You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7926
АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН ҚҰРАН КІТАП МЕККЕ-МЕДИНАҒА БАРЫП КЕЛДІ

бұл кітап аталарымнан қалған ғұмыр жасы ұзақ құран кітап, жасы 150 жыл шамасы немесе одан да ұзақ болса керек. Оны атаммен әжем оқыған екен, ал атам 1920 інші жылдары туылған. Бұл кітапты әдейілеп, арнайы мақсатпен қасиетті меккеге алып келдім, қағбаны көрсеттім, ол да умыраға барды. айтылуынша бұл құран кітап атамның әкесі немесе оның атасынан қалған екен, бұл кітап Ресей ақ патшасы тұсында қазан немесе петербург қаласында басылып шыққан деседі. Демек бұл кітапқа кемінде 150 жыл болса керек, 19 інші ғасырда басылыпты, ол басылып шыққанда кеңес одағы әлі дүниеге келмепті, ол кезде мүмкін хаким абай құнанбайұлы тірі шығар. Бұл құран кітап небір алмағайып замандарды бастан кешірген, ол ресей ақ патшалығын көрген, кеңес одағын көрген, небір қуғын сүргін, ашаршылық замандардан аман өткен, шығыс Түркістанды көрген, қытайдың гоминдаң және кейінгі коминистік билігін де көрген, бірақ барлығынан аман өткен, жоғалмаған, шүкір-Алла. Коминистердің құран кітаптарды өртеу зор науқанында бұл кітап кигізге оралып, қой қорада 10 жыл жасырынып жатқан, ол осылай белсенділердің кітап өртеу науқанынан аман қалған, кейін тағы бұғынып үйде 50 жыл жатқан, соңында 2010 інші жылдары менің қолыма берілді, содан бері менде келе жатыр. Содан бұл кітаптың жасы туралы біраз зеріттеу жасалды, нәтижесінде ол Ресей ақ патшасы тұсындағы кітап екен, кеңес одағы құрылмай тұрып баспадан шыққан. Ал жақында оны мекке-мединаға ала бардым, ол қағбаны көрді, мекке-мединада беті ашылып оқылды.

اتا-بابادان قالعان قۇران كىتاپ مەككە-مەديناعا بارىپ كەلدى

بۇل كىتاپ اتالارىمنان قالعان عۇمىر جاسى ۇزاق قۇران كىتاپ، جاسى 150 جىل شاماسى نەمەسە ودان دا ۇزاق بولسا كەرەك. ونى اتاممەن اجەم وقىعان ەكەن، ال اتام 1920 ءىنشى جىلدارى تۋىلعان. بۇل كىتاپتى ادەيىلەپ، ارنايى ماقساتپەن قاسيەتتى مەككەگە الىپ كەلدىم، قاعبانى كورسەتتىم، ول دا ۋمىراعا باردى. ايتىلۋىنشا بۇل قۇران كىتاپ اتامنىڭ اكەسى نەمەسە ونىڭ اتاسىنان قالعان ەكەن، بۇل كىتاپ رەسەي اق پاتشاسى تۇسىندا قازان نەمەسە پەتەربۋرگ قالاسىندا باسىلىپ شىققان دەسەدى. دەمەك بۇل كىتاپقا كەمىندە 150 جىل بولسا كەرەك، 19 ءىنشى عاسىردا باسىلىپتى، ول باسىلىپ شىققاندا كەڭەس وداعى ءالى دۇنيەگە كەلمەپتى، ول كەزدە مۇمكىن حاكيم اباي قۇنانبايۇلى ءتىرى شىعار. بۇل قۇران كىتاپ نەبىر الماعايىپ زامانداردى باستان كەشىرگەن، ول رەسەي اق پاتشالىعىن كورگەن، كەڭەس وداعىن كورگەن، نەبىر قۋعىن سۇرگىن، اشارشىلىق زامانداردان امان وتكەن، شىعىس تۇركىستاندى كورگەن، قىتايدىڭ گومينداڭ جانە كەيىنگى كومينيستىك بيلىگىن دە كورگەن، ءبىراق بارلىعىنان امان وتكەن، جوعالماعان، شۇكىر-اللا. كومينيستەردىڭ قۇران كىتاپتاردى ورتەۋ زور ناۋقانىندا بۇل كىتاپ كيگىزگە ورالىپ، قوي قورادا 10 جىل جاسىرىنىپ جاتقان، ول وسىلاي بەلسەندىلەردىڭ كىتاپ ورتەۋ ناۋقانىنان امان قالعان، كەيىن تاعى بۇعىنىپ ۇيدە 50 جىل جاتقان، سوڭىندا 2010 ءىنشى جىلدارى مەنىڭ قولىما بەرىلدى، سودان بەرى مەندە كەلە جاتىر. سودان بۇل كىتاپتىڭ جاسى تۋرالى ءبىراز زەرىتتەۋ جاسالدى، ناتيجەسىندە ول رەسەي اق پاتشاسى تۇسىنداعى كىتاپ ەكەن، كەڭەس وداعى قۇرىلماي تۇرىپ باسپادان شىققان. ال جاقىندا ونى مەككە-مەديناعا الا باردىم، ول قاعبانى كوردى، مەككە-مەدينادا بەتى اشىلىپ وقىلدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7926