You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7729
АЛЛА НЕ ҮШІН ӘУЛИЕЛЕРІН ЖІБЕРІП ОТЫРҒАН?

бұрынғы қауымдар пайғамбарлары кеткен соң, көп ұзамай Алла жолынан адасып кететін еді, ал біздің пайғамбарымыз да осыны ойлап мұңайды, сол кезде Алла пайғамбарымызға оның мұсылман үмбетіне достары әулиелерді жіберіп қуаттайтындығын уәде етіп қуандырды. Әулиелер пайғамбар емес, бірақ олар Аллаға пайғамбарлардан соң жақын жандар, пайғамбарымыз 'менің үмбетімдегі әулиелер бәни-исрайылдың пайғамбарларынан кем емес' дейді. Алла асқан мейірімділігі себепті әулие жібереді, егер әулиелерін жібермесе, мұсылмандар шайтаннан жеңіліп, баяғыда-ақ бұрынғы адасқан қауымдар сияқты адасып кетер еді. Әр заманда 124 мың әулие өмір сүреді, қайтыс болса, орны толықтанады, Мәхдимен Иса хазірет заманына дейін солай болмақ. Кімнің әулие боларын Алла өзі таңдайды, алайда көптеген әулиелер жасырын жүреді, көрнеу жүретіндері тым аз, ертеде әулиелер көптеп көрінетін, ал қазір ақырзаман болғандықтан әрі адамдар оларды қабыл етпейтіндіктен Алла оларды дерлік жасырған, бірер сараны ғана әулиелерді сүйетін аз санды мұсылмандардың игілігі үшін көрнекіленген. 124 мың әулие Мәхди хазірет кезінде түгелдей ашыққа шығады. Әулиенің қуаты орасан, егер Алла ең жәй бір әулиесіне рұхсат берсе, ол әулие әпсәтте кереметімен күллі адамзатты артынан ертіп, барлығын исламға әкеле алады, бірақ бұлай етсе, мына дүниенің сынағының мәні қалмас, бұл дүние сынақ дүниесі болғандықтан Алла әр адамның еркіндігін өзіне қалтырған, оларды зорлықпен немесе кереметпен ислам жолына әкелуге рұхсат етілмеген, демек дінде зорлық жоқ.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

اللا نە ءۇشىن اۋليەلەرىن جىبەرىپ وتىرعان؟

بۇرىنعى قاۋىمدار پايعامبارلارى كەتكەن سوڭ، كوپ ۇزاماي اللا جولىنان اداسىپ كەتەتىن ەدى، ال ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز دا وسىنى ويلاپ مۇڭايدى، سول كەزدە اللا پايعامبارىمىزعا ونىڭ مۇسىلمان ۇمبەتىنە دوستارى اۋليەلەردى جىبەرىپ قۋاتتايتىندىعىن ۋادە ەتىپ قۋاندىردى. اۋليەلەر پايعامبار ەمەس، ءبىراق ولار اللاعا پايعامبارلاردان سوڭ جاقىن جاندار، پايعامبارىمىز 'مەنىڭ ۇمبەتىمدەگى اۋليەلەر ءباني-يسرايىلدىڭ پايعامبارلارىنان كەم ەمەس' دەيدى. اللا اسقان مەيىرىمدىلىگى سەبەپتى اۋليە جىبەرەدى، ەگەر اۋليەلەرىن جىبەرمەسە، مۇسىلماندار شايتاننان جەڭىلىپ، باياعىدا-اق بۇرىنعى اداسقان قاۋىمدار سياقتى اداسىپ كەتەر ەدى. ءار زاماندا 124 مىڭ اۋليە ءومىر سۇرەدى، قايتىس بولسا، ورنى تولىقتانادى، ماحديمەن يسا حازىرەت زامانىنا دەيىن سولاي بولماق. كىمنىڭ اۋليە بولارىن اللا ءوزى تاڭدايدى، الايدا كوپتەگەن اۋليەلەر جاسىرىن جۇرەدى، كورنەۋ جۇرەتىندەرى تىم از، ەرتەدە اۋليەلەر كوپتەپ كورىنەتىن، ال ءقازىر اقىرزامان بولعاندىقتان ءارى ادامدار ولاردى قابىل ەتپەيتىندىكتەن اللا ولاردى دەرلىك جاسىرعان، بىرەر سارانى عانا اۋليەلەردى سۇيەتىن از ساندى مۇسىلمانداردىڭ يگىلىگى ءۇشىن كورنەكىلەنگەن. 124 مىڭ اۋليە ءماحدي حازىرەت كەزىندە تۇگەلدەي اشىققا شىعادى. اۋليەنىڭ قۋاتى وراسان، ەگەر اللا ەڭ ءجاي ءبىر اۋليەسىنە رۇحسات بەرسە، ول اۋليە اپساتتە كەرەمەتىمەن كۇللى ادامزاتتى ارتىنان ەرتىپ، بارلىعىن يسلامعا اكەلە الادى، ءبىراق بۇلاي ەتسە، مىنا دۇنيەنىڭ سىناعىنىڭ ءمانى قالماس، بۇل دۇنيە سىناق دۇنيەسى بولعاندىقتان اللا ءار ادامنىڭ ەركىندىگىن وزىنە قالتىرعان، ولاردى زورلىقپەن نەمەسە كەرەمەتپەن يسلام جولىنا اكەلۋگە رۇحسات ەتىلمەگەن، دەمەك دىندە زورلىق جوق.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7729