![](https://www.nvrislam.net/nvrblog/blogadmin/images/20250207143821-1000097123.jpg)
https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7998
ДОСЫ ЖАМАН ЕКІ ДҮНИЕДЕ ДЕ ӨКІНЕДІ
жалғыз қалмаңыз, себебі жалғыз қалған адам нәпсісін я шайтанды тыңдайды, ал жалғыз қалмау дегеніміз не? ол көппен араласпай жалғыз болу ма? жоқ. Жалғыз қалмау дегеніміз сізді Алланың тура жолында алып жүре алатындармен бірге болу, солармен дос болу деген сөз. Исламда 'сапардан бұрын жақсы серік таңда' дейді, ал сапар дегеніміз алда жүретін өмір жолыңыз, ал осы сапарда үлгі ететін өмірдегі тірі адамды және өзіңізге әсер ететін досыңызды дұрыс таңдаңыз. Адамдар 'бәленше менің досым' деп жатады және оларға сеніп, өзін қауіпсіз сезінеді, алайда ең зор қауіп солардан келеді, себебі олардың кейбірі оны тура жолдан тайдырады, жақсымен берекеден қашырып, жаманға үйретеді. Ондай адам дос емес, дұшпан-дүр, себебі олар оның өмірін өлтіреді, ал ақиретте тіпті де нашар хәлге түсіреді. Сондықтан досқа, аралас адамға көңіл бөліңіз, олар иманға, өмірге, ақиретке тіке әсер етеді, ал ақымақ адам жаманмен дос болады, адамның кім болары да осы доспен ортаға байланысты. Өмірде жақсы, имани жолда болу үшін Алла жолындағылармен бірге болыңыз, соларға еріңіз, әсіресе әулиені дос-пір тұтыңыз, ең сенімді дос - әулие, оның берекесі өзіңізге, ата-ана, ұрпаққа да тиеді, ол өміріңізге жан бітіреді. Біреуге ақша, дүние, атақ үшін дос болсаңыз, онда ең сорлы жан болғаныңыз, иманыңыз да үлкен мәселе бар, арты жақсы болмас, бұл да зор ақымақтық. Досыңыз ерсі іс істеп жүрсе, оған сұрау салып, оны түзеңіз, ол сізді тура жолдан шығаруға себепші болмауы, сізге кесірін тигізбеуі керек, міне осылар маңызды.
- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ
دوسى جامان ەكى دۇنيەدە دە وكىنەدى
جالعىز قالماڭىز، سەبەبى جالعىز قالعان ادام ءناپسىسىن يا شايتاندى تىڭدايدى، ال جالعىز قالماۋ دەگەنىمىز نە؟ ول كوپپەن ارالاسپاي جالعىز بولۋ ما؟ جوق. جالعىز قالماۋ دەگەنىمىز ءسىزدى اللانىڭ تۋرا جولىندا الىپ جۇرە الاتىندارمەن بىرگە بولۋ، سولارمەن دوس بولۋ دەگەن ءسوز. يسلامدا 'ساپاردان بۇرىن جاقسى سەرىك تاڭدا' دەيدى، ال ساپار دەگەنىمىز الدا جۇرەتىن ءومىر جولىڭىز، ال وسى ساپاردا ۇلگى ەتەتىن ومىردەگى ءتىرى ادامدى جانە وزىڭىزگە اسەر ەتەتىن دوسىڭىزدى دۇرىس تاڭداڭىز. ادامدار 'بالەنشە مەنىڭ دوسىم' دەپ جاتادى جانە ولارعا سەنىپ، ءوزىن ءقاۋىپسىز سەزىنەدى، الايدا ەڭ زور ءقاۋىپ سولاردان كەلەدى، سەبەبى ولاردىڭ كەيبىرى ونى تۋرا جولدان تايدىرادى، جاقسىمەن بەرەكەدەن قاشىرىپ، جامانعا ۇيرەتەدى. ونداي ادام دوس ەمەس، دۇشپان-ءدۇر، سەبەبى ولار ونىڭ ءومىرىن ولتىرەدى، ال اقيرەتتە ءتىپتى دە ناشار حالگە تۇسىرەدى. سوندىقتان دوسقا، ارالاس ادامعا كوڭىل ءبولىڭىز، ولار يمانعا، ومىرگە، اقيرەتكە تىكە اسەر ەتەدى، ال اقىماق ادام جامانمەن دوس بولادى، ادامنىڭ كىم بولارى دا وسى دوسپەن ورتاعا بايلانىستى. ومىردە جاقسى، يماني جولدا بولۋ ءۇشىن اللا جولىنداعىلارمەن بىرگە بولىڭىز، سولارعا ەرىڭىز، اسىرەسە اۋليەنى دوس-ءپىر تۇتىڭىز، ەڭ سەنىمدى دوس - اۋليە، ونىڭ بەرەكەسى وزىڭىزگە، اتا-انا، ۇرپاققا دا تيەدى، ول ومىرىڭىزگە جان بىتىرەدى. بىرەۋگە اقشا، دۇنيە، اتاق ءۇشىن دوس بولساڭىز، وندا ەڭ سورلى جان بولعانىڭىز، يمانىڭىز دا ۇلكەن ماسەلە بار، ارتى جاقسى بولماس، بۇل دا زور اقىماقتىق. دوسىڭىز ەرسى ءىس ىستەپ جۇرسە، وعان سۇراۋ سالىپ، ونى تۇزەڭىز، ول ءسىزدى تۋرا جولدان شىعارۋعا سەبەپشى بولماۋى، سىزگە كەسىرىن تيگىزبەۋى كەرەك، مىنە وسىلار ماڭىزدى.
- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7998