You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8038
Сұхбат: ішің таза болмаса, ұстанған исламыңда береке болмайды (2025.01.19 / Хижра 1446-жыл 19-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Ислам діні, «ән-нәзәфату минал иман», ислам тазалыққа құрылған, тазалық исламның маңызы, егер тазалық болмаса, құлшылық қабыл болмас, сондықтан фиқ кітабіндағы ең бірінші сабақ китанбұт тахарах (тазалық кітабі) болып келеді, ол тазалық-тәхаратқа құрылған. Ондағы бірінші көрсетілгені, су таза болуы және ол суды ненің таза ететіндігін түсіндіреді, қанша түрлі судың бар екендігін айтады, барлығы судан жасалған, су тазалық үшін керекті, ол таза болмаса, қателік туылады. Қажет болған кезде, таямун жасалар, бірақ ол басқа мәселе, бұндағы басты іс, ол кейін міндетті түрде өзін тазалау үшін сумен жуынуы керек, бұлар сыртқы тазалықтар. Сонымен бірге ішкі тазалық та қажет, ол іш жағымыздың таза болуы үшін керек, ал ішкі тазалыққа қалай жетеміз? оған шыншылдықпен пайғамбарымыз ﷺ ның жолына ықласты еру арқылы жетеміз, оның жолы анық және ашық тұр, оның жолын көрсететін адамдар бар, шәриғат бар, сопылық тәриқат бар, адамдар оған ілесуі керек. Кім оның жолына ілессе, өмірін таза өткізеді, сыртқы тазалықтан соң ішкі тазалықта ұқсас жолмен келетін болады, ал сіз бұны істемесеңіз, суыңыз ластықпен араласып кеткендей іс болар, бейне лас сумен дәрет алуға келмейтіні сияқты, бұндайда жолыңызды өзге таза болмаған нәрселермен араластырып аласыз да, бұл араласқан нәрселер сіздің иманыңызды жоғалттыратын болады, Алла ﷻ бізді панасына алғай.

Пайғамбармыыз ﷺ кеткен соң, дінді бұзу үшін шайтанмен оның көмекшілері осы мәселер хақында қатты жұмыс істеді, олар әр жолы жаңа нәрселермен келді, бірақ Алла ﷻ себебімен, мәзхап имамдарымен сопылық тәриқат машайықтары олардың бұл ластықтарын тазалап отырды, олар адамдарды тазартты, ел-жұрт та қыңырларды құрметтемес. Алайда, соңғы кездері бұл шайтандар тіпті де көп мәселелер туындатып жатыр, олар сіздерге бірдеңе айтады әрі онысы қарамаққа жақсы және әдемі көрінеді, бірақ соңында олар оған ластық араластырып қояды, міне осылай олар сізді іш жағыңыздан бұзады. Ал бұндайда істеген амалдарыңыз пайдасыз бірдеңелерге айналып кетеді, демек бұл амалдар сізге пайда бермейді, бірақ залал әкеледі, сондықтан, әрине адамдар пайғамбарымыз ﷺ көрсеткен жолға ілесуі керек, сонда олардың ақиреті бай-гүлденген ақирет болады, толық кемелді ақирет болады. Ал қазір жаңа жол-фашындар шығып, олар «мәзхап керек емес, сопылық тәриқат керексіз» дейтін болды, бірақ ақиқатында ең бірінші керекті нәрселер осы нәрселер еді, сопылық тәриқат, мазхап, демек шәриғат-тәриқат барлығы ұқсас, оларда ұқсамастық жоқ, кейбір адамдар осыны түсіне алмай, алжасып жүр.

Міне сондықтан адамдар алданды, кім алданса оның өз амалынан табатын игілігі тым аз болар, түгел мүлтіксіз толық нәрсе - ислам, ал манағылар тағы күнә жасар, ол қалай? себебі олар өзара жек көруді таратты, демек олар кейбір сахабаларды, пайғамбар әулеті әхлул бәйіттерді жек көреді, «олар біз сияқты, кім болса да, олар еш маңызды емес» дейді, олар хақында осылай дер, тіпті кейде олар бұдан да қитұрқы нәрселерді айтар. Олардың арасында ең суайыт алдамкөстері адамдарды ақырындап, біртіндеп күмәнға түсіріп, олардың иманын құртады, иман барлық адамда бірдей бола бермейді, ислам бар, бірақ иманы барлардың дәрежесі жоғары болады, мұсылманда дәреже бар, бірақ иманы бардың дәрежесі тіпті биік болмақ, міне осылар көбірек маңызды, олар Алла ﷻ дың сүйікті пенделері. Алла ﷻ бізді панасына алғай, бізді барша жамандық, кесір-кесапат және ластық атаулыдан қорғағай, иншалла, дініміз - ислам діні, ал дінімізде ең маңызды нәрсе тазалық, таза болу, кіршіксіз болу-дүр, себебі «ән-нәзәыату минал иман» дейді пайғамбарымыз ﷺ, демек тазалық иманнан келеді, мүмин таза болуы керек, тазалықсыз құлшылық-ғибадаттан ештеңе қабыл болмайды, ең маңызды іс осы, сіз ең әуелі өзіңізді жуып тазалаңыз, уду яғни дәрет алыңыз, бұл болмаса, сіз намаз оқи алмайсыз, сондықтан дәрет алып, тазалануыңыз керек. Исламның ең бірінші үйрететіні тазалық, тазалық кітабы яғни китабу тахарах, онда қалай тазалануды түсіндіреді.

Онда айтылған бірінші нәрсе су еді, олар су жәйлы, судың көптеген түрлері жәйлы айтқан, қайсылары өзіңізді тазалауға, жууға, уду қылуға істетіледі, қайсысы болады, қайсысы болмайды, барлығы айтылған, мәселен, кейбір суды ішуге болмайды, бірақ онымен тазалануға, оны жууға істетуге болады, ал тағы басқа сулар бар болып, сіз оларды дәрет алуға істете алмайсыз, ол қабыл етілмейді, себебі ... не үшін? олар лас су, дініміз осылай, онда адамдарға ең таза, ең пайдалы, ең маңызды нәрселер көрсетілген, бұл дінде Алла Әззә Уә-Жәлләдан барлығы адамдарға көрсетілген. Пайғамбарымыз ﷺ бізге қалай намаз оқуды, қалай тазалануды үйретті, бұл айтылған тазалықтар тек сыртқы тазалықтар, бұл өте маңызды, бірақ бұнда тағы бір тазалық бар, демек сіз өзіңізді ішкі жағыңыздан да тазалаңыз, адамға ішкі тазалық керек, ендеше іш жағымызды қалай тазалаймыз? оны намаз, құлшылық-ғибадат және пайғамбарымыз ﷺ ның айтқандарына ілесу арқылы тазалаймыз, ол бізге ғибадаттарды қалай өтеу керектігін көрсетті, ал біз осыларды дәл ол істегендей етіп істеу арқылы тазаланамыз, сонымен бірге пайғамбарымыз ﷺ ды құрметтеу және сүю арқылы тазаланамыз, бұл өте маңызды шаруа, демек тағы бір іс сол, біз пайғамбарымыз ﷺ ға ілесу арқылы тазаланамыз, ал оған қалай ереміз?

Біз ... тіпті пайғамбарымыз ﷺ кеткен соң да неше мыңдаған шайтан адамдар келді, олар жұртқа пайғамбарымыз ﷺ істемеген нәрселерді көрсетті, адамдарды алдады, немесе ол қабыл етпеген нәрселерді қабыл етуге шақырды. Бірақ әлхамдулилла, пайғамбарымыз ﷺ мына екі нәрсеге сөзсіз ілесуді айтып кетті, олар - құран және әхлул байітке махаббатпен оның хадистері, біз еретін нәрселер міне осылар, әлхамдулилла, осы ғұламалармен машайықтар оларды көрсетті, білімдерімен неше мыңдаған кітаптар қалдырып, шәкірт тәрбиеледі, білімдерін ел-жұртқа үйретті. Міне осылардың барлығы пайғамбарымыз ﷺ ның айтқандарын, қимылдарын, демек ол істеген әрбір нәрсені сақтады, олар бізге жетті, ал біз болсақ, оған ілесіп келеміз, әлхамдулилла, біз осыған қуанамыз, бірақ әрдайым, әр заманда ел-жұртты осы жолдан шығарып жібергісі келетін адамдар болған, бұл адамдар кімдер?

Олар шайтанға ілесушілер, олар қуанбайды, сондықтан олар әрдайым бірдеңе жасап шығады, пайғамбарымыз ﷺ ның нағыз жолын қабыл етпейді, одан соң олар мәзхапты қабыл етпейді, сопылық тәриқатты қабыл етпейді, себебі сопылық тәриқат пайғамбарымыз ﷺ ның жолын қорғайтын ең қуатты қорғаушы күш, ол адамдарға көмек етеді, қызмет қылады, жол көрсетеді, себебі мәлім біреу жол көрсетпесе, ешқайда бара алмайсыз, сіз адасып, бүкіл уақытыңыз бос өтетін болады. Сондықтан істейтініміз мыналар, демек іш жағыңызды тазалау үшін сіз мәзхаппен сопылық тәриқатқа еруіңіз керек, бұл аса маңызды, адамдар «сопылық тәриқат маңызды емес» дейді, жоқ, ол өте маңызды, егер ол болмаса, адамдар сізді әр нәрсеге күмәндандырып, қолында ойнататын болады. Ал сопылық тәриқат сізге тіпті де көп иман береді, иншалла, сонда сіз қауіпсіз боласыз. Бұл өте маңызды, біздің өміріміз ойын емес, біз бұнда мәңгілік болатын аса маңызды ұлық істі бітіруге келдік, ол біз үшін мәңгі маңызды, сондықтан сіз сопылық тәриқатқа ілесуіңіз керек, иншалла. Ал шәриғат немесе тәриқат болсын, олар ұқсас, бірақ манағы қыңыр адамдар ел-жұртты қорқытып тастады, егер сіз оларға сопылық тәриқат жәйлы айтар болсаңыз, олар қорқады, қуанбай қалады, бірақ бұл шайтанның ойыны еді, Алла ﷻ бізді осыбір адамдардан сақтағай, бізге көп иман бергей, иншалла.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami





سۇحبات: ءىشىڭ تازا بولماسا، ۇستانعان يسلامىڭدا بەرەكە بولمايدى (2025.01.19 / حيجرا 1446-جىل 19-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) يسلام ءدىنى، «ءان-ءنازافاتۋ مينال يمان»، يسلام تازالىققا قۇرىلعان، تازالىق يسلامنىڭ ماڭىزى، ەگەر تازالىق بولماسا، قۇلشىلىق قابىل بولماس، سوندىقتان فيق كىتابىنداعى ەڭ ءبىرىنشى ساباق كيتانبۇت تاحاراح (تازالىق كىتابى) بولىپ كەلەدى، ول تازالىق-ءتاحاراتقا قۇرىلعان. ونداعى ءبىرىنشى كورسەتىلگەنى، سۋ تازا بولۋى جانە ول سۋدى نەنىڭ تازا ەتەتىندىگىن تۇسىندىرەدى، قانشا ءتۇرلى سۋدىڭ بار ەكەندىگىن ايتادى، بارلىعى سۋدان جاسالعان، سۋ تازالىق ءۇشىن كەرەكتى، ول تازا بولماسا، قاتەلىك تۋىلادى. قاجەت بولعان كەزدە، تايامۋن جاسالار، ءبىراق ول باسقا ماسەلە، بۇنداعى باستى ءىس، ول كەيىن مىندەتتى تۇردە ءوزىن تازالاۋ ءۇشىن سۋمەن جۋىنۋى كەرەك، بۇلار سىرتقى تازالىقتار. سونىمەن بىرگە ىشكى تازالىق تا قاجەت، ول ءىش جاعىمىزدىڭ تازا بولۋى ءۇشىن كەرەك، ال ىشكى تازالىققا قالاي جەتەمىز؟ وعان شىنشىلدىقپەن پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىنا ىقلاستى ەرۋ ارقىلى جەتەمىز، ونىڭ جولى انىق جانە اشىق تۇر، ونىڭ جولىن كورسەتەتىن ادامدار بار، ءشاريعات بار، سوپىلىق ءتاريقات بار، ادامدار وعان ىلەسۋى كەرەك. كىم ونىڭ جولىنا ىلەسسە، ءومىرىن تازا وتكىزەدى، سىرتقى تازالىقتان سوڭ ىشكى تازالىقتا ۇقساس جولمەن كەلەتىن بولادى، ال ءسىز بۇنى ىستەمەسەڭىز، سۋىڭىز لاستىقپەن ارالاسىپ كەتكەندەي ءىس بولار، بەينە لاس سۋمەن دارەت الۋعا كەلمەيتىنى سياقتى، بۇندايدا جولىڭىزدى وزگە تازا بولماعان نارسەلەرمەن ارالاستىرىپ الاسىز دا، بۇل ارالاسقان نارسەلەر ءسىزدىڭ يمانىڭىزدى جوعالتتىراتىن بولادى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

پايعامبارمىىز ﷺ كەتكەن سوڭ، ءدىندى بۇزۋ ءۇشىن شايتانمەن ونىڭ كومەكشىلەرى وسى ماسەلەر حاقىندا قاتتى جۇمىس ىستەدى، ولار ءار جولى جاڭا نارسەلەرمەن كەلدى، ءبىراق اللا ﷻ سەبەبىمەن، ءمازحاپ يمامدارىمەن سوپىلىق ءتاريقات ماشايىقتارى ولاردىڭ بۇل لاستىقتارىن تازالاپ وتىردى، ولار ادامداردى تازارتتى، ەل-جۇرت تا قىڭىرلاردى قۇرمەتتەمەس. الايدا، سوڭعى كەزدەرى بۇل شايتاندار ءتىپتى دە كوپ ماسەلەلەر تۋىنداتىپ جاتىر، ولار سىزدەرگە بىردەڭە ايتادى ءارى ونىسى قاراماققا جاقسى جانە ادەمى كورىنەدى، ءبىراق سوڭىندا ولار وعان لاستىق ارالاستىرىپ قويادى، مىنە وسىلاي ولار ءسىزدى ءىش جاعىڭىزدان بۇزادى. ال بۇندايدا ىستەگەن امالدارىڭىز پايداسىز بىردەڭەلەرگە اينالىپ كەتەدى، دەمەك بۇل امالدار سىزگە پايدا بەرمەيدى، ءبىراق زالال اكەلەدى، سوندىقتان، ارينە ادامدار پايعامبارىمىز ﷺ كورسەتكەن جولعا ىلەسۋى كەرەك، سوندا ولاردىڭ اقيرەتى باي-گۇلدەنگەن اقيرەت بولادى، تولىق كەمەلدى اقيرەت بولادى. ال ءقازىر جاڭا جول-فاشىندار شىعىپ، ولار «ءمازحاپ كەرەك ەمەس، سوپىلىق ءتاريقات كەرەكسىز» دەيتىن بولدى، ءبىراق اقيقاتىندا ەڭ ءبىرىنشى كەرەكتى نارسەلەر وسى نارسەلەر ەدى، سوپىلىق ءتاريقات، مازحاپ، دەمەك ءشاريعات-ءتاريقات بارلىعى ۇقساس، ولاردا ۇقساماستىق جوق، كەيبىر ادامدار وسىنى تۇسىنە الماي، الجاسىپ ءجۇر.

مىنە سوندىقتان ادامدار الداندى، كىم الدانسا ونىڭ ءوز امالىنان تاباتىن يگىلىگى تىم از بولار، تۇگەل مۇلتىكسىز تولىق نارسە - يسلام، ال ماناعىلار تاعى كۇنا جاسار، ول قالاي؟ سەبەبى ولار ءوزارا جەك كورۋدى تاراتتى، دەمەك ولار كەيبىر ساحابالاردى، پايعامبار اۋلەتى ءاحلۋل بايىتتەردى جەك كورەدى، «ولار ءبىز سياقتى، كىم بولسا دا، ولار ەش ماڭىزدى ەمەس» دەيدى، ولار حاقىندا وسىلاي دەر، ءتىپتى كەيدە ولار بۇدان دا قيتۇرقى نارسەلەردى ايتار. ولاردىڭ اراسىندا ەڭ سۋايىت الدامكوستەرى ادامداردى اقىرىنداپ، بىرتىندەپ كۇمانعا ءتۇسىرىپ، ولاردىڭ يمانىن قۇرتادى، يمان بارلىق ادامدا بىردەي بولا بەرمەيدى، يسلام بار، ءبىراق يمانى بارلاردىڭ دارەجەسى جوعارى بولادى، مۇسىلماندا دارەجە بار، ءبىراق يمانى باردىڭ دارەجەسى ءتىپتى بيىك بولماق، مىنە وسىلار كوبىرەك ماڭىزدى، ولار اللا ﷻ دىڭ سۇيىكتى پەندەلەرى. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءبىزدى بارشا جاماندىق، كەسىر-كەساپات جانە لاستىق اتاۋلىدان قورعاعاي، ينشاللا، ءدىنىمىز - يسلام ءدىنى، ال دىنىمىزدە ەڭ ماڭىزدى نارسە تازالىق، تازا بولۋ، كىرشىكسىز بولۋ-ءدۇر، سەبەبى «ءان-ءنازاىاتۋ مينال يمان» دەيدى پايعامبارىمىز ﷺ، دەمەك تازالىق يماننان كەلەدى، ءمۇمين تازا بولۋى كەرەك، تازالىقسىز قۇلشىلىق-عيباداتتان ەشتەڭە قابىل بولمايدى، ەڭ ماڭىزدى ءىس وسى، ءسىز ەڭ اۋەلى ءوزىڭىزدى جۋىپ تازالاڭىز، ۋدۋ ياعني دارەت الىڭىز، بۇل بولماسا، ءسىز ناماز وقي المايسىز، سوندىقتان دارەت الىپ، تازالانۋىڭىز كەرەك. يسلامنىڭ ەڭ ءبىرىنشى ۇيرەتەتىنى تازالىق، تازالىق كىتابى ياعني كيتابۋ تاحاراح، وندا قالاي تازالانۋدى تۇسىندىرەدى.

وندا ايتىلعان ءبىرىنشى نارسە سۋ ەدى، ولار سۋ ءجايلى، سۋدىڭ كوپتەگەن تۇرلەرى ءجايلى ايتقان، قايسىلارى ءوزىڭىزدى تازالاۋعا، جۋۋعا، ۋدۋ قىلۋعا ىستەتىلەدى، قايسىسى بولادى، قايسىسى بولمايدى، بارلىعى ايتىلعان، ماسەلەن، كەيبىر سۋدى ىشۋگە بولمايدى، ءبىراق ونىمەن تازالانۋعا، ونى جۋۋعا ىستەتۋگە بولادى، ال تاعى باسقا سۋلار بار بولىپ، ءسىز ولاردى دارەت الۋعا ىستەتە المايسىز، ول قابىل ەتىلمەيدى، سەبەبى ... نە ءۇشىن؟ ولار لاس سۋ، ءدىنىمىز وسىلاي، وندا ادامدارعا ەڭ تازا، ەڭ پايدالى، ەڭ ماڭىزدى نارسەلەر كورسەتىلگەن، بۇل دىندە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بارلىعى ادامدارعا كورسەتىلگەن. پايعامبارىمىز ﷺ بىزگە قالاي ناماز وقۋدى، قالاي تازالانۋدى ۇيرەتتى، بۇل ايتىلعان تازالىقتار تەك سىرتقى تازالىقتار، بۇل وتە ماڭىزدى، ءبىراق بۇندا تاعى ءبىر تازالىق بار، دەمەك ءسىز ءوزىڭىزدى ىشكى جاعىڭىزدان دا تازالاڭىز، ادامعا ىشكى تازالىق كەرەك، ەندەشە ءىش جاعىمىزدى قالاي تازالايمىز؟ ونى ناماز، قۇلشىلىق-عيبادات جانە پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقاندارىنا ىلەسۋ ارقىلى تازالايمىز، ول بىزگە عيباداتتاردى قالاي وتەۋ كەرەكتىگىن كورسەتتى، ال ءبىز وسىلاردى ءدال ول ىستەگەندەي ەتىپ ىستەۋ ارقىلى تازالانامىز، سونىمەن بىرگە پايعامبارىمىز ﷺ دى قۇرمەتتەۋ جانە ءسۇيۋ ارقىلى تازالانامىز، بۇل وتە ماڭىزدى شارۋا، دەمەك تاعى ءبىر ءىس سول، ءبىز پايعامبارىمىز ﷺ عا ىلەسۋ ارقىلى تازالانامىز، ال وعان قالاي ەرەمىز؟

ءبىز ... ءتىپتى پايعامبارىمىز ﷺ كەتكەن سوڭ دا نەشە مىڭداعان شايتان ادامدار كەلدى، ولار جۇرتقا پايعامبارىمىز ﷺ ىستەمەگەن نارسەلەردى كورسەتتى، ادامداردى الدادى، نەمەسە ول قابىل ەتپەگەن نارسەلەردى قابىل ەتۋگە شاقىردى. ءبىراق ءالحامدۋليللا، پايعامبارىمىز ﷺ مىنا ەكى نارسەگە ءسوزسىز ىلەسۋدى ايتىپ كەتتى، ولار - قۇران جانە ءاحلۋل بايىتكە ماحابباتپەن ونىڭ حاديستەرى، ءبىز ەرەتىن نارسەلەر مىنە وسىلار، ءالحامدۋليللا، وسى عۇلامالارمەن ماشايىقتار ولاردى كورسەتتى، بىلىمدەرىمەن نەشە مىڭداعان كىتاپتار قالدىرىپ، شاكىرت تاربيەلەدى، بىلىمدەرىن ەل-جۇرتقا ۇيرەتتى. مىنە وسىلاردىڭ بارلىعى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقاندارىن، قيمىلدارىن، دەمەك ول ىستەگەن ءاربىر نارسەنى ساقتادى، ولار بىزگە جەتتى، ال ءبىز بولساق، وعان ىلەسىپ كەلەمىز، ءالحامدۋليللا، ءبىز وسىعان قۋانامىز، ءبىراق ءاردايىم، ءار زاماندا ەل-جۇرتتى وسى جولدان شىعارىپ جىبەرگىسى كەلەتىن ادامدار بولعان، بۇل ادامدار كىمدەر؟

ولار شايتانعا ىلەسۋشىلەر، ولار قۋانبايدى، سوندىقتان ولار ءاردايىم بىردەڭە جاساپ شىعادى، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ناعىز جولىن قابىل ەتپەيدى، ودان سوڭ ولار ءمازحاپتى قابىل ەتپەيدى، سوپىلىق ءتاريقاتتى قابىل ەتپەيدى، سەبەبى سوپىلىق ءتاريقات پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىن قورعايتىن ەڭ قۋاتتى قورعاۋشى كۇش، ول ادامدارعا كومەك ەتەدى، قىزمەت قىلادى، جول كورسەتەدى، سەبەبى ءمالىم بىرەۋ جول كورسەتپەسە، ەشقايدا بارا المايسىز، ءسىز اداسىپ، بۇكىل ۋاقىتىڭىز بوس وتەتىن بولادى. سوندىقتان ىستەيتىنىمىز مىنالار، دەمەك ءىش جاعىڭىزدى تازالاۋ ءۇشىن ءسىز مازحاپپەن سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرۋىڭىز كەرەك، بۇل اسا ماڭىزدى، ادامدار «سوپىلىق ءتاريقات ماڭىزدى ەمەس» دەيدى، جوق، ول وتە ماڭىزدى، ەگەر ول بولماسا، ادامدار ءسىزدى ءار نارسەگە كۇمانداندىرىپ، قولىندا ويناتاتىن بولادى. ال سوپىلىق ءتاريقات سىزگە ءتىپتى دە كوپ يمان بەرەدى، ينشاللا، سوندا ءسىز ءقاۋىپسىز بولاسىز. بۇل وتە ماڭىزدى، ءبىزدىڭ ءومىرىمىز ويىن ەمەس، ءبىز بۇندا ماڭگىلىك بولاتىن اسا ماڭىزدى ۇلىق ءىستى بىتىرۋگە كەلدىك، ول ءبىز ءۇشىن ماڭگى ماڭىزدى، سوندىقتان ءسىز سوپىلىق ءتاريقاتقا ىلەسۋىڭىز كەرەك، ينشاللا. ال ءشاريعات نەمەسە ءتاريقات بولسىن، ولار ۇقساس، ءبىراق ماناعى قىڭىر ادامدار ەل-جۇرتتى قورقىتىپ تاستادى، ەگەر ءسىز ولارعا سوپىلىق ءتاريقات ءجايلى ايتار بولساڭىز، ولار قورقادى، قۋانباي قالادى، ءبىراق بۇل شايتاننىڭ ويىنى ەدى، اللا ﷻ ءبىزدى ءوسىبىر ادامداردان ساقتاعاي، بىزگە كوپ يمان بەرگەي، ينشاللا.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8038