You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7659
Сұхбат: «кейін, кейін» демегін, «кейін» дегендер құриды (2) (2024.06.03 / Хижра 1445-жыл 25-зұл қада)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Иншалла, бұндағылар ағылшын және неміс тілін біледі екен, сондықтан сұхбатты ағылшын тілінде айта берейін, Әбдул-Мәлік әфенді оны (неміс тіліне) аударады. Бисмиллахир рахманир рахим, « َّللاََّ قَرْضًا حَسَنًا إِن َّ الْمُصَّدِقِين َ وَالْمُصَّدِقَات ِ وَأَقْرَضُوا ٌ يُضَاعَف ُ لَهُم ْ وَلَهُم ْ أَجْر ٌ كَرِيم» (расында, игілік істейтін ерлермен игілік істейтін әйелдер Аллаға жақсы қарыз берді, ол көбейтілмек әрі олар ірі сауаптарға жетеді) (құран 57:18), садақал-лахул ғазим, Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда Алла Әззә уә-Жәллә садақа беріп, Алла Әззә уә-Жәлләға үлкен қарыз қалдырудың жақсы екендігін әрі олардың бұл қарыздарына аса зор сауаптар берілетіндігін айтуда, садақа беру мүмин үшін аса зор игілікке жол ашады, ол Алла Әззә уә-Жәлләның қабыл ететін істерінен, Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда оны Өзіне қарыз ретінде есептейтіндігін айтқан, Ол кім оны берсе, оларға шексіз де шектеусіз сауаптармен сауғалар беретіндігін айтып кетті.

Бұл дүниеде адамдар бір-біріне қарыз берсе, олар қарымжы ретінде бірдеңе дәметер, әрине солай, алайда Алла Әззә уә-Жәллә міндетті түрде қарымжы береді, міне бұл мүминдермен адамдар үшін аса зор игілік-дүр, себебі адамның нәпсісі бұны (беруді) қаламайды, бергісі келмейді, адамдардың ең жек көретін ісі беру, бірақ олар ұдайы бірдеңе алғанды жақсы көреді, бұл не үшін Алла Әззә уә-Жәллә «وَمَن يُوق َ شُح َّ نَفْسِه ِ فَأُولََٰئِك َ هُم ُ الْمُفْلِحُون» (кім өзін өзінің сараңдығынан қорғай алса, ол жеңіске жеткендерден болады) (құран 59:09) деп айтуының себебі еді, Алла Әззә уә-Жәлләның құзіретінде кім өзін өз нәпсісінің сараңдығынан қорғай алса, ол ұтады, олар Алла ﷻ дың ризалығын табады, Алла Әззә уә-Жәллә осылай дер, себебі адам баласы «мен беремін, кейін беремін, үлкейгенде беремін не кәртейгенде беремін немесе кейінірек берермін» дейді, өзін осылай жұбатады, ал күндер өтер, айлар өтер, жылдар өтер, соңында ақиретке құр алақан кетер, мен түрікше сөйлеп кеттім, ол осылай келді.

Сондықтан пайғамбарымыз ﷺ «هلك المسوفون» (халака әл мусауифун) дейді, мусауифуның мағынасы не? сауфа, сауфа дегеніміз арап тілінде «мен істеймін» немесе «мен кейін істеймін» деген сөз, арап тілі Алла Әззә уә-Жәлләның құран әзиму-шәнінің тілі болғандықтан, басқа барлық тілдерден үстем тіл болмақ, демек манағы сөздің мағынасы «мен кейін істермін» дегенді білдіреді, «سوف أفعل» (істеймін), «سأجعل» (жасаймын), «سأعطي» (беремін) делінер, «кейін істеймін, кейін беремін, кейін жасаймын» дейтін адамдар құриды, пайғамбарымыз ﷺ осылай дер, ол «"кейін істеймін" деп айтатын адамдар құриды» деп айтып кеткен, себебі «кейін» адамдардың меңгеруіндегі нәрсе емес, демек екінші реткі «кейіннің» болар-болмасы белгісіз, сондықтан бірдеңе істемек болсаңыз, оны дереу істей салыңыз, ал мәлім уәде еткен болсаңыз, ол уәдеңізді дереу атқарыңыз, оны кейінге қалдырмаңыз, бұндағы «кейін» деп отырғанымыз не? мәселен, сіз кеште бірдеңені уәде еткен болсаңыз, орайыңыз болса, келесі тәңертең ол уәдеңізді дереу орындап жіберіңіз, ал егер оны екінші күнгі кешке қалдырсаңыз, сізге 100 шайтан келіп, уәсуәса салады да, ойыңызды өзгертетін болады, олар оны саған бергізбейді, уәдеңізді істеткізбейді, олар сізді жақсы іс істеуден, садақадан және көмек етуден тосатын болады, «мен оны кейін істеймін» дейсіз, осы кеште ... «кейін» дейсіз, «тағы да кейін» дейсіз, арап бауырларда «بكرا إن شاء هللا» (бұкра иншаллаһ) деген сөз бар, мағынасы «ертең, иншалла» дегенді білдіреді, «оны ертең беремін, иншалла» дер, ал ертең келгенде, олар тағы «ертең, иншалла» дер, кейін тағы «ертең, иншалла» дер, оған шыдамай «қалай! кешкедейін "ертең" дейсің ғой» десең, ол «мен саған "ертең" деп жатырмын ғой, саған өтірік айтпадым, "ертең" дедім» дер, бірақ оның бұл «ертеңі» таусылмас, демек өмір бітеді, бірақ «ертең бітпейді» емеспе.

Сондықтан сіз бір уәде қылсаңыз, оны мүмкіндігінше дереу істеп жіберуге асығыңыз, ол орындалуы керек, пайғамбарымыз ﷺ мұнафиқтықтың яғни екі жүзділіктің белгілерін айтып кеткен, ол «آية المنافق ثالث: إذا حدث كذب، وإذا وعد أخلف، وإذا اؤتمن خان» (мұнафиқ сөйлесе, өтірік айтар, уәде етсе, уәдесінде тұрмас, ал оған сенсең, ол сені сатып кетеді, артыңнан ұрар) дейді, міне бұлар мұнафиқтықтың белгілері, сондықтан кім осы қасиеттерден мүмкіндігінше алыс болса, ол адам сияқты өмір сүретін болады, ол Алла ﷻ дың алдында қадірлі жанға айналады, құны артады, әйтпесе ол адамда еш қадір-қымбат болмас, ол құнын түсіріп алды, ал кімнің Алла ﷻ қасында құны болмаса, оның адамдар арасында да құны болмас.

Алла Әззә уә-Жәллә сөзінде тұратын сенімді адамды жақсы көреді, ол аса киелі пайғамбарымыз ﷺ ның қасиетінен еді, барша ең жақсы қасиеттер оның қасиетінен келер, ол «Мұхаммад әмин» аталған, оның осындай қасиеті болған, «ّللاا ُ مُحاماد ٌ را سُول ُ هللا صلى هللا َلا َلا إلاه ا إ عليه وسلم» делінер, исламның уахиы келуден бұрын да, ол «әл-әмин» яғни «сенімді» деген атымен белгілі болған, барша ел оның мінезін сүйетін еді, себебі айтып өткеніміздей, көптеген адамдар нәпсілеріне бағынады, нәпсілеріне ереді, ал олардың осы нәпсілері оларды жақсылықтан жырақ ұстайды, нәпсі игілікті ешқашан қаламайды, нәпсісіне еріп кеткен адамнан қайыр жоқ, ондай адамның хәлі мына дүниеде де, ақиретте де қиын болмақ.

Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺ үшін садақаны Өзіне сақтайды, пайғамбарымыз ﷺ «ما نقص مال ٌ من صدقة» (байлығың садақаға бола кемімейді) дейді, садақа байлықты кемітпейді, бірақ арттырады, егер байлығыңыздың артуын қаласаңыз, садақа беріңіз, мықты денсаулық қаласаңыз, садақа беріңіз, қорған астында болғыңыз келсе, садақа беріңіз, садақа өртпен Алла ﷻ дың қаһарынан сақтайды, сондықтан нәпсіңізге бағынбау үшін осыны есте жақсы сақтаңыз, демек байлықпен мал-мүлік садақаға бола азаймайды, бірақ артады. Әрине адамдар зекеттерін төлейді, бірақ олардың көбі садақаны ескерусіз қалдырады, садақа тосын уақиғалардан, қиындықтармен бәле-қалалардан сақтайды, сондықтан үйден шығарда үйдегі күнделікті садақа қалтасына садақа салып жүріңіз, үйіңізге садақа қалтасын я қорабын қойып қойыңыз әрі оған әр күні садақа салып жүріңіз, сонда Алла ﷻ сізді, балаларыңызды, отбасыңызды әрқандай бәле-қала немесе ауру-кеселдерден аулақ сақтайтын болады, иншалла, Алла ﷻ оны сіздерден қабыл еткей, машалла, сіздердің бұндағы жақсы амалдарыңызбен садақаларыңыз көп екен, әдемі жерлерде ислам үшін салыныпты, бұларды садақадан салуға болады, әрине оны зекетпен салуға болмайды, мешіт, мектеп, медіресе қатарлы нәрселерді жиналған садақадан салуға болады, бірақ ешқашан оларды зекетпен салуға болмайды, садақамен зекет екі бөлек болуы керек, зекет кедей адамдардың ақысы, Алла Әззә уә-Жәлләның ақысы.

Садақамен көптеген нәрселерді істеуге болады, мешіт, медіресе, емхана барлығын садақамен салуға болады, құдық қазуға болады, міне бұлардың барлығы садақадан келер, бұлар «жәрия садақа» деп аталады, пайғамбарымыз ﷺ «адамдар бұл дүниеден аттанып кеткен соң, амал дәптері жабылады, бірақ мына үш амалына үздіксіз сауап жазыла берер» дейді, біріншісі, жәрия садақасы, демек жалғасып тұрған садақасы, оларды айттық (жоғарыда айтылды), онан соң артында қалған игі баласы, соңында қалтырған пайдалы білімі болмақ, егер ел-жұрт осылардан пайда көріп жатса, олардың сауабымен қайырлары сол адамдарға жазылып тұратын болады, мейлі олар қазған құдықтан кім ішсе де, мейлі адам, құс, қасқыр, нәсекондар да пайда көрсе, оның сауаптарының барлығы соны салған кісіге жазылып тұрар, Алла ﷻ біздің жақсы амалдарымызды мәңгілік еткей, иншалла, осы дүние үшін жұмыс істеп жүрген адамдар, ақиреттерін де ұмытып кетпеуі керек, сонда олардың амал дәптерлері жабылмай, ашық тұрар, олар осындай жақсы амал істеулері тиіс, иншалла, Алла ﷻ баршамызға жәрдем бергей.

Олар бізді осында орналастырды, машалла, олар біздің мұсылман бауырлармыз, Алла ﷻ оларға риза болғай, олардың жақсы амалдары мәңгілік баянды болғай, олар да бала өсіріп отыр екен, олардың істеген барша жақсылығы осы игі амалды істегендерге жазылады, иншалла, әрі олардың берекесі баршаңызға да тиетін болады, Алла ﷻ осы мешітті (германияда) салған кісілерге риза болғай, олардың мақамдары, дәрежелері биік болғай, барар мекендері жәннәт болғай, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: «كەيىن، كەيىن» دەمەگىن، «كەيىن» دەگەندەر قۇريدى (2) (2024.06.03 / حيجرا 1445-جىل 25-زۇل قادا)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ينشاللا، بۇنداعىلار اعىلشىن جانە نەمىس ءتىلىن بىلەدى ەكەن، سوندىقتان سۇحباتتى اعىلشىن تىلىندە ايتا بەرەيىن، ءابدۋل-مالىك افەندى ونى (نەمىس تىلىنە) اۋدارادى. بيسميللاحير راحمانير راحيم، « َّللاََّ قَرْضًا حَسَنًا إِن َّ الْمُصَّدِقِين َ وَالْمُصَّدِقَات ِ وَأَقْرَضُوا ٌ يُضَاعَف ُ لَهُم ْ وَلَهُم ْ أَجْر ٌ كَرِيم» (راسىندا، يگىلىك ىستەيتىن ەرلەرمەن يگىلىك ىستەيتىن ايەلدەر اللاعا جاقسى قارىز بەردى، ول كوبەيتىلمەك ءارى ولار ءىرى ساۋاپتارعا جەتەدى) (قۇران 57:18)، ساداقال-لاحۋل عازيم، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ساداقا بەرىپ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ۇلكەن قارىز قالدىرۋدىڭ جاقسى ەكەندىگىن ءارى ولاردىڭ بۇل قارىزدارىنا اسا زور ساۋاپتار بەرىلەتىندىگىن ايتۋدا، ساداقا بەرۋ ءمۇمين ءۇشىن اسا زور يگىلىككە جول اشادى، ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قابىل ەتەتىن ىستەرىنەن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ونى وزىنە قارىز رەتىندە ەسەپتەيتىندىگىن ايتقان، ول كىم ونى بەرسە، ولارعا شەكسىز دە شەكتەۋسىز ساۋاپتارمەن ساۋعالار بەرەتىندىگىن ايتىپ كەتتى.

بۇل دۇنيەدە ادامدار ءبىر-بىرىنە قارىز بەرسە، ولار قارىمجى رەتىندە بىردەڭە دامەتەر، ارينە سولاي، الايدا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىندەتتى تۇردە قارىمجى بەرەدى، مىنە بۇل مۇميندەرمەن ادامدار ءۇشىن اسا زور يگىلىك-ءدۇر، سەبەبى ادامنىڭ ءناپسىسى بۇنى (بەرۋدى) قالامايدى، بەرگىسى كەلمەيدى، ادامداردىڭ ەڭ جەك كورەتىن ءىسى بەرۋ، ءبىراق ولار ۇدايى بىردەڭە العاندى جاقسى كورەدى، بۇل نە ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «وَمَن يُوق َ شُح َّ نَفْسِه ِ فَأُولََٰئِك َ هُم ُ الْمُفْلِحُون» (كىم ءوزىن ءوزىنىڭ ساراڭدىعىنان قورعاي السا، ول جەڭىسكە جەتكەندەردەن بولادى) (قۇران 59:09) دەپ ايتۋىنىڭ سەبەبى ەدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇزىرەتىندە كىم ءوزىن ءوز ءناپسىسىنىڭ ساراڭدىعىنان قورعاي السا، ول ۇتادى، ولار اللا ﷻ دىڭ ريزالىعىن تابادى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىلاي دەر، سەبەبى ادام بالاسى «مەن بەرەمىن، كەيىن بەرەمىن، ۇلكەيگەندە بەرەمىن نە كارتەيگەندە بەرەمىن نەمەسە كەيىنىرەك بەرەرمىن» دەيدى، ءوزىن وسىلاي جۇباتادى، ال كۇندەر وتەر، ايلار وتەر، جىلدار وتەر، سوڭىندا اقيرەتكە قۇر الاقان كەتەر، مەن تۇرىكشە سويلەپ كەتتىم، ول وسىلاي كەلدى.

سوندىقتان پايعامبارىمىز ﷺ «هلك المسوفون» (حالاكا ءال مۋساۋيفۋن) دەيدى، مۋساۋيفۋنىڭ ماعىناسى نە؟ ساۋفا، ساۋفا دەگەنىمىز اراپ تىلىندە «مەن ىستەيمىن» نەمەسە «مەن كەيىن ىستەيمىن» دەگەن ءسوز، اراپ ءتىلى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇران ءازيمۋ-ءشانىنىڭ ءتىلى بولعاندىقتان، باسقا بارلىق تىلدەردەن ۇستەم ءتىل بولماق، دەمەك ماناعى ءسوزدىڭ ماعىناسى «مەن كەيىن ىستەرمىن» دەگەندى بىلدىرەدى، «سوف أفعل» (ىستەيمىن)، «سأجعل» (جاسايمىن)، «سأعطي» (بەرەمىن) دەلىنەر، «كەيىن ىستەيمىن، كەيىن بەرەمىن، كەيىن جاسايمىن» دەيتىن ادامدار قۇريدى، پايعامبارىمىز ﷺ وسىلاي دەر، ول «"كەيىن ىستەيمىن" دەپ ايتاتىن ادامدار قۇريدى» دەپ ايتىپ كەتكەن، سەبەبى «كەيىن» ادامداردىڭ مەڭگەرۋىندەگى نارسە ەمەس، دەمەك ەكىنشى رەتكى «كەيىننىڭ» بولار-بولماسى بەلگىسىز، سوندىقتان بىردەڭە ىستەمەك بولساڭىز، ونى دەرەۋ ىستەي سالىڭىز، ال ءمالىم ۋادە ەتكەن بولساڭىز، ول ۋادەڭىزدى دەرەۋ اتقارىڭىز، ونى كەيىنگە قالدىرماڭىز، بۇنداعى «كەيىن» دەپ وتىرعانىمىز نە؟ ماسەلەن، ءسىز كەشتە بىردەڭەنى ۋادە ەتكەن بولساڭىز، ورايىڭىز بولسا، كەلەسى تاڭەرتەڭ ول ۋادەڭىزدى دەرەۋ ورىنداپ جىبەرىڭىز، ال ەگەر ونى ەكىنشى كۇنگى كەشكە قالدىرساڭىز، سىزگە 100 شايتان كەلىپ، ءۋاسۋاسا سالادى دا، ويىڭىزدى وزگەرتەتىن بولادى، ولار ونى ساعان بەرگىزبەيدى، ۋادەڭىزدى ىستەتكىزبەيدى، ولار ءسىزدى جاقسى ءىس ىستەۋدەن، ساداقادان جانە كومەك ەتۋدەن توساتىن بولادى، «مەن ونى كەيىن ىستەيمىن» دەيسىز، وسى كەشتە ... «كەيىن» دەيسىز، «تاعى دا كەيىن» دەيسىز، اراپ باۋىرلاردا «بكرا إن ءشا هللا» (بۇكرا ينشاللاھ) دەگەن ءسوز بار، ماعىناسى «ەرتەڭ، ينشاللا» دەگەندى بىلدىرەدى، «ونى ەرتەڭ بەرەمىن، ينشاللا» دەر، ال ەرتەڭ كەلگەندە، ولار تاعى «ەرتەڭ، ينشاللا» دەر، كەيىن تاعى «ەرتەڭ، ينشاللا» دەر، وعان شىداماي «قالاي! كەشكەدەيىن "ەرتەڭ" دەيسىڭ عوي» دەسەڭ، ول «مەن ساعان "ەرتەڭ" دەپ جاتىرمىن عوي، ساعان وتىرىك ايتپادىم، "ەرتەڭ" دەدىم» دەر، ءبىراق ونىڭ بۇل «ەرتەڭى» تاۋسىلماس، دەمەك ءومىر بىتەدى، ءبىراق «ەرتەڭ بىتپەيدى» ەمەسپە.

سوندىقتان ءسىز ءبىر ۋادە قىلساڭىز، ونى مۇمكىندىگىنشە دەرەۋ ىستەپ جىبەرۋگە اسىعىڭىز، ول ورىندالۋى كەرەك، پايعامبارىمىز ﷺ مۇنافيقتىقتىڭ ياعني ەكى جۇزدىلىكتىڭ بەلگىلەرىن ايتىپ كەتكەن، ول «آية المنافق ثالث: إذا حدث كذب، وإذا وعد أخلف، وإذا اؤتمن خان» (مۇنافيق سويلەسە، وتىرىك ايتار، ۋادە ەتسە، ۋادەسىندە تۇرماس، ال وعان سەنسەڭ، ول سەنى ساتىپ كەتەدى، ارتىڭنان ۇرار) دەيدى، مىنە بۇلار مۇنافيقتىقتىڭ بەلگىلەرى، سوندىقتان كىم وسى قاسيەتتەردەن مۇمكىندىگىنشە الىس بولسا، ول ادام سياقتى ءومىر سۇرەتىن بولادى، ول اللا ﷻ دىڭ الدىندا ءقادىرلى جانعا اينالادى، قۇنى ارتادى، ايتپەسە ول ادامدا ەش ءقادىر-قىمبات بولماس، ول قۇنىن ءتۇسىرىپ الدى، ال كىمنىڭ اللا ﷻ قاسىندا قۇنى بولماسا، ونىڭ ادامدار اراسىندا دا قۇنى بولماس.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سوزىندە تۇراتىن سەنىمدى ادامدى جاقسى كورەدى، ول اسا كيەلى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ قاسيەتىنەن ەدى، بارشا ەڭ جاقسى قاسيەتتەر ونىڭ قاسيەتىنەن كەلەر، ول «مۇحامماد ءامين» اتالعان، ونىڭ وسىنداي قاسيەتى بولعان، «ّللاا ُ مُحاماد ٌ را سُول ُ هللا صلى هللا َلا َلا إلاه ا إ عليه وسلم» دەلىنەر، يسلامنىڭ ۋاحيى كەلۋدەن بۇرىن دا، ول «ءال-ءامين» ياعني «سەنىمدى» دەگەن اتىمەن بەلگىلى بولعان، بارشا ەل ونىڭ مىنەزىن سۇيەتىن ەدى، سەبەبى ايتىپ وتكەنىمىزدەي، كوپتەگەن ادامدار ناپسىلەرىنە باعىنادى، ناپسىلەرىنە ەرەدى، ال ولاردىڭ وسى ناپسىلەرى ولاردى جاقسىلىقتان جىراق ۇستايدى، ءناپسى يگىلىكتى ەشقاشان قالامايدى، ناپسىسىنە ەرىپ كەتكەن ادامنان قايىر جوق، ونداي ادامنىڭ ءحالى مىنا دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە قيىن بولماق.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارىمىز ﷺ ءۇشىن ساداقانى وزىنە ساقتايدى، پايعامبارىمىز ﷺ «ما نقص مال ٌ من صدقة» (بايلىعىڭ ساداقاعا بولا كەمىمەيدى) دەيدى، ساداقا بايلىقتى كەمىتپەيدى، ءبىراق ارتتىرادى، ەگەر بايلىعىڭىزدىڭ ارتۋىن قالاساڭىز، ساداقا بەرىڭىز، مىقتى دەنساۋلىق قالاساڭىز، ساداقا بەرىڭىز، قورعان استىندا بولعىڭىز كەلسە، ساداقا بەرىڭىز، ساداقا ورتپەن اللا ﷻ دىڭ قاھارىنان ساقتايدى، سوندىقتان ناپسىڭىزگە باعىنباۋ ءۇشىن وسىنى ەستە جاقسى ساقتاڭىز، دەمەك بايلىقپەن مال-مۇلىك ساداقاعا بولا ازايمايدى، ءبىراق ارتادى. ارينە ادامدار زەكەتتەرىن تولەيدى، ءبىراق ولاردىڭ كوبى ساداقانى ەسكەرۋسىز قالدىرادى، ساداقا توسىن ۋاقيعالاردان، قيىندىقتارمەن بالە-قالالاردان ساقتايدى، سوندىقتان ۇيدەن شىعاردا ۇيدەگى كۇندەلىكتى ساداقا قالتاسىنا ساداقا سالىپ ءجۇرىڭىز، ۇيىڭىزگە ساداقا قالتاسىن يا قورابىن قويىپ قويىڭىز ءارى وعان ءار كۇنى ساداقا سالىپ ءجۇرىڭىز، سوندا اللا ﷻ ءسىزدى، بالالارىڭىزدى، وتباسىڭىزدى ءارقانداي بالە-قالا نەمەسە اۋرۋ-كەسەلدەردەن اۋلاق ساقتايتىن بولادى، ينشاللا، اللا ﷻ ونى سىزدەردەن قابىل ەتكەي، ماشاللا، سىزدەردىڭ بۇنداعى جاقسى امالدارىڭىزبەن ساداقالارىڭىز كوپ ەكەن، ادەمى جەرلەردە يسلام ءۇشىن سالىنىپتى، بۇلاردى ساداقادان سالۋعا بولادى، ارينە ونى زەكەتپەن سالۋعا بولمايدى، مەشىت، مەكتەپ، مەدىرەسە قاتارلى نارسەلەردى جينالعان ساداقادان سالۋعا بولادى، ءبىراق ەشقاشان ولاردى زەكەتپەن سالۋعا بولمايدى، ساداقامەن زەكەت ەكى بولەك بولۋى كەرەك، زەكەت كەدەي ادامداردىڭ اقىسى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ اقىسى.

ساداقامەن كوپتەگەن نارسەلەردى ىستەۋگە بولادى، مەشىت، مەدىرەسە، ەمحانا بارلىعىن ساداقامەن سالۋعا بولادى، قۇدىق قازۋعا بولادى، مىنە بۇلاردىڭ بارلىعى ساداقادان كەلەر، بۇلار «ءجاريا ساداقا» دەپ اتالادى، پايعامبارىمىز ﷺ «ادامدار بۇل دۇنيەدەن اتتانىپ كەتكەن سوڭ، امال داپتەرى جابىلادى، ءبىراق مىنا ءۇش امالىنا ۇزدىكسىز ساۋاپ جازىلا بەرەر» دەيدى، ءبىرىنشىسى، ءجاريا ساداقاسى، دەمەك جالعاسىپ تۇرعان ساداقاسى، ولاردى ايتتىق (جوعارىدا ايتىلدى)، ونان سوڭ ارتىندا قالعان يگى بالاسى، سوڭىندا قالتىرعان پايدالى ءبىلىمى بولماق، ەگەر ەل-جۇرت وسىلاردان پايدا كورىپ جاتسا، ولاردىڭ ساۋابىمەن قايىرلارى سول ادامدارعا جازىلىپ تۇراتىن بولادى، مەيلى ولار قازعان قۇدىقتان كىم ىشسە دە، مەيلى ادام، قۇس، قاسقىر، ناسەكوندار دا پايدا كورسە، ونىڭ ساۋاپتارىنىڭ بارلىعى سونى سالعان كىسىگە جازىلىپ تۇرار، اللا ﷻ ءبىزدىڭ جاقسى امالدارىمىزدى ماڭگىلىك ەتكەي، ينشاللا، وسى دۇنيە ءۇشىن جۇمىس ىستەپ جۇرگەن ادامدار، اقيرەتتەرىن دە ۇمىتىپ كەتپەۋى كەرەك، سوندا ولاردىڭ امال داپتەرلەرى جابىلماي، اشىق تۇرار، ولار وسىنداي جاقسى امال ىستەۋلەرى ءتيىس، ينشاللا، اللا ﷻ بارشامىزعا جاردەم بەرگەي.

ولار ءبىزدى وسىندا ورنالاستىردى، ماشاللا، ولار ءبىزدىڭ مۇسىلمان باۋىرلارمىز، اللا ﷻ ولارعا ريزا بولعاي، ولاردىڭ جاقسى امالدارى ماڭگىلىك باياندى بولعاي، ولار دا بالا ءوسىرىپ وتىر ەكەن، ولاردىڭ ىستەگەن بارشا جاقسىلىعى وسى يگى امالدى ىستەگەندەرگە جازىلادى، ينشاللا، ءارى ولاردىڭ بەرەكەسى بارشاڭىزعا دا تيەتىن بولادى، اللا ﷻ وسى مەشىتتى (گەرمانيادا) سالعان كىسىلەرگە ريزا بولعاي، ولاردىڭ ماقامدارى، دارەجەلەرى بيىك بولعاي، بارار مەكەندەرى ءجاننات بولعاي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7659