https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8025
МӘХДИ ХАЗІРЕТТІҢ ШЫҚҚАНЫН ЖЕБІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕ ЖӘРИЯЛАЙДЫ
Мәхди хазірет 1940 інші жылдары мекке-жедда арасындағы фатима уәди деген кішкене ауылда туылған, ол туылғанда оны 5 әулие станбулдағы өте көне жер асты мешітіне әкеледі, сонда пайғамбарымызбен 124000 әулие жиналады, ол оған азан шақырып, ат қояды, сосын барлығы дереу тарап кетеді, оны анасына қайта апарады, осы жиналысқа пірім мәуләнә Шайық Абдуллаһ хазірет қатысқан. Мәхди хазіреттің өсуі ерекше, ол 1 айда 1 жас есейген, кереметі аса зор, оның ел назарына түспеуі үшін, пайғамбарымыздың әмірімен нүжәба, нұқаба, бұдала, аутад, ахяр сияқты 5 әулие оны 15 жасында жерден тыс тілсім каф тауына апарды, оны сонда каф имамы Шахабудин хазірет тәрбиеледі. Ол мұғжизаға толы жан, қолы ұзын, тізесінен асып тұрады, оң жақ жағында кішкене мең бар, оның жүзінен шыққан нұрға жәй адам қараса, күйіп кетеді. Кейін Мәхди хазірет иемен-арабия арасындағы рубал-қали көшпелі құмды шөл астындағы періштелер салған 'бақыт күмбезі' деген жәннат сияқты үңгірге әкелінді, ол сонда 99 халифасымен Алланың 'шық' деген әмірін күтуде. Ол жерді аса күшті жындармен періштелер қорғауға алған, кім ол жерге жақындаса, дереу күйіп, күл болады немесе жындар оны мұхитқа лақтырып жібереді, кезінде сол жерге барған Франсоз әскерлері ғайып болған. Уақыты келгенде Мәхди хазірет 3 рет Аллахуакбар айтып, тәкбірмен шыққанда электр алынып, технология күйрейді, оқ атылмайды, мұнай жанбайды, дүние мүлдем өзгереді, үшінші дүниежүзілік соғыс тоқтайды. Ал Жебірейіл періште, 'О мүминдер, Алланың халифасы шықты' деп айғайлайды, оны бүкіл жер-әлем естиді, әр жақтан әулиелер сирия дамашыққа жиналады, жұрт бұрын еш ойлап көрмеген ерекше адамдар аяқ астынан пайда болады. Не үшін үшінші дүниежүзілік соғыс болады? Себебі адамзат шайтанға еріп кеткендіктен, олар бірін-бірін өзара жазалайды. Адамзатқа тазалу жүргізіліп, көп адам кетеді, жерде 1 милиярттай адам қалады, тек мүминдер қалады, тажалға ергендер түгел кетеді, ал ерлер қасарысқан тоңмойын болғандықтан көп өліп, пайғамбарымыз айтқан әйелдер ерлерден 40 есе көп заман болады, ал Мәхди хазірет каф тауынан көптеген ерлерді әкеліп, манағы әйелдерге үйлендіреді. Ресей, ақш, европа, қытай бәрі жоқ болады, шегарасыз жершарындық бір мемлекет орнайды, әр ұлттағы иманды, жақсы адамдар қалады. Иса көткен түсіп, Мәхди хазіретке бая береді, пайғамбарымыздың үмбеті болу арманына жетеді, Мәхди хазіреттің артында намазға тұрады, кейін тажалды өлтіреді, шайтан 40 жылға байланып, ол адам аздыра алмайды. Мәхди хазірет адамдарды орта ғасырға апармайды, бірақ қазіргі технологиядан мың-милион есе дамыған мұғжизалар дәуіріне апарады. Ол кезде әр жерге бір бисмилламен лезде жетеді, ақша орына салауат жүреді, бәрі даяр тұрады, адамдар құран мұғжизасына сүңгіп, соны ашумен әбігер болады. Ол заманд үлкен-кіші дәрет бір бисмилламен жоқ болады, құранды ашса, әр әріп астына жасырылған 24000 білім мұхиты көрінеді, жер қазынасын шығарып, алтынмен асыл тау болып үйіледі, бірақ оған ешкім қарамайды, бір салауат айтса нұр пайда болып, үй, жол, түн жарықтанады, ол лахбул махбұз кітабін ашып, әркімге орнын көрсетеді. Мәхди хазірет Иса хазіретпен 7 жыл тұрады, одан соң Иса хазірет жерді 40 жыл билейді, қайтыс болады, оны қызыр хазірет Мединадағы пайғамбарымыздың қасына жерлейді. Сонымен мұғжиза заманы бітіп, шайтан қоя беріледі, адамзат тағы азады, сол кезде Алла бір самал жел жіберіп, жақсы адамдарды түгел әкетеді, олар қайтыс болады, жерде тек жаман адамдар қалады, кейінірек биіктен яжұж-мажұждер жерге түсіп, оларды жей бастайды.
ءماحدي حازىرەتتىڭ شىققانىن جەبىرەيىل پەرىشتە ءجاريالايدى
ءماحدي حازىرەت 1940 ءىنشى جىلدارى مەككە-جەددا اراسىنداعى فاتيما ءۋادي دەگەن كىشكەنە اۋىلدا تۋىلعان، ول تۋىلعاندا ونى 5 اۋليە ستانبۋلداعى وتە كونە جەر استى مەشىتىنە اكەلەدى، سوندا پايعامبارىمىزبەن 124000 اۋليە جينالادى، ول وعان ازان شاقىرىپ، ات قويادى، سوسىن بارلىعى دەرەۋ تاراپ كەتەدى، ونى اناسىنا قايتا اپارادى، وسى جينالىسقا ءپىرىم ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ حازىرەت قاتىسقان. ءماحدي حازىرەتتىڭ ءوسۋى ەرەكشە، ول 1 ايدا 1 جاس ەسەيگەن، كەرەمەتى اسا زور، ونىڭ ەل نازارىنا تۇسپەۋى ءۇشىن، پايعامبارىمىزدىڭ امىرىمەن ءنۇجابا، نۇقابا، بۇدالا، اۋتاد، احيار سياقتى 5 اۋليە ونى 15 جاسىندا جەردەن تىس ءتىلسىم كاف تاۋىنا اپاردى، ونى سوندا كاف يمامى شاحابۋدين حازىرەت تاربيەلەدى. ول مۇعجيزاعا تولى جان، قولى ۇزىن، تىزەسىنەن اسىپ تۇرادى، وڭ جاق جاعىندا كىشكەنە مەڭ بار، ونىڭ جۇزىنەن شىققان نۇرعا ءجاي ادام قاراسا، كۇيىپ كەتەدى. كەيىن ءماحدي حازىرەت يەمەن-ارابيا اراسىنداعى رۋبال-قالي كوشپەلى قۇمدى ءشول استىنداعى پەرىشتەلەر سالعان 'باقىت كۇمبەزى' دەگەن ءجاننات سياقتى ۇڭگىرگە اكەلىندى، ول سوندا 99 حاليفاسىمەن اللانىڭ 'شىق' دەگەن ءامىرىن كۇتۋدە. ول جەردى اسا كۇشتى جىندارمەن پەرىشتەلەر قورعاۋعا العان، كىم ول جەرگە جاقىنداسا، دەرەۋ كۇيىپ، كۇل بولادى نەمەسە جىندار ونى مۇحيتقا لاقتىرىپ جىبەرەدى، كەزىندە سول جەرگە بارعان فرانسوز اسكەرلەرى عايىپ بولعان. ۋاقىتى كەلگەندە ءماحدي حازىرەت 3 رەت اللاحۋاكبار ايتىپ، تاكبىرمەن شىققاندا ەلەكتر الىنىپ، تەحنولوگيا كۇيرەيدى، وق اتىلمايدى، مۇناي جانبايدى، دۇنيە مۇلدەم وزگەرەدى، ءۇشىنشى دۇنيەجۇزىلىك سوعىس توقتايدى. ال جەبىرەيىل پەرىشتە، 'و مۇميندەر، اللانىڭ حاليفاسى شىقتى' دەپ ايعايلايدى، ونى بۇكىل جەر-الەم ەستيدى، ءار جاقتان اۋليەلەر سيريا داماشىققا جينالادى، جۇرت بۇرىن ەش ويلاپ كورمەگەن ەرەكشە ادامدار اياق استىنان پايدا بولادى. نە ءۇشىن ءۇشىنشى دۇنيەجۇزىلىك سوعىس بولادى؟ سەبەبى ادامزات شايتانعا ەرىپ كەتكەندىكتەن، ولار ءبىرىن-ءبىرىن ءوزارا جازالايدى. ادامزاتقا تازالۋ جۇرگىزىلىپ، كوپ ادام كەتەدى، جەردە 1 ميليارتتاي ادام قالادى، تەك مۇميندەر قالادى، تاجالعا ەرگەندەر تۇگەل كەتەدى، ال ەرلەر قاسارىسقان توڭمويىن بولعاندىقتان كوپ ءولىپ، پايعامبارىمىز ايتقان ايەلدەر ەرلەردەن 40 ەسە كوپ زامان بولادى، ال ءماحدي حازىرەت كاف تاۋىنان كوپتەگەن ەرلەردى اكەلىپ، ماناعى ايەلدەرگە ۇيلەندىرەدى. رەسەي، اقش، ەۆروپا، قىتاي ءبارى جوق بولادى، شەگاراسىز جەرشارىندىق ءبىر مەملەكەت ورنايدى، ءار ۇلتتاعى يماندى، جاقسى ادامدار قالادى. يسا كوتكەن ءتۇسىپ، ءماحدي حازىرەتكە بايا بەرەدى، پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى بولۋ ارمانىنا جەتەدى، ءماحدي حازىرەتتىڭ ارتىندا نامازعا تۇرادى، كەيىن تاجالدى ولتىرەدى، شايتان 40 جىلعا بايلانىپ، ول ادام ازدىرا المايدى. ءماحدي حازىرەت ادامداردى ورتا عاسىرعا اپارمايدى، ءبىراق قازىرگى تەحنولوگيادان مىڭ-ميليون ەسە دامىعان مۇعجيزالار داۋىرىنە اپارادى. ول كەزدە ءار جەرگە ءبىر بيسميللامەن لەزدە جەتەدى، اقشا ورىنا سالاۋات جۇرەدى، ءبارى دايار تۇرادى، ادامدار قۇران مۇعجيزاسىنا سۇڭگىپ، سونى اشۋمەن ابىگەر بولادى. ول زاماند ۇلكەن-كىشى دارەت ءبىر بيسميللامەن جوق بولادى، قۇراندى اشسا، ءار ءارىپ استىنا جاسىرىلعان 24000 ءبىلىم مۇحيتى كورىنەدى، جەر قازىناسىن شىعارىپ، التىنمەن اسىل تاۋ بولىپ ۇيىلەدى، ءبىراق وعان ەشكىم قارامايدى، ءبىر سالاۋات ايتسا نۇر پايدا بولىپ، ءۇي، جول، ءتۇن جارىقتانادى، ول لاحبۋل ماحبۇز كىتابىن اشىپ، اركىمگە ورنىن كورسەتەدى. ءماحدي حازىرەت يسا حازىرەتپەن 7 جىل تۇرادى، ودان سوڭ يسا حازىرەت جەردى 40 جىل بيلەيدى، قايتىس بولادى، ونى قىزىر حازىرەت مەديناداعى پايعامبارىمىزدىڭ قاسىنا جەرلەيدى. سونىمەن مۇعجيزا زامانى ءبىتىپ، شايتان قويا بەرىلەدى، ادامزات تاعى ازادى، سول كەزدە اللا ءبىر سامال جەل جىبەرىپ، جاقسى ادامداردى تۇگەل اكەتەدى، ولار قايتىس بولادى، جەردە تەك جامان ادامدار قالادى، كەيىنىرەك بيىكتەن ياجۇج-ماجۇجدەر جەرگە ءتۇسىپ، ولاردى جەي باستايدى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8025