You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7922
ТІЛ-КӨЗДЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Алла 'адамдар өздерін қорғасын' деп, әртүрлі пайдалы нәрселерді, әдістерді, жолдарды жаратты және адамдарға ақыл берді. Мәселен, Алла мақтаны, малды жаратты, ал адамдар Алла берген ақылын істетіп мақта, жүн, теріден өздерін суықтан қорғайтын қалың киім, кигіз үй жасайды, олар өздерін суықтан осылай қорғайды. Ал тіл-көзден қалай сақтанамыз? оны да Алла пайғамбар және әулиелері арқылы үйретті. Тіл-көзден сақтану үшін әуелі ниет дұрыс болуы керек, барды көрсетіп, шоу жасамау, мақтанбау керек, кішпейіл болу керек, осы шарттарды орындағанда ғана басқа амалдар пайда береді, осындай рухани тазалық керек. Әйтпесе қанша намаз, күрси, ықлас, фалақ, нас оқысаңыз да, қанша тұмар тақсаңыз да пайда бермейді. Әсіресе әйелдер сақтансын, себебі әйелдің тіл-көзі әйелге оңай өтеді. Айта кетерлігі, тұмар уахаби-салафилар айтқандай шірік емес, ол киім, тұмақ, қару сияқты қорғау ролын атқаратын бір түрлі құрал, ұқсамайтыны сол, ол көзге көрінбейтін тіл-көз, тері энергия, кеселді жын-жыбыр сияқты ғайып нәрселерден қорғайды. Бұл ғана емес, жақсы тұмарда береке болады, ол рахым және қорғаушы періштелерді өзіне тартып, адамға береке және қорған әкеледі. Әрине барлығы Алла қалауында ғана тіл-көзден сақтайды, Алла қаламаса еш тұмар, еш дәрі пайда бере алмас. Сондықтан әуелі Аллаға тәуекел етіп, тұмарды 'ол Алла қаласа пайда береді' деп тағамыз. Суретте берілген тұмар әйгілі әулие Абдуллаһ әд-Дағыстани хазіреттің рухани хәлде пайғамбарымыздың әмірімен жазып алған тұмар, өте жақсы тұмар, оны тұмар етіп тақса да, үйге қойса да болады, берекесі көп.

ءتىل-كوزدەن قالاي ساقتانۋعا بولادى؟

اللا 'ادامدار وزدەرىن قورعاسىن' دەپ، ءارتۇرلى پايدالى نارسەلەردى، ادىستەردى، جولداردى جاراتتى جانە ادامدارعا اقىل بەردى. ماسەلەن، اللا ماقتانى، مالدى جاراتتى، ال ادامدار اللا بەرگەن اقىلىن ىستەتىپ ماقتا، ءجۇن، تەرىدەن وزدەرىن سۋىقتان قورعايتىن قالىڭ كيىم، كيگىز ءۇي جاسايدى، ولار وزدەرىن سۋىقتان وسىلاي قورعايدى. ال ءتىل-كوزدەن قالاي ساقتانامىز؟ ونى دا اللا پايعامبار جانە اۋليەلەرى ارقىلى ۇيرەتتى. ءتىل-كوزدەن ساقتانۋ ءۇشىن اۋەلى نيەت دۇرىس بولۋى كەرەك، باردى كورسەتىپ، شوۋ جاساماۋ، ماقتانباۋ كەرەك، كىشپەيىل بولۋ كەرەك، وسى شارتتاردى ورىنداعاندا عانا باسقا امالدار پايدا بەرەدى، وسىنداي رۋحاني تازالىق كەرەك. ايتپەسە قانشا ناماز، كۇرسي، ىقلاس، فالاق، ناس وقىساڭىز دا، قانشا تۇمار تاقساڭىز دا پايدا بەرمەيدى. اسىرەسە ايەلدەر ساقتانسىن، سەبەبى ايەلدىڭ ءتىل-كوزى ايەلگە وڭاي وتەدى. ايتا كەتەرلىگى، تۇمار ۋاحابي-سالافيلار ايتقانداي شىرىك ەمەس، ول كيىم، تۇماق، قارۋ سياقتى قورعاۋ رولىن اتقاراتىن ءبىر ءتۇرلى قۇرال، ۇقسامايتىنى سول، ول كوزگە كورىنبەيتىن ءتىل-كوز، تەرى ەنەرگيا، كەسەلدى جىن-جىبىر سياقتى عايىپ نارسەلەردەن قورعايدى. بۇل عانا ەمەس، جاقسى تۇماردا بەرەكە بولادى، ول راحىم جانە قورعاۋشى پەرىشتەلەردى وزىنە تارتىپ، ادامعا بەرەكە جانە قورعان اكەلەدى. ارينە بارلىعى اللا قالاۋىندا عانا ءتىل-كوزدەن ساقتايدى، اللا قالاماسا ەش تۇمار، ەش ءدارى پايدا بەرە الماس. سوندىقتان اۋەلى اللاعا تاۋەكەل ەتىپ، تۇماردى 'ول اللا قالاسا پايدا بەرەدى' دەپ تاعامىز. سۋرەتتە بەرىلگەن تۇمار ايگىلى اۋليە ابدۋللاھ ءاد-داعىستاني حازىرەتتىڭ رۋحاني حالدە پايعامبارىمىزدىڭ امىرىمەن جازىپ العان تۇمار، وتە جاقسى تۇمار، ونى تۇمار ەتىپ تاقسا دا، ۇيگە قويسا دا بولادى، بەرەكەسى كوپ.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7922