You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8007
МӘЗХАП ЕҢ ТӨМЕНГІ ШАРТ, АЛ ОҒАН ҚОСА, ӘУЛИЕГЕ БАЯ БЕРІП, СОПЫЛЫҚ ҰСТАНУ ЕҢ АБЗАЛ ІС

әулие дегеніміз Алланың досы, әулиемен бірге болу құтылысқа жеткізеді, себебі әулие адамдарды нәпсімен дүниеге шақырмайды, бірақ Алламен пайғамбарымызға шақырады. Пайғамбарымызға бая беріп, сахаба болу бағы 124 мың адамға ғана бұйырды, сол сияқты әулиеге бая беріп, оған еру де бағы зор бір бөлім адамдарға ғана бұйырады, ал қалғандары әйтеу бір кезкелген себеппен әулиеге бая бере алмайды, еру нәсіп болмайды, бұл да Алла қалауы, бая беру бақ-тәлейге де байланысты, әулиемен сонау әлмисақта жан-рух хәлде кездесіп болған адамдар, осы дүниеге келгенде, сол әулиеге бая береді. Бая яғни қол беру дегеніміз әулиеге 'сізге еріп, Алла жолында боламын, өз қалауымды сіздің қалауға бағындырамын' деп, уәде беру. Әулиелер пайғамбарымызға жалғанып тұратындықтан, бая беруші әулиеге бая беру арқылы пайғамбарымызға рухани жалғана алады, одан ары қарай Аллаға жалғанады, бая аса киелі нәрсе. Әулие - пайғамбарымыздың тірі мұрагері, Алланың жердегі халифасы болғандықтан, кім әулиеге бая берсе, пайғамбарымызға бая бергендей болады, демек әулие пір сізді пайғамбарымызға рухани жалғайтын киелі көпір. Бір хадисте 'кім баясыз өлсе, жәхилиет хәлде өлген болады' дейді, ал құранда Алла бая бергендер хақында 'оларға қуаныш болсын' деп мақтаған. Нағыз әулиеге бая берген адамға Алла ең кемінде мына үш нығыметті сыйлайды. Бірінші, бая беруші қайтыс болар кезде, әулие оған кереметімен келіп, оның қасындағы оны о дүниеге имансыз хәлде аттандырмақшы болып, жанталасып жатқан шайтады қуады, демек өлім сәтінде оған шайтанның әмірі жүрмейді, ол ақиретке иманды хәлде аттанады. Екінші, қабырда сұрақшы әңкір-мүңкір періштелер оның әулие пірін көргенде жуасып, әулиеге 'жол сіздікі' дейді, ал әулие пір әңкір-мүңкір періштелерге мүриті үшін жауап береді, демек пірінің шарапатымен ол қабыр азабынан да құтылады. Үшінші, қиямет күні әулие пірі оған араша түседі, оны Алла рахымына іліндіріп, оңай құтқарып әкетеді, құтылуы тез болады. Ал адам нағыз мүмин болмаса, осы үш жердің барлығында да сүрінеді, көбі 'өзім жауап бере аламын' деп, нәпсісіне алдануда, олар түс көріп жүр, олардан атақты ғұламалар да сүрінеді. Сондықтан, әулиеге бая беру бір зор нығымет, есті кісі көзі тірісінде әулиеге бая бермекке қарманады, бұл нығыметтен құр қалмауға тырысады. Ал пайғамбарымыз да 'Аллаға ең оңай жетудің жолы Алла досымен бірге болу' дейді, бұндағы Алла досы дегені сол әулиелер, сопылық тәриқаттың кәміл мүршит пірлері. Қияметте пайғамбарлардан соң сахабалармен әулиелер ең абыройлы болады, сондықтан әулиеге бая бергендердің, мүминдердің есебі жеңіл болады, олар пайғамбарымызды ең сүйетін жандар, олар әулие пірлерінің көмегінде Алла рахымына оңай ілінеді. Одан соң мәзхапқа ергендердің есебі жеңілдеу болады, ал мәзхапқа ермегендер шайтанның артында сапқа тұрар, сондықтан әрбір мұсылман ең кемінде мәзхапқа еруі керек, ол ақиретте құтылудың ең төменгі шарты, кім мәзхапқа ермесе, мәзхапты ұнатпаса, оның шипасы бітеді, шайтанмен қалады. Сондықтан ең кемінде мәзхап ұстанып, мәзхап имамы әбу ханифа хазіретке махаббат орнатыңыз, діндегі ең төменгі талап осы. Ал одан да зор игілікке жетпек болсаңыз, нағыз әулие пірге бая беріп, сопылық тәриқат ұстаныңыз, бұл ең абзал іс, демек мәзхап ұстану мұсылманға қойылған ең төменгі шарт болса, ал мәзхапқа яғни шәриғатқа қоса, әулиеден пір тұтып, сопылық тәриқат ұстану ең абзал іс болмақ. Себебі тек шәриғатпен қалған адамның иманы әлсіз болады, бір өшіп, бір жанып тұрады, шайтанға оңай алданады, ал шәриғатпен сопылық тәриқатты бірге ұстана, оның иманы күшейеді, руханияты кемелденеді, шайтанға алдырмайды. Бұнда 'мен тек шәриғат яғни мәзхап ұстанамын, сопылық тәриқат керек емес' деген сөз жоқ, шәриғатпен сопылық тәриқат етпен сүйек, қабықпен дің сияқты бір-бірінен ажырамайтын нәрсе, ал олардың арасын бөлу адасуға бастайды, кемел дін екеуін бір ұстануда жатыр. Егер ислам дінін алма десек, тек шәриғат ұстану оның қабығын жеуге ұқсайды, ал шәриғатқа қоса сопылық тәриқат ұстану жемісті толық жеп, ләззаттануға ұқсайды. Тағы бір мысал, егер ислам дінін әдемі сарай десек, шәриғат ұстану сол сарайдың сыртынан қарап таңдануға ұқсайды, ал шәриғатқа қоса сопылық тәриқат ұстану сол сарайдың ішінде өмір сүруге ұқсайды.

ءمازحاپ ەڭ تومەنگى شارت، ال وعان قوسا، اۋليەگە بايا بەرىپ، سوپىلىق ۇستانۋ ەڭ ابزال ءىس

اۋليە دەگەنىمىز اللانىڭ دوسى، اۋليەمەن بىرگە بولۋ قۇتىلىسقا جەتكىزەدى، سەبەبى اۋليە ادامداردى ناپسىمەن دۇنيەگە شاقىرمايدى، ءبىراق اللامەن پايعامبارىمىزعا شاقىرادى. پايعامبارىمىزعا بايا بەرىپ، ساحابا بولۋ باعى 124 مىڭ ادامعا عانا بۇيىردى، سول سياقتى اۋليەگە بايا بەرىپ، وعان ەرۋ دە باعى زور ءبىر ءبولىم ادامدارعا عانا بۇيىرادى، ال قالعاندارى ايتەۋ ءبىر كەزكەلگەن سەبەپپەن اۋليەگە بايا بەرە المايدى، ەرۋ ءناسىپ بولمايدى، بۇل دا اللا قالاۋى، بايا بەرۋ باق-تالەيگە دە بايلانىستى، اۋليەمەن سوناۋ ءالميساقتا جان-رۋح حالدە كەزدەسىپ بولعان ادامدار، وسى دۇنيەگە كەلگەندە، سول اۋليەگە بايا بەرەدى. بايا ياعني قول بەرۋ دەگەنىمىز اۋليەگە 'سىزگە ەرىپ، اللا جولىندا بولامىن، ءوز قالاۋىمدى ءسىزدىڭ قالاۋعا باعىندىرامىن' دەپ، ۋادە بەرۋ. اۋليەلەر پايعامبارىمىزعا جالعانىپ تۇراتىندىقتان، بايا بەرۋشى اۋليەگە بايا بەرۋ ارقىلى پايعامبارىمىزعا رۋحاني جالعانا الادى، ودان ارى قاراي اللاعا جالعانادى، بايا اسا كيەلى نارسە. اۋليە - پايعامبارىمىزدىڭ ءتىرى مۇراگەرى، اللانىڭ جەردەگى حاليفاسى بولعاندىقتان، كىم اۋليەگە بايا بەرسە، پايعامبارىمىزعا بايا بەرگەندەي بولادى، دەمەك اۋليە ءپىر ءسىزدى پايعامبارىمىزعا رۋحاني جالعايتىن كيەلى كوپىر. ءبىر حاديستە 'كىم باياسىز ولسە، جاحيليەت حالدە ولگەن بولادى' دەيدى، ال قۇراندا اللا بايا بەرگەندەر حاقىندا 'ولارعا قۋانىش بولسىن' دەپ ماقتاعان. ناعىز اۋليەگە بايا بەرگەن ادامعا اللا ەڭ كەمىندە مىنا ءۇش نىعىمەتتى سىيلايدى. ءبىرىنشى، بايا بەرۋشى قايتىس بولار كەزدە، اۋليە وعان كەرەمەتىمەن كەلىپ، ونىڭ قاسىنداعى ونى و دۇنيەگە يمانسىز حالدە اتتاندىرماقشى بولىپ، جانتالاسىپ جاتقان شايتادى قۋادى، دەمەك ءولىم ساتىندە وعان شايتاننىڭ ءامىرى جۇرمەيدى، ول اقيرەتكە يماندى حالدە اتتانادى. ەكىنشى، قابىردا سۇراقشى اڭكىر-مۇڭكىر پەرىشتەلەر ونىڭ اۋليە ءپىرىن كورگەندە جۋاسىپ، اۋليەگە 'جول سىزدىكى' دەيدى، ال اۋليە ءپىر اڭكىر-مۇڭكىر پەرىشتەلەرگە ءمۇريتى ءۇشىن جاۋاپ بەرەدى، دەمەك ءپىرىنىڭ شاراپاتىمەن ول قابىر ازابىنان دا قۇتىلادى. ءۇشىنشى، قيامەت كۇنى اۋليە ءپىرى وعان اراشا تۇسەدى، ونى اللا راحىمىنا ءىلىندىرىپ، وڭاي قۇتقارىپ اكەتەدى، قۇتىلۋى تەز بولادى. ال ادام ناعىز ءمۇمين بولماسا، وسى ءۇش جەردىڭ بارلىعىندا دا سۇرىنەدى، كوبى 'ءوزىم جاۋاپ بەرە الامىن' دەپ، ناپسىسىنە الدانۋدا، ولار ءتۇس كورىپ ءجۇر، ولاردان اتاقتى عۇلامالار دا سۇرىنەدى. سوندىقتان، اۋليەگە بايا بەرۋ ءبىر زور نىعىمەت، ەستى كىسى كوزى تىرىسىندە اۋليەگە بايا بەرمەككە قارمانادى، بۇل نىعىمەتتەن قۇر قالماۋعا تىرىسادى. ال پايعامبارىمىز دا 'اللاعا ەڭ وڭاي جەتۋدىڭ جولى اللا دوسىمەن بىرگە بولۋ' دەيدى، بۇنداعى اللا دوسى دەگەنى سول اۋليەلەر، سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ كامىل ءمۇرشيت پىرلەرى. قيامەتتە پايعامبارلاردان سوڭ ساحابالارمەن اۋليەلەر ەڭ ابىرويلى بولادى، سوندىقتان اۋليەگە بايا بەرگەندەردىڭ، مۇميندەردىڭ ەسەبى جەڭىل بولادى، ولار پايعامبارىمىزدى ەڭ سۇيەتىن جاندار، ولار اۋليە پىرلەرىنىڭ كومەگىندە اللا راحىمىنا وڭاي ىلىنەدى. ودان سوڭ ءمازحاپقا ەرگەندەردىڭ ەسەبى جەڭىلدەۋ بولادى، ال ءمازحاپقا ەرمەگەندەر شايتاننىڭ ارتىندا ساپقا تۇرار، سوندىقتان ءاربىر مۇسىلمان ەڭ كەمىندە ءمازحاپقا ەرۋى كەرەك، ول اقيرەتتە قۇتىلۋدىڭ ەڭ تومەنگى شارتى، كىم ءمازحاپقا ەرمەسە، ءمازحاپتى ۇناتپاسا، ونىڭ شيپاسى بىتەدى، شايتانمەن قالادى. سوندىقتان ەڭ كەمىندە ءمازحاپ ۇستانىپ، ءمازحاپ يمامى ءابۋ حانيفا حازىرەتكە ماحاببات ورناتىڭىز، دىندەگى ەڭ تومەنگى تالاپ وسى. ال ودان دا زور يگىلىككە جەتپەك بولساڭىز، ناعىز اۋليە پىرگە بايا بەرىپ، سوپىلىق ءتاريقات ۇستانىڭىز، بۇل ەڭ ابزال ءىس، دەمەك ءمازحاپ ۇستانۋ مۇسىلمانعا قويىلعان ەڭ تومەنگى شارت بولسا، ال ءمازحاپقا ياعني ءشاريعاتقا قوسا، اۋليەدەن ءپىر تۇتىپ، سوپىلىق ءتاريقات ۇستانۋ ەڭ ابزال ءىس بولماق. سەبەبى تەك شاريعاتپەن قالعان ادامنىڭ يمانى ءالسىز بولادى، ءبىر ءوشىپ، ءبىر جانىپ تۇرادى، شايتانعا وڭاي الدانادى، ال شاريعاتپەن سوپىلىق ءتاريقاتتى بىرگە ۇستانا، ونىڭ يمانى كۇشەيەدى، رۋحانياتى كەمەلدەنەدى، شايتانعا الدىرمايدى. بۇندا 'مەن تەك ءشاريعات ياعني ءمازحاپ ۇستانامىن، سوپىلىق ءتاريقات كەرەك ەمەس' دەگەن ءسوز جوق، شاريعاتپەن سوپىلىق ءتاريقات ەتپەن سۇيەك، قابىقپەن ءدىڭ سياقتى ءبىر-بىرىنەن اجىرامايتىن نارسە، ال ولاردىڭ اراسىن ءبولۋ اداسۋعا باستايدى، كەمەل ءدىن ەكەۋىن ءبىر ۇستانۋدا جاتىر. ەگەر يسلام ءدىنىن الما دەسەك، تەك ءشاريعات ۇستانۋ ونىڭ قابىعىن جەۋگە ۇقسايدى، ال ءشاريعاتقا قوسا سوپىلىق ءتاريقات ۇستانۋ جەمىستى تولىق جەپ، ءلاززاتتانۋعا ۇقسايدى. تاعى ءبىر مىسال، ەگەر يسلام ءدىنىن ادەمى ساراي دەسەك، ءشاريعات ۇستانۋ سول سارايدىڭ سىرتىنان قاراپ تاڭدانۋعا ۇقسايدى، ال ءشاريعاتقا قوسا سوپىلىق ءتاريقات ۇستانۋ سول سارايدىڭ ىشىندە ءومىر سۇرۋگە ۇقسايدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8007