You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7294
ӘЗІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕНІҢ ӨЛІМІ, АДАМЗАТТЫҢ ҚАЙТА ТІРІЛУІ

Алла құранда шайтанға қияметке дейін өмір бергенін айтқан еді, демек шайтан қиямет орнағанда ғана өледі, оған дейін тірі жүрер, қиямет боларда Исрафил періште сүр үрлеп, бүкіл жандының жанын, адамдардың әруақтарын сүрінің ішіне кіргізіп алады, күллі адамзат-жынзат, періштелер, Жебірейіл, Микайыл барлығы өлер, шайтан қатты қорқып, өлімнен қашады, әлемнің бар жеріне тығылып көреді, бірақ ол қайда барса да алдынан Әзірейіл періште шығар, Әзірейіл оның жанын алар, барлығы өліп, Әзірейіл өзі қалар, сол кезде Алла Әзірейіл періштеге "енді сен өл" деп әмір етеді, Әзірейіл "қалай өлем?" дер, оған "өзгенің жанын қандай аласың, өз жаныңды да солай ал" делінер, Әзірейіл періште жанын алу барысында қатты қиналып "өлімнің бұндай қиын екендігін білсем, жан алатын міндетті өзіме жүктеп алмас едім" дейді, бүкіл барлығы өледі, еш жанды қалмас, жер қатты тербеліп, жер беті жұмыртқадай тегіс болар, тек пайғамбарлармен әулиелердің тәні сол қалпы қалар, мәлім уақыт өткенде үлкен періштелер қайта тірілдірілер, 40 жыл жауын жауар, әр адамның сүйегінен қалған тозаңдай ерекше бір дән бар, осы дән бұл жаңбырдан нәр алып, одан адамдар қаулап өсе бастайды, бірақ жансыз болар, онан Исрафил періште сүрін қайта үрлегенде, оның сүрінен сансыз әруақтар шашырай атылып шығып, өздерінің бұрынғы тән иелеріне кіреді, міне осылай күллі адамзат қайта тіріледі, олар ол кезде ұйқыдан оянған күй кешіп, "не болып қалды" деп шулар, сосын бір күштің жетегімен олар Шам даласындағы қиямет алаңына жүгіреді, игілер жануарға мініп, алаңға оңай жетер, қалғандары қатты қиналып, тапталып, жәншіліп азаппен әзер жетеді, сонан сұрақ басталар, мына дүниедегі адамзат өмірі сұрақ өміріне салыстырғанда қас-қағым ғана уақыт болар, себебі сұрақ уақыты біздің жылмен есептегенде сан миллион жылға дейін созылады, ол кезде көптеген адамдар "бұл дүниеде түгі жоқ қайыршы болған болсақ, сұрақ қысқа болар еді" деп өкінеді.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

اللا قۇراندا شايتانعا قيامەتكە دەيىن ءومىر بەرگەنىن ايتقان ەدى، دەمەك شايتان قيامەت ورناعاندا عانا ولەدى، وعان دەيىن ءتىرى جۇرەر، قيامەت بولاردا يسرافيل پەرىشتە ءسۇر ۇرلەپ، بۇكىل جاندىنىڭ جانىن، ادامداردىڭ ءارۋاقتارىن ءسۇرىنىڭ ىشىنە كىرگىزىپ الادى، كۇللى ادامزات-جىنزات، پەرىشتەلەر، جەبىرەيىل، ميكايىل بارلىعى ولەر، شايتان قاتتى قورقىپ، ولىمنەن قاشادى، الەمنىڭ بار جەرىنە تىعىلىپ كورەدى، ءبىراق ول قايدا بارسا دا الدىنان ازىرەيىل پەرىشتە شىعار، ازىرەيىل ونىڭ جانىن الار، بارلىعى ءولىپ، ازىرەيىل ءوزى قالار، سول كەزدە اللا ازىرەيىل پەرىشتەگە "ەندى سەن ءول" دەپ ءامىر ەتەدى، ازىرەيىل "قالاي ولەم؟" دەر، وعان "وزگەنىڭ جانىن قانداي الاسىڭ، ءوز جانىڭدى دا سولاي ال" دەلىنەر، ازىرەيىل پەرىشتە جانىن الۋ بارىسىندا قاتتى قينالىپ "ءولىمنىڭ بۇنداي قيىن ەكەندىگىن بىلسەم، جان الاتىن مىندەتتى وزىمە جۇكتەپ الماس ەدىم" دەيدى، بۇكىل بارلىعى ولەدى، ەش جاندى قالماس، جەر قاتتى تەربەلىپ، جەر بەتى جۇمىرتقاداي تەگىس بولار، تەك پايعامبارلارمەن اۋليەلەردىڭ ءتانى سول قالپى قالار، ءمالىم ۋاقىت وتكەندە ۇلكەن پەرىشتەلەر قايتا تىرىلدىرىلەر، 40 جىل جاۋىن جاۋار، ءار ادامنىڭ سۇيەگىنەن قالعان توزاڭداي ەرەكشە ءبىر ءدان بار، وسى ءدان بۇل جاڭبىردان ءنار الىپ، ودان ادامدار قاۋلاپ وسە باستايدى، ءبىراق جانسىز بولار، ونان يسرافيل پەرىشتە ءسۇرىن قايتا ۇرلەگەندە، ونىڭ سۇرىنەن سانسىز ءارۋاقتار شاشىراي اتىلىپ شىعىپ، وزدەرىنىڭ بۇرىنعى ءتان يەلەرىنە كىرەدى، مىنە وسىلاي كۇللى ادامزات قايتا تىرىلەدى، ولار ول كەزدە ۇيقىدان ويانعان كۇي كەشىپ، "نە بولىپ قالدى" دەپ شۋلار، سوسىن ءبىر كۇشتىڭ جەتەگىمەن ولار شام دالاسىنداعى قيامەت الاڭىنا جۇگىرەدى، يگىلەر جانۋارعا ءمىنىپ، الاڭعا وڭاي جەتەر، قالعاندارى قاتتى قينالىپ، تاپتالىپ، ءجانشىلىپ ازاپپەن ازەر جەتەدى، سونان سۇراق باستالار، مىنا دۇنيەدەگى ادامزات ءومىرى سۇراق ومىرىنە سالىستىرعاندا قاس-قاعىم عانا ۋاقىت بولار، سەبەبى سۇراق ۋاقىتى ءبىزدىڭ جىلمەن ەسەپتەگەندە سان ميلليون جىلعا دەيىن سوزىلادى، ول كەزدە كوپتەگەن ادامدار "بۇل دۇنيەدە تۇگى جوق قايىرشى بولعان بولساق، سۇراق قىسقا بولار ەدى" دەپ وكىنەدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #islam #шәриғат #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #sufi #мұхаммад #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7294