You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7297
Сұхбат: бар үміт тек Мәхдида, басқасының бәрі бос (2023.12.10 / 1445-хижри 26-Жұмада әл-Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ» (мүминдер өзара бауыр, сондықтан бауырларыңның арасын жарастырыңдар және Алладан қорқыңдар, сонда рахым табасыңдар) (құран 49:10), садақал-лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә «мұсылмандар өзара бауыр, егер олардың арасында қайшылық болса, оларды жарастырыңдар, оларға ескертіңдер әрі тура жолды көрсетіңдер» дейді, себебі бауырластық яғни бауырлық махаббат Алла Әззә уә-Жәлләға сүйікті болғандарға берілген нығымет, дін-имандағы бауырластық қан-құрсақ бауырластықтан да күшті әрі одан маңызды болып келеді, ал біз өмір сүріп отырған мына заманда ынтымақты болып, бауырластықты сақтау тіпті де қажетті, бірақ шайтан бауырластықты дұшпандықта өзгертіп жібереді, «бауырыңнан жақсылық келмес» дер ол, не үшін? себебі шайтан ислам ұстанбайды, исламмен шынайы өмір сүрген адам бауырын сүйеді, оған көмектеседі, оның қажетін көре алады.

Алайда осы күндегі адамдар бұдан қам жемейді, олардың бауырластықтан үлесі жоқ, олар бар болғаны «осы "бауырлардан" қалай пайда тапсам екен?» деп ойлаудан ары аса алмас, әрине адам өз бауырына пайда әкеліп, игілік істеуіне болады, олар бірлікті бола білсе, оларға игілік өзі келер, бауырластығы, бауырмалдығы бар жан зор игілікке жетпек, себебі бауырластық Алла Әззә уә-Жәлләдан адамдардың өзара көмектесулері үшін берілген бір береке еді, демек егер сіз оған көмек етсеңіз, Алла Әззә уә-Жәллә сізге көмек ететін болады, « اﻷَﻗْﺮ َ ﺑﻮنَ أَو ْ ﻟﻰ ﺑﺎﻟﻤَﻌْ» (ең жақының жақсылық етуге ең лайықты), демек жақсылық ең әуелі ең жақыныңызға істелінуі керек, әрине ата-анаңыздан соң, ең жақыныңыз өз аға-бауырыңыз болмақ, егер сіз осы бауырыңызға жәрдем беретін болсаңыз, Алла Әззә уә-Жәллә сізгер жәрдем беретін болады әрі сауабыңызды аса зор шамада еселеп көбейтеді.

Бұл әдеттегі өз ет бауырыңызға арналған, алайда бақытсыздыққа орай, адамдар бауырларының ұқығына қол сұғып, оларға зұлымдық қылады, сонан соң олар айналып келіп, «маған неге бұлай болды?» дейді, әділетсіздікпен алған дүниелерде қайдағы игілік, қайдағы береке болсын! бұл ғана емес, ол үлкен күнәға жатады, бұндай жамандық істеген адамдар, бұл дүниеде тірі болады екен, оның зардабын тартумен өтеді, кімде-кім заңсыз түрде өзгенің хақысын алса, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, ол ақиретте тіпті де зор зардапқа ұшырайтын болады, «мен ақылымды істетіп, айла-қулықпен тартып алдым» демеңіз, бұдан еш пайда жоқ, Алла Жәллә Жәләлуху панасына алғай.

Басқа бір жағынан айтар болсақ, бір мүминнң тағы бір мүминді қолдауы, демек діндегі бауырластық өзгеше келер, оның орны бөлек, дін бауырластық соңғы рет Османлы Империясында болған, неге? себебі ол халифаттық яғни ислами ел еді, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның ең соңғы халифасы, мекені жәннәт болғыр соңғы Әбдулмәжит сұлтаннан соң халифа жоқ, міне осыдан соң дін бауырластық жоғалды, тарап быт-шыт болды, Османлы кеткен соң бауырластықтың орнына дұшпандық келді, демек мұсылмандар өзара жау болды, олар «сен - сен, мен - мен» деді де, дұшпандықтары көрнекілене түсті, тіпті мұсылман бір ел тағы бір елге көмек етсе, ол ел оның көмегін ұнатпас, көмегін қабыл алған күнде де, олар көмектесушіге рахмет айтпайды я оны құрметтемейді, ал олардың бұнысы бүкіл үмбетке зарар алып келеді, не үшін залалдар туылуда? себебі олар Алла Әззә уә-Жәлләның әмірін орындаған жоқ, себебі олар мұсылман бауырластығын ойрандаған еді, ал оның кейінгі зардабы оларды сөзсіз шыр айналып, әбден сорлататын болады.

Мәхди әлейхис-салам келер, Алла Жәллә Жәләлуху бізді оның кезіне жеткізгей, ол адамдарды зұлымдықтан тезден құтқарғай, біз бұнда «адамдар» деп айтып отырмыз, тек мұсылмандарды ғана айтып отырған жоқпыз, қазір бүкіл адам баласы қажеттілік ішінде отыр, оларға нұр керек, олар «бейбітшілік» дер, ал бейбітшілікпен тыныштық тек Мәхди әлейхис-саламмен ғана келер, қалғандары бос қиялдар ғана, не үшін? себебі үйді салу қиын, бірақ оны қирату оңай, ал қазір үй жасалып бітпей тұрып, қирап болды, сондықтан мына дүниеге «бір тыныштық келіп қалар-ау» деп дәмеленбей-ақ қойыңыз, біз болсақ тек тынбастан Мәхди әлейхис-саламның келіп, адамзатты зұлымдықпен қараңғылықтан құтқаруына дұға жасауымыз керек, қазіргі ең жақсы дұғаның бірі Мәхди әлейхис-саламның тезден келуін Алла Жәллә Жәләлухудан тілеу болмақ, ал басқа жолдарда ешбір үміт жоқ, мейлі әркімнен сұраңыз, иә, дүниеде жүрген кімнен болса да сұрап көріңіз, олар ештеңеге бас қатырмайды, себебі олардың барлығы қазір шайтанмен бір болып кетті, олар құртуға ғана кірсіп кеткен, сонымен әбігер, барлығын бүлдіріп жатыр, олар «үй салуға» (адамгершілік орнатуға) ешбір орай берер емес, іргетасты қалай бергенде, олар жетіп келіп, қиратып кетеді.

Шүкір-Алла, біздің Алла Жәллә Жәләлухудан басқа қолдаушымыз жоқ, біз Алла Әззә уә-Жәлләмен біргеміз, шүкір-Алла, біз шүкірлік етелік, сонда Онымен бірге болатын боламыз, қазір не болып жатқанын білу қиын емес, бірақ көптеген адамдар не болып жатқанын білмейді де, қатты көңілсізденеді, тіпті өздерін құртып алады, бірақ Алла Жәллә Жәләлухумен бірге болғандар бұның барлығы Алла Әззә уә-Жәлләның қалауымен болып жатқандығын біледі, бүкіл барлығы Алла Жәллә Жәләлухудың әмірімен туылар, ал сабырлы адам соңында жақсылық келіп, игілік орнайтындығын біледі.

Алла Жәллә Жәләлуху « وَٱلْعَـٰقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ» (ақырғысы тақуаға тән) (құран 28:83) дейді, демек ең ақырғысы тақуаларға тән болып, олар жеңіске жетеді, ал жеңіліске ұшырайтындар зұлымдар, Алла Жәллә Жәләлухуға, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға қарсылар болмақ, олар өздерін ақылды санар да, мұсылмандарды мазақтар, олардың істегенін жақсы көрмес, ал шындығында осыны істеп отырғандар өздері оңбайтын болады, олардың ақыры кесірмен тынар, Алла Жәллә Жәләлухудан қорыққандармен Алла Жәллә Жәләлухуға сенгендердің ақыры жақсы болмақ, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді солардың арасында еткей, бізді мына замандағыдай сынақтармен сынамағай.

Айтып өткеніміздей, тек кәпірлер ғана емес, мұсылмандар арасында «мұсылманбыз» деп намаз оқып, ораза ұстайтындар бар, бірақ пайғамбарымыз айтып өткендей, олар намаз оқып, ораза ұстаса да, «мұсылманбыз» десе де, бірақ олардың жүрегінде иман болмайды, олар «біз өз амалдарымызбен құтылып кетеміз» деп ойлар, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды құрметтемейді, ал әулиелерді мүлдем қабыл етпес, дін бауырластықты яғни исламдық бауырластықты қаламайтын бір тобыр міне осылар, олар - өзімшілдер, олар «мен құтыламын, қалғандары тозаққа кетер» дер, солай ойлар, олар бауырластықты қаламайтындар, олар Алла Әззә уә-Жәлләның әмірлерін орындамағандар, олар қазір тым көбейіп кетті, Алла Жәллә Жәләлуху оларды да тазалағай, жұртты олардың кесірлерінен сақтағай, себебі бұл топтың арасынан түзелетіндер тым сирек кездеседі, Алла Жәллә Жәләлухудың мәлім хикіметінде шайтан олардың саналарына дендеп кірді де, олардың өздерін жәйлаған бұл шайтаннан құтылмағы тым қиынға соғып тұр, Алла Жәллә Жәләлуху бізді олардың кесірлерінен сақтағай, иншалла.

Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем беріп, бізді дұрыс жолда жүргізгей, Османлының жолында еткей, олар пайғамбарымыздың саф жолымен жүріп келген еді, Алла Жәллә Жәләлуху бүкіл ел-жұртты осы жолға бастағай әрі оларға оның қадырын білгізгей, олар үмметке пайдалы жандармен бірге болғай, бос-пайдасыз, кеселді адамдардан аулақ болғай, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw



سۇحبات: بار ءۇمىت تەك ءماحديدا، باسقاسىنىڭ ءبارى بوس (2023.12.10 / 1445-حيجري 26-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ» (مۇميندەر ءوزارا باۋىر، سوندىقتان باۋىرلارىڭنىڭ اراسىن جاراستىرىڭدار جانە اللادان قورقىڭدار، سوندا راحىم تاباسىڭدار) (قۇران 49:10)، ساداقال-لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «مۇسىلماندار ءوزارا باۋىر، ەگەر ولاردىڭ اراسىندا قايشىلىق بولسا، ولاردى جاراستىرىڭدار، ولارعا ەسكەرتىڭدەر ءارى تۋرا جولدى كورسەتىڭدەر» دەيدى، سەبەبى باۋىرلاستىق ياعني باۋىرلىق ماحاببات اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا سۇيىكتى بولعاندارعا بەرىلگەن نىعىمەت، ءدىن-يمانداعى باۋىرلاستىق قان-قۇرساق باۋىرلاستىقتان دا كۇشتى ءارى ودان ماڭىزدى بولىپ كەلەدى، ال ءبىز ءومىر ءسۇرىپ وتىرعان مىنا زاماندا ىنتىماقتى بولىپ، باۋىرلاستىقتى ساقتاۋ ءتىپتى دە قاجەتتى، ءبىراق شايتان باۋىرلاستىقتى دۇشپاندىقتا وزگەرتىپ جىبەرەدى، «باۋىرىڭنان جاقسىلىق كەلمەس» دەر ول، نە ءۇشىن؟ سەبەبى شايتان يسلام ۇستانبايدى، يسلاممەن شىنايى ءومىر سۇرگەن ادام باۋىرىن سۇيەدى، وعان كومەكتەسەدى، ونىڭ قاجەتىن كورە الادى.

الايدا وسى كۇندەگى ادامدار بۇدان قام جەمەيدى، ولاردىڭ باۋىرلاستىقتان ۇلەسى جوق، ولار بار بولعانى «وسى "باۋىرلاردان" قالاي پايدا تاپسام ەكەن؟» دەپ ويلاۋدان ارى اسا الماس، ارينە ادام ءوز باۋىرىنا پايدا اكەلىپ، يگىلىك ىستەۋىنە بولادى، ولار بىرلىكتى بولا بىلسە، ولارعا يگىلىك ءوزى كەلەر، باۋىرلاستىعى، باۋىرمالدىعى بار جان زور يگىلىككە جەتپەك، سەبەبى باۋىرلاستىق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ادامداردىڭ ءوزارا كومەكتەسۋلەرى ءۇشىن بەرىلگەن ءبىر بەرەكە ەدى، دەمەك ەگەر ءسىز وعان كومەك ەتسەڭىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزگە كومەك ەتەتىن بولادى، « اﻷَﻗْﺮ َ ﺑﻮنَ أَو ْ ﻟﻰ ﺑﺎﻟﻤَﻌْ» (ەڭ جاقىنىڭ جاقسىلىق ەتۋگە ەڭ لايىقتى)، دەمەك جاقسىلىق ەڭ اۋەلى ەڭ جاقىنىڭىزعا ىستەلىنۋى كەرەك، ارينە اتا-اناڭىزدان سوڭ، ەڭ جاقىنىڭىز ءوز اعا-باۋىرىڭىز بولماق، ەگەر ءسىز وسى باۋىرىڭىزعا جاردەم بەرەتىن بولساڭىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزگەر جاردەم بەرەتىن بولادى ءارى ساۋابىڭىزدى اسا زور شامادا ەسەلەپ كوبەيتەدى.

بۇل ادەتتەگى ءوز ەت باۋىرىڭىزعا ارنالعان، الايدا باقىتسىزدىققا وراي، ادامدار باۋىرلارىنىڭ ۇقىعىنا قول سۇعىپ، ولارعا زۇلىمدىق قىلادى، سونان سوڭ ولار اينالىپ كەلىپ، «ماعان نەگە بۇلاي بولدى؟» دەيدى، ادىلەتسىزدىكپەن العان دۇنيەلەردە قايداعى يگىلىك، قايداعى بەرەكە بولسىن! بۇل عانا ەمەس، ول ۇلكەن كۇناعا جاتادى، بۇنداي جاماندىق ىستەگەن ادامدار، بۇل دۇنيەدە ءتىرى بولادى ەكەن، ونىڭ زاردابىن تارتۋمەن وتەدى، كىمدە-كىم زاڭسىز تۇردە وزگەنىڭ حاقىسىن السا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ول اقيرەتتە ءتىپتى دە زور زارداپقا ۇشىرايتىن بولادى، «مەن اقىلىمدى ىستەتىپ، ايلا-قۋلىقپەن تارتىپ الدىم» دەمەڭىز، بۇدان ەش پايدا جوق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ پاناسىنا العاي.

باسقا ءبىر جاعىنان ايتار بولساق، ءبىر ءمۇميننڭ تاعى ءبىر ءمۇميندى قولداۋى، دەمەك دىندەگى باۋىرلاستىق وزگەشە كەلەر، ونىڭ ورنى بولەك، ءدىن باۋىرلاستىق سوڭعى رەت وسمانلى يمپەرياسىندا بولعان، نەگە؟ سەبەبى ول حاليفاتتىق ياعني يسلامي ەل ەدى، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ەڭ سوڭعى حاليفاسى، مەكەنى ءجاننات بولعىر سوڭعى ءابدۋلماجيت سۇلتاننان سوڭ حاليفا جوق، مىنە وسىدان سوڭ ءدىن باۋىرلاستىق جوعالدى، تاراپ بىت-شىت بولدى، وسمانلى كەتكەن سوڭ باۋىرلاستىقتىڭ ورنىنا دۇشپاندىق كەلدى، دەمەك مۇسىلماندار ءوزارا جاۋ بولدى، ولار «سەن - سەن، مەن - مەن» دەدى دە، دۇشپاندىقتارى كورنەكىلەنە ءتۇستى، ءتىپتى مۇسىلمان ءبىر ەل تاعى ءبىر ەلگە كومەك ەتسە، ول ەل ونىڭ كومەگىن ۇناتپاس، كومەگىن قابىل العان كۇندە دە، ولار كومەكتەسۋشىگە راحمەت ايتپايدى يا ونى قۇرمەتتەمەيدى، ال ولاردىڭ بۇنىسى بۇكىل ۇمبەتكە زارار الىپ كەلەدى، نە ءۇشىن زالالدار تۋىلۋدا؟ سەبەبى ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىرىن ورىنداعان جوق، سەبەبى ولار مۇسىلمان باۋىرلاستىعىن ويرانداعان ەدى، ال ونىڭ كەيىنگى زاردابى ولاردى ءسوزسىز شىر اينالىپ، ابدەن سورلاتاتىن بولادى.

ءماحدي الەيحيس-سالام كەلەر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ونىڭ كەزىنە جەتكىزگەي، ول ادامداردى زۇلىمدىقتان تەزدەن قۇتقارعاي، ءبىز بۇندا «ادامدار» دەپ ايتىپ وتىرمىز، تەك مۇسىلمانداردى عانا ايتىپ وتىرعان جوقپىز، ءقازىر بۇكىل ادام بالاسى قاجەتتىلىك ىشىندە وتىر، ولارعا نۇر كەرەك، ولار «بەيبىتشىلىك» دەر، ال بەيبىتشىلىكپەن تىنىشتىق تەك ءماحدي الەيحيس-سالاممەن عانا كەلەر، قالعاندارى بوس قيالدار عانا، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ءۇيدى سالۋ قيىن، ءبىراق ونى قيراتۋ وڭاي، ال ءقازىر ءۇي جاسالىپ بىتپەي تۇرىپ، قيراپ بولدى، سوندىقتان مىنا دۇنيەگە «ءبىر تىنىشتىق كەلىپ قالار-اۋ» دەپ دامەلەنبەي-اق قويىڭىز، ءبىز بولساق تەك تىنباستان ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ كەلىپ، ادامزاتتى زۇلىمدىقپەن قاراڭعىلىقتان قۇتقارۋىنا دۇعا جاساۋىمىز كەرەك، قازىرگى ەڭ جاقسى دۇعانىڭ ءبىرى ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ تەزدەن كەلۋىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان تىلەۋ بولماق، ال باسقا جولداردا ەشبىر ءۇمىت جوق، مەيلى اركىمنەن سۇراڭىز، ءيا، دۇنيەدە جۇرگەن كىمنەن بولسا دا سۇراپ كورىڭىز، ولار ەشتەڭەگە باس قاتىرمايدى، سەبەبى ولاردىڭ بارلىعى ءقازىر شايتانمەن ءبىر بولىپ كەتتى، ولار قۇرتۋعا عانا كىرسىپ كەتكەن، سونىمەن ابىگەر، بارلىعىن ءبۇلدىرىپ جاتىر، ولار «ءۇي سالۋعا» (ادامگەرشىلىك ورناتۋعا) ەشبىر وراي بەرەر ەمەس، ىرگەتاستى قالاي بەرگەندە، ولار جەتىپ كەلىپ، قيراتىپ كەتەدى.

شۇكىر-اللا، ءبىزدىڭ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان باسقا قولداۋشىمىز جوق، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن بىرگەمىز، شۇكىر-اللا، ءبىز شۇكىرلىك ەتەلىك، سوندا ونىمەن بىرگە بولاتىن بولامىز، ءقازىر نە بولىپ جاتقانىن ءبىلۋ قيىن ەمەس، ءبىراق كوپتەگەن ادامدار نە بولىپ جاتقانىن بىلمەيدى دە، قاتتى كوڭىلسىزدەنەدى، ءتىپتى وزدەرىن قۇرتىپ الادى، ءبىراق اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن بىرگە بولعاندار بۇنىڭ بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قالاۋىمەن بولىپ جاتقاندىعىن بىلەدى، بۇكىل بارلىعى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ امىرىمەن تۋىلار، ال سابىرلى ادام سوڭىندا جاقسىلىق كەلىپ، يگىلىك ورنايتىندىعىن بىلەدى.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ « وَٱلْعَـٰقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ» (اقىرعىسى تاقۋاعا ءتان) (قۇران 28:83) دەيدى، دەمەك ەڭ اقىرعىسى تاقۋالارعا ءتان بولىپ، ولار جەڭىسكە جەتەدى، ال جەڭىلىسكە ۇشىرايتىندار زۇلىمدار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا قارسىلار بولماق، ولار وزدەرىن اقىلدى سانار دا، مۇسىلمانداردى مازاقتار، ولاردىڭ ىستەگەنىن جاقسى كورمەس، ال شىندىعىندا وسىنى ىستەپ وتىرعاندار وزدەرى وڭبايتىن بولادى، ولاردىڭ اقىرى كەسىرمەن تىنار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان قورىققاندارمەن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا سەنگەندەردىڭ اقىرى جاقسى بولماق، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى سولاردىڭ اراسىندا ەتكەي، ءبىزدى مىنا زامانداعىداي سىناقتارمەن سىناماعاي.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، تەك كاپىرلەر عانا ەمەس، مۇسىلماندار اراسىندا «مۇسىلمانبىز» دەپ ناماز وقىپ، ورازا ۇستايتىندار بار، ءبىراق پايعامبارىمىز ايتىپ وتكەندەي، ولار ناماز وقىپ، ورازا ۇستاسا دا، «مۇسىلمانبىز» دەسە دە، ءبىراق ولاردىڭ جۇرەگىندە يمان بولمايدى، ولار «ءبىز ءوز امالدارىمىزبەن قۇتىلىپ كەتەمىز» دەپ ويلار، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى قۇرمەتتەمەيدى، ال اۋليەلەردى مۇلدەم قابىل ەتپەس، ءدىن باۋىرلاستىقتى ياعني يسلامدىق باۋىرلاستىقتى قالامايتىن ءبىر توبىر مىنە وسىلار، ولار - وزىمشىلدەر، ولار «مەن قۇتىلامىن، قالعاندارى توزاققا كەتەر» دەر، سولاي ويلار، ولار باۋىرلاستىقتى قالامايتىندار، ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ امىرلەرىن ورىنداماعاندار، ولار ءقازىر تىم كوبەيىپ كەتتى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى دا تازالاعاي، جۇرتتى ولاردىڭ كەسىرلەرىنەن ساقتاعاي، سەبەبى بۇل توپتىڭ اراسىنان تۇزەلەتىندەر تىم سيرەك كەزدەسەدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءمالىم حيكىمەتىندە شايتان ولاردىڭ سانالارىنا دەندەپ كىردى دە، ولاردىڭ وزدەرىن ءجايلاعان بۇل شايتاننان قۇتىلماعى تىم قيىنعا سوعىپ تۇر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ولاردىڭ كەسىرلەرىنەن ساقتاعاي، ينشاللا.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم بەرىپ، ءبىزدى دۇرىس جولدا جۇرگىزگەي، وسمانلىنىڭ جولىندا ەتكەي، ولار پايعامبارىمىزدىڭ ساف جولىمەن ءجۇرىپ كەلگەن ەدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇكىل ەل-جۇرتتى وسى جولعا باستاعاي ءارى ولارعا ونىڭ قادىرىن بىلگىزگەي، ولار ۇممەتكە پايدالى جاندارمەن بىرگە بولعاي، بوس-پايداسىز، كەسەلدى ادامداردان اۋلاق بولعاي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7297