Алла ﷻ оларды қалағанынша істете береді, міне осылай пайғамбарымыз ﷺ жәннәтпен тозаққа барды, ғаршул-ғәләға және Хақтың құзіретіне, демек Алла Әззә Уә-Жәлләның илаһи құзіретіне барды, сонда сапар шекті, сол түнде осыларға бар жоғы екі сағат ғана кетті, яғни Алла Әззә Уә-Жәллә уақытты сол екі сағат қысқа уақыт ішіне кеңейтіп, сыйдырып қойды, айтып өткеніміздей, онда уақыт тоқтап қалды, демек Алла Әззә Уә-Жәллә уақытты тоқтатып қойды, сонымен біздің көзді ашып жұмған уақытымызға 100 жылды өтетін етті, яғни 100 жыл қас-қағым сәтке сыйдырылды.
Ал адамның ақылы кейбір нәрсені түсінсе, кейбір нәрсені түсіне алмайды, пайғамбарымыз ﷺ ның түнгі сапарымен биікке көтерілуі адамдардың ақыл-санасы көлеміндегі іс, олардың ақыл-санасынан сыртқа алқып кетпеді, бірақ сонда да онда ақыл-санадан тыс яғни ақыл-сана жетпейтін көптеген нәрселер бар. Онда шегі жоқ жерлер бар, ал Алла Әззә Уә-Жәлләның білімдерімен хикіметтерінде шек жоқ, шек және шегараны Алла ﷻ жаратты, олар жаратылстар, бірақ Алла Әззә Уә-Жәлләның хикіметі шексіз-дүр. Сондықтан түнгі сапармен көкке көтерілу Оның құдіретімен хикіметінің алдында жәй ғана нәрсе, еш қиын емес, ол мүминдер үшін сеніп, иман келтіруге болатын нәрселерден болмақ, егер университеттерде оқығандар, телогия үйренгендер осыған сенбесе, бұл олардың ақыл-естерінің кемдігін білдіреді, оларда ақыл жоқ болғаны, Алла Әззә Уә-Жәллә баршамызға иман және ақыл бергей, иншалла.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ميعراج ساپارىندا 100 جىل قاس-قاعىم ساتكە سىيدىرىلدى (2025.01.26 / حيجرا 1446-جىل 26-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Cyprus، Lefke-دا ايتىلعان سۇحبات) بۇگىنگى تاڭ ءبىر قاسيەتتى ءتۇن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونىڭ بەرەكەتىن ءبىزدىڭ ۇستىمىزدە ەتكەي، يمانىمىز قۋاتتانعاي، بۇگىن ءتۇن - ۇلكەن ءتۇن، ول ادامزاتپەن يسلام ءۇشىن ۇلىق ءتۇن، سالتاناتتى ءتۇن، بۇل تۇندە پايعامبارىمىز ﷺ اقيرەتكە باردى، بۇكىل عالامدى ارالادى، عارشۋل-ءعالاعا دەيىنگى بارلىق جەرلەرگە باردى، ونىڭ ءوسىبىر ۇلىقتىعى ونىڭ قانداي بيىك ەكەندىگىن كورسەتتى، ونىڭ ۇلىلىعى اسا زور. سوندىقتان بۇگىنگى ءتۇن بەرەكەلى ءتۇن، قۇتتى ءتۇن، دۇعالار قابىل بولاتىن ءتۇن، وسى تۇندە وتەلىنگەن قۇلشىلىقتار ءتىپتى دە وڭاي قابىل ەتىلەدى، سول ءۇشىن ءبىز ولاردى شامامىز كەلگەنىنشە وتەيىك، كەيبىر ادامدار «وسى تۇندە وياۋ وتىرالىق» دەپ، بۇكىل ءتۇندى وياۋ وتكىزەدى، ءبىراق ول وتە قيىن، سوندىقتان ءار ادام وزدەرى ىستەي الاتىن ءىستى ىستەۋى كەرەك. دەمەك ولار قۇلشىلىق وتەپ بولعان سوڭ، دارەت الىپ، ۇيىقتاۋدان بۇرىن ەكى راكات قيامۋل-ءلايىل نامازىن وقىسا، ال ەرتە تاڭدا ءتاحاجۇتقا تۇرسا، ناماز وتەسە، قۇلشىلىق ەتىپ، دۇعالار جاساسا بولعانى، ولار قابىل ەتىلەدى، (وسىلاي ەتسە، تۇنىمەن ناماز وتەگەندەي بولادى). شۇكىر-اللا، اللا ﷻ ءبىزدى يمانمەن جاراتتى، ءبىز دۇعا ەتەلىك، سوندا يمانىمىز كۇشەيەتىن بولادى، ەڭ ماڭىزدىسى «عافۋا ءۋال افيا ءۋال مۇعافاتال دايماح» ياعني اللا ﷻ دان كەشىرىم جانە جاقسى دەنساۋلىق سۇراۋ بولماق. ءبىزدىڭ دەنىمىز ءارقاشان جاقسى بولعاي، ءتانىمىز ساۋ بولعاي، مىنە بۇل اسا ۇلكەن ءبىر نىعىمەت، بۇل دۇعا پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ كەڭەسى، كىم وسىنى ىستەسە يگىلىككە كەنەلەدى، ال كىم ىستەمەسە، كوپ نارسەدەن قۇر قالىپ، كوپ نارسەدەن ايىرىلاتىن بولادى، اللا ﷻ ولارعا بۇنى ءناسىپ ەتپەگەن بولادى.
بۇل قاسيەتتى ءتۇننىڭ ادامداردىڭ يمانىن سىنايتىنى تاعى بار، مۇميندەر، دەمەك يماندى ادامدار پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقان بارلىق سوزىنە سەنەدى، ولار عايىپقا سەنەدى، عايىپ دەگەنىمىز كورە المايتىن نارسەلەرگە سەنۋ، پايعامبارىمىز ﷺ بۇل ءجايلى ايتىپ كەتكەن. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسى نارسەلەردى پايعامبارىمىز ﷺ ارقىلى بىزگە جەتكىزدى، ايتىپ كەتتى، ال ءبىز بولساق، ولارعا سەنەمىز، يمان كەلتىرەمىز، شۇكىر-اللا. كىمدەردە وسى سەنىم بار؟ ول پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىندا ءجۇرىپ كەلە جاتقانداردان بولادى، ول ونىڭ سۇننەتتەرىنە ەرىپ، ونىڭ ايتقاندارىمەن بىزگە ءامىر ەتىلگەن بۇيىرىقتارعا بويۇسىناتىن ادامداردا بولادى. ال كىم بويۇسىنباسا، ول وزگەلەردى دە قۇرتاتىن بولادى، ولار وزگەلەردىڭ يمانىمەن ويناپ، ولاردىڭ يمانىن جوعالتۋعا سەبەپشى بولادى، ولار بۇرىنعى مۇشىرىكتەرگە ۇقسايدى، سەبەبى مۇشىرىكتەر پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ كوككە، ودان عارشۋل-ءعالاعا كوتەرىلگەنىنە سەنبەگەن بولاتىن. ولار «ول وتىرىك، ال ول وتىرىكشى» دەپ سوقتى. ال قازىرگى كەزدە دە مۇسىلمان بولىپ جۇرگەنىمەن، ادامداردىڭ يمانىمەن وينايتىن ادامدار بار، ولاردىڭ كەيبىرى «ونى - ءتۇس» دەسە، ال كەيبىرى وعان مۇلدەم سەنبەيدى، ولار ونى «ءتۇس تە ەمەس، ەشتەڭە دە ەمەس» دەر، مىنە ءقازىر وسىنداي توپتارمەن ادامدار بار، ولاردى شايتان الداپ كەتتى، ول ولاردىڭ يمانىن الىپ كەتتى، سوندىقتان ولاردا يمان قالمادى، ال يمانى بولماعان ادام دىننەن دە شىعىپ كەتەدى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.
بۇل وتە ءقاۋىپتى نارسە، ءسىز وسى ساپارعا سەنۋىڭىز كەرەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن ەشتەڭە قيىن ەمەس، ول ءسىزدى جوقتان بار ەتىپ جاراتتى، ول قالاعانىن ىستەۋشى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسىزدى اپساتتە ەڭ جوعارعى ورىنعا دا، ەڭ تومەنگى ورىنعا دا قويا الادى، سوندىقتان وزگە ادامداردىڭ ويىنا كۇمان سالىپ، ولاردىڭ يمانىمەن ويناپ جۇرگەندەر وتە اقىماق، وتە نادان ادامدار. اسىرەسە وزدەرىن «وتە اقىلدى، تىم زەرەك» ساناپ جۇرگەندەر، كوپ وقىپ، كوپ ۇيرەنگەندەر وسىنداي كۇمانعا وڭاي ىلىنەدى، دەمەك ولار شايتاننىڭ تۇزاعىنا وڭاي تۇسەدى، ال وسى تۇزاقتان قۇتىلماق جوق، وتە قيىن، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، تىم از ادامدار عانا ودان قۇتىلادى، سوندىقتان ءبىز بۇنداي ادامداردان الىس تۇرالىق، ولارعا جولاۋعا بولمايدى. ءبىز قۇرمەتتەۋدى بىلمەيتىن، ابىروي-اتۋەردى تۇسىنبەيتىن ادامداردان اۋلاق بولۋىمىز كەرەك، ولارعا سويلەۋدىڭ دە كەرەگى جوق، سەبەبى ولار وتە ۋلى كەلەدى، اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي، ول ۋ ءسىزدى قۇرتادى جانە ءولتىرىپ كەتەدى، دەمەك ءسىز رۋحاني ولەسىز دە، اقيرەتتە ماڭگى قۇتىلا المايسىز، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءوزى ساقتاعاي.
اللا ﷻ بۇل ءتۇندى بەرەكەلى ەتكەي، ونى بىزگە ماڭگىلىك ەتكەي، ينشاللا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ول ءبىر اسا سالتاناتتى، تىم ايبىندى ءتۇن، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ سول تۇندە بۇكىل الەمدى ارالادى، ساپار شەكتى. ادامدار «ول قالاي بولعان؟» دەر، ال اللا ﷻ قۇزىرەتىندە كەڭەستىك تە، ۋاقىت تا ونىڭ قولىنداعى نارسە، ول ەكەۋىن دە اللا ﷻ جاراتتى، سوندىقتان اللا ﷻ ولاردى قالاعانىنشا ىستەتە بەرەدى، مىنە وسىلاي پايعامبارىمىز ﷺ جانناتپەن توزاققا باردى، عارشۋل-ءعالاعا جانە حاقتىڭ قۇزىرەتىنە، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىنە باردى، سوندا ساپار شەكتى، سول تۇندە وسىلارعا بار جوعى ەكى ساعات عانا كەتتى، ياعني اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ۋاقىتتى سول ەكى ساعات قىسقا ۋاقىت ىشىنە كەڭەيتىپ، سىيدىرىپ قويدى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، وندا ۋاقىت توقتاپ قالدى، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ۋاقىتتى توقتاتىپ قويدى، سونىمەن ءبىزدىڭ كوزدى اشىپ جۇمعان ۋاقىتىمىزعا 100 جىلدى وتەتىن ەتتى، ياعني 100 جىل قاس-قاعىم ساتكە سىيدىرىلدى.
ال ادامنىڭ اقىلى كەيبىر نارسەنى تۇسىنسە، كەيبىر نارسەنى تۇسىنە المايدى، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ تۇنگى ساپارىمەن بيىككە كوتەرىلۋى ادامداردىڭ اقىل-ساناسى كولەمىندەگى ءىس، ولاردىڭ اقىل-ساناسىنان سىرتقا القىپ كەتپەدى، ءبىراق سوندا دا وندا اقىل-سانادان تىس ياعني اقىل-سانا جەتپەيتىن كوپتەگەن نارسەلەر بار. وندا شەگى جوق جەرلەر بار، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ بىلىمدەرىمەن حيكىمەتتەرىندە شەك جوق، شەك جانە شەگارانى اللا ﷻ جاراتتى، ولار جاراتىلستار، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ حيكىمەتى شەكسىز-ءدۇر. سوندىقتان تۇنگى ساپارمەن كوككە كوتەرىلۋ ونىڭ قۇدىرەتىمەن حيكىمەتىنىڭ الدىندا ءجاي عانا نارسە، ەش قيىن ەمەس، ول مۇميندەر ءۇشىن سەنىپ، يمان كەلتىرۋگە بولاتىن نارسەلەردەن بولماق، ەگەر ۋنيۆەرسيتەتتەردە وقىعاندار، تەلوگيا ۇيرەنگەندەر وسىعان سەنبەسە، بۇل ولاردىڭ اقىل-ەستەرىنىڭ كەمدىگىن بىلدىرەدى، ولاردا اقىل جوق بولعانى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بارشامىزعا يمان جانە اقىل بەرگەي، ينشاللا.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8048