You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7970
ҚАЗІРГІ МҰСЫЛМАНДАРДАҒЫ ҚАРЫЗ, БИЗНЕС ЖӘНЕ БАНК ЖӘЙЛЫ ҚАТЕ КӨЗҚАРАСТАР

егер сіз біреуге '1000 доллар беріп, 1 жылдан соң оны шартсыз түрде 1100 доллар етіп қайтар' десеңіз, бұл кәдімгі айына 10 пайыз өсім жеуге ұқсайды. Ал 'саған 1000 доллар қаржы саламын, пайда-зиянды бірге көтерелік, іс біткенде 1100 доллар аламын' десеңіз, бұл өсім жеуге жатпайды, бірақ сауда яғни бизнеске жатады. Екі жағдайда баста берген ақшамен соңында алған ақша ұқсас, бірақ олардың сипаты ұқсамайды, нағыз ислам банк осылай жұмыс істейді. Исламда қарызды Алла ризалығы үшін көмектесуге береді, пайда көзделінбейді, қанша берсеңіз, сонша қайтарып аласыз. Ал пайда көзделсе, оның сипаты сауда-бизнеске өзгертуі керек, сонда әділетсіздік болмас. Қарызбен бизнес ұқсамайды, ал қазіргі банктердің ісі бизнеске жатады, олар ақша жағынан қолайлылық жаратып беріп, қызмет өтейді және ол үшін ақы алады, ақысы - сол өсімі. Бірақ өсім 8 пайыздан жоғары болса, оның сипаты бизнестен өзгеріп, рибаға жақындай түседі. Банктен қарыз алғанда сақ болу керек, себебі банк деген жеңілмейтін әділетсіз алпауыт бизнес орталығымен жұмыс істеп жатырсыз. Олар сіздің мәлім іс бітіруіңізге қаржы салуда, оны 'қарыз' атымен беруде және бизнесте жеңілмеуі үшін мәлім мүлікті немесе қызметіңізді кепілдікке ұстауда. Қазір ислами банк деген нәрсе шықты, бірақ олардың аты ислами болғанымен басқа банктер сияқты жұмыс істейді, тіпті кейбірінің алатын үлесі яғни өсімі әдеттегі банктерден жоғары, олардың сипаты исламның қарыз беру және бизнес істеу шарттарына сай келмейді, демек олар ислам атын орынсыз пайдалануда.

قازىرگى مۇسىلماندارداعى قارىز، بيزنەس جانە بانك ءجايلى قاتە كوزقاراستار

ەگەر ءسىز بىرەۋگە '1000 دوللار بەرىپ، 1 جىلدان سوڭ ونى شارتسىز تۇردە 1100 دوللار ەتىپ قايتار' دەسەڭىز، بۇل كادىمگى ايىنا 10 پايىز ءوسىم جەۋگە ۇقسايدى. ال 'ساعان 1000 دوللار قارجى سالامىن، پايدا-زياندى بىرگە كوتەرەلىك، ءىس بىتكەندە 1100 دوللار الامىن' دەسەڭىز، بۇل ءوسىم جەۋگە جاتپايدى، ءبىراق ساۋدا ياعني بيزنەسكە جاتادى. ەكى جاعدايدا باستا بەرگەن اقشامەن سوڭىندا العان اقشا ۇقساس، ءبىراق ولاردىڭ سيپاتى ۇقسامايدى، ناعىز يسلام بانك وسىلاي جۇمىس ىستەيدى. يسلامدا قارىزدى اللا ريزالىعى ءۇشىن كومەكتەسۋگە بەرەدى، پايدا كوزدەلىنبەيدى، قانشا بەرسەڭىز، سونشا قايتارىپ الاسىز. ال پايدا كوزدەلسە، ونىڭ سيپاتى ساۋدا-بيزنەسكە وزگەرتۋى كەرەك، سوندا ادىلەتسىزدىك بولماس. قارىزبەن بيزنەس ۇقسامايدى، ال قازىرگى بانكتەردىڭ ءىسى بيزنەسكە جاتادى، ولار اقشا جاعىنان قولايلىلىق جاراتىپ بەرىپ، قىزمەت وتەيدى جانە ول ءۇشىن اقى الادى، اقىسى - سول ءوسىمى. ءبىراق ءوسىم 8 پايىزدان جوعارى بولسا، ونىڭ سيپاتى بيزنەستەن وزگەرىپ، ريباعا جاقىنداي تۇسەدى. بانكتەن قارىز العاندا ساق بولۋ كەرەك، سەبەبى بانك دەگەن جەڭىلمەيتىن ادىلەتسىز الپاۋىت بيزنەس ورتالىعىمەن جۇمىس ىستەپ جاتىرسىز. ولار ءسىزدىڭ ءمالىم ءىس بىتىرۋىڭىزگە قارجى سالۋدا، ونى 'قارىز' اتىمەن بەرۋدە جانە بيزنەستە جەڭىلمەۋى ءۇشىن ءمالىم مۇلىكتى نەمەسە قىزمەتىڭىزدى كەپىلدىككە ۇستاۋدا. ءقازىر يسلامي بانك دەگەن نارسە شىقتى، ءبىراق ولاردىڭ اتى يسلامي بولعانىمەن باسقا بانكتەر سياقتى جۇمىس ىستەيدى، ءتىپتى كەيبىرىنىڭ الاتىن ۇلەسى ياعني ءوسىمى ادەتتەگى بانكتەردەن جوعارى، ولاردىڭ سيپاتى يسلامنىڭ قارىز بەرۋ جانە بيزنەس ىستەۋ شارتتارىنا ساي كەلمەيدى، دەمەك ولار يسلام اتىن ورىنسىز پايدالانۋدا.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7970