You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7662
Сұхбат: қиындықтан соң жеңілдік, қараңғылықтан соң нұр келеді (3) (2024.06.04 / Хижра 1445-жыл 26-зұл қада)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «فَإِن َّ مَع َ الْعُسْر ِ يُسْرًا ﴿5﴾ إِن َّ مَع َ الْعُسْر ِ يُسْرًا» (расында қиындықпен жеңілдік келер, расында қиындықпен жеңілдік келер) (құран 94:5-6), садақал лахул ғазим, Алла ﷻ әрбір қиындықтан соң жеңілдіктің келетінін айтуда, міне бұл Алла ﷻ дың адамдарға, иман келтіргендерге берген уәдесі, қиындықсыз оңайлық келмес, тіпті осы қағида барлық іске жүреді, мәселен, жүкті әйелдің бала босануы ол үшін өте қиын іс, бірақ ол босанып, баласын алған соң қатты қуанатын болады, ал балалары есейген соң, олар бірдеңе үйрене бастайды, мәселен, мектепте сабақ үйрену қиын, ал басқа бизнис, кәсіп сияқтыларды үйрену де қиын, олар да оңай емес, олардың да өз қиындығы бар, міне осы қиындықтардан соң, олар қиналып үйренген білімдерімен өмір сүруіне керекті жақсы нәрселерді алады.

Міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның адамдардың өмірде үмітсіз болмауына қатысты заңы, нөсер, қараңғылық және суықтан соң нұр, құлпырған жасылдық, гүл, дәмді жеміс, бидай шығады, ал ауыр қыстан соң да, барлығы келе бастайды, бізден бұрынғы адамдар Алла ﷻ берген осы нәрселерге сүйенетін әрі олар осыған риза болатұғын, мүмин үшін де солай, әрбір қиындықтан соң Алла ﷻ оған жақсы нәрселерге жол ашады, мүминдер осыған сенуі керек, олар «неге бұлай болды? неге бұлай болмады?» деп сұрамасын, «неге осының барлығы маған келеді? ал басқаларға ештеңе болмайды» демесін, ал бұлай айтса, әрине ол «бұл Алла ﷻ дан, Ол жақсы біледі, біз бұны Одан қабыл етеміз, Оның бергенін қабыл етеміз, біз Оған ризамыз» деп айтқан кездегі сауапқа жете алмайтын болады, осылай болсаңыз, Алла ﷻ бізге риза болады әрі есепсіз сауабын сыйлайды.

Бұл дүние жәннәт емес, жәннәтта еш қиыншылық болмас, ал дүниеде ... қазіргі адамдардың жасап алған мәлім бір жүйесі бар, біз оны кім қойғанын немесе оның қалай жүріп жатқанын білмедік, бірақ олар адамдарды құртып, басын аяғына келтірді, бұрындары жастар ата-анасына, отбасыларына көмектесіп, жұмыс немесе бизнис істейтін заман болған еді, демалыста, каниколдарда я одан кейін де болсын, олар жұмыс істейтін және басқа көптеген істерді бітіретұғын, бірақ қазіргі кезде оның керісі келіп, ата-анасы балаларының ризалығын іздейтін болды, демек олар балаларының құлы, жұмысшысы болып кеткен, олар балалары не қаласа, соны береді, тыныш таппай, шамалары келгенінше оларды мәз етпекке тырысады, олар неге бұлай істейді? олар балаларын зеріктірмеу үшін солай істер, олардың «бізде ештеңе жоқ, мен қуанбай тұрмын» деп айтпаулары үшін еді, олар балаларына толық күн бойы қызмет еткісі келеді әрі «біз балаларымызды қуандырып жатырмыз» деп ойлайды, ал мен олардың балаларынан «сендер қуанып жүрсіңдер ме?» деп сұрасам, олар «жоқ, біз қуанбадық» деп жауап бермек, не үшін? себебі олар қиыншылық көріп көрген жоқ, бір іске қарап, оның керісін де білуге болады, қиындық көргенде қалаған нәрсеңіздің қалай келетінін білетін боласыз, болмашы нәрсеге де риза бола біліңіз, ал қазіргі балалар өздерінде бар нәрсеге риза болмайтын болған, олар тағы да толып жатқан нәрселерді қалайды, бірақ олардың тағы да көп сұрай берерліктей не қисыны бар?

Айтып өткеніміздей, біз жәннәтта емес, жерде өмір сүріп жатырмыз, осындай ержеткен балалар есейген соң немесе сыртқы дүние өміріне кірісе бастағанда, олар бұл өмірде соққы алғандай сезінер, демек олар үшін іс керісіне басып, жеңілдіктен соң қиындық келетін болады, себебі адамдар пайғамбарымыз ﷺ мен исламның осы дүниемен келер дүние жәйлы айтқан ақыл-кеңестеріне, сабақтарына көңіл бөлген жоқ, себебі олар балаларын өз қалауларына қалдырып қойса, олар бастан ақыр біреуге таянатын болады, ал соңында сіз бұнда бола бермейсіз емеспе, демек балалардың ата-аналарды да олармен ұдайы бірге бола бермейді, міне осы кезден бастап, осы балалар мазасыздыққа түсе бастайды.

Әрине, олардың бұл үйреткендері исламнан тыс қалған нәрселер, ал ислам болса адам баласының ұқығын берген, оларға кейін не істейтінін және оны қашан істеуге болатынын үйретеді, балалар үшін айтар болсақ, оларға ең әуелі оқумен жазуды үйрету керек, себебі бұл Алла ﷻ дан берілген әмір, «اِقْرأ» (оқы) (құран 96:01) делінер, онан соң балаларға ата-анасы отбасына көмектесуді үйретіңіз, себебі ештеңе білмейтін, өмірінде еш еңбек істеп көрмеген адам үшін университетті немесе мектепті бітірген соң жұмыс істеу, қызмет қылу қиын келеді, бірақ қазіргі жүйе балалардың еңбек істеуіне тиым салуда, сонда олар қашан еңбек істеуі керек? олар өмір сүруі үшін бірдеңе істеуі керек, еңбек тәжірбесі болуы тиіс, олар кейбір шаруа немесе қолөнер сияқты істерде еңбек істеуі лазым, кейбір адамдар егіншілікке жақсы, кейбір адамдар ұсталыққа икемді, кейбірі әнге, кейбірі жазуға жақсы, сол сияқты кете береді, сол кезде балалар сонау бала кезінен бастап, не істеу керектігін түсініп ержететін болады әрі тәртіппен өседі, жақсы қасиетпен ержетеді, міне осылай осы өмір оларға жеңіл түсетін болады, ал осы жақсы қасиетімен, ол осы өмірде де, үйінде де, үйлену ісінде де жақсы өтетін болады, ол балаларымен де, көршілерімен де, демек барлығымен де жақсы өтеді, олар тіпті де жақсара түседі.

Иә, міне бұл исламның және сопылық тәриқаттың үйреткендері, тәриқат осылай болар, тәриқат дегеніміз жол, демек өмір жолы, ал өмір жолы мәңгілік, сіз нәпсіңізді меңгеріп, оны басқара білуді үйренген кезіңізде, табысты боласыз, біз қазір қысым, жабығу (депретсия) деген сияқты қаптаған ауруларды естіп жүрміз, әр күні осы ғасырдың бір жаңа кеселінің атын естиміз, ал бұлардың барлығы тәртіп жоқтықтан, қиындыққа қалай төтеп беруді үйренбегендіктен туындаған, әлхамдулилла, кейбір адамдар осы айтқан кеңестерімізді іске асыруға тырысуда, иншалла, Алла ﷻ оларға жәрдем бергей, әлхамдулилла, бүгін мына балаларды көріп, олар қуаныш әкелуде, көп уақыттан бері біз бұлай қуанып көрмеген едік, олар да үйренгендеріне риза екен, міне басқаларды да қуандырып жатыр, адамдарға қуаныш лебі тарауда, мәселен, қазіргі мына дүниеде көңілсіздік немесе жабығу (деперетсия) ауруы кең тарап жатыр, олардың көңіл күйлерінің жаман болуымен қуана алмайтын хәлдерінің жер-жерге тарағаны сияқты, қуаныш та тарайды, ол да жұғымтал, әлхамдулилла, кішкене істің де көп әсер беретін кезі болады, ол қараңғылыққа қарсы келуде, демек ол Алла Әззә уә-Жәлләдан берілген бір береке еді.

Мәуләнә Шайық Назым хазірет әр жолы жастармен балалардың Алла ﷻ жолына келулері үшін іс қылушы еді, себебі олар келергі болашағымыз әрі олар өзгелерге де игілік әкелетін болады, Алла ﷻ адамдарға осы нұқтаны көрсетіп, олардың жүрген жолын түзегей, себебі көптеген қараңғы идеялар бар әрі олар дүниені меңгеріп, жаулап алды, біз әр жерде адамдарды қуандырмай қараңғылыққа тартатын ұқсас кесірлі нәрселерді көріп жүр, олар адамдарды жақсы салт-дәстүрден, жақсы іс істеуден тосуда, олар бүкіл дүниені былыққа батырып болды, шығар ешбір жол қалдырмады, олардың шипасы бітті, өлді, алайда сұхбатымыздың басында айтып өткеніміздей, қиындықтан соң, жол ашылады, бұған күмәніңіз болмасын, қазір қарап отырсақ, қай жердегі адамдар болсын, барлығы үмітсіздікте жүр, ешкім үміт ішінде жүрген жоқ, бірақ әлхамдулилла, бізде пайғамбарымыз ﷺ нан келген білім бар, оның айтып кеткендерінен білеріміз бар, демек қазіргі осыбір қараңғылықтардан соң, нұрланған, берекеге толған, адамзат үшін түгел игілікке толы жаңа заман келетін болады, ол жақын, иншалла, Сәидина әл-Мәхди әлейхис-салам келеді де, бүкіл мәселелер шешіледі, ешбір мәселе атаулы қалмайтын болады, иншалла, ол кезде жер жәннәт болар, әрине нақ жәннәт болмас, бірақ жәннәт сияқты болар, себебі жәннәтта ешбір қиындық болмайды, онда тек қуаныш-бақыт қана болар, көңілсіздік болмас, ешқандай өмір қиындықтары болмас.

Себебі кейбір адамдар ... жоқ, менше дүниенің қай жеріне барсаңыз да, қазір үмітпен жәйнап жүрген ешкім жоқ, барлығы үмітсіздік шүңетіне сүңгіп кеткен, түңілуде жүр, тіпті оларда үміт бар болған күндеде де, олардың бұл үміттері бірдемде сөніп жоғалатын үміт еді, себебі өткен 20 жылда болған істерді ешкім ойлап көрген жоқ, тіпті кезінде осындай боларын оларға айтқан болсаңыз да, сол кезде олар «мына адам не деп жатыр, дүниеде демократия бар емеспе, оларда барлық жақсы нәрселер бар, ешкім өзгерте алмайтын жақсы әрі күшті жүйе бар» деп, сізді тойтарар еді, бірақ қазір әр күні жаңа келеңсіз бірдеңе көресіз, адамдар олардың қалай туылып жатқанына, қалай болғанына таңданып отыр, үмітсіздікке түсіп кетті, үміт тек мүминдерде қалды, себебі олар пайғамбарымыз ﷺ ның болашақта не болатыны жәйлы айтып кеткен қасиетті сөздерін біледі, осы себепті біз бақыттымыз, үмітсіз емеспіз, Алла ﷻ біздің төзімділігімізге сауаптар бергей, сауаптарымыз біздің ұқықтарымыз, себебі біз оны күттік, сарыла тостық, сондықтан біз солбір әдемі күндерге жетуімізді сұрап, Алла ﷻ ға дұға жасаймыз, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


سۇحبات: قيىندىقتان سوڭ جەڭىلدىك، قاراڭعىلىقتان سوڭ نۇر كەلەدى (3) (2024.06.04 / حيجرا 1445-جىل 26-زۇل قادا)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «فَإِن َّ مَع َ الْعُسْر ِ يُسْرًا ﴿5﴾ إِن َّ مَع َ الْعُسْر ِ يُسْرًا» (راسىندا قيىندىقپەن جەڭىلدىك كەلەر، راسىندا قيىندىقپەن جەڭىلدىك كەلەر) (قۇران 94:5-6)، ساداقال لاحۋل عازيم، اللا ﷻ ءاربىر قيىندىقتان سوڭ جەڭىلدىكتىڭ كەلەتىنىن ايتۋدا، مىنە بۇل اللا ﷻ دىڭ ادامدارعا، يمان كەلتىرگەندەرگە بەرگەن ۋادەسى، قيىندىقسىز وڭايلىق كەلمەس، ءتىپتى وسى قاعيدا بارلىق ىسكە جۇرەدى، ماسەلەن، جۇكتى ايەلدىڭ بالا بوسانۋى ول ءۇشىن وتە قيىن ءىس، ءبىراق ول بوسانىپ، بالاسىن العان سوڭ قاتتى قۋاناتىن بولادى، ال بالالارى ەسەيگەن سوڭ، ولار بىردەڭە ۇيرەنە باستايدى، ماسەلەن، مەكتەپتە ساباق ۇيرەنۋ قيىن، ال باسقا بيزنيس، كاسىپ سياقتىلاردى ۇيرەنۋ دە قيىن، ولار دا وڭاي ەمەس، ولاردىڭ دا ءوز قيىندىعى بار، مىنە وسى قيىندىقتاردان سوڭ، ولار قينالىپ ۇيرەنگەن بىلىمدەرىمەن ءومىر سۇرۋىنە كەرەكتى جاقسى نارسەلەردى الادى.

مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ادامداردىڭ ومىردە ءۇمىتسىز بولماۋىنا قاتىستى زاڭى، نوسەر، قاراڭعىلىق جانە سۋىقتان سوڭ نۇر، قۇلپىرعان جاسىلدىق، گۇل، ءدامدى جەمىس، بيداي شىعادى، ال اۋىر قىستان سوڭ دا، بارلىعى كەلە باستايدى، بىزدەن بۇرىنعى ادامدار اللا ﷻ بەرگەن وسى نارسەلەرگە سۇيەنەتىن ءارى ولار وسىعان ريزا بولاتۇعىن، ءمۇمين ءۇشىن دە سولاي، ءاربىر قيىندىقتان سوڭ اللا ﷻ وعان جاقسى نارسەلەرگە جول اشادى، مۇميندەر وسىعان سەنۋى كەرەك، ولار «نەگە بۇلاي بولدى؟ نەگە بۇلاي بولمادى؟» دەپ سۇراماسىن، «نەگە وسىنىڭ بارلىعى ماعان كەلەدى؟ ال باسقالارعا ەشتەڭە بولمايدى» دەمەسىن، ال بۇلاي ايتسا، ارينە ول «بۇل اللا ﷻ دان، ول جاقسى بىلەدى، ءبىز بۇنى ودان قابىل ەتەمىز، ونىڭ بەرگەنىن قابىل ەتەمىز، ءبىز وعان ريزامىز» دەپ ايتقان كەزدەگى ساۋاپقا جەتە المايتىن بولادى، وسىلاي بولساڭىز، اللا ﷻ بىزگە ريزا بولادى ءارى ەسەپسىز ساۋابىن سىيلايدى.

بۇل دۇنيە ءجاننات ەمەس، ءجانناتتا ەش قيىنشىلىق بولماس، ال دۇنيەدە ... قازىرگى ادامداردىڭ جاساپ العان ءمالىم ءبىر جۇيەسى بار، ءبىز ونى كىم قويعانىن نەمەسە ونىڭ قالاي ءجۇرىپ جاتقانىن بىلمەدىك، ءبىراق ولار ادامداردى قۇرتىپ، باسىن اياعىنا كەلتىردى، بۇرىندارى جاستار اتا-اناسىنا، وتباسىلارىنا كومەكتەسىپ، جۇمىس نەمەسە بيزنيس ىستەيتىن زامان بولعان ەدى، دەمالىستا، كانيكولداردا يا ودان كەيىن دە بولسىن، ولار جۇمىس ىستەيتىن جانە باسقا كوپتەگەن ىستەردى بىتىرەتۇعىن، ءبىراق قازىرگى كەزدە ونىڭ كەرىسى كەلىپ، اتا-اناسى بالالارىنىڭ ريزالىعىن ىزدەيتىن بولدى، دەمەك ولار بالالارىنىڭ قۇلى، جۇمىسشىسى بولىپ كەتكەن، ولار بالالارى نە قالاسا، سونى بەرەدى، تىنىش تاپپاي، شامالارى كەلگەنىنشە ولاردى ءماز ەتپەككە تىرىسادى، ولار نەگە بۇلاي ىستەيدى؟ ولار بالالارىن زەرىكتىرمەۋ ءۇشىن سولاي ىستەر، ولاردىڭ «بىزدە ەشتەڭە جوق، مەن قۋانباي تۇرمىن» دەپ ايتپاۋلارى ءۇشىن ەدى، ولار بالالارىنا تولىق كۇن بويى قىزمەت ەتكىسى كەلەدى ءارى «ءبىز بالالارىمىزدى قۋاندىرىپ جاتىرمىز» دەپ ويلايدى، ال مەن ولاردىڭ بالالارىنان «سەندەر قۋانىپ جۇرسىڭدەر مە؟» دەپ سۇراسام، ولار «جوق، ءبىز قۋانبادىق» دەپ جاۋاپ بەرمەك، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولار قيىنشىلىق كورىپ كورگەن جوق، ءبىر ىسكە قاراپ، ونىڭ كەرىسىن دە بىلۋگە بولادى، قيىندىق كورگەندە قالاعان نارسەڭىزدىڭ قالاي كەلەتىنىن بىلەتىن بولاسىز، بولماشى نارسەگە دە ريزا بولا ءبىلىڭىز، ال قازىرگى بالالار وزدەرىندە بار نارسەگە ريزا بولمايتىن بولعان، ولار تاعى دا تولىپ جاتقان نارسەلەردى قالايدى، ءبىراق ولاردىڭ تاعى دا كوپ سۇراي بەرەرلىكتەي نە قيسىنى بار؟

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءبىز ءجانناتتا ەمەس، جەردە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، وسىنداي ەرجەتكەن بالالار ەسەيگەن سوڭ نەمەسە سىرتقى دۇنيە ومىرىنە كىرىسە باستاعاندا، ولار بۇل ومىردە سوققى العانداي سەزىنەر، دەمەك ولار ءۇشىن ءىس كەرىسىنە باسىپ، جەڭىلدىكتەن سوڭ قيىندىق كەلەتىن بولادى، سەبەبى ادامدار پايعامبارىمىز ﷺ مەن يسلامنىڭ وسى دۇنيەمەن كەلەر دۇنيە ءجايلى ايتقان اقىل-كەڭەستەرىنە، ساباقتارىنا كوڭىل بولگەن جوق، سەبەبى ولار بالالارىن ءوز قالاۋلارىنا قالدىرىپ قويسا، ولار باستان اقىر بىرەۋگە تاياناتىن بولادى، ال سوڭىندا ءسىز بۇندا بولا بەرمەيسىز ەمەسپە، دەمەك بالالاردىڭ اتا-انالاردى دا ولارمەن ۇدايى بىرگە بولا بەرمەيدى، مىنە وسى كەزدەن باستاپ، وسى بالالار مازاسىزدىققا تۇسە باستايدى.

ارينە، ولاردىڭ بۇل ۇيرەتكەندەرى يسلامنان تىس قالعان نارسەلەر، ال يسلام بولسا ادام بالاسىنىڭ ۇقىعىن بەرگەن، ولارعا كەيىن نە ىستەيتىنىن جانە ونى قاشان ىستەۋگە بولاتىنىن ۇيرەتەدى، بالالار ءۇشىن ايتار بولساق، ولارعا ەڭ اۋەلى وقۋمەن جازۋدى ۇيرەتۋ كەرەك، سەبەبى بۇل اللا ﷻ دان بەرىلگەن ءامىر، «اِقْرأ» (وقى) (قۇران 96:01) دەلىنەر، ونان سوڭ بالالارعا اتا-اناسى وتباسىنا كومەكتەسۋدى ۇيرەتىڭىز، سەبەبى ەشتەڭە بىلمەيتىن، ومىرىندە ەش ەڭبەك ىستەپ كورمەگەن ادام ءۇشىن ۋنيۆەرسيتەتتى نەمەسە مەكتەپتى بىتىرگەن سوڭ جۇمىس ىستەۋ، قىزمەت قىلۋ قيىن كەلەدى، ءبىراق قازىرگى جۇيە بالالاردىڭ ەڭبەك ىستەۋىنە تيىم سالۋدا، سوندا ولار قاشان ەڭبەك ىستەۋى كەرەك؟ ولار ءومىر ءسۇرۋى ءۇشىن بىردەڭە ىستەۋى كەرەك، ەڭبەك تاجىربەسى بولۋى ءتيىس، ولار كەيبىر شارۋا نەمەسە قولونەر سياقتى ىستەردە ەڭبەك ىستەۋى لازىم، كەيبىر ادامدار ەگىنشىلىككە جاقسى، كەيبىر ادامدار ۇستالىققا يكەمدى، كەيبىرى انگە، كەيبىرى جازۋعا جاقسى، سول سياقتى كەتە بەرەدى، سول كەزدە بالالار سوناۋ بالا كەزىنەن باستاپ، نە ىستەۋ كەرەكتىگىن ءتۇسىنىپ ەرجەتەتىن بولادى ءارى تارتىپپەن وسەدى، جاقسى قاسيەتپەن ەرجەتەدى، مىنە وسىلاي وسى ءومىر ولارعا جەڭىل تۇسەتىن بولادى، ال وسى جاقسى قاسيەتىمەن، ول وسى ومىردە دە، ۇيىندە دە، ۇيلەنۋ ىسىندە دە جاقسى وتەتىن بولادى، ول بالالارىمەن دە، كورشىلەرىمەن دە، دەمەك بارلىعىمەن دە جاقسى وتەدى، ولار ءتىپتى دە جاقسارا تۇسەدى.

ءيا، مىنە بۇل يسلامنىڭ جانە سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ۇيرەتكەندەرى، ءتاريقات وسىلاي بولار، ءتاريقات دەگەنىمىز جول، دەمەك ءومىر جولى، ال ءومىر جولى ماڭگىلىك، ءسىز ءناپسىڭىزدى مەڭگەرىپ، ونى باسقارا ءبىلۋدى ۇيرەنگەن كەزىڭىزدە، تابىستى بولاسىز، ءبىز ءقازىر قىسىم، جابىعۋ (دەپرەتسيا) دەگەن سياقتى قاپتاعان اۋرۋلاردى ەستىپ ءجۇرمىز، ءار كۇنى وسى عاسىردىڭ ءبىر جاڭا كەسەلىنىڭ اتىن ەستيمىز، ال بۇلاردىڭ بارلىعى ءتارتىپ جوقتىقتان، قيىندىققا قالاي توتەپ بەرۋدى ۇيرەنبەگەندىكتەن تۋىنداعان، ءالحامدۋليللا، كەيبىر ادامدار وسى ايتقان كەڭەستەرىمىزدى ىسكە اسىرۋعا تىرىسۋدا، ينشاللا، اللا ﷻ ولارعا جاردەم بەرگەي، ءالحامدۋليللا، بۇگىن مىنا بالالاردى كورىپ، ولار قۋانىش اكەلۋدە، كوپ ۋاقىتتان بەرى ءبىز بۇلاي قۋانىپ كورمەگەن ەدىك، ولار دا ۇيرەنگەندەرىنە ريزا ەكەن، مىنە باسقالاردى دا قۋاندىرىپ جاتىر، ادامدارعا قۋانىش لەبى تاراۋدا، ماسەلەن، قازىرگى مىنا دۇنيەدە كوڭىلسىزدىك نەمەسە جابىعۋ (دەپەرەتسيا) اۋرۋى كەڭ تاراپ جاتىر، ولاردىڭ كوڭىل كۇيلەرىنىڭ جامان بولۋىمەن قۋانا المايتىن حالدەرىنىڭ جەر-جەرگە تاراعانى سياقتى، قۋانىش تا تارايدى، ول دا جۇعىمتال، ءالحامدۋليللا، كىشكەنە ءىستىڭ دە كوپ اسەر بەرەتىن كەزى بولادى، ول قاراڭعىلىققا قارسى كەلۋدە، دەمەك ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلگەن ءبىر بەرەكە ەدى.

ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءار جولى جاستارمەن بالالاردىڭ اللا ﷻ جولىنا كەلۋلەرى ءۇشىن ءىس قىلۋشى ەدى، سەبەبى ولار كەلەرگى بولاشاعىمىز ءارى ولار وزگەلەرگە دە يگىلىك اكەلەتىن بولادى، اللا ﷻ ادامدارعا وسى نۇقتانى كورسەتىپ، ولاردىڭ جۇرگەن جولىن تۇزەگەي، سەبەبى كوپتەگەن قاراڭعى يدەيالار بار ءارى ولار دۇنيەنى مەڭگەرىپ، جاۋلاپ الدى، ءبىز ءار جەردە ادامداردى قۋاندىرماي قاراڭعىلىققا تارتاتىن ۇقساس كەسىرلى نارسەلەردى كورىپ ءجۇر، ولار ادامداردى جاقسى سالت-داستۇردەن، جاقسى ءىس ىستەۋدەن توسۋدا، ولار بۇكىل دۇنيەنى بىلىققا باتىرىپ بولدى، شىعار ەشبىر جول قالدىرمادى، ولاردىڭ شيپاسى ءبىتتى، ءولدى، الايدا سۇحباتىمىزدىڭ باسىندا ايتىپ وتكەنىمىزدەي، قيىندىقتان سوڭ، جول اشىلادى، بۇعان كۇمانىڭىز بولماسىن، ءقازىر قاراپ وتىرساق، قاي جەردەگى ادامدار بولسىن، بارلىعى ۇمىتسىزدىكتە ءجۇر، ەشكىم ءۇمىت ىشىندە جۇرگەن جوق، ءبىراق ءالحامدۋليللا، بىزدە پايعامبارىمىز ﷺ نان كەلگەن ءبىلىم بار، ونىڭ ايتىپ كەتكەندەرىنەن بىلەرىمىز بار، دەمەك قازىرگى ءوسىبىر قاراڭعىلىقتاردان سوڭ، نۇرلانعان، بەرەكەگە تولعان، ادامزات ءۇشىن تۇگەل يگىلىككە تولى جاڭا زامان كەلەتىن بولادى، ول جاقىن، ينشاللا، ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالام كەلەدى دە، بۇكىل ماسەلەلەر شەشىلەدى، ەشبىر ماسەلە اتاۋلى قالمايتىن بولادى، ينشاللا، ول كەزدە جەر ءجاننات بولار، ارينە ناق ءجاننات بولماس، ءبىراق ءجاننات سياقتى بولار، سەبەبى ءجانناتتا ەشبىر قيىندىق بولمايدى، وندا تەك قۋانىش-باقىت قانا بولار، كوڭىلسىزدىك بولماس، ەشقانداي ءومىر قيىندىقتارى بولماس.

سەبەبى كەيبىر ادامدار ... جوق، مەنشە دۇنيەنىڭ قاي جەرىنە بارساڭىز دا، ءقازىر ۇمىتپەن ءجايناپ جۇرگەن ەشكىم جوق، بارلىعى ۇمىتسىزدىك شۇڭەتىنە سۇڭگىپ كەتكەن، تۇڭىلۋدە ءجۇر، ءتىپتى ولاردا ءۇمىت بار بولعان كۇندەدە دە، ولاردىڭ بۇل ۇمىتتەرى بىردەمدە ءسونىپ جوعالاتىن ءۇمىت ەدى، سەبەبى وتكەن 20 جىلدا بولعان ىستەردى ەشكىم ويلاپ كورگەن جوق، ءتىپتى كەزىندە وسىنداي بولارىن ولارعا ايتقان بولساڭىز دا، سول كەزدە ولار «مىنا ادام نە دەپ جاتىر، دۇنيەدە دەموكراتيا بار ەمەسپە، ولاردا بارلىق جاقسى نارسەلەر بار، ەشكىم وزگەرتە المايتىن جاقسى ءارى كۇشتى جۇيە بار» دەپ، ءسىزدى تويتارار ەدى، ءبىراق ءقازىر ءار كۇنى جاڭا كەلەڭسىز بىردەڭە كورەسىز، ادامدار ولاردىڭ قالاي تۋىلىپ جاتقانىنا، قالاي بولعانىنا تاڭدانىپ وتىر، ۇمىتسىزدىككە ءتۇسىپ كەتتى، ءۇمىت تەك مۇميندەردە قالدى، سەبەبى ولار پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ بولاشاقتا نە بولاتىنى ءجايلى ايتىپ كەتكەن قاسيەتتى سوزدەرىن بىلەدى، وسى سەبەپتى ءبىز باقىتتىمىز، ءۇمىتسىز ەمەسپىز، اللا ﷻ ءبىزدىڭ توزىمدىلىگىمىزگە ساۋاپتار بەرگەي، ساۋاپتارىمىز ءبىزدىڭ ۇقىقتارىمىز، سەبەبى ءبىز ونى كۇتتىك، سارىلا توستىق، سوندىقتان ءبىز ءسولبىر ادەمى كۇندەرگە جەتۋىمىزدى سۇراپ، اللا ﷻ عا دۇعا جاسايمىز، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7662