You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7787
МЫНА ЕҢ ЖАҚСЫ ДҰҒАЛАРДЫ ҮЙРЕНІП АЛЫҢЫЗ

дұғасыз жүрмеңіз, дұға еткенде ең жақсы дұғаны жасаңыз, пайғамбарымыз айтқан ең қарапайым, ең күшті қысқа да нұсқа дұға мынау, 'اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي دِينِي وَدُنْيَا وَالْآخِرَةِ', 'аллахумма инни әскалукал ғафуа уәл ғафият фид дини уад дуния уәл ақират', мағынасы 'о Алла, Сізден кешірім сұраймын, діндегі, дүниедегі және ақиреттегі амандығымды тілеймін' дегенді білдіреді. Бұдан тыс ұдайы мына дұғаны жасап жүріңіз, 'о Рахман Алла, иманымды мәңгі қуатты етіңіз, ой-ниетімді, құлшылығымды, іс-әрекетімді дұрыс етіңіз, мені Өз ризалығыңызбен махаббатыңызға жеткізе көріңіз, пайғамбарымызға, достарыңыз әулиелерге деген махаббатымды арттырыңыз. О Раббым Алла, мені сүйіңіз, Сіздің мені сүюіңіз ең маңызды, сынақпен қиындық бермеңіз, тек нығыметпен жеңілдік беріңіз, өз рахым-мейіріміңізде, кешіріміңізде етіңіз. О Раббым, мені нәпсімнен, хауамнан, дүниеден және шайтаннан қорғаңыз, мені Өзіңізбен, пайғамбарыңызбен, әулиеңізбен бір етіңіз, Өзіңізге көптеп құлшылық етуім үшін, ризалығыңызға жетуім үшін мықты денсаулық, ұзақ өмір беріңіз. Бағы зор тәлейлі құлдарыңыздан етіңіз, шүкіршілдерден етіңіз' деп, алды-артына салауат қоса осындай дұға жасаңыз, бұлар осы дүниедегі ең қайырлы дұғалар, онда барлығы қамтылған, осы дұғаны ата-ана, бала-шаға, отбасыңызға және басқа жақындарыңызға тілеңіз, ал дұғада атақ, ақша, күш сұрау рухани машыттапта Алладан қойдың құмалағын сұрағанға ұқсайды, тіпті у сұрағанға ұқсайды, себебі олар дүние, ал дүние сіздің ең үлкен 4 дұшпаныңыздың бірі.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ӘУЛИЕ

مىنا ەڭ جاقسى دۇعالاردى ۇيرەنىپ الىڭىز

دۇعاسىز جۇرمەڭىز، دۇعا ەتكەندە ەڭ جاقسى دۇعانى جاساڭىز، پايعامبارىمىز ايتقان ەڭ قاراپايىم، ەڭ كۇشتى قىسقا دا نۇسقا دۇعا مىناۋ، 'اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي دِينِي وَدُنْيَا وَالْآخِرَةِ'، 'اللاحۋمما ينني اسكالۋكال عافۋا ءۋال عافيات فيد ديني ۋاد دۋنيا ءۋال اقيرات'، ماعىناسى 'و اللا، سىزدەن كەشىرىم سۇرايمىن، دىندەگى، دۇنيەدەگى جانە اقيرەتتەگى اماندىعىمدى تىلەيمىن' دەگەندى بىلدىرەدى. بۇدان تىس ۇدايى مىنا دۇعانى جاساپ ءجۇرىڭىز، 'و راحمان اللا، يمانىمدى ماڭگى قۋاتتى ەتىڭىز، وي-نيەتىمدى، قۇلشىلىعىمدى، ءىس-ارەكەتىمدى دۇرىس ەتىڭىز، مەنى ءوز ريزالىعىڭىزبەن ماحابباتىڭىزعا جەتكىزە كورىڭىز، پايعامبارىمىزعا، دوستارىڭىز اۋليەلەرگە دەگەن ماحابباتىمدى ارتتىرىڭىز. و راببىم اللا، مەنى ءسۇيىڭىز، ءسىزدىڭ مەنى ءسۇيۋىڭىز ەڭ ماڭىزدى، سىناقپەن قيىندىق بەرمەڭىز، تەك نىعىمەتپەن جەڭىلدىك بەرىڭىز، ءوز راحىم-مەيىرىمىڭىزدە، كەشىرىمىڭىزدە ەتىڭىز. و راببىم، مەنى ناپسىمنەن، حاۋامنان، دۇنيەدەن جانە شايتاننان قورعاڭىز، مەنى وزىڭىزبەن، پايعامبارىڭىزبەن، اۋليەڭىزبەن ءبىر ەتىڭىز، وزىڭىزگە كوپتەپ قۇلشىلىق ەتۋىم ءۇشىن، ريزالىعىڭىزعا جەتۋىم ءۇشىن مىقتى دەنساۋلىق، ۇزاق ءومىر بەرىڭىز. باعى زور تالەيلى قۇلدارىڭىزدان ەتىڭىز، شۇكىرشىلدەردەن ەتىڭىز' دەپ، الدى-ارتىنا سالاۋات قوسا وسىنداي دۇعا جاساڭىز، بۇلار وسى دۇنيەدەگى ەڭ قايىرلى دۇعالار، وندا بارلىعى قامتىلعان، وسى دۇعانى اتا-انا، بالا-شاعا، وتباسىڭىزعا جانە باسقا جاقىندارىڭىزعا تىلەڭىز، ال دۇعادا اتاق، اقشا، كۇش سۇراۋ رۋحاني ماشىتتاپتا اللادان قويدىڭ قۇمالاعىن سۇراعانعا ۇقسايدى، ءتىپتى ۋ سۇراعانعا ۇقسايدى، سەبەبى ولار دۇنيە، ال دۇنيە ءسىزدىڭ ەڭ ۇلكەن 4 دۇشپانىڭىزدىڭ ءبىرى.

- ءماۋلانا شايىق مەحمەت اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7787