https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7941
Сұхбат: ақиретке жақсы-жаман амалыңмен ғана кетесің (2024.12.10 / Хижра 1446-жыл 09-Жұмада Әл-Тәни)
Исламбол (Стамбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, İstanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «يَخْلُقُ مَا يَشَآءُ» (Ол не қаласа, соны жаратады) (құран 05:17), садақал лаху ғазим. Алла ﷻ дың жаратқандарынан сансыздаған нәрселер бар, Алла ﷻ барлық түрдегі нәрселерді жаратты, Ол адамдарды жаратты, жындарды жаратты, періштелерді жаратты, Ол шыбын-шіркейлермен нәсекомдарды жаратты. Шүкір-Алла, бұл жолғы сапарда біз сондағы дергаға бардық, ол да Алла ﷻ жаратқан ондағы әдемі жер, ол жерге келіп-кеткендерде де есеп жоқ. Алла Әззә Уә-Жәллә жаратқан көптеген ұлт-қауымдар өтті, олардың кейбірі Алла Әззә Уә-Жәлләға сенсе, кейбірі сенбеді, кейбірі күпірлікте қалды, кейбірі иманмен қалды. Олардың барлығы осы арада жасады, онан соң өтіп кетті, Алла Әззә Уә-Жәллә бұл араның ауарайын жәйлы, жақсы жер етіп жаратты, сондықтан көптеген адамдар осы жер үшін таласп соғысты, бір-бірімінен қырылысты, ал соңында не болды? тек жер ғана қалды, адамдардың барлығы бұл дүниеден өтіп кетті.
Жер-мекен Алла Әззә Уә-Жәлләға тән, ал адамдар немесе басқа нәрселер болсын, олар осында келеді, сонан соң кетіп қалады, олар бұнда қала алмайды, демек бұл дүние мәңгілік мекен емес, сондықтан, айтып өткеніміздей, бізден бұрын бұл арадан милиондаған адамдар өтіп кетті, олардың ешбірі қалмады, олар топырақ болды, кетіп қалды. Ал маңыздысы ақирет, адамдар ақирет үшін болуы керек, маңыздысы міне осы, мейлі мына дүние сондай сұлу, сондай әдемі, сондай жақсы болсын, ол ешкімге қалған жоқ, сондықтан біз Алла Әззә Уә-Жәлләға бет бұруымыз керек, себебі Оның сүйікті құлы болу ең жақсы іс, бұнда Алла Әззә Уә-Жәлләмен бірге болу ең қайырлы, ал бұнымыз ақиретте тіпті де жақсы болмақ. Ақиретте барлығы мәңгілік болады, одан соң сіз ешқайда бармайсыз, иншалла. Жақсы мекен жәнәтта тұру ең маңызды, ал бұл дүниеде бірдеңе табуды ойлап жүріп, ақиретте жәнәттың сыртында қалу ең сорақы өкініш және ең кеселді жамандық болмақ, адамдардың нәпсісі адамдардың өздеріне жамандық істейді.
Шүкір-Алла, айтып өткеніміздей, адамдар осы арадан ғибырат алуына болады, әр басқан қадам сайын көне замандағы адамдар жасап кеткен нәрселерді, олар жүрген жерлерді көресіз. Қазына іздеушілердің қазып алған олардың ақша-тиындарымен қазыналары тұр, олар тапсын я таппасын барлық жерді тіміскілеп, қазына-байлық іздеп жүр. «Осы ақша-қазыналарды өздерімен бірге ала кетеміз» деп ойлаған бұл адамдар оларды өзгелерге қалдырып кетті, бірақ олардың бұл қазыналарын тауып алғандар да, «біз оған иеміз» деп ойлап қалмасын, олар да оны өзгелерге қалдырып кететін болады. Ал бұнда қалатыны тек жақсы амал, игі істер болмақ, жақсы іс-амал мегеніміз Алла ﷻ дың жолында болу және Алла ﷻ мен бірге болу, Алла ﷻ адамдарға ақылмен түсінік бергей, сонда олар ойланып, ғыйбырат алатын болады. Адамдар саяхаттап, жер шарлап келіп, «бұл сондай қамал, ол ондай тиртырхана екен» дейді, олар ескі адамдардың ісіне қарайды, расында ескі адамдарда қазіргілерге қарағанда көптеген әдеміліктер, жақсы ой-идеялар болған, олардың көптеген құрлыс үй-сарайлары бар, бірақ олар өздерімен ештеңе алып кете алмады, олар оларды тастап, өздері ғана кетті.
Әрине, мұсылмандар бұл дүниеде жақсы өмір сүруіне болады, олар жақсы дәмді татсын, жақсылықпен әдемілікті көрсін, жаман-сыйықсыз нәрселер жасамасын, олай етпесін, олар қазіргі кездегі сияқты ұсқынсыз семонт-бетон биналар салмауы керек еді, олар басқа көптеген әдемі нәрселер істесін, сонда оларды Алла ﷻ жақсы көреді. Пайғамбарымыз ﷺ «істі жақсы істе, әдемі етіп істе» дейді, бірақ адамдар әр істі өз ойлары бойынша лағып істей береді, онан соң, егер олар тәубе етіп жатса, оған өкінетін болады. Алла ﷻ баршамызға иман бергей, шын иман бергей, себебі қазір дүниеге қарап отырсақ, өте көп адам дүниеге тым сүңгіп кетті де, ата-бабаларының жолына ілеспейтін болған, олар ақиретке ата-бабаларының қалағанындай нәрселер жіберген жоқ, біз «Алла ﷻ оларды оңалытқай» деп қана айта аламыз, Алла ﷻ адамдарды түзегей, адамдар нәпсілерінің артынан жүгіруді тоқтатқай.
Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: اقيرەتكە جاقسى-جامان امالىڭمەن عانا كەتەسىڭ (2024.12.10 / حيجرا 1446-جىل 09-جۇمادا ءال-ءتاني)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، İstanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «يَخْلُقُ مَا ءيَشَآُ» (ول نە قالاسا، سونى جاراتادى) (قۇران 05:17)، ساداقال لاحۋ عازيم. اللا ﷻ دىڭ جاراتقاندارىنان سانسىزداعان نارسەلەر بار، اللا ﷻ بارلىق تۇردەگى نارسەلەردى جاراتتى، ول ادامداردى جاراتتى، جىنداردى جاراتتى، پەرىشتەلەردى جاراتتى، ول شىبىن-شىركەيلەرمەن ناسەكومداردى جاراتتى. شۇكىر-اللا، بۇل جولعى ساپاردا ءبىز سونداعى دەرگاعا باردىق، ول دا اللا ﷻ جاراتقان ونداعى ادەمى جەر، ول جەرگە كەلىپ-كەتكەندەردە دە ەسەپ جوق. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاراتقان كوپتەگەن ۇلت-قاۋىمدار ءوتتى، ولاردىڭ كەيبىرى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا سەنسە، كەيبىرى سەنبەدى، كەيبىرى كۇپىرلىكتە قالدى، كەيبىرى يمانمەن قالدى. ولاردىڭ بارلىعى وسى ارادا جاسادى، ونان سوڭ ءوتىپ كەتتى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇل ارانىڭ اۋارايىن ءجايلى، جاقسى جەر ەتىپ جاراتتى، سوندىقتان كوپتەگەن ادامدار وسى جەر ءۇشىن تالاسپ سوعىستى، ءبىر-بىرىمىنەن قىرىلىستى، ال سوڭىندا نە بولدى؟ تەك جەر عانا قالدى، ادامداردىڭ بارلىعى بۇل دۇنيەدەن ءوتىپ كەتتى.
جەر-مەكەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ءتان، ال ادامدار نەمەسە باسقا نارسەلەر بولسىن، ولار وسىندا كەلەدى، سونان سوڭ كەتىپ قالادى، ولار بۇندا قالا المايدى، دەمەك بۇل دۇنيە ماڭگىلىك مەكەن ەمەس، سوندىقتان، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بىزدەن بۇرىن بۇل ارادان ميليونداعان ادامدار ءوتىپ كەتتى، ولاردىڭ ەشبىرى قالمادى، ولار توپىراق بولدى، كەتىپ قالدى. ال ماڭىزدىسى اقيرەت، ادامدار اقيرەت ءۇشىن بولۋى كەرەك، ماڭىزدىسى مىنە وسى، مەيلى مىنا دۇنيە سونداي سۇلۋ، سونداي ادەمى، سونداي جاقسى بولسىن، ول ەشكىمگە قالعان جوق، سوندىقتان ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا بەت بۇرۋىمىز كەرەك، سەبەبى ونىڭ سۇيىكتى قۇلى بولۋ ەڭ جاقسى ءىس، بۇندا اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن بىرگە بولۋ ەڭ قايىرلى، ال بۇنىمىز اقيرەتتە ءتىپتى دە جاقسى بولماق. اقيرەتتە بارلىعى ماڭگىلىك بولادى، ودان سوڭ ءسىز ەشقايدا بارمايسىز، ينشاللا. جاقسى مەكەن ءجاناتتا تۇرۋ ەڭ ماڭىزدى، ال بۇل دۇنيەدە بىردەڭە تابۋدى ويلاپ ءجۇرىپ، اقيرەتتە ءجاناتتىڭ سىرتىندا قالۋ ەڭ سوراقى وكىنىش جانە ەڭ كەسەلدى جاماندىق بولماق، ادامداردىڭ ءناپسىسى ادامداردىڭ وزدەرىنە جاماندىق ىستەيدى.
شۇكىر-اللا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ادامدار وسى ارادان عيبىرات الۋىنا بولادى، ءار باسقان قادام سايىن كونە زامانداعى ادامدار جاساپ كەتكەن نارسەلەردى، ولار جۇرگەن جەرلەردى كورەسىز. قازىنا ىزدەۋشىلەردىڭ قازىپ العان ولاردىڭ اقشا-تيىندارىمەن قازىنالارى تۇر، ولار تاپسىن يا تاپپاسىن بارلىق جەردى تىمىسكىلەپ، قازىنا-بايلىق ىزدەپ ءجۇر. «وسى اقشا-قازىنالاردى وزدەرىمەن بىرگە الا كەتەمىز» دەپ ويلاعان بۇل ادامدار ولاردى وزگەلەرگە قالدىرىپ كەتتى، ءبىراق ولاردىڭ بۇل قازىنالارىن تاۋىپ العاندار دا، «ءبىز وعان يەمىز» دەپ ويلاپ قالماسىن، ولار دا ونى وزگەلەرگە قالدىرىپ كەتەتىن بولادى. ال بۇندا قالاتىنى تەك جاقسى امال، يگى ىستەر بولماق، جاقسى ءىس-امال مەگەنىمىز اللا ﷻ دىڭ جولىندا بولۋ جانە اللا ﷻ مەن بىرگە بولۋ، اللا ﷻ ادامدارعا اقىلمەن تۇسىنىك بەرگەي، سوندا ولار ويلانىپ، عىيبىرات الاتىن بولادى. ادامدار ساياحاتتاپ، جەر شارلاپ كەلىپ، «بۇل سونداي قامال، ول ونداي تيرتىرحانا ەكەن» دەيدى، ولار ەسكى ادامداردىڭ ىسىنە قارايدى، راسىندا ەسكى ادامداردا قازىرگىلەرگە قاراعاندا كوپتەگەن ادەمىلىكتەر، جاقسى وي-يدەيالار بولعان، ولاردىڭ كوپتەگەن قۇرلىس ءۇي-سارايلارى بار، ءبىراق ولار وزدەرىمەن ەشتەڭە الىپ كەتە المادى، ولار ولاردى تاستاپ، وزدەرى عانا كەتتى.
ارينە، مۇسىلماندار بۇل دۇنيەدە جاقسى ءومىر سۇرۋىنە بولادى، ولار جاقسى ءدامدى تاتسىن، جاقسىلىقپەن ادەمىلىكتى كورسىن، جامان-سىيىقسىز نارسەلەر جاساماسىن، ولاي ەتپەسىن، ولار قازىرگى كەزدەگى سياقتى ۇسقىنسىز سەمونت-بەتون بينالار سالماۋى كەرەك ەدى، ولار باسقا كوپتەگەن ادەمى نارسەلەر ىستەسىن، سوندا ولاردى اللا ﷻ جاقسى كورەدى. پايعامبارىمىز ﷺ «ءىستى جاقسى ىستە، ادەمى ەتىپ ىستە» دەيدى، ءبىراق ادامدار ءار ءىستى ءوز ويلارى بويىنشا لاعىپ ىستەي بەرەدى، ونان سوڭ، ەگەر ولار تاۋبە ەتىپ جاتسا، وعان وكىنەتىن بولادى. اللا ﷻ بارشامىزعا يمان بەرگەي، شىن يمان بەرگەي، سەبەبى ءقازىر دۇنيەگە قاراپ وتىرساق، وتە كوپ ادام دۇنيەگە تىم سۇڭگىپ كەتتى دە، اتا-بابالارىنىڭ جولىنا ىلەسپەيتىن بولعان، ولار اقيرەتكە اتا-بابالارىنىڭ قالاعانىنداي نارسەلەر جىبەرگەن جوق، ءبىز «اللا ﷻ ولاردى وڭالىتقاي» دەپ قانا ايتا الامىز، اللا ﷻ ادامداردى تۇزەگەي، ادامدار ناپسىلەرىنىڭ ارتىنان جۇگىرۋدى توقتاتقاي.
ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7941