You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7770
СОПЫ ЖІГІТ ЖӘНЕ ХҰЛАГУ ХАН

Шыңғысхан немересі хұлагу хан найман кетбұға, қытай гуо сияқты бектерін бастап аббасит халифасын шапты, ирақ елін қырып салды және сол өңірдегі жеңілмес бандит топтарды түгел құртты. Онан хұлагу 'осы халифаттағы ең ақылды кісіні әкеліңдер, сұрау сұраймын, қате кетсе, өлтірем' дейді, ал молда, ғұлама, шайықтардың бәрі қорқып қашты, тек бір жас сопы жігіт ешкі, түйе, қораз алып, хұлагуға келді. Хұлагу 'бұл жас бала кім, мен сақалды, жасы үлкен, дауысы зор біреу келер деп ойлағам' дейді, ал жігіт ешкі, түйе және қоразды көрсетіп, 'сақал десеңіз, мына ешкіде де сақал бар, үлкен біреу десеңіз мына түйе де үлкен емеспе, зор дауыс десеңіз, мына қораздың дауысы да тым зор ғой' дейді, хұлагумен оның бектері баланың ақылдылығына таңдай қағысты. Хұлагу хан 'елдеріңді қырып салдым, бұл ісім дұрыспа, бұрыспа' дейді, бала 'біз мұсылмандар Алланы, пайғамбарымызды ұмытып, дүниеге құлшылық етіп жатқан едік, ал мұсылмандардың осындай күнәсі сізді сонау алыстан осында шақырып әкелді, Алла сіз арқылы мұсылмандардың есін жидырып, ғибырат сабақ беруде, егер біз Аллаға шынайы берілсек, сіз бұнда бір сәт тұрмас едіңіз, Алла сізді келген жеріңізге қайта жібереді' дейді. Хұлагу хан балаға мойынсал болды және оның бір топ бектері ислам қабылдады, кейін олар исламды қорғаушы жеңімпаздарға айналды, исламды тіпті де кең таратты. Бұл жігіт нақышбанд сопылық тәриқатының алтын тізбегіндегі әулие еді, ол бәрін алдын ала білетұғын.

سوپى جىگىت جانە حۇلاگۋ حان

شىڭعىسحان نەمەرەسى حۇلاگۋ حان نايمان كەتبۇعا، قىتاي گۋو سياقتى بەكتەرىن باستاپ ابباسيت حاليفاسىن شاپتى، يراق ەلىن قىرىپ سالدى جانە سول وڭىردەگى جەڭىلمەس بانديت توپتاردى تۇگەل قۇرتتى. ونان حۇلاگۋ 'وسى حاليفاتتاعى ەڭ اقىلدى كىسىنى اكەلىڭدەر، سۇراۋ سۇرايمىن، قاتە كەتسە، ولتىرەم' دەيدى، ال مولدا، عۇلاما، شايىقتاردىڭ ءبارى قورقىپ قاشتى، تەك ءبىر جاس سوپى جىگىت ەشكى، تۇيە، قوراز الىپ، حۇلاگۋعا كەلدى. حۇلاگۋ 'بۇل جاس بالا كىم، مەن ساقالدى، جاسى ۇلكەن، داۋىسى زور بىرەۋ كەلەر دەپ ويلاعام' دەيدى، ال جىگىت ەشكى، تۇيە جانە قورازدى كورسەتىپ، 'ساقال دەسەڭىز، مىنا ەشكىدە دە ساقال بار، ۇلكەن بىرەۋ دەسەڭىز مىنا تۇيە دە ۇلكەن ەمەسپە، زور داۋىس دەسەڭىز، مىنا قورازدىڭ داۋىسى دا تىم زور عوي' دەيدى، حۇلاگۋمەن ونىڭ بەكتەرى بالانىڭ اقىلدىلىعىنا تاڭداي قاعىستى. حۇلاگۋ حان 'ەلدەرىڭدى قىرىپ سالدىم، بۇل ءىسىم دۇرىسپا، بۇرىسپا' دەيدى، بالا 'ءبىز مۇسىلماندار اللانى، پايعامبارىمىزدى ۇمىتىپ، دۇنيەگە قۇلشىلىق ەتىپ جاتقان ەدىك، ال مۇسىلمانداردىڭ وسىنداي كۇناسى ءسىزدى سوناۋ الىستان وسىندا شاقىرىپ اكەلدى، اللا ءسىز ارقىلى مۇسىلمانداردىڭ ەسىن جيدىرىپ، عيبىرات ساباق بەرۋدە، ەگەر ءبىز اللاعا شىنايى بەرىلسەك، ءسىز بۇندا ءبىر ءسات تۇرماس ەدىڭىز، اللا ءسىزدى كەلگەن جەرىڭىزگە قايتا جىبەرەدى' دەيدى. حۇلاگۋ حان بالاعا مويىنسال بولدى جانە ونىڭ ءبىر توپ بەكتەرى يسلام قابىلدادى، كەيىن ولار يسلامدى قورعاۋشى جەڭىمپازدارعا اينالدى، يسلامدى ءتىپتى دە كەڭ تاراتتى. بۇل جىگىت ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ التىن تىزبەگىندەگى اۋليە ەدى، ول ءبارىن الدىن الا بىلەتۇعىن.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7770