You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=78
Келе жатқан аса ірі дүние жүзілік ұрыс 2011-жылы айтылған. Шамнан (Сирия өңірі) тұтанған от өте үлкен өртке (ұрысқа) айналып тұтас дүниені шарпиды, милиондаған адамның жанын жалмайды. Өлгені не үшін өлгенін білмейді, дүние аласапыран болып, мидай былығады, барлығы меңгеруден шығып кетеді. Әр жерлерде аса ірі әскери бөлімдер арлы-берлі жөткеліп дайындыққа көшеді, әсіресе Сириямен Түркияның шегара өңірінде үлкен қимылдар атқарылады. Түркияның өңтүстігінде ішкі бүлікпен төңкерістер туылады, Рессеймен Түркияның арасы бұзылып, есесіне Қытаймен Рессей бірігіп жерорта теңізіне ірі тұрпатты соғыс кемелерін төгетін болады, олар ұрысқа дайындалып, майдан қыздырыла бастайды, мәлім уақытқа жеткенде Рессейдің жойғыш соғыс ұшақтары Түркияның шегара аумағын бомбалауға көшеді (бұл 3-дүние жүзілік ұрыстың басталуы болып, жершары батыс-шығыс болып екіге бөлінеді, қалған мемлекеттер осы екі топтың бірін таңдау керек болады, шығысы - Рессеймен Қытай басшылығындағы мемлекеттер, батысы- АҚШ басшылығындағы мемлекеттер, бұл ұрыстан еш ел бейтарап қала алмайды). Адамдар ара адамгершілік және мөрал деген құндылықтары бір жақта қалады, үмбет бұзылады, мұсұлмандар жік-жікке бөлінеді, мұсұлмандарда хақтың жолын көрсеткен машайққа ерген топтарда болады. Әр жерде фитна-бүліктің өрті лаулап жанады, топтармен тәриқаттар ішінде және арасында көптеген бүліктер шығады, жұрыттың бәрі атағы шыққан адамдардың артынан еріп кетеді. Мұсұлман ішіндегі топтар «мен дұрыс сен қате» деп өзара ұрысатын болады. Қазір адамдар бұл мүмкін емес, олар «Сириямен Түркия арасы визасыз қатынаста, өте жақсы байланыста, Сирия президенті Асад Түркияға келіп, демаліп жүр ғой, біз ұрыс болады деп ойламаймыз.» дейді. Бұл ұрыс аяқ асты болады да, әлем лезде аударылып түседі. Мен сөйлемеймін, сөйлететіндер сөйлетіп тұр, бұны айтуымыз бізге парыз-дүр, имандылар сенеді, сенбегендердің шипасы бітеді. Біздер үшке бөлініп кетеміз, 1-тобы қашып басқа жаққа кетеді де, олар елдің есігін сығалап, бізден бөлінеді. 2-тобы шахиттардан болады. 3-тобы Сахибұл Заман Қазірет Махдиге әскер болады, міне осылар нағыз таза бауыр топтар болмақ. Қазір осы күндер келе жатыр, қазірет Махдиды қабыл етпегендер немесе басқада көптеген сан түрлі топтар болсын, олар шашырап, іштерінен өзара бүлікке ілінетін болады. Қазірет Махди бұл ғасырда келмейді немесе бұндай хадис жоқ дейтін ғұламалармен молла-имамдар жаңылып тұр. Қазіреті Махдиды жоққа шығаратындармен оның келуіне әлі бар дейтіндер - дүние, тақ және мәнсапты қатты сүйетіндерден. Қазір Ыстанболда пайғамбарымызбен түсінде емес, шын өңінде кездесіп тілдесе алатын кісі - Шайық Мехмет Афенді, ол Топқапы Сарайындағы пайғамбарымыздың қасиетті аманаттарына қарайды, соған жауапты. Шайық Мехмет Афендіде жүздеген әулиенің күш-қуаты бар, бірақ ол ондай құдіретін ешқашан білдірмейді де көрсетпейді, сендерге осындай ғажап мұра-мирас кісіні қалдырдым. Мен тариқаттың сырын тек Шайық Мехмет Афендіге қалдырдым. 2011-жылғы сұхбат. - Әулие Сопы Маулана Шайық Назым Әділ әл-Хаққани #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф كەلە جاتقان اسا ءىرى دۇنيە جۇزىلىك ۇرىس 2011-جىلى ايتىلعان. شامنان (سيريا ءوڭىرى) تۇتانعان وت وتە ۇلكەن ورتكە (ۇرىسقا) اينالىپ تۇتاس دۇنيەنى شارپيدى، ميليونداعان ادامنىڭ جانىن جالمايدى. ولگەنى نە ءۇشىن ولگەنىن بىلمەيدى، دۇنيە الاساپىران بولىپ، ميداي بىلىعادى، بارلىعى مەڭگەرۋدەن شىعىپ كەتەدى. ءار جەرلەردە اسا ءىرى اسكەري بولىمدەر ارلى-بەرلى جوتكەلىپ دايىندىققا كوشەدى، اسىرەسە سيريامەن تۇركيانىڭ شەگارا وڭىرىندە ۇلكەن قيمىلدار اتقارىلادى. تۇركيانىڭ وڭتۇستىگىندە ىشكى بۇلىكپەن توڭكەرىستەر تۋىلادى، رەسسەيمەن تۇركيانىڭ اراسى بۇزىلىپ، ەسەسىنە قىتايمەن رەسسەي بىرىگىپ جەرورتا تەڭىزىنە ءىرى تۇرپاتتى سوعىس كەمەلەرىن توگەتىن بولادى، ولار ۇرىسقا دايىندالىپ، مايدان قىزدىرىلا باستايدى، ءمالىم ۋاقىتقا جەتكەندە رەسسەيدىڭ جويعىش سوعىس ۇشاقتارى تۇركيانىڭ شەگارا اۋماعىن بومبالاۋعا كوشەدى (بۇل 3-دۇنيە جۇزىلىك ۇرىستىڭ باستالۋى بولىپ، جەرشارى باتىس-شىعىس بولىپ ەكىگە بولىنەدى، قالعان مەملەكەتتەر وسى ەكى توپتىڭ ءبىرىن تاڭداۋ كەرەك بولادى، شىعىسى - رەسسەيمەن قىتاي باسشىلىعىنداعى مەملەكەتتەر، باتىسى- اقش باسشىلىعىنداعى مەملەكەتتەر، بۇل ۇرىستان ەش ەل بەيتاراپ قالا المايدى). ادامدار ارا ادامگەرشىلىك جانە ءمورال دەگەن قۇندىلىقتارى ءبىر جاقتا قالادى، ۇمبەت بۇزىلادى، مۇسۇلماندار جىك-جىككە بولىنەدى، مۇسۇلمانداردا حاقتىڭ جولىن كورسەتكەن ماشايققا ەرگەن توپتاردا بولادى. ءار جەردە فيتنا-بۇلىكتىڭ ءورتى لاۋلاپ جانادى، توپتارمەن تاريقاتتار ىشىندە جانە اراسىندا كوپتەگەن بۇلىكتەر شىعادى، جۇرىتتىڭ ءبارى اتاعى شىققان ادامداردىڭ ارتىنان ەرىپ كەتەدى. مۇسۇلمان ىشىندەگى توپتار «مەن دۇرىس سەن قاتە» دەپ ءوزارا ۇرىساتىن بولادى. قازىر ادامدار بۇل مۇمكىن ەمەس، ولار «سيريامەن تۇركيا اراسى ۆيزاسىز قاتىناستا، وتە جاقسى بايلانىستا، سيريا پرەزيدەنتى اساد تۇركياعا كەلىپ، دەمالىپ ءجۇر عوي، ءبىز ۇرىس بولادى دەپ ويلامايمىز.» دەيدى. بۇل ۇرىس اياق استى بولادى دا، الەم لەزدە اۋدارىلىپ تۇسەدى. مەن سويلەمەيمىن، سويلەتەتىندەر سويلەتىپ تۇر، بۇنى ايتۋىمىز بىزگە پارىز-ءدۇر، يماندىلار سەنەدى، سەنبەگەندەردىڭ شيپاسى بىتەدى. بىزدەر ۇشكە ءبولىنىپ كەتەمىز، 1-توبى قاشىپ باسقا جاققا كەتەدى دە، ولار ەلدىڭ ەسىگىن سىعالاپ، بىزدەن بولىنەدى. 2-توبى شاحيتتاردان بولادى. 3-توبى ساحيبۇل زامان قازىرەت ماحديگە اسكەر بولادى، مىنە وسىلار ناعىز تازا باۋىر توپتار بولماق. قازىر وسى كۇندەر كەلە جاتىر، قازىرەت ماحديدى قابىل ەتپەگەندەر نەمەسە باسقادا كوپتەگەن سان ءتۇرلى توپتار بولسىن، ولار شاشىراپ، ىشتەرىنەن ءوزارا بۇلىككە ىلىنەتىن بولادى. قازىرەت ماحدي بۇل عاسىردا كەلمەيدى نەمەسە بۇنداي حاديس جوق دەيتىن عۇلامالارمەن موللا-يمامدار جاڭىلىپ تۇر. قازىرەتى ماحديدى جوققا شىعاراتىندارمەن ونىڭ كەلۋىنە ءالى بار دەيتىندەر - دۇنيە، تاق جانە ءمانساپتى قاتتى سۇيەتىندەردەن. قازىر ىستانبولدا پايعامبارىمىزبەن تۇسىندە ەمەس، شىن وڭىندە كەزدەسىپ تىلدەسە الاتىن كىسى - شايىق مەحمەت افەندى، ول توپقاپى سارايىنداعى پايعامبارىمىزدىڭ قاسيەتتى اماناتتارىنا قارايدى، سوعان جاۋاپتى. شايىق مەحمەت افەندىدە جۇزدەگەن اۋليەنىڭ كۇش-قۋاتى بار، بىراق ول ونداي قۇدىرەتىن ەشقاشان بىلدىرمەيدى دە كورسەتپەيدى، سەندەرگە وسىنداي عاجاپ مۇرا-ميراس كىسىنى قالدىردىم. مەن تاريقاتتىڭ سىرىن تەك شايىق مەحمەت افەندىگە قالدىردىم. 2011-جىلعى سۇحبات. - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق نازىم ءادىل ءال-حاققاني #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=78