You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7784
ӘУЛИЕЛЕР ӨЗІНЕ ЕРУШІЛЕРДІ ӘЛМИСАҚТА ТАҢДАП БОЛҒАН

әулиелер - Алланың жақын достары, пайғамбарымыздың мұрагерлері. Ал пайғамбарымыздың тірі жолын үйренгіңіз келсе, әулие шайыққа еріңіз, ислам шәриғаты, тәриқаты, мағрифаты, хақиқаты, әзимасы барлығы соларда. Ғұламалар әулиеге үкім беруден жасқанған, себебі олардың білімі әулиенің біліміне жетпеген, ертеде шәкірт шәриғат білімін әбден үйреніп болған соң әулиеге барып, руханият үйренетін болған. Исламда 'әулие білімі - мұхит, ғұлама білімі - көл' делінер. Адам жаралудан бұрынғы әлмисақта Алла әулиелеріне өздеріне еретін мүриттерді таңдауға әмір етеді, сол кезде әулиелердің кейбірі білімді адамдарды, кейбірі бай адамдарды, кейбірі кедей адамдарды таңдайды, ал нақышбанд сопылық тәриқатының әулиесі нақышбанд хазірет ешкімді таңдаған жоқ, сонда оған 'енді сен кімдерді таңдайсың?' делінді, ол 'мен ешкім таңдамағандарды таңдаймын' дейді де, қалғандарын таңдайды. Сондықтан нақышбанд сопылық тәриқатына еретіндердің арасында әртүрлі топтағы адамдардың барлығы бар, демек оларда кедей, бай, жәй адам, сұлтан, хан, патша, ғұлама, президент бәрі бар. Міне қараңыз, нағыз әулиелер өздеріне кімдердің еретіндігін сонау адам жаралудан бұрынғы әлмисақтан бері біледі, сондықтан әулие ешқашан адамдарға 'маған ер' демейді, олар өзіне кімнің еретіндігін біледі, егер сіздің есіміңіз оның тізіміне әлмисақта жазылған болған болса, сіз сол әулиеге ересіз, әйтпесе әйтеу бір себеппен оған ермей кететін боласыз.

اۋليەلەر وزىنە ەرۋشىلەردى ءالميساقتا تاڭداپ بولعان

اۋليەلەر - اللانىڭ جاقىن دوستارى، پايعامبارىمىزدىڭ مۇراگەرلەرى. ال پايعامبارىمىزدىڭ ءتىرى جولىن ۇيرەنگىڭىز كەلسە، اۋليە شايىققا ەرىڭىز، يسلام ءشاريعاتى، ءتاريقاتى، ماعريفاتى، حاقيقاتى، ءازيماسى بارلىعى سولاردا. عۇلامالار اۋليەگە ۇكىم بەرۋدەن جاسقانعان، سەبەبى ولاردىڭ ءبىلىمى اۋليەنىڭ بىلىمىنە جەتپەگەن، ەرتەدە شاكىرت ءشاريعات ءبىلىمىن ابدەن ۇيرەنىپ بولعان سوڭ اۋليەگە بارىپ، رۋحانيات ۇيرەنەتىن بولعان. يسلامدا 'اۋليە ءبىلىمى - مۇحيت، عۇلاما ءبىلىمى - كول' دەلىنەر. ادام جارالۋدان بۇرىنعى ءالميساقتا اللا اۋليەلەرىنە وزدەرىنە ەرەتىن مۇريتتەردى تاڭداۋعا ءامىر ەتەدى، سول كەزدە اۋليەلەردىڭ كەيبىرى ءبىلىمدى ادامداردى، كەيبىرى باي ادامداردى، كەيبىرى كەدەي ادامداردى تاڭدايدى، ال ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ اۋليەسى ناقىشباند حازىرەت ەشكىمدى تاڭداعان جوق، سوندا وعان 'ەندى سەن كىمدەردى تاڭدايسىڭ؟' دەلىندى، ول 'مەن ەشكىم تاڭداماعانداردى تاڭدايمىن' دەيدى دە، قالعاندارىن تاڭدايدى. سوندىقتان ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنا ەرەتىندەردىڭ اراسىندا ءارتۇرلى توپتاعى ادامداردىڭ بارلىعى بار، دەمەك ولاردا كەدەي، باي، ءجاي ادام، سۇلتان، حان، پاتشا، عۇلاما، پرەزيدەنت ءبارى بار. مىنە قاراڭىز، ناعىز اۋليەلەر وزدەرىنە كىمدەردىڭ ەرەتىندىگىن سوناۋ ادام جارالۋدان بۇرىنعى ءالميساقتان بەرى بىلەدى، سوندىقتان اۋليە ەشقاشان ادامدارعا 'ماعان ەر' دەمەيدى، ولار وزىنە كىمنىڭ ەرەتىندىگىن بىلەدى، ەگەر ءسىزدىڭ ەسىمىڭىز ونىڭ تىزىمىنە ءالميساقتا جازىلعان بولعان بولسا، ءسىز سول اۋليەگە ەرەسىز، ايتپەسە ايتەۋ ءبىر سەبەپپەن وعان ەرمەي كەتەتىن بولاسىز.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7784