![](https://www.nvrislam.net/nvrblog/blogadmin/images/20250209022142-2025_01_04.jpg)
https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8003
Сұхбат: хикіметсіз адам жақсы сөздің көркін кетіреді (2025.01.04 / Хижра 1446-жыл 04-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «ُؤْتِى ٱلْحِكْمَةَ مَن يَشَآءُ ۚ وَمَن يُؤْتَ ٱلْحِكْمَةَ فَقَدْ أُوتِىَ خَيْرًا كَثِيرًا ۗ» (Ол қалағанына хикімет береді, ал кімге хикімет берілсе, әрине оған өте жақсы нәрсе берілді) (құран 02:269), садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә кейбір адамдарға хикімет-даналық береді, хикіметі барлар өте ұлық игілікке жеткендер, ал хикімет деген не? ол - жақсы нәрселерді түсініп, оларды істеу және олардан өзгелердің игіліктенуі, хикімет дегеніміз осы. Мәселен, бірдеңе айтқанда, тіпті ол нәрсе жақсы болса да, бірақ адамдарда хикімет болмаса, олар осы дұрыс нәрсенің өзін қате қылып айтатын болады, себебі оларда хикімет яғни даналық жоқ, себебі жұрттың бәрі тек сыртын көреді, бір нәрсені хикіметпен түсіндірудің өзі бөлек шаруа, ал ақиқат айтпау тағы бір бөлек іс.
Біз не үшін бұны айтып отырмыз? машалла, әр жерде ғұлама-ғалым атанып жүргендер көп-ақ, олар «бізде білім бар, біз сөйлейміз, уағыз айтамыз» деп, оны-бұны бірдеңелерді істеп жүреді. Алайда аталмыш ғұлама-ғалымдардың өте аз сандысында ғана хикімет яғни даналық бар, хикіметті бір жаққа қоя тұралық, қазір жаңа бір топтар пайда болды, олар исламда амал етіліп келе жатқан нәрселердің өзін қабыл етпейтін болған, мейлі ол не болса да, олар оны қабыл етпес. Олар «ол сүннет емес, бұнда ондай нәрсе жоқ» дейді де, ел алдынға шығып, сайрай бастайды, көп сөйлейді, ал олар бұнысынан не тапты? оның пайдасы не? бұл тек олардың нәпсілеріне қызмет өтейді, басқа дәнеңе емес, олар өздерін ел-жұртқа көрсету үшін, танымал болу үшін жақсы нәрселерге шабуылдайды, олар «ол қате, оған рұхсат жоқ, ол харам» дейді.
Басқа да рұхсат етілмейтін харам нәрселер толып жатыр емеспе, бірақ сен бұрыннан мұсылмандар жағынан істелініп келе жатқан нәрселерге тисесің, соларға шабуылдайсың, себебі сенде еш хикімет жоқ, даналық жоқ, егер сенде хикімет болған болса, басқа харам, күпір, мөралсыз, тексіз нәрселер көп қой! бірақ сен оларды қойып, «ражаб айында ораза ұстауға болмайды» дейсің, олар «ражабта ештеңе жоқ, қадір тұтарлығы жоқ» дейді, бірақ бұл іс пайғамбарымыз ﷺ нан кейінгі сонау сахабалардың кезінен бері істелініп келе жатыр. Әрине, ол пайғамбарымыз ﷺ ның кезінде де болды, оны сахабалар істеді, одан соң тәбиғиндар да істеді, демек олардың барлығы оны істеп келді, бірақ сен қазір 1400 жылдан бері амал етіліп келе жатқан нәрсеге «рұхсат емес» деп, лағып жүрсің, бұл ақымақшылдық болмаса, басқа не нәрсе болмақ? бұл хикімет кемдіктен басқа ештеңе емес. Хикімет-даналық өте маңызды, сондықтан адамдармен хикіметсіз араласып, бірге жүру, оларға құлақ салу адамға залал әкеледі, пайда әкелмейді, Алла ﷻ бізді адамдардың кесір-кесапатынан сақтағай. Хикіметсіз адамдар я ақымақ, я сатқын, я мұнафиық, басқа ештеңе емес, Алла ﷻ бізді олардың кесірінен қорғағай.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: حيكىمەتسىز ادام جاقسى ءسوزدىڭ كوركىن كەتىرەدى (2025.01.04 / حيجرا 1446-جىل 04-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «ُؤْتِى ٱلْحِكْمَةَ مَن ءيَشَآُ ۚ وَمَن يُؤْتَ ٱلْحِكْمَةَ فَقَدْ أُوتِىَ خَيْرًا كَثِيرًا ۗ» (ول قالاعانىنا حيكىمەت بەرەدى، ال كىمگە حيكىمەت بەرىلسە، ارينە وعان وتە جاقسى نارسە بەرىلدى) (قۇران 02:269)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا كەيبىر ادامدارعا حيكىمەت-دانالىق بەرەدى، حيكىمەتى بارلار وتە ۇلىق يگىلىككە جەتكەندەر، ال حيكىمەت دەگەن نە؟ ول - جاقسى نارسەلەردى ءتۇسىنىپ، ولاردى ىستەۋ جانە ولاردان وزگەلەردىڭ يگىلىكتەنۋى، حيكىمەت دەگەنىمىز وسى. ماسەلەن، بىردەڭە ايتقاندا، ءتىپتى ول نارسە جاقسى بولسا دا، ءبىراق ادامداردا حيكىمەت بولماسا، ولار وسى دۇرىس نارسەنىڭ ءوزىن قاتە قىلىپ ايتاتىن بولادى، سەبەبى ولاردا حيكىمەت ياعني دانالىق جوق، سەبەبى جۇرتتىڭ ءبارى تەك سىرتىن كورەدى، ءبىر نارسەنى حيكىمەتپەن ءتۇسىندىرۋدىڭ ءوزى بولەك شارۋا، ال اقيقات ايتپاۋ تاعى ءبىر بولەك ءىس.
ءبىز نە ءۇشىن بۇنى ايتىپ وتىرمىز؟ ماشاللا، ءار جەردە عۇلاما-عالىم اتانىپ جۇرگەندەر كوپ-اق، ولار «بىزدە ءبىلىم بار، ءبىز سويلەيمىز، ۋاعىز ايتامىز» دەپ، ونى-بۇنى بىردەڭەلەردى ىستەپ جۇرەدى. الايدا اتالمىش عۇلاما-عالىمداردىڭ وتە از ساندىسىندا عانا حيكىمەت ياعني دانالىق بار، حيكىمەتتى ءبىر جاققا قويا تۇرالىق، ءقازىر جاڭا ءبىر توپتار پايدا بولدى، ولار يسلامدا امال ەتىلىپ كەلە جاتقان نارسەلەردىڭ ءوزىن قابىل ەتپەيتىن بولعان، مەيلى ول نە بولسا دا، ولار ونى قابىل ەتپەس. ولار «ول سۇننەت ەمەس، بۇندا ونداي نارسە جوق» دەيدى دە، ەل الدىنعا شىعىپ، سايراي باستايدى، كوپ سويلەيدى، ال ولار بۇنىسىنان نە تاپتى؟ ونىڭ پايداسى نە؟ بۇل تەك ولاردىڭ ناپسىلەرىنە قىزمەت وتەيدى، باسقا دانەڭە ەمەس، ولار وزدەرىن ەل-جۇرتقا كورسەتۋ ءۇشىن، تانىمال بولۋ ءۇشىن جاقسى نارسەلەرگە شابۋىلدايدى، ولار «ول قاتە، وعان رۇحسات جوق، ول حارام» دەيدى.
باسقا دا رۇحسات ەتىلمەيتىن حارام نارسەلەر تولىپ جاتىر ەمەسپە، ءبىراق سەن بۇرىننان مۇسىلماندار جاعىنان ىستەلىنىپ كەلە جاتقان نارسەلەرگە تيسەسىڭ، سولارعا شابۋىلدايسىڭ، سەبەبى سەندە ەش حيكىمەت جوق، دانالىق جوق، ەگەر سەندە حيكىمەت بولعان بولسا، باسقا حارام، كۇپىر، ءمورالسىز، تەكسىز نارسەلەر كوپ قوي! ءبىراق سەن ولاردى قويىپ، «راجاب ايىندا ورازا ۇستاۋعا بولمايدى» دەيسىڭ، ولار «راجابتا ەشتەڭە جوق، ءقادىر تۇتارلىعى جوق» دەيدى، ءبىراق بۇل ءىس پايعامبارىمىز ﷺ نان كەيىنگى سوناۋ ساحابالاردىڭ كەزىنەن بەرى ىستەلىنىپ كەلە جاتىر. ارينە، ول پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ كەزىندە دە بولدى، ونى ساحابالار ىستەدى، ودان سوڭ ءتابيعيندار دا ىستەدى، دەمەك ولاردىڭ بارلىعى ونى ىستەپ كەلدى، ءبىراق سەن ءقازىر 1400 جىلدان بەرى امال ەتىلىپ كەلە جاتقان نارسەگە «رۇحسات ەمەس» دەپ، لاعىپ ءجۇرسىڭ، بۇل اقىماقشىلدىق بولماسا، باسقا نە نارسە بولماق؟ بۇل حيكىمەت كەمدىكتەن باسقا ەشتەڭە ەمەس. حيكىمەت-دانالىق وتە ماڭىزدى، سوندىقتان ادامدارمەن حيكىمەتسىز ارالاسىپ، بىرگە ءجۇرۋ، ولارعا قۇلاق سالۋ ادامعا زالال اكەلەدى، پايدا اكەلمەيدى، اللا ﷻ ءبىزدى ادامداردىڭ كەسىر-كەساپاتىنان ساقتاعاي. حيكىمەتسىز ادامدار يا اقىماق، يا ساتقىن، يا مۇنافيىق، باسقا ەشتەڭە ەمەس، اللا ﷻ ءبىزدى ولاردىڭ كەسىرىنەن قورعاعاي.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8003