You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7887
Сұхбат: қандай адамдар сұлу, көркем, әдемі адамдар? (2024.11.15 / Хижра 1446-жыл 13-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Lefke – Cyprus та айтылған сұхбат). Ең жақсы қасиеттер Алла Әззә Уә-Жәлләның қасиет-сипаттары, Оның есімдері ең сұлу есімдер, олар Алла Әззә Уә-Жәлләда, «وَلِلَّهِ ٱلْأَسْمَآءُ ٱلْحُسْنَىٰ فَٱدْعُوهُ بِهَا ۖ» (ең сұлу, ең әдемі есімдер Аллаға тән, Оны осылармен шақырып атаңдар) (құран 07:180), садақал лахул ғазим. Алла ﷻ «Алла ﷻ ның көркем есімдерінің уәсиласымен дұға жасаңдар» дейді, сонда дұға қабыл болар, себебі ол Алла ﷻ ға жалына дұға жасағандардың, Алла ﷻ ды зікір еткендердің барша жақсылық атаулыға жетуіне себепкер болады, адам осы игіліктерге жетеді. Алла Әззә Уә-Жәлләның ең көркем есімдері бар, сұлулық, көркемдік, әдемілік әсіресе Алла Әззә Уә-Жәлләға тән болады, ал әдемі адам дегеніміз қасиетті пайғамбарымыз ﷺ мен, Алла ﷻ мен бірге болатын адам, сұлу адамдар міне осылар, ал қалғандарының тек сырты ғана сұлу, Алла ﷻ дың дұшпанында сұлулық болмайды, ол аса ұсқынсыз, сәт, кесапат және қараңғы келеді.

Алла Әззә Уә-Жәлләның есімдері әдемі, оларды еске сақтаңдар, ұдайы айтып жүріңдер, Алла Әззә Уә-Жәллә осылай дер, пайғамбарымыз ﷺ да айтты, біз оны құтпадағы хадис шәрифте оқыдық, Алла Әззә Уә-Жәлләның 99 аты бар, олар пайғамбарымыз ﷺ ның үмбетіне берілген, кім оларды оқыса расында жәннәтқа барады. Сондықтан осыбір әдемі есімдер исламдағы адамға, пайғамбарымыз ﷺ ға үмбет болған адамға берілген аса ұлық сауға-дүр, оларда аса ірі сауаптар бар, олардың құнында баға жоқ, олардың құны әр күн сайын мәңгі артып отырады. Алла ﷻ бізге осыбір тәжәллилерді және сұлулықтарды нәсіп еткей, олар барлық адамға қол жетімді тұр, ол бір адам оқыса, он адам оқыса я милион адам оқыса, азайып кететін нәрсеге ұқсамайды, жоқ, ол ондай емес, мейлі олар қанша көп оқысын, милион, тіпті трилион адам оқыса да, олардың барлығына сый-сауаптар беріледі, себебі Алла ﷻ дың қазынасы шексіз, онда есеп жоқ, Алла ﷻ барлығыңызбен риза болады, осы нығымет баршаңызға берілгей, иншалла, бәрімізге бірге нәсіп болғай.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7887