You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7799
ӘУЛИЕЛЕР ДЕ ӨЛІНІ ТІРІЛДІРЕ АЛАДЫ, ОЛАР ҮМБЕТТІ ҚУАТТАУҒА ЖІБЕРІЛГЕН

Бірде исашыл 'Иса пайғамбар сендердің пайғамбардан ұлық, себебі ол өліні тірілдіреді, сендерде бұл жоқ, сондықтан ислам қабыл етпеймін' дейді, ал бұны әйгілі әулие әбдулқадір ғейлани естіп, 'иса хазірет өліні қалай тірілдіреді?' дейді, исашыл 'Алланың атымен бисмилла деп тірілдіреді' дейді. Сол кезде әулиеге Алладан илһам келіп, 'өлікті өз атыңмен тірілдір' делінеді, ол өлікті нұсқап, 'әбдулқадірдің атымен тіріл' дейді, өлік дереу тіріледі. Ол 'өліні иса хазірет Алла атымен тірілдірсе, Мұхаммад пайғамбарымыздың үмбетінің әулиелері өліні өз аттарымен де тірілдіре береді. Алла бізге осындай құдірет берген, бұл сендерде жоқ, сондықтан мұхаммад пайғамбарымыз ең ұлы' дейді. Исашыл әулие кереметіне таңданып, ислам қабыл етеді. Пайғамбарымыз 'менің үмбетімнің әулиесі бәни исрайылдың пайғамбарларынан кем емес' дейді, демек мұсылмандардың әр әулиесі бір-бір пайғамбарға ұқсар, сондықтан исламда әулиелердің орны ерекше жоғары болған, дерлік барлық хан-сұлтандар әулиеден пір тұтқан. Алайда қазіргі адамдар пайғамбарымыз келуден бұрынғы надандық дәуіріндегі сияқты екінші реткі зор надандыққа түсіп кеткендіктен, мұсылман жұрты әулиелердің қадірін білмейтін болған. Қазіргілер кезіндегі пайғамбарымыздың қадірін білмеген мүшіріктерге ұқсайды, олар әулиелерге құрметсіздік істер, ал бұндай оғаш іс бүкіл жер шарына апат әкелер, сондықтан Алла қазір әулиелерін Мәхди хазірет шыққанға дейін дерлік жасырып қойған. Пайғамбарымыз үмбеті үшін алаңдағанда, Алла оған 'алаңдама, Мен әулиелерімді жіберіп, үмбетіңді қуаттаймын, олар осы әулиелердің берекесімен қияметке дейін тұрар' дейді, қараңыз, әулиелер міне осындай ұлық асылзадалар еді.

اۋليەلەر دە ءولىنى تىرىلدىرە الادى، ولار ۇمبەتتى قۋاتتاۋعا جىبەرىلگەن

بىردە يساشىل 'يسا پايعامبار سەندەردىڭ پايعامباردان ۇلىق، سەبەبى ول ءولىنى تىرىلدىرەدى، سەندەردە بۇل جوق، سوندىقتان يسلام قابىل ەتپەيمىن' دەيدى، ال بۇنى ايگىلى اۋليە ءابدۋلقادىر عەيلاني ەستىپ، 'يسا حازىرەت ءولىنى قالاي تىرىلدىرەدى؟' دەيدى، يساشىل 'اللانىڭ اتىمەن بيسميللا دەپ تىرىلدىرەدى' دەيدى. سول كەزدە اۋليەگە اللادان يلھام كەلىپ، 'ولىكتى ءوز اتىڭمەن ءتىرىلدىر' دەلىنەدى، ول ولىكتى نۇسقاپ، 'ءابدۋلقادىردىڭ اتىمەن ءتىرىل' دەيدى، ولىك دەرەۋ تىرىلەدى. ول 'ءولىنى يسا حازىرەت اللا اتىمەن تىرىلدىرسە، مۇحامماد پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتىنىڭ اۋليەلەرى ءولىنى ءوز اتتارىمەن دە تىرىلدىرە بەرەدى. اللا بىزگە وسىنداي قۇدىرەت بەرگەن، بۇل سەندەردە جوق، سوندىقتان مۇحامماد پايعامبارىمىز ەڭ ۇلى' دەيدى. يساشىل اۋليە كەرەمەتىنە تاڭدانىپ، يسلام قابىل ەتەدى. پايعامبارىمىز 'مەنىڭ ۇمبەتىمنىڭ اۋليەسى ءباني يسرايىلدىڭ پايعامبارلارىنان كەم ەمەس' دەيدى، دەمەك مۇسىلمانداردىڭ ءار اۋليەسى ءبىر-ءبىر پايعامبارعا ۇقسار، سوندىقتان يسلامدا اۋليەلەردىڭ ورنى ەرەكشە جوعارى بولعان، دەرلىك بارلىق حان-سۇلتاندار اۋليەدەن ءپىر تۇتقان. الايدا قازىرگى ادامدار پايعامبارىمىز كەلۋدەن بۇرىنعى ناداندىق داۋىرىندەگى سياقتى ەكىنشى رەتكى زور ناداندىققا ءتۇسىپ كەتكەندىكتەن، مۇسىلمان جۇرتى اۋليەلەردىڭ ءقادىرىن بىلمەيتىن بولعان. قازىرگىلەر كەزىندەگى پايعامبارىمىزدىڭ ءقادىرىن بىلمەگەن مۇشىرىكتەرگە ۇقسايدى، ولار اۋليەلەرگە قۇرمەتسىزدىك ىستەر، ال بۇنداي وعاش ءىس بۇكىل جەر شارىنا اپات اكەلەر، سوندىقتان اللا ءقازىر اۋليەلەرىن ءماحدي حازىرەت شىققانعا دەيىن دەرلىك جاسىرىپ قويعان. پايعامبارىمىز ۇمبەتى ءۇشىن الاڭداعاندا، اللا وعان 'الاڭداما، مەن اۋليەلەرىمدى جىبەرىپ، ۇمبەتىڭدى قۋاتتايمىن، ولار وسى اۋليەلەردىڭ بەرەكەسىمەن قيامەتكە دەيىن تۇرار' دەيدى، قاراڭىز، اۋليەلەر مىنە وسىنداي ۇلىق اسىلزادالار ەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7799