You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7251
Сұхбат: дүние тұрағыңды иманмен нұрландырып, ақиретіңді гүлдендір (2023.11.20 / 1445-хижри 08-Жұмада әл-Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Алла Әззә уә-Жәллә «о иман келтіргендер, шыншыл және жақсы адамдармен бірге болыңдар» деп айтуда, міне бұл Оның әмірі-дүр, жаман, қыңыр, бұзық адамдардан аулақ болу керек, олардан игілік келмес, тек залал келер, еш жақсылық келмес, сонымен бірге олардың кесір-кесапаттары жұғымтал келеді, демек жамандықтары адамнан-адамға жұғады.

Біз қазір ақырзаманда өмір сүріп жатқандықтан, осы тақырыпты көп қайталап келеміз, себебі қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен барлық белгілер бір-бірден шығуда, тіпті ең кішкене деталдарына дейін белең беріп көрінуде. Осы кездегі ең бір сорақы іс бар, демек қазір адамдар бірін-бірі қатты алдайтын болған әрі сүйте тұра олар «жақсы іс істеп жатырмыз, жақсы адамдарға еріп жүрміз» деп ойлар, олар ел-жұртты алдап, жаманды жақсы, ал жақсыны жаман етіп көрсетеді, оларды екі жақтан бірдей алдап соғуда яғни адамдар әрі алданды әрі оларға жамандық жақсылық есебінде көрсетілді.

Мәселен, базарға барсаңыз да, ондағылар жақсы көгеністері ең үстіне қойып, бұзылғандарын астына қойып сатады, ал адамдар бұған ренжиді, тіпті сол себепті олар таласып айтысады, алмай кетеді, бірақ бұндай сыртқы мәселелер маңызды емес, олар тәнге қатысты тамақ тақырыптары ғана, онша маңызды емес, алайда манағы айтылған алдамшы суайыттар расында ең залалды болған кесірлі адамдар болмақ, олардың зияны адамдарға күндіз-түні үзілместен тиіп отырады.

Көп жұрт «біз ең ақылдымыз, оқығанбыз, білімдіміз, өте зерекпіз, біз университет студенттеріміз, әкедемикпіз я бәленбей маңызды біреулерміз» деп ойлар, бірақ ақиқатында кішкене балалар, бастауыш және толықсыз орта мектеп оқушылары оларға қарағанда көп ақылды, көп есті келер, оқушылар ең кемінде кінәсіз, ойлары тұнық болады, олар жақсырақ біледі, алайда олар ержеткенде шайтан оларға қарғып мінеді де, содан бастап олар ақыл-естерінен айырыла бастайды, ақылын жоғалтады, онан соң олар «бізден ақылды жан жоқ, бұл істі бізден артық білетін және түсінетін кісі жоқ» деп ойлай бастайтын болады, ессіздіке түсіп кетеді, бірақ шындығында шайтан олардың мойындарына бұғау салып, аяқтарын салбыратып қойған еді, қысқасы бұл жастар университеттен бастап ластанып, ақылдарынан айырыла бастайды, шайтан оларды оң жағынан ұрып, сол жаққа, сол жағынан ұрып, оң жаққа қалағанынша алып жүре берер, ол оларды қалай ойнатқысы келсе, солай ойнатар, қалағанынша адастыра берер.

Олар өздерін ақылды санайды әрі оны менмендікпен өркөкіректене айтар, «мен университет бітірген оқушымын, бұл ақымақтар бастауышты ғана бітірген, олар мендей ақылды емес, олар бес уақ намаз оқып, өздерін әр күні қинайды, ораза ұстап ашырқайды, елге ақшаларын (зекет-садақа) босқа беріп жүр» дер, міне осылай олар өздерін ақылды-зерек жандар санайды, алайда шын ақылдылар олардың «надан» деп атаған адамдары еді, себебі олар ақиретін жасауда әрі олардың дүние ісі де өз ыңғайымен жақсы кетіп бара жатыр, алайда ең маңыздысы олардың ақиреті болмақ.

Қазіргі кезде осындай надан адамдар жыл сайын еселеніп көбейіп, молынан пайда болып жатқандықтан, тіпті де көптеген адамдар адасуда, жамандықты, кесірді, у-заһарды, түрлі-түрлі харам істерді жақсы көретін адамдар күн санап артуда, олардың саны барған сайын көбейіп жатыр, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай. Біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, олардың кесір-кесапаттары тым үлкен, Алла Жәллә Жәләлуху олардың кесірлерінен сақтағай, балалар оларға мойын ұсынғандардан болмағай.

Мәселе санда емес, бүкіл адамзат жиналып, Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы болсын, адамзатты қоя тұралық, бүкіл дүние, күллі әлем Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы келсін, зәредей залал қыла алмас, бүкіл дүние мына әлемнің ішінде бір тозаңдай да болмас, ол өте кішкене, тым болмысыз, бірақ осылай бола тұра олар астамшылдықпен Алла Жәллә Жәләлухуды «жекпе-жекке» шақыруда, адамдар ғана емес, бүкіл дүние, бүкіл ғаламның ішіндегілер түгел жиналса да Алла Әззә уә-Жәлләның құдіретінің алдында ештеңе де болмас! олар тіпті нөл де бола алмайды, сондықтан ақылды адамдар Алла Жәллә Жәләлухуға бойұсынады, Оған иіледі, бас қойып сәжде етеді, ал қалғандары мейлі кім болса сол болсын алдына сәжде етуге де, иілуге де жарамайтын қораштар болмақ, Алла Жәллә Жәләлухудың жолында жүргендерге иіл, олардың жолы адамзатқа да, мұсылмандарға да қайырлы, демек баршаңызға қайырлы, Алла Жәллә Жәләлухудың жолы тым қайырлы бір жол-дүр.

Алла Әззә уә-Жәллә «وَلَدَارُ ٱلْـَٔاخِرَةِ خَيْ» (ақиреттегі үй жақсырақ) (құран 16:30) дейді, ақиреттің үйі жақсы, бұл дүниенің үйі уақытша ғана, ал сіз оны да гүлдендіре білуіңіз керек, жұрт «мекеніміз дүниеде, иманымыз ақиретте» дер, демек осы дүниедегі мекен-тұрағыңызды иман және исламмен нұрландырыңыз, оны осылай гүлдендіріңіз, сонда ақиретіңіз де гүлденген ақирет болады, міне осылай!

Біз кейде кейбір адамдар өздерінің Алла Жәллә Жәләлуху жолында жүргенін айтудан тартынып, ұялатынын көріп қаламыз, бұған неге ұялу керек? ұялып қиналуға лайықтылар Алла Жәллә Жәләлухудың жолында жүрмегендермен шайтанның артынан жүгіріп жүргендер болмақ, оған ергендердің дүниеде абыройы түседі, еш пайда таппас, бар тапқаны тек жоғалтулар ғана болмақ. Адамдар осыны біле тұра алданады, ал алданған адам рухани кемістігі бар адам есептелінеді, демек ақымақтар ғана алданады, ақылдылар ойлана білуі керек, егер ойлана білсе, Алла Жәллә Жәләлуху оларға сөзсіз түрде жардем береді әрі оларға хақтың жолын көрсетеді, міне осылай олар тура жолға түсер, Алла Жәллә Жәләлуху ел-жұртқа, жастарға тура жолды көрсеткей.

Жастар ешкімді жақсы көрмейді яғни олар өздерінен басқа ешкім ұнатпайтындықтан, олар көптеген жоғалтулармен зияндарға ұшырайды, Алла Жәллә Жәләлуху оларды панасына алғай, жастардың бастан кешіріп, тәжірибе жинауға тиісті істері де бар, егер Алла Жәллә Жәләлуху оларға ұзақ өмір берсе, кейін олар көріп, ой жүгіртіп қарар да, көбі істегендеріне өкінер, иншалла, олар өкініп, тәубе еткей әрі тура жолға түскей, иншалла, Алла баршамызды панасына алғай, шайтанның кесір-кесапаттарынан сақтағай.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw





سۇحبات: دۇنيە تۇراعىڭدى يمانمەن نۇرلاندىرىپ، اقيرەتىڭدى گۇلدەندىر (2023.11.20 / 1445-حيجري 08-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «و يمان كەلتىرگەندەر، شىنشىل جانە جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولىڭدار» دەپ ايتۋدا، مىنە بۇل ونىڭ ءامىرى-ءدۇر، جامان، قىڭىر، بۇزىق ادامداردان اۋلاق بولۋ كەرەك، ولاردان يگىلىك كەلمەس، تەك زالال كەلەر، ەش جاقسىلىق كەلمەس، سونىمەن بىرگە ولاردىڭ كەسىر-كەساپاتتارى جۇعىمتال كەلەدى، دەمەك جاماندىقتارى ادامنان-ادامعا جۇعادى.

ءبىز ءقازىر اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىقتان، وسى تاقىرىپتى كوپ قايتالاپ كەلەمىز، سەبەبى قاسيەتتى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن بارلىق بەلگىلەر ءبىر-بىردەن شىعۋدا، ءتىپتى ەڭ كىشكەنە دەتالدارىنا دەيىن بەلەڭ بەرىپ كورىنۋدە. وسى كەزدەگى ەڭ ءبىر سوراقى ءىس بار، دەمەك ءقازىر ادامدار ءبىرىن-ءبىرى قاتتى الدايتىن بولعان ءارى سۇيتە تۇرا ولار «جاقسى ءىس ىستەپ جاتىرمىز، جاقسى ادامدارعا ەرىپ ءجۇرمىز» دەپ ويلار، ولار ەل-جۇرتتى الداپ، جاماندى جاقسى، ال جاقسىنى جامان ەتىپ كورسەتەدى، ولاردى ەكى جاقتان بىردەي الداپ سوعۋدا ياعني ادامدار ءارى الداندى ءارى ولارعا جاماندىق جاقسىلىق ەسەبىندە كورسەتىلدى.

ماسەلەن، بازارعا بارساڭىز دا، ونداعىلار جاقسى كوگەنىستەرى ەڭ ۇستىنە قويىپ، بۇزىلعاندارىن استىنا قويىپ ساتادى، ال ادامدار بۇعان رەنجيدى، ءتىپتى سول سەبەپتى ولار تالاسىپ ايتىسادى، الماي كەتەدى، ءبىراق بۇنداي سىرتقى ماسەلەلەر ماڭىزدى ەمەس، ولار تانگە قاتىستى تاماق تاقىرىپتارى عانا، ونشا ماڭىزدى ەمەس، الايدا ماناعى ايتىلعان الدامشى سۋايىتتار راسىندا ەڭ زالالدى بولعان كەسىرلى ادامدار بولماق، ولاردىڭ زيانى ادامدارعا كۇندىز-ءتۇنى ۇزىلمەستەن ءتيىپ وتىرادى.

كوپ جۇرت «ءبىز ەڭ اقىلدىمىز، وقىعانبىز، ءبىلىمدىمىز، وتە زەرەكپىز، ءبىز ۋنيۆەرسيتەت ستۋدەنتتەرىمىز، اكەدەميكپىز يا بالەنبەي ماڭىزدى بىرەۋلەرمىز» دەپ ويلار، ءبىراق اقيقاتىندا كىشكەنە بالالار، باستاۋىش جانە تولىقسىز ورتا مەكتەپ وقۋشىلارى ولارعا قاراعاندا كوپ اقىلدى، كوپ ەستى كەلەر، وقۋشىلار ەڭ كەمىندە كىناسىز، ويلارى تۇنىق بولادى، ولار جاقسىراق بىلەدى، الايدا ولار ەرجەتكەندە شايتان ولارعا قارعىپ مىنەدى دە، سودان باستاپ ولار اقىل-ەستەرىنەن ايىرىلا باستايدى، اقىلىن جوعالتادى، ونان سوڭ ولار «بىزدەن اقىلدى جان جوق، بۇل ءىستى بىزدەن ارتىق بىلەتىن جانە تۇسىنەتىن كىسى جوق» دەپ ويلاي باستايتىن بولادى، ەسسىزدىكە ءتۇسىپ كەتەدى، ءبىراق شىندىعىندا شايتان ولاردىڭ مويىندارىنا بۇعاۋ سالىپ، اياقتارىن سالبىراتىپ قويعان ەدى، قىسقاسى بۇل جاستار ۋنيۆەرسيتەتتەن باستاپ لاستانىپ، اقىلدارىنان ايىرىلا باستايدى، شايتان ولاردى وڭ جاعىنان ۇرىپ، سول جاققا، سول جاعىنان ۇرىپ، وڭ جاققا قالاعانىنشا الىپ جۇرە بەرەر، ول ولاردى قالاي ويناتقىسى كەلسە، سولاي ويناتار، قالاعانىنشا اداستىرا بەرەر.

ولار وزدەرىن اقىلدى سانايدى ءارى ونى مەنمەندىكپەن وركوكىرەكتەنە ايتار، «مەن ۋنيۆەرسيتەت بىتىرگەن وقۋشىمىن، بۇل اقىماقتار باستاۋىشتى عانا بىتىرگەن، ولار مەندەي اقىلدى ەمەس، ولار بەس ۋاق ناماز وقىپ، وزدەرىن ءار كۇنى قينايدى، ورازا ۇستاپ اشىرقايدى، ەلگە اقشالارىن (زەكەت-ساداقا) بوسقا بەرىپ ءجۇر» دەر، مىنە وسىلاي ولار وزدەرىن اقىلدى-زەرەك جاندار سانايدى، الايدا شىن اقىلدىلار ولاردىڭ «نادان» دەپ اتاعان ادامدارى ەدى، سەبەبى ولار اقيرەتىن جاساۋدا ءارى ولاردىڭ دۇنيە ءىسى دە ءوز ىڭعايىمەن جاقسى كەتىپ بارا جاتىر، الايدا ەڭ ماڭىزدىسى ولاردىڭ اقيرەتى بولماق.

قازىرگى كەزدە وسىنداي نادان ادامدار جىل سايىن ەسەلەنىپ كوبەيىپ، مولىنان پايدا بولىپ جاتقاندىقتان، ءتىپتى دە كوپتەگەن ادامدار اداسۋدا، جاماندىقتى، كەسىردى، ۋ-زاھاردى، ءتۇرلى-ءتۇرلى حارام ىستەردى جاقسى كورەتىن ادامدار كۇن ساناپ ارتۋدا، ولاردىڭ سانى بارعان سايىن كوبەيىپ جاتىر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي. ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ولاردىڭ كەسىر-كەساپاتتارى تىم ۇلكەن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ كەسىرلەرىنەن ساقتاعاي، بالالار ولارعا مويىن ۇسىنعانداردان بولماعاي.

ماسەلە ساندا ەمەس، بۇكىل ادامزات جينالىپ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى بولسىن، ادامزاتتى قويا تۇرالىق، بۇكىل دۇنيە، كۇللى الەم اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى كەلسىن، زارەدەي زالال قىلا الماس، بۇكىل دۇنيە مىنا الەمنىڭ ىشىندە ءبىر توزاڭداي دا بولماس، ول وتە كىشكەنە، تىم بولمىسىز، ءبىراق وسىلاي بولا تۇرا ولار استامشىلدىقپەن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى «جەكپە-جەككە» شاقىرۋدا، ادامدار عانا ەمەس، بۇكىل دۇنيە، بۇكىل عالامنىڭ ىشىندەگىلەر تۇگەل جينالسا دا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇدىرەتىنىڭ الدىندا ەشتەڭە دە بولماس! ولار ءتىپتى ءنول دە بولا المايدى، سوندىقتان اقىلدى ادامدار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا بويۇسىنادى، وعان يىلەدى، باس قويىپ ساجدە ەتەدى، ال قالعاندارى مەيلى كىم بولسا سول بولسىن الدىنا ساجدە ەتۋگە دە، يىلۋگە دە جارامايتىن قوراشتار بولماق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا جۇرگەندەرگە ءيىل، ولاردىڭ جولى ادامزاتقا دا، مۇسىلماندارعا دا قايىرلى، دەمەك بارشاڭىزعا قايىرلى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولى تىم قايىرلى ءبىر جول-ءدۇر.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «وَلَدَارُ ٱلْـَٔاخِرَةِ خَيْ» (اقيرەتتەگى ءۇي جاقسىراق) (قۇران 16:30) دەيدى، اقيرەتتىڭ ءۇيى جاقسى، بۇل دۇنيەنىڭ ءۇيى ۋاقىتشا عانا، ال ءسىز ونى دا گۇلدەندىرە ءبىلۋىڭىز كەرەك، جۇرت «مەكەنىمىز دۇنيەدە، يمانىمىز اقيرەتتە» دەر، دەمەك وسى دۇنيەدەگى مەكەن-تۇراعىڭىزدى يمان جانە يسلاممەن نۇرلاندىرىڭىز، ونى وسىلاي گۇلدەندىرىڭىز، سوندا اقيرەتىڭىز دە گۇلدەنگەن اقيرەت بولادى، مىنە وسىلاي!

ءبىز كەيدە كەيبىر ادامدار وزدەرىنىڭ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جولىندا جۇرگەنىن ايتۋدان تارتىنىپ، ۇيالاتىنىن كورىپ قالامىز، بۇعان نەگە ۇيالۋ كەرەك؟ ۇيالىپ قينالۋعا لايىقتىلار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا جۇرمەگەندەرمەن شايتاننىڭ ارتىنان جۇگىرىپ جۇرگەندەر بولماق، وعان ەرگەندەردىڭ دۇنيەدە ابىرويى تۇسەدى، ەش پايدا تاپپاس، بار تاپقانى تەك جوعالتۋلار عانا بولماق. ادامدار وسىنى بىلە تۇرا الدانادى، ال الدانعان ادام رۋحاني كەمىستىگى بار ادام ەسەپتەلىنەدى، دەمەك اقىماقتار عانا الدانادى، اقىلدىلار ويلانا ءبىلۋى كەرەك، ەگەر ويلانا بىلسە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا ءسوزسىز تۇردە جاردەم بەرەدى ءارى ولارعا حاقتىڭ جولىن كورسەتەدى، مىنە وسىلاي ولار تۋرا جولعا تۇسەر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ەل-جۇرتقا، جاستارعا تۋرا جولدى كورسەتكەي.

جاستار ەشكىمدى جاقسى كورمەيدى ياعني ولار وزدەرىنەن باسقا ەشكىم ۇناتپايتىندىقتان، ولار كوپتەگەن جوعالتۋلارمەن زياندارعا ۇشىرايدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى پاناسىنا العاي، جاستاردىڭ باستان كەشىرىپ، تاجىريبە جيناۋعا ءتيىستى ىستەرى دە بار، ەگەر اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا ۇزاق ءومىر بەرسە، كەيىن ولار كورىپ، وي جۇگىرتىپ قارار دا، كوبى ىستەگەندەرىنە وكىنەر، ينشاللا، ولار وكىنىپ، تاۋبە ەتكەي ءارى تۋرا جولعا تۇسكەي، ينشاللا، اللا بارشامىزدى پاناسىنا العاي، شايتاننىڭ كەسىر-كەساپاتتارىنان ساقتاعاي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7251