You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7637
Сұхбат: шайтанның осы замандағы қулықтарынан сақтан (2) (2024.05.19 / Хижра 1445-жыл 11-зұл қада)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Әлхамдулилла, бұл отырысымыз Алла ﷻ дың ризалығы үшін болғай, иншалла, Алла ﷻ «аз ғана адам Алла ризалығы үшін жиналады, аз ғана адам Аллаға шүкірлік айтады» дейді, «وَقَلِيل ٌ مِن ْ عِبَادِي َ الشَّكُور» (аз ғана құлдарым шүкіршілік етер) (құран 34:13), Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда міне осылай дер, шүкір-Алла, бұл жиналысымыз Алла ﷻ дың ризалығы үшін еді, бұнда қарамаққа адам көптей көрінер, алайда басқалардың көптігіне салысырсақ тым азбыз, Алла Әззә уә-Жәллә барлығына бірдей бұл нығыметті нәсіп ете бермес, Алла ﷻ құран әзиму-шәнда да осы хақында айтып кеткен, демек барлық адам бірдей бұл нығыметтен игіліктене алмайды, Алла ﷻ дың жомарттығынан бүкіл адамға бірдей үлес беріле салмаған, Алла ﷻ нені қаласа, сол болар, «ُلِمَن يَشا» (Ол кімге қаласа) (құран 02:261) делінер, мүмкін сіз барынша құлшынып жанталасарсыз, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә нәсіп еткен адамдар ғана Оның нығыметтерімен іззеттеріне қол жеткізер, бұл олардың тағдырына байланысты, Алла Әззә уә-Жәллә бұл дүниеде соншама көп адамдарды жаратқан, милиондаған, милиярттаған адамдар бар, бірақ Алла ﷻ бұл нығыметін олардың барлығына бірдей бере салған жоқ, Ол не үшін бермеді? бірақ біз Алла Әззә уә-Жәлләның хикіметіне бұлай сұрақ қоя алмаймыз, Алла ﷻ нені қаласа, соны істер, сіз осы жолда болсаңыз болғаны, шүкірлік етіңіз, сонда Ол сізге берер нығыметтерін онан арман арттыра берер, демек нығыметтер шүкіршілікпен артар, ал ең ұлық нығымет иман нығыметі, иманыңыздың бар болуы және иманы бар адамдармен бірге болуыңыз маңызды.

Шүкір-Алла, біздің жолымыз пайғамбарымыз ﷺ ның жолы, бұл жол фалақтардың жолы, фалақ дегеніміз құтылыс, демек бұл жол құтылушылардың жолы, құтылысқа басқа жол жоқ, осы бір жол ғана бар, ол Адам әлейхис-саламнан бастап, қияметке дейін өзгермей жүре беретін жалғыз жол болмақ, ал құтылысы жоқ басқалардың жолы қиналыстардың жолы, бәле-қалаға толы машақаттың жолы, олар жаман жолда жүр, Алла ﷻ дың жолынан басқа ешбір жол адамдарға пайда әкеле алмас, тек залал әкелер, бірақ бұл жолымыз исламның әдемі жол жолы, ол адамдарға игілік әкелер, алайда шайтан сансыз амал-айлаларды істете отырып, адамдарды адастырғысы келеді, ол жәй отырмайды, ешқашан безінбейді, ол адамдарды жолдан шығарып жібергенге дейін еш тайсалмайды, адамдар тозаққа кіргенде шайтан «мен сендерден емеспін, енді не істегілерің келсе, соны істеңдер» дер, ал адамдар «бізді бұнда бастап келген сен емеспе едің?» дер, шайтан «сендер оны сол кезде ойлануларың керек еді» дейді, Алла ﷻ дың жолы ашық тұр, ал біз Алла ﷻ үшін құлшынуымыз керек, жақсылық істесек те, садақа берсек те, барлығы Алла ﷻ үшін болуы тиіс, сіз құлшылықтарыңызды Алла ﷻ үшін өтейсіз, кейде сіз «құлшылық өтей алмаймыз» дейсіз, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә әмір етпеген жерлерде көптеген сағаттарыңызды өткізесіз, Алла Әззә уә-Жәллә әмір етпеген істеді істейсіз әрі оған соншама уақыт кетіресіз, соған бола шаршап, қуатыңызды сарқа тауысасыз, сонда да құлшылыққа еш көңіл бөлмейсіз, тіпті «керемет шаруа бітірдім» деп ойлайсыз.

Алла Әззә уә-Жәллә айтар, бисмиллахир рахманир рахим, «قُلۡ هَلۡ نُـنَبِّئُكُمۡ بِالۡاَخۡسَرِيۡنَ اَعۡمَالًا ؕ» ("біз амалына байланысты зор ұтылысқа ұшырғандарды айтайық па?" де) (құран 18:103), Алла ﷻ «Мен сендерге істеген істерінен ең үлкен зардап тартатындар жәйлі айтайын, олар "біз бұл дүниеде керемет іс тындырдық" деп ойлар әрі "біз сондай керемет адамдармыз" деп қуанар, "ұлық істерді атқардық" деп ойлар, алайда олардың істегендерінің барлығы пайдасыз нәрселер болмақ» дейді, Алла Әззә уә-Жәллә осылай дер, манағы адамдар үшін олардың істегендері өздеріне кереметтей көрінер, олар «өзіміз үшін жақсы іс тындырдық» деп ойлар, ал шындығында істеп жүргендері бос, пайдасыз нәрселер болмақ, осылай олар өздеріне зиян салар, оның нәтижесі оларды тозаққа сүйрер, Алла ﷻ бізді панасына алғай, сондықтан осы жолда бекем бола білу маңызды, айтып өткеніміздей, шайтан болса адамдар осы жолда бекем жүрсе де, оларды тастап қоймайды, ол көптеген ұқсамаған жолдар арқылы шабуыл жасайды, «мынау жақсы, анау жаман» дер, адамдар тура жолды тапқан соң, ол жолында бекем болуы керек, ол жолында берік болуы тиіс, оны мықты ұстасын, бірақ бақытсыздыққа орай, адамдар сөзге оңай алданар, көптеген адамдар сөзге алданып қалған, сондықтан сіз мүршид тапқан соң, ол мүршид піріңізден бекем ұстап, оған жармасып алыңыз, себебі кәміл мүршид өте аз кездеседі, кәміл мүршидпен бірге болу, одан берік ұстау құтылысқа жеткізеді, оларға еліктеудің өзі құтылыс болмақ.

Ертедегі адамдар киелі адамды, әулиені іздеуші еді, ал қазіргілер де оларды іздер, бірақ олар көбінсе көрер көзге тартымды, сөзі жақсы, әдемі, шешен сөйлейтіндерге ереді, алайда бұл адамдарда жақсы амал, жақсы іс жоқ, олардың сырты ғана әдемі, ал ішінде ештеңе жоқ, іші қуыс бос біреулер, сондықтан Алла ﷻ бізді осыбір адамдардан сақтағай, бұндай адамдар өте көп. Білесіздер, қазір адамдар өтірік алтынды да жасайтын болды, бұнда «өтірік» деп отырғанымыз мынау еді, демек олар 3K алтынды 22K етіп сата береді, хабар-ошарларға қарап отырсаңыз, адамдар не істерін білмей дал болып жүр, әр жер жалғандықпен өтірікке толған, әр жер алдамшыларға толған, өзгелерді алдап, олардан пайда тапқысы келген адамдар қайда болса да өріп жүр, айтып өткеніміздей, олардың сыртқы келбеті, бейнесі әдемі келер, жақсы көрінер, олар бастарына тұрбан сәлде киер, олардың тұрбаны табақтан да үлкен, сақалдары жарты метір ұзын, ал адамдар болса осы сыртқы нәрселерге алданып, қолындағы барын оларға бере салар, олардың кейбірі адамдарға «жеріңді, үйіңді сат» дер, Алла ﷻ бізді панасына алғай.

Әрине, бұны осында айтып кетелік, біреулер шайық немесе дәруиш сияқты жасанып алып, сізден бірдеңе сұраса, олардың сұрап жатқандарының шын я өтірік екендігін өзге адамдардан сұрап анықтаңыз, Мәуләнә Шайық Назым хазірет «ақша әкеліп, ананы істеңдер, мынаны істеңдер» деп ешқашан ешбір адамға айтып көрген жоқ, бірақ айтып өткеніміздей, кейбір адамдар жұртты діннің атымен алдап жүр, басқа жолмен алдап жүрген адамдар да тым көп, оларға алданып, олардың құрбаны болған адамдар да көп. Қалай екенін білмедім, қазір шайтанның жасап алған бірдеңесі бар екен, оны әлі түсініп жетпедік, жұрт оны «бит» (биіт) я «койын» (қойын) дейді екен (bitcoin - биткойын), бізге біреу осы «биіт қой» саудасын істейтіндігін айтты, Уфрадан келген бір бауыр «мен осы қойдың алым-берім саудасын істей бастадым» дейді, мен оған «ол қалай? сендер жақта оған қызығатын адамдар жоқ сияқты еді» дедім, ол «жоқ, ол сіз айтқан қой емес, ол басқа қой, оны "койын" дер, оны интернетте істейді» деді, «ол қайда?» десем, «оның (интернеттің) ішінде» дейді, ол қалай ішінде болмақ!

Ертеде алтынмен күміс болған, ал кейін еврейлер адамдарды алдап, олардың алтын-күмістерін сыпырып әкетті де, қолдарына қағаз ақшаны ұстатты, кейін қағаз құнын жоғалытты, бірақ сонда да онымен бірдеңе істеуге келер, онан соң олар карталарды әкелді (visa, mastercard), ондағы ақшаны да көре алмайсыз, ал мына қазіргі биіт қойы (бит-койын) тіпті сұмдық екен, онда ешқандай ақшаны көруге келмейді, «ол қалай?» десең, «ақша ішінде» дер, адамдар осы нәрселерге алданып жүрсе де, «біз онымен бәлен таптық, түгіленге жеттік» дер, тапқаны сол, олар ақша табу үшін ата-анасынан, көршісінен ақша сұрап жүр, ел-жұрт осыны істегісі келіп жүр, онысы (бит-көйыны) бір түнде жоқ болар, мейлі қайда болсын, ол нағыз шайтан екен, себебі ол бәлен жерде електірдің ішінде тұрады мыс, оны мүлдем көруге келмейді, ақырында оның саудасын істеп, айналасында жүргендер осы нәрсенің (бит-койын) құрбандары болады, оның саудасын істемек болып, зиянға отырған бірнеше адамды білеміз.

Сондықтан біз Алла Әззә уә-Жәллә берген нығыметтерге сақ болайық, Алла Әззә уә-Жәллә «وَل َ تُسْرِفُوا» (ысырапшылдықпен ысырап етпеңдер) (құран 07:31) дейді, ысырап етпеңіз, «وَلَا تُؤْتُوا۟ ٱلسُّفَهَآءَ أَمْوَٰلَكُمُ» (мүлкіңді ақымаққа берме) (құран 04:05), ақшаңызды ысырапшыл адамға бермеңіз, ысырапшыл адам дегеніміз құнмен еңбектің қадірін білмейтін адам, ақымақ адам, ал осындай адамдарға ақшаңызды бермеңіз, ақшаңызды өзіңізде сақтаңыз, оны алтынға айналдырып алыңыз, басқа ештеңе іздемеңіз, себебі жер-жердің барлығы өтірікке толған, барлығы да пайдасыз, олар адамдарға залалдан басқа ештеңе әкеле алмас.

Адамдарды қорғайтын нәрсе - ислам, ислам олардың ұқығын, мал-мүлкін және байлығын қорғайды, ал қалғандарының барлығы алдамшылықтан басқа дәнеңе емес, айтып өткеніміздей, осыдан жүз жыл бұрын Османлы кезінде адамдар алтынмен күмісті ақша орнына істетуші еді, ал қазір оны еврейлер сыпыра алып кетті, олар «біз сендерге осы алтындарыңның құнына тең қағаз береміз, бізге алтындарыңды беріңдер, сендерге қағаз ақша береміз» деді, ел-жұрт алтын-күмістерін берді, міне осылай құт-береке де жоқ болды, еш молшылық болмады, береке кетті, бұрынғы замандағыдай нәрселер қалмады, Мәхди әлейхис-салам келгенде алтынмен күмістің қажеті болмас, қағаз ақша, ауа ақша, мына биіт-қойлар (бит-койын) барлығы жоғалар, ал қазір адамдар сенерлік ештеңе қалмады, олар сенімділігін жоғалтып алды, айтып өткеніміздей, ел-жұртты алдайтын адамдар пайда болып, жұртты алдаған соң, оларды діннен де алыстатып жіберетін болады, адам алдап жүргендердің дінмен еш қатсы жоқ еді.

Исламда пенденің ақысы өте маңызды ұқыққа жатады, оны Алла Әззә уә-Жәллә кешірген күнде де, жазадан құтылу үшін оны ақысы кеткен кісі де кешіруі керек, әйтпесе, қиямет күнінде олар жақсы амалдарынан ақысы кеткен адамға беруге тиісті болады, пайғамбарымыз ﷺ «қиямет күнінде кейбір адамдар таудай биік жақсы амалдарымен келеді, бірақ оны таразыға салғанда, оның ішінде ана пенденің, мына пенденің ақылары болады да, оның соншама үлкен сауаптары өзгелерге беріледі, соңында ол адамда ештеңе қалмайды, оның таразысындағы сауаптар түгелдей өзгелерге кетеді» дейді, сондықтан біз осыған көбіл бөлейік, өзге адамдардың хақысы жәйлы аса сақ болайық.

Сіз өзіңіздің жақсы амалдарыңызға да көңіл бөліңіз, себебі олар Алла ﷻ дан сізге берілген нығымет, Ол оны сізге өзгелер жағынан желінуі үшін берген жоқ, оны өзгелерге «босқа жем қыл» деп бермеді, осыған көңіл бөліңіз, бұл нәрселер отбасыңызға және бала-шағаларыңызға көңіл бөлуіңіз үшін берілді, бұл олардың риздығы, сіз олардың риздығына аса сақ бөліңіз, сопылық тәриқат дегеніміз тек намаз оқумен құлшылық ету ғана емес, сопылық тәриқат дегеніміз адамдармен жақсы байланыста болу, жақсы әдеппен жақсы ибалар, жақынымызға көңіл бөлу, оларға жақсы мәміледе болу, олардың ұқығын қорғау сіздің міндетіңіз, сіз осыбір міндеттерді дұрыстап атқарыңыз, бұл міндеттер сіздің мойыныңызда, отбасына қараған ердің мойнында, ал әйелдер болса, ерлеріне жақсы көңіл бөлсін, олар отбасын қорғап, балаларын халал аспен бағып, халал киімдер кигізссін, сонда балалары жақсы ұрпақ болып есеймек.

Қазіргі заманда көптеген адамдар халал-харам ісіне көңіл бөлмейтіндіктен, кейде олардың балалары жақсы болып өспейді, тіпті кейде тым жаман, аса сорақы болып өседі, бірақ кейде жақсы болып та өсер, себебі бұл оларды халал аспен асырағаннан болады, сіз оларды халал аспен баққан кезде, олар Алла ﷻ рұхсатында жақсы балалар болып өсер, қазір ең басты іс бала ісі, себебі шайтандар оларға жан-жақтан анталап, шабуылдар жасауда, түрлі-түрлі шайтандар бар, өз елдерін құртып болған бұзық адамдар енді келіп, еліміздегі мұсылман балалардың әдебін құртпақшы болып, барынша құлшынуда.

Мейлі балалар немесе ересектер болсын, барлығы да қатерде тұр, ал біз осы қатерлерден құтқарылуымыз үшін, одан аман болуымыз үшін Алла ﷻ жолында болуымыз керек, демек кім Алла ﷻ жолында болса, ол құтылады, Алла ﷻ тезден Сахбул Заман әл-Мәхди хазіретті жібергей, себебі дүниенің хәлі жақсы болмай тұр, зұлымдық шын әрі ашық айғақты түрде жүріліп жатыр, ал қазір оны тоқтата алатын ешкім жоқ, Алла ﷻ Сахибты жібергей, осыбір адамдарды құтқарғай, ол біздің иманымызды да құтқарғай, иншалла, Алла ﷻ келе жатқан күндерді берекелі еткей, бүгін зұл-қада айының 10-күні, келер айымыз зұл-хижа айы болмақ, иншалла, Мәхди әлейхис-салам осы айлардың берекесімен көрінгей, тезден шыққай.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami





سۇحبات: شايتاننىڭ وسى زامانداعى قۋلىقتارىنان ساقتان (2) (2024.05.19 / حيجرا 1445-جىل 11-زۇل قادا)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءالحامدۋليللا، بۇل وتىرىسىمىز اللا ﷻ دىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولعاي، ينشاللا، اللا ﷻ «از عانا ادام اللا ريزالىعى ءۇشىن جينالادى، از عانا ادام اللاعا شۇكىرلىك ايتادى» دەيدى، «وَقَلِيل ٌ مِن ْ عِبَادِي َ الشَّكُور» (از عانا قۇلدارىم شۇكىرشىلىك ەتەر) (قۇران 34:13)، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا مىنە وسىلاي دەر، شۇكىر-اللا، بۇل جينالىسىمىز اللا ﷻ دىڭ ريزالىعى ءۇشىن ەدى، بۇندا قاراماققا ادام كوپتەي كورىنەر، الايدا باسقالاردىڭ كوپتىگىنە سالىسىرساق تىم ازبىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بارلىعىنا بىردەي بۇل نىعىمەتتى ءناسىپ ەتە بەرمەس، اللا ﷻ قۇران ءازيمۋ-ءشاندا دا وسى حاقىندا ايتىپ كەتكەن، دەمەك بارلىق ادام بىردەي بۇل نىعىمەتتەن يگىلىكتەنە المايدى، اللا ﷻ دىڭ جومارتتىعىنان بۇكىل ادامعا بىردەي ۇلەس بەرىلە سالماعان، اللا ﷻ نەنى قالاسا، سول بولار، «ُلِمَن يَشا» (ول كىمگە قالاسا) (قۇران 02:261) دەلىنەر، مۇمكىن ءسىز بارىنشا قۇلشىنىپ جانتالاسارسىز، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءناسىپ ەتكەن ادامدار عانا ونىڭ نىعىمەتتەرىمەن ىززەتتەرىنە قول جەتكىزەر، بۇل ولاردىڭ تاعدىرىنا بايلانىستى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇل دۇنيەدە سونشاما كوپ ادامداردى جاراتقان، ميليونداعان، ميليارتتاعان ادامدار بار، ءبىراق اللا ﷻ بۇل نىعىمەتىن ولاردىڭ بارلىعىنا بىردەي بەرە سالعان جوق، ول نە ءۇشىن بەرمەدى؟ ءبىراق ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ حيكىمەتىنە بۇلاي سۇراق قويا المايمىز، اللا ﷻ نەنى قالاسا، سونى ىستەر، ءسىز وسى جولدا بولساڭىز بولعانى، شۇكىرلىك ەتىڭىز، سوندا ول سىزگە بەرەر نىعىمەتتەرىن ونان ارمان ارتتىرا بەرەر، دەمەك نىعىمەتتەر شۇكىرشىلىكپەن ارتار، ال ەڭ ۇلىق نىعىمەت يمان نىعىمەتى، يمانىڭىزدىڭ بار بولۋى جانە يمانى بار ادامدارمەن بىرگە بولۋىڭىز ماڭىزدى.

شۇكىر-اللا، ءبىزدىڭ جولىمىز پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولى، بۇل جول فالاقتاردىڭ جولى، فالاق دەگەنىمىز قۇتىلىس، دەمەك بۇل جول قۇتىلۋشىلاردىڭ جولى، قۇتىلىسقا باسقا جول جوق، وسى ءبىر جول عانا بار، ول ادام الەيحيس-سالامنان باستاپ، قيامەتكە دەيىن وزگەرمەي جۇرە بەرەتىن جالعىز جول بولماق، ال قۇتىلىسى جوق باسقالاردىڭ جولى قينالىستاردىڭ جولى، بالە-قالاعا تولى ماشاقاتتىڭ جولى، ولار جامان جولدا ءجۇر، اللا ﷻ دىڭ جولىنان باسقا ەشبىر جول ادامدارعا پايدا اكەلە الماس، تەك زالال اكەلەر، ءبىراق بۇل جولىمىز يسلامنىڭ ادەمى جول جولى، ول ادامدارعا يگىلىك اكەلەر، الايدا شايتان سانسىز امال-ايلالاردى ىستەتە وتىرىپ، ادامداردى اداستىرعىسى كەلەدى، ول ءجاي وتىرمايدى، ەشقاشان بەزىنبەيدى، ول ادامداردى جولدان شىعارىپ جىبەرگەنگە دەيىن ەش تايسالمايدى، ادامدار توزاققا كىرگەندە شايتان «مەن سەندەردەن ەمەسپىن، ەندى نە ىستەگىلەرىڭ كەلسە، سونى ىستەڭدەر» دەر، ال ادامدار «ءبىزدى بۇندا باستاپ كەلگەن سەن ەمەسپە ەدىڭ؟» دەر، شايتان «سەندەر ونى سول كەزدە ويلانۋلارىڭ كەرەك ەدى» دەيدى، اللا ﷻ دىڭ جولى اشىق تۇر، ال ءبىز اللا ﷻ ءۇشىن قۇلشىنۋىمىز كەرەك، جاقسىلىق ىستەسەك تە، ساداقا بەرسەك تە، بارلىعى اللا ﷻ ءۇشىن بولۋى ءتيىس، ءسىز قۇلشىلىقتارىڭىزدى اللا ﷻ ءۇشىن وتەيسىز، كەيدە ءسىز «قۇلشىلىق وتەي المايمىز» دەيسىز، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءامىر ەتپەگەن جەرلەردە كوپتەگەن ساعاتتارىڭىزدى وتكىزەسىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءامىر ەتپەگەن ىستەدى ىستەيسىز ءارى وعان سونشاما ۋاقىت كەتىرەسىز، سوعان بولا شارشاپ، قۋاتىڭىزدى سارقا تاۋىساسىز، سوندا دا قۇلشىلىققا ەش كوڭىل بولمەيسىز، ءتىپتى «كەرەمەت شارۋا ءبىتىردىم» دەپ ويلايسىز.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ايتار، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «قُلۡ هَلۡ نُـنَبِّئُكُمۡ بِالۡاَخۡسَرِيۡنَ اَعۡمَالًا ؕ» ("ءبىز امالىنا بايلانىستى زور ۇتىلىسقا ۇشىرعانداردى ايتايىق پا؟" دە) (قۇران 18:103)، اللا ﷻ «مەن سەندەرگە ىستەگەن ىستەرىنەن ەڭ ۇلكەن زارداپ تارتاتىندار ءجايلى ايتايىن، ولار "ءبىز بۇل دۇنيەدە كەرەمەت ءىس تىندىردىق" دەپ ويلار ءارى "ءبىز سونداي كەرەمەت ادامدارمىز" دەپ قۋانار، "ۇلىق ىستەردى اتقاردىق" دەپ ويلار، الايدا ولاردىڭ ىستەگەندەرىنىڭ بارلىعى پايداسىز نارسەلەر بولماق» دەيدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىلاي دەر، ماناعى ادامدار ءۇشىن ولاردىڭ ىستەگەندەرى وزدەرىنە كەرەمەتتەي كورىنەر، ولار «ءوزىمىز ءۇشىن جاقسى ءىس تىندىردىق» دەپ ويلار، ال شىندىعىندا ىستەپ جۇرگەندەرى بوس، پايداسىز نارسەلەر بولماق، وسىلاي ولار وزدەرىنە زيان سالار، ونىڭ ناتيجەسى ولاردى توزاققا سۇيرەر، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، سوندىقتان وسى جولدا بەكەم بولا ءبىلۋ ماڭىزدى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، شايتان بولسا ادامدار وسى جولدا بەكەم جۇرسە دە، ولاردى تاستاپ قويمايدى، ول كوپتەگەن ۇقساماعان جولدار ارقىلى شابۋىل جاسايدى، «مىناۋ جاقسى، اناۋ جامان» دەر، ادامدار تۋرا جولدى تاپقان سوڭ، ول جولىندا بەكەم بولۋى كەرەك، ول جولىندا بەرىك بولۋى ءتيىس، ونى مىقتى ۇستاسىن، ءبىراق باقىتسىزدىققا وراي، ادامدار سوزگە وڭاي الدانار، كوپتەگەن ادامدار سوزگە الدانىپ قالعان، سوندىقتان ءسىز ءمۇرشيد تاپقان سوڭ، ول ءمۇرشيد پىرىڭىزدەن بەكەم ۇستاپ، وعان جارماسىپ الىڭىز، سەبەبى كامىل ءمۇرشيد وتە از كەزدەسەدى، كامىل مۇرشيدپەن بىرگە بولۋ، ودان بەرىك ۇستاۋ قۇتىلىسقا جەتكىزەدى، ولارعا ەلىكتەۋدىڭ ءوزى قۇتىلىس بولماق.

ەرتەدەگى ادامدار كيەلى ادامدى، اۋليەنى ىزدەۋشى ەدى، ال قازىرگىلەر دە ولاردى ىزدەر، ءبىراق ولار كوبىنسە كورەر كوزگە تارتىمدى، ءسوزى جاقسى، ادەمى، شەشەن سويلەيتىندەرگە ەرەدى، الايدا بۇل ادامداردا جاقسى امال، جاقسى ءىس جوق، ولاردىڭ سىرتى عانا ادەمى، ال ىشىندە ەشتەڭە جوق، ءىشى قۋىس بوس بىرەۋلەر، سوندىقتان اللا ﷻ ءبىزدى ءوسىبىر ادامداردان ساقتاعاي، بۇنداي ادامدار وتە كوپ. بىلەسىزدەر، ءقازىر ادامدار وتىرىك التىندى دا جاسايتىن بولدى، بۇندا «وتىرىك» دەپ وتىرعانىمىز مىناۋ ەدى، دەمەك ولار 3K التىندى 22K ەتىپ ساتا بەرەدى، حابار-وشارلارعا قاراپ وتىرساڭىز، ادامدار نە ىستەرىن بىلمەي دال بولىپ ءجۇر، ءار جەر جالعاندىقپەن وتىرىككە تولعان، ءار جەر الدامشىلارعا تولعان، وزگەلەردى الداپ، ولاردان پايدا تاپقىسى كەلگەن ادامدار قايدا بولسا دا ءورىپ ءجۇر، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ولاردىڭ سىرتقى كەلبەتى، بەينەسى ادەمى كەلەر، جاقسى كورىنەر، ولار باستارىنا تۇربان سالدە كيەر، ولاردىڭ تۇربانى تاباقتان دا ۇلكەن، ساقالدارى جارتى مەتىر ۇزىن، ال ادامدار بولسا وسى سىرتقى نارسەلەرگە الدانىپ، قولىنداعى بارىن ولارعا بەرە سالار، ولاردىڭ كەيبىرى ادامدارعا «جەرىڭدى، ءۇيىڭدى سات» دەر، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

ارينە، بۇنى وسىندا ايتىپ كەتەلىك، بىرەۋلەر شايىق نەمەسە ءدارۋيش سياقتى جاسانىپ الىپ، سىزدەن بىردەڭە سۇراسا، ولاردىڭ سۇراپ جاتقاندارىنىڭ شىن يا وتىرىك ەكەندىگىن وزگە ادامداردان سۇراپ انىقتاڭىز، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت «اقشا اكەلىپ، انانى ىستەڭدەر، مىنانى ىستەڭدەر» دەپ ەشقاشان ەشبىر ادامعا ايتىپ كورگەن جوق، ءبىراق ايتىپ وتكەنىمىزدەي، كەيبىر ادامدار جۇرتتى ءدىننىڭ اتىمەن الداپ ءجۇر، باسقا جولمەن الداپ جۇرگەن ادامدار دا تىم كوپ، ولارعا الدانىپ، ولاردىڭ قۇربانى بولعان ادامدار دا كوپ. قالاي ەكەنىن بىلمەدىم، ءقازىر شايتاننىڭ جاساپ العان بىردەڭەسى بار ەكەن، ونى ءالى ءتۇسىنىپ جەتپەدىك، جۇرت ونى «بيت» (ءبيىت) يا «كويىن» (قويىن) دەيدى ەكەن (bitcoin - بيتكويىن)، بىزگە بىرەۋ وسى «ءبيىت قوي» ساۋداسىن ىستەيتىندىگىن ايتتى، ۋفرادان كەلگەن ءبىر باۋىر «مەن وسى قويدىڭ الىم-بەرىم ساۋداسىن ىستەي باستادىم» دەيدى، مەن وعان «ول قالاي؟ سەندەر جاقتا وعان قىزىعاتىن ادامدار جوق سياقتى ەدى» دەدىم، ول «جوق، ول ءسىز ايتقان قوي ەمەس، ول باسقا قوي، ونى "كويىن" دەر، ونى ينتەرنەتتە ىستەيدى» دەدى، «ول قايدا؟» دەسەم، «ونىڭ (ينتەرنەتتىڭ) ىشىندە» دەيدى، ول قالاي ىشىندە بولماق!

ەرتەدە التىنمەن كۇمىس بولعان، ال كەيىن ەۆرەيلەر ادامداردى الداپ، ولاردىڭ التىن-كۇمىستەرىن سىپىرىپ اكەتتى دە، قولدارىنا قاعاز اقشانى ۇستاتتى، كەيىن قاعاز قۇنىن جوعالىتتى، ءبىراق سوندا دا ونىمەن بىردەڭە ىستەۋگە كەلەر، ونان سوڭ ولار كارتالاردى اكەلدى (visa، mastercard)، ونداعى اقشانى دا كورە المايسىز، ال مىنا قازىرگى ءبيىت قويى (بيت-كويىن) ءتىپتى سۇمدىق ەكەن، وندا ەشقانداي اقشانى كورۋگە كەلمەيدى، «ول قالاي؟» دەسەڭ، «اقشا ىشىندە» دەر، ادامدار وسى نارسەلەرگە الدانىپ جۇرسە دە، «ءبىز ونىمەن بالەن تاپتىق، تۇگىلەنگە جەتتىك» دەر، تاپقانى سول، ولار اقشا تابۋ ءۇشىن اتا-اناسىنان، كورشىسىنەن اقشا سۇراپ ءجۇر، ەل-جۇرت وسىنى ىستەگىسى كەلىپ ءجۇر، ونىسى (بيت-كويىنى) ءبىر تۇندە جوق بولار، مەيلى قايدا بولسىن، ول ناعىز شايتان ەكەن، سەبەبى ول بالەن جەردە ەلەكتىردىڭ ىشىندە تۇرادى مىس، ونى مۇلدەم كورۋگە كەلمەيدى، اقىرىندا ونىڭ ساۋداسىن ىستەپ، اينالاسىندا جۇرگەندەر وسى نارسەنىڭ (بيت-كويىن) قۇرباندارى بولادى، ونىڭ ساۋداسىن ىستەمەك بولىپ، زيانعا وتىرعان بىرنەشە ادامدى بىلەمىز.

سوندىقتان ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بەرگەن نىعىمەتتەرگە ساق بولايىق، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «وَل َ تُسْرِفُوا» (ىسىراپشىلدىقپەن ىسىراپ ەتپەڭدەر) (قۇران 07:31) دەيدى، ىسىراپ ەتپەڭىز، «وَلَا تُؤْتُوا۟ ٱءلسُّفَهَآَ أَمْوَٰلَكُمُ» (مۇلكىڭدى اقىماققا بەرمە) (قۇران 04:05)، اقشاڭىزدى ىسىراپشىل ادامعا بەرمەڭىز، ىسىراپشىل ادام دەگەنىمىز قۇنمەن ەڭبەكتىڭ ءقادىرىن بىلمەيتىن ادام، اقىماق ادام، ال وسىنداي ادامدارعا اقشاڭىزدى بەرمەڭىز، اقشاڭىزدى وزىڭىزدە ساقتاڭىز، ونى التىنعا اينالدىرىپ الىڭىز، باسقا ەشتەڭە ىزدەمەڭىز، سەبەبى جەر-جەردىڭ بارلىعى وتىرىككە تولعان، بارلىعى دا پايداسىز، ولار ادامدارعا زالالدان باسقا ەشتەڭە اكەلە الماس.

ادامداردى قورعايتىن نارسە - يسلام، يسلام ولاردىڭ ۇقىعىن، مال-مۇلكىن جانە بايلىعىن قورعايدى، ال قالعاندارىنىڭ بارلىعى الدامشىلىقتان باسقا دانەڭە ەمەس، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، وسىدان ءجۇز جىل بۇرىن وسمانلى كەزىندە ادامدار التىنمەن كۇمىستى اقشا ورنىنا ىستەتۋشى ەدى، ال ءقازىر ونى ەۆرەيلەر سىپىرا الىپ كەتتى، ولار «ءبىز سەندەرگە وسى التىندارىڭنىڭ قۇنىنا تەڭ قاعاز بەرەمىز، بىزگە التىندارىڭدى بەرىڭدەر، سەندەرگە قاعاز اقشا بەرەمىز» دەدى، ەل-جۇرت التىن-كۇمىستەرىن بەردى، مىنە وسىلاي قۇت-بەرەكە دە جوق بولدى، ەش مولشىلىق بولمادى، بەرەكە كەتتى، بۇرىنعى زامانداعىداي نارسەلەر قالمادى، ءماحدي الەيحيس-سالام كەلگەندە التىنمەن كۇمىستىڭ قاجەتى بولماس، قاعاز اقشا، اۋا اقشا، مىنا ءبيىت-قويلار (بيت-كويىن) بارلىعى جوعالار، ال ءقازىر ادامدار سەنەرلىك ەشتەڭە قالمادى، ولار سەنىمدىلىگىن جوعالتىپ الدى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ەل-جۇرتتى الدايتىن ادامدار پايدا بولىپ، جۇرتتى الداعان سوڭ، ولاردى دىننەن دە الىستاتىپ جىبەرەتىن بولادى، ادام الداپ جۇرگەندەردىڭ دىنمەن ەش قاتسى جوق ەدى.

يسلامدا پەندەنىڭ اقىسى وتە ماڭىزدى ۇقىققا جاتادى، ونى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا كەشىرگەن كۇندە دە، جازادان قۇتىلۋ ءۇشىن ونى اقىسى كەتكەن كىسى دە كەشىرۋى كەرەك، ايتپەسە، قيامەت كۇنىندە ولار جاقسى امالدارىنان اقىسى كەتكەن ادامعا بەرۋگە ءتيىستى بولادى، پايعامبارىمىز ﷺ «قيامەت كۇنىندە كەيبىر ادامدار تاۋداي بيىك جاقسى امالدارىمەن كەلەدى، ءبىراق ونى تارازىعا سالعاندا، ونىڭ ىشىندە انا پەندەنىڭ، مىنا پەندەنىڭ اقىلارى بولادى دا، ونىڭ سونشاما ۇلكەن ساۋاپتارى وزگەلەرگە بەرىلەدى، سوڭىندا ول ادامدا ەشتەڭە قالمايدى، ونىڭ تارازىسىنداعى ساۋاپتار تۇگەلدەي وزگەلەرگە كەتەدى» دەيدى، سوندىقتان ءبىز وسىعان كوبىل بولەيىك، وزگە ادامداردىڭ حاقىسى ءجايلى اسا ساق بولايىق.

ءسىز ءوزىڭىزدىڭ جاقسى امالدارىڭىزعا دا كوڭىل ءبولىڭىز، سەبەبى ولار اللا ﷻ دان سىزگە بەرىلگەن نىعىمەت، ول ونى سىزگە وزگەلەر جاعىنان جەلىنۋى ءۇشىن بەرگەن جوق، ونى وزگەلەرگە «بوسقا جەم قىل» دەپ بەرمەدى، وسىعان كوڭىل ءبولىڭىز، بۇل نارسەلەر وتباسىڭىزعا جانە بالا-شاعالارىڭىزعا كوڭىل ءبولۋىڭىز ءۇشىن بەرىلدى، بۇل ولاردىڭ ريزدىعى، ءسىز ولاردىڭ ريزدىعىنا اسا ساق ءبولىڭىز، سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز تەك ناماز وقۋمەن قۇلشىلىق ەتۋ عانا ەمەس، سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز ادامدارمەن جاقسى بايلانىستا بولۋ، جاقسى ادەپپەن جاقسى يبالار، جاقىنىمىزعا كوڭىل ءبولۋ، ولارعا جاقسى مامىلەدە بولۋ، ولاردىڭ ۇقىعىن قورعاۋ ءسىزدىڭ مىندەتىڭىز، ءسىز ءوسىبىر مىندەتتەردى دۇرىستاپ اتقارىڭىز، بۇل مىندەتتەر ءسىزدىڭ مويىنىڭىزدا، وتباسىنا قاراعان ەردىڭ موينىندا، ال ايەلدەر بولسا، ەرلەرىنە جاقسى كوڭىل ءبولسىن، ولار وتباسىن قورعاپ، بالالارىن حالال اسپەن باعىپ، حالال كيىمدەر كيگىزسسىن، سوندا بالالارى جاقسى ۇرپاق بولىپ ەسەيمەك.

قازىرگى زاماندا كوپتەگەن ادامدار حالال-حارام ىسىنە كوڭىل بولمەيتىندىكتەن، كەيدە ولاردىڭ بالالارى جاقسى بولىپ وسپەيدى، ءتىپتى كەيدە تىم جامان، اسا سوراقى بولىپ وسەدى، ءبىراق كەيدە جاقسى بولىپ تا وسەر، سەبەبى بۇل ولاردى حالال اسپەن اسىراعاننان بولادى، ءسىز ولاردى حالال اسپەن باققان كەزدە، ولار اللا ﷻ رۇحساتىندا جاقسى بالالار بولىپ وسەر، ءقازىر ەڭ باستى ءىس بالا ءىسى، سەبەبى شايتاندار ولارعا جان-جاقتان انتالاپ، شابۋىلدار جاساۋدا، ءتۇرلى-ءتۇرلى شايتاندار بار، ءوز ەلدەرىن قۇرتىپ بولعان بۇزىق ادامدار ەندى كەلىپ، ەلىمىزدەگى مۇسىلمان بالالاردىڭ ادەبىن قۇرتپاقشى بولىپ، بارىنشا قۇلشىنۋدا.

مەيلى بالالار نەمەسە ەرەسەكتەر بولسىن، بارلىعى دا قاتەردە تۇر، ال ءبىز وسى قاتەرلەردەن قۇتقارىلۋىمىز ءۇشىن، ودان امان بولۋىمىز ءۇشىن اللا ﷻ جولىندا بولۋىمىز كەرەك، دەمەك كىم اللا ﷻ جولىندا بولسا، ول قۇتىلادى، اللا ﷻ تەزدەن ساحبۋل زامان ءال-ءماحدي حازىرەتتى جىبەرگەي، سەبەبى دۇنيەنىڭ ءحالى جاقسى بولماي تۇر، زۇلىمدىق شىن ءارى اشىق ايعاقتى تۇردە ءجۇرىلىپ جاتىر، ال ءقازىر ونى توقتاتا الاتىن ەشكىم جوق، اللا ﷻ ساحيبتى جىبەرگەي، ءوسىبىر ادامداردى قۇتقارعاي، ول ءبىزدىڭ يمانىمىزدى دا قۇتقارعاي، ينشاللا، اللا ﷻ كەلە جاتقان كۇندەردى بەرەكەلى ەتكەي، بۇگىن زۇل-قادا ايىنىڭ 10-كۇنى، كەلەر ايىمىز زۇل-حيجا ايى بولماق، ينشاللا، ءماحدي الەيحيس-سالام وسى ايلاردىڭ بەرەكەسىمەن كورىنگەي، تەزدەن شىققاي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7637