You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7241
Сұхбат: мұсылмандар есін жию керек (2023.11.12 / 1445-хижри 28-Рабиул Ахир)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Алла Әззә уә-Жәллә «егер сендер Алла Жәллә Жәләлухуға жәрдем етсеңдер, Ол саған жәрдем беретін болады» дейді, сонда сіз бекем әрі баянды боласыз, демек сіз иманмен бекемделіп, баяндылыққа жетесіз, Алла Әззә уә-Жәллә міне осылай дер, шүкір-Алла, біз қиыр шығыста бір ай сапарда болдық, онда жүргенде әр күні «бәлен жерде исламмен ислам дұшпандарының арасында соғыс болып жатыр» деген хабарлар келіп жатты, бірақ бұл соғыс жаңа соғыс емес, ол жүз жыл, тіпті мың жылдан бері болып келе жатқан соғыс емеспе! әйтеу жер бетінде күпірлік болады екен, соғыс ешқашан бітпек емес, ал бұнда сіз үшін маңыздысы қай жақтың майданында тұруыңыз болмақ.

Жүз жылдың алдында, бақытсыздыққа орай, бұл соғыс ислам халифасы болған Османлы Халифаты қазіргі Газа (Ғаза) қаласында болған кезде-ақ басталып кеткен еді, ол кезде Османлы әскерлері кәпірлермен соғысып жатса, Газадағы мұсылмандар Османлыға болысудың орнына кәпірлермен бірлесіп, Османлы әскерлеріне шабуыл жасайды, олар «біз сендерді (Османлыны) керек еткіміз келмейді, біз бұл жерді өз меңгеруімізге аламыз, себебі бұл жер Араптардың жері, біз сендермен соғысамыз» деп айғай-сүрен салған еді. Біздің үлкен баба шайық піріміз Мәуләнә Шайық Абдулла әд-Дағыстани хазірет (нақышбанд алтын тізбек шежіресінің 39-әулие пірі) жас кезінде (Османлы әскері қатарында) қазіргі Газада зұлымдық істемекке келген Ағылшындарға қарсы үш ай соғысқа қатысқан болатын, ол Ағылшындарға қарсы соғысқа барған, бірақ оларға Османлыдан «шегініңдер» деген бұйырық келеді, онсызда Газадағылар оларға көп сатқындық істейді, әр жері сатқындарға толы еді, онан соң баба шайық хазіреттер Иерусалмге келіп, онда 6 ай тұрады, артынша олар ол арадан да кетеді, міне қараңыз, бұл Газа соғысы ешқандай жаңа соғыс емес. Мұсылмандар Алла Жәллә Жәләлухуға сүйенбейтін әрі Алла Жәллә Жәләлухуға жәрдем бермейтін біреулер болып кетті, керісінше, олар өзге адамдарға (кәпірлерге) маңыздылық беретін болып алды, олар «өзгелерге жәрдем беріп, құтылып кетеміз» деп ойлап қалды, ал олардың бұл «тәтті» қиялының нәтижесі қазір бұнда көз алдарында көрініп-ақ тұр, егер Османлы Газада тұрса, кім ондағы мұсылмандарға батына алар еді? кім оларға қазіргіндей асқан зұлымдық істей алар еді?

Біз Алла Жәллә Жәләлухуға дұға жасап, оларды қорғауын сұрауымыз керек, олар біздің бауырлар, мұсылмандар бір-біріне бауыр, тіпті мұсылман болмаса да, «адамгершілік» деген нәрсе бар, ал онда (Газада) істелініп жатқан істердің адамгершілікпен титтей де, тозаңдай да байланысы жоқ, біздің мұсылман жұртының ұдайы «батыс, батыс, батыс!» деп артынан шауып, айғайлап жүретін бір қылығы бар, ал сіз осы батыста біреуге бір шапалақ ұрсаңыз, олар сізді дереу «терорист» немесе «мөралсіз адам» қатарына кіргізе салады, Мәуләнә хазіреттің айтқанындай бүкіл былықты жасап отырған батыс «төменге құлауы керек», онда онмыңдаған сәбилер, балалар, әйелдер өліп жатыр, ал батыс болса қолынан келетін бар сұмдықты істеп, аман қалғандарының да біртіндеп кейін өліп кетуін қалауда яғни олар ондағыларға су да бермей жатыр және ондағыларды улауын да тоқтатқан жоқ, демек олар қолынан келетін бар сұмдықтарын істеуде, біз мұсылмандар оянуымыз керек, біз адам болу дегеніміз «батыспен бірге болу» деген сөз еместігін білуіміз керек.

Адамдарда рахым-мейірім болуы тиіс, Алла Әззә уә-Жәллә адамдарды мейірімді болуға жаратқан, ал олардан мейірім кетсе, олар жабайы хайуаннан бетер жауыз сұрқия болмақ, жабайы хайуандар ашыққан кезде ғана өзгеге шабуыл жасап, оны өлтіреді, егер олар қуған нәрсесіне жете алмаса, өз жәйына кетер, бірақ адам баласы бұндай емес, олар оны өз жәйына қалдырмайды, олар оны түгетпейінше немесе оған бір залал әкелмейінше тоқтамайды.

Сондықтан мұсылмандар осыны білсін, онсызда білер, әр адам бұдан ғибырат сабақ алуы керек, бірақ сонда да көптеген адамдар батыстың артынан жүгіріп жүр, олар «батыс бізге бұны істеп береді, батыс бізді жақсы көреді» деген есек дәмеде жүр, олар сіздерді қайдан ұнатсын! олар тіпті бастарыңызға киген фезді (қызыл тақияны) көрсе, жек көріп шыдай алмайтын батыс емеспе еді! кейде біздің адамдар жәй ел сүйгіштік көрсетіп, киноларында өздерінің фезін киіп, Стамбулды суреттесе, батыстықтар шулап бұрқылдайды, қатты жәйсызданады, Алла, Алла! олар «олар неге тақия киеді! біз оны ұнатып тұр дейсіңдер ме?» деп, тақияға ашуланады, олар осы кішкене іске сонша бүлінер, ал басқасының несін сұрарсың.

Алла Жәллә Жәләлуху адамдарды ақылдан кенде етпегей, қазір ақылы бар адамдар өте-өте аз, бүкіл жер жүзі ақымақтарға сіресе толып тұр, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, бізге қазір керекті шарт сол, адамдар ойлана білуі керек, мұсылмандар да ақымаққа айналып, бізге жамандық істейтіндерді артық көретін болды, демек олар жамандықты жақсылық санап, кесірді әспеттейтін болды, жаман істер қарамаққа жақсы көрінер, бірақ осыбір кесірлі істің ең үлкені Османлыны аударып жіберу еді, олар «Османлының кетуі ең қабыл етілген, ең маңызды іс» деп ойлайды, алайда адамдар сәл ойланып, ақылын істете білесе, олар көп жәйді түсінер еді, сонымен бірге олар барлық адамдарды алдап жатыр, ал біздің бұндағы ең ұнатпағанмыз, өздерін мұсылман атағанымен осыбір жамандықтарды көріп, тани білмейтін адамдардың ісі болмақ, олар - көр соқырлар, олар өз мұсылмандарына болып жатқан соншама жамандықтарды көрмейді, бірақ сол жамандықтарды істеп жатқандарға қол соғып, соларды қолдайды, мұсылмандарға жамандық істеп жатқандар ашық көрініп-ақ тұр, істегендері анық, олар бала-шаға демей, дүниенің көз алдында бүкіл жамандықты істеп жатыр, ал адамдар бұған ашуланып ренжуде, егер сіз ашулансаңыз, онда ең кемінде олардың осыбір жаман істерін қабыл етпеңіз де, «біз бұны қабыл етпейміз» деп айтыңыз, біз Алла Жәллә Жәләлуху қабыл етпейтін істерді қабыл етпейміз, демек Алла Әззә уә-Жәллә қабыл етпейтін әрқандай істі біз де қабыл қылмаймыз, бірақ біз ештеңе істей алмаймыз, Алла Жәллә Жәләлуху барлық істер үшін белгілі уақыт сағатын белгілеп қойған, осы уақыты келгенде Алла Жәллә Жәләлухудың рұхсатында бүкіл дүние тыныштыққа жететін болады.

Қазір болып жатқан зұлымдықтар жалғаса берер, демек зұлымдық тоқтамайды, онда ол қашан тоқтамақ? ол ислам бүкіл жер жүзіне тараған кезде ғана тоқтайды әрі бұл уақыт таяу тұр, барлығының жетер ең соңғы ақыры бар, ал осы болып жатқан жағдайлардың да ақыры жақын, иншалла, себебі адамдар бұндай сұмдықты көріп көрген жоқ, тіпті олар көрсе де, оның жамандық екендігін біледі, бірақ қазір олар «жаманды жақсы» деп ойлар, тіпті олар оған шапалақ соғып, оны қуана-қуана қолдайтын болды, ал біз Алла Жәллә Жәләлухудан ақыл және түсінік беруін сұраймыз, басқа сөзіміз жоқ.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам Таифтан қайтқанда, адамдар оған тас атып, оны ұрған еді, сол кезде Жебірейіл әлейхис-салам келіп, «мен оларды қанатыммен басып, лезде күл-талқанын етейін» дейді, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам болса, «жоқ, менің қауымым әлі ештеңе білмейді, олар өз ақылдарына әлі келмеді, иншалла, олар кейін білетін болады, олар ақылына келгенше, осындай кесірлі істер болып тұрады» деп айтады. Біз Алла Жәллә Жәләлухудың бізге жәрдем беруін сұраймыз, басқа сұрарымыз жоқ, Алла Жәллә Жәләлуху біздің адамдарға және мұсылман болып өмір сүріп жүргендерге ақылмен түсінік бергей, себебі олар өзгелердің (батыстың, кәпірлердің) қолындағы ойыншыққа айналып қалды, оларға жамандық жақсылық, ал жамандық жақсылық ретінде көрсетіліп қойды.

Алла Әззә уә-Жәллә адам баласына ақылмен түсінік бергей, олар ессіз түрде асыға жүгіре бермей, естерін жиып ненің жақсы, ненің жаман екендігіне қарауы керек, асықпаңыз, кім көрінгеннің артынан жүгірмеңіз, адамның барлығы бірдей таза ықласты, кіршіксіз бола бермес, таза ықласты адамдар өте аз, адамдардың «мыңнан бірі» демей-ақ қоялық, он-мыңнан бірі, тіпті жүз-мыңнан бірі осындай игі жандардан болса өте жақсы болар еді.

Жақыннан бері яғни 15-20 жылдан бері интернет кең тарай бастады, хабар осы интернеттен алынатын әрі жұрт оған сенетұғын, бірақ қазір адамдар интернеттегі хабарға көп сенбейтін болды, бірақ интернет адамдардың кейбір мақсаттарына жұмыс жасайтындықтан, кейбіреулер оны қабыл етіп, оған сенеді, алайда интернеттегі нәрселерге сенбеңіз, Алла Жәллә Жәләлуху сізге ақылмен түсінік берген, асықпаңыз, тұра жүгіре кетпеңіз, егер асығар болсаңыз, жақсы іске асығыңыз, намазға, оразаға, зекер төлеуге, садаға беруге асығыңыз, егер үйлену ісі болса, соған асығыңыз, үйленіңіз, қажылыққа да асығыңыз, сіз асығуға тиісті істер міне осылар, осыларға асығыңыз, себебі сіз өліміңіздің қашан келетінін білмейсіз, басқа істерден бұрын осыбір жақсы амалдарды және Алла Жәллә Жәләлухудың әмірлерін орындаңыз, әйтпесе кейін бос істердің артынан жүгіріп асыққаныңыз үшін өкінетін боласыз, алайда Алла Жәллә Жәләлуху әмір еткен істерде еш өкініш болмайды, бірақ адамдардың бұл хақында өкінер түрі жоқ, бір сұмдығы сол, олар Алла ісінен басқа бос істерге ұдайы өкінгіш келеді.

Қазір біз не үшін бұны айтып отырмыз? себебі қазір топ-топ жүрген алдамшы-суайыттар (шарлатандар) бар, біз өмір сүріп отырған бұл ақырзаманда қай жағынан, қай саладан алып қараса да алдамшыларға толған, олар адамдарды бірдеңеге асықтырып, олардың ақшасын ұрлау үшін «бұнда қаржы салсаң, бәлен ақша табасың; бұнда келмесең, түгілен болады» деген сияқты сөздерді айтып алдайды, осындай нәрселер де бар, сондықтан біз асықпауымыз керек, айтып өткеніміздей Алла Әззә уә-Жәлләның әміріне асығыңыздар, Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем бергей, осыбір әдемі істерде көмек еткей, жәрдем бергей, иншалла. Дүние ісіне мүлдем асықпаңыз, себебі дүние ісі сізге келеді, олар міндетті түрде айналып келеді, оған асығу қажетсіз, мейлі оған асығарсыз я асықпассыз, олар келеді, ал олар келмейтін нәрсе болса, оны қуалап, сонша асықсаңыз да, бәрібір ол сізге келмейді, оған ешқашан жете алмайсыз.

Міне бұлар дін исламмен біздің сопылық тәриқаттың әмірлерінен, әркімге ілесе беру қателік-дүр, Алла Жәллә Жәләлуху ақырзаманның адамдарына жәрдем бергей, адамдарға барлық жағынан шабуыл соғыстар басталып кетті, соғыс тек қана мылтық және бомбамен ғана болмас, олар адамдардың ми-саналарына онан арман сұрқия бомбаларды тастауда, бұндай қарулар адамдардың имандарынан түк қалтырған жоқ, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, бұлар оқпен бомбадан да орасан хауіпті, оқ тиіп өлсеңіз, шәхит боларсыз, бомбада солай, әйтеу ақиретіңізді құтқарып қалдыңыз, бірақ Алла Жәллә Жәләлуху санаға атылған оқпен тасталған бомбадан сақтағай, демек бұл жағдайдың ішіне түсіп кетсеңіз, ақырыңыз жақсы болмайды, егер сіз олардың нысанасына ілініп, сізді атып жықса немесе сіз соны қаласаңыз, ақырыңыз қайырлы болмас.

Алла Жәллә Жәләлуху бізді шайтанның кесірлерінен сақтағай, әсіресе адамдардың (адам шайтандардың) кесірінен қорғағай, себебі адамдар шайтаннан да бетер сұрқия болып кетті, шайтан Алла Әззә уә-Жәлләға өз кезінде «неге олардың жараттың? олар менен де бұзық қой» деген еді, адам баласы расында солай, біз Алла Жәллә Жәләлухудың бізге жәрдемдесуын сұраймыз, бұдан басқа сұрарымыз жоқ.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw


سۇحبات: مۇسىلماندار ەسىن جيۋ كەرەك (2023.11.12 / 1445-حيجري 28-رابيۋل احير)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «ەگەر سەندەر اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا جاردەم ەتسەڭدەر، ول ساعان جاردەم بەرەتىن بولادى» دەيدى، سوندا ءسىز بەكەم ءارى باياندى بولاسىز، دەمەك ءسىز يمانمەن بەكەمدەلىپ، باياندىلىققا جەتەسىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىنە وسىلاي دەر، شۇكىر-اللا، ءبىز قيىر شىعىستا ءبىر اي ساپاردا بولدىق، وندا جۇرگەندە ءار كۇنى «بالەن جەردە يسلاممەن يسلام دۇشپاندارىنىڭ اراسىندا سوعىس بولىپ جاتىر» دەگەن حابارلار كەلىپ جاتتى، ءبىراق بۇل سوعىس جاڭا سوعىس ەمەس، ول ءجۇز جىل، ءتىپتى مىڭ جىلدان بەرى بولىپ كەلە جاتقان سوعىس ەمەسپە! ايتەۋ جەر بەتىندە كۇپىرلىك بولادى ەكەن، سوعىس ەشقاشان بىتپەك ەمەس، ال بۇندا ءسىز ءۇشىن ماڭىزدىسى قاي جاقتىڭ مايدانىندا تۇرۋىڭىز بولماق.

ءجۇز جىلدىڭ الدىندا، باقىتسىزدىققا وراي، بۇل سوعىس يسلام حاليفاسى بولعان وسمانلى حاليفاتى قازىرگى گازا (عازا) قالاسىندا بولعان كەزدە-اق باستالىپ كەتكەن ەدى، ول كەزدە وسمانلى اسكەرلەرى كاپىرلەرمەن سوعىسىپ جاتسا، گازاداعى مۇسىلماندار وسمانلىعا بولىسۋدىڭ ورنىنا كاپىرلەرمەن بىرلەسىپ، وسمانلى اسكەرلەرىنە شابۋىل جاسايدى، ولار «ءبىز سەندەردى (وسمانلىنى) كەرەك ەتكىمىز كەلمەيدى، ءبىز بۇل جەردى ءوز مەڭگەرۋىمىزگە الامىز، سەبەبى بۇل جەر اراپتاردىڭ جەرى، ءبىز سەندەرمەن سوعىسامىز» دەپ ايعاي-سۇرەن سالعان ەدى. ءبىزدىڭ ۇلكەن بابا شايىق ءپىرىمىز ءماۋلانا شايىق ابدۋللا ءاد-داعىستاني حازىرەت (ناقىشباند التىن تىزبەك شەجىرەسىنىڭ 39-اۋليە ءپىرى) جاس كەزىندە (وسمانلى اسكەرى قاتارىندا) قازىرگى گازادا زۇلىمدىق ىستەمەككە كەلگەن اعىلشىندارعا قارسى ءۇش اي سوعىسقا قاتىسقان بولاتىن، ول اعىلشىندارعا قارسى سوعىسقا بارعان، ءبىراق ولارعا وسمانلىدان «شەگىنىڭدەر» دەگەن بۇيىرىق كەلەدى، ونسىزدا گازاداعىلار ولارعا كوپ ساتقىندىق ىستەيدى، ءار جەرى ساتقىندارعا تولى ەدى، ونان سوڭ بابا شايىق حازىرەتتەر يەرۋسالمگە كەلىپ، وندا 6 اي تۇرادى، ارتىنشا ولار ول ارادان دا كەتەدى، مىنە قاراڭىز، بۇل گازا سوعىسى ەشقانداي جاڭا سوعىس ەمەس. مۇسىلماندار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا سۇيەنبەيتىن ءارى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا جاردەم بەرمەيتىن بىرەۋلەر بولىپ كەتتى، كەرىسىنشە، ولار وزگە ادامدارعا (كاپىرلەرگە) ماڭىزدىلىق بەرەتىن بولىپ الدى، ولار «وزگەلەرگە جاردەم بەرىپ، قۇتىلىپ كەتەمىز» دەپ ويلاپ قالدى، ال ولاردىڭ بۇل «ءتاتتى» قيالىنىڭ ناتيجەسى ءقازىر بۇندا كوز الدارىندا كورىنىپ-اق تۇر، ەگەر وسمانلى گازادا تۇرسا، كىم ونداعى مۇسىلماندارعا باتىنا الار ەدى؟ كىم ولارعا قازىرگىندەي اسقان زۇلىمدىق ىستەي الار ەدى؟

ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا دۇعا جاساپ، ولاردى قورعاۋىن سۇراۋىمىز كەرەك، ولار ءبىزدىڭ باۋىرلار، مۇسىلماندار ءبىر-بىرىنە باۋىر، ءتىپتى مۇسىلمان بولماسا دا، «ادامگەرشىلىك» دەگەن نارسە بار، ال وندا (گازادا) ىستەلىنىپ جاتقان ىستەردىڭ ادامگەرشىلىكپەن تيتتەي دە، توزاڭداي دا بايلانىسى جوق، ءبىزدىڭ مۇسىلمان جۇرتىنىڭ ۇدايى «باتىس، باتىس، باتىس!» دەپ ارتىنان شاۋىپ، ايعايلاپ جۇرەتىن ءبىر قىلىعى بار، ال ءسىز وسى باتىستا بىرەۋگە ءبىر شاپالاق ۇرساڭىز، ولار ءسىزدى دەرەۋ «تەروريست» نەمەسە «ءمورالسىز ادام» قاتارىنا كىرگىزە سالادى، ءماۋلانا حازىرەتتىڭ ايتقانىنداي بۇكىل بىلىقتى جاساپ وتىرعان باتىس «تومەنگە قۇلاۋى كەرەك»، وندا ونمىڭداعان سابيلەر، بالالار، ايەلدەر ءولىپ جاتىر، ال باتىس بولسا قولىنان كەلەتىن بار سۇمدىقتى ىستەپ، امان قالعاندارىنىڭ دا بىرتىندەپ كەيىن ءولىپ كەتۋىن قالاۋدا ياعني ولار ونداعىلارعا سۋ دا بەرمەي جاتىر جانە ونداعىلاردى ۋلاۋىن دا توقتاتقان جوق، دەمەك ولار قولىنان كەلەتىن بار سۇمدىقتارىن ىستەۋدە، ءبىز مۇسىلماندار ويانۋىمىز كەرەك، ءبىز ادام بولۋ دەگەنىمىز «باتىسپەن بىرگە بولۋ» دەگەن ءسوز ەمەستىگىن ءبىلۋىمىز كەرەك.

ادامداردا راحىم-مەيىرىم بولۋى ءتيىس، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردى مەيىرىمدى بولۋعا جاراتقان، ال ولاردان مەيىرىم كەتسە، ولار جابايى حايۋاننان بەتەر جاۋىز سۇرقيا بولماق، جابايى حايۋاندار اشىققان كەزدە عانا وزگەگە شابۋىل جاساپ، ونى ولتىرەدى، ەگەر ولار قۋعان نارسەسىنە جەتە الماسا، ءوز ءجايىنا كەتەر، ءبىراق ادام بالاسى بۇنداي ەمەس، ولار ونى ءوز ءجايىنا قالدىرمايدى، ولار ونى تۇگەتپەيىنشە نەمەسە وعان ءبىر زالال اكەلمەيىنشە توقتامايدى.

سوندىقتان مۇسىلماندار وسىنى ءبىلسىن، ونسىزدا بىلەر، ءار ادام بۇدان عيبىرات ساباق الۋى كەرەك، ءبىراق سوندا دا كوپتەگەن ادامدار باتىستىڭ ارتىنان جۇگىرىپ ءجۇر، ولار «باتىس بىزگە بۇنى ىستەپ بەرەدى، باتىس ءبىزدى جاقسى كورەدى» دەگەن ەسەك دامەدە ءجۇر، ولار سىزدەردى قايدان ۇناتسىن! ولار ءتىپتى باستارىڭىزعا كيگەن فەزدى (قىزىل تاقيانى) كورسە، جەك كورىپ شىداي المايتىن باتىس ەمەسپە ەدى! كەيدە ءبىزدىڭ ادامدار ءجاي ەل سۇيگىشتىك كورسەتىپ، كينولارىندا وزدەرىنىڭ فەزىن كيىپ، ستامبۋلدى سۋرەتتەسە، باتىستىقتار شۋلاپ بۇرقىلدايدى، قاتتى ءجايسىزدانادى، اللا، اللا! ولار «ولار نەگە تاقيا كيەدى! ءبىز ونى ۇناتىپ تۇر دەيسىڭدەر مە؟» دەپ، تاقياعا اشۋلانادى، ولار وسى كىشكەنە ىسكە سونشا بۇلىنەر، ال باسقاسىنىڭ نەسىن سۇرارسىڭ.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ادامداردى اقىلدان كەندە ەتپەگەي، ءقازىر اقىلى بار ادامدار وتە-وتە از، بۇكىل جەر ءجۇزى اقىماقتارعا سىرەسە تولىپ تۇر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، بىزگە ءقازىر كەرەكتى شارت سول، ادامدار ويلانا ءبىلۋى كەرەك، مۇسىلماندار دا اقىماققا اينالىپ، بىزگە جاماندىق ىستەيتىندەردى ارتىق كورەتىن بولدى، دەمەك ولار جاماندىقتى جاقسىلىق ساناپ، كەسىردى اسپەتتەيتىن بولدى، جامان ىستەر قاراماققا جاقسى كورىنەر، ءبىراق ءوسىبىر كەسىرلى ءىستىڭ ەڭ ۇلكەنى وسمانلىنى اۋدارىپ جىبەرۋ ەدى، ولار «وسمانلىنىڭ كەتۋى ەڭ قابىل ەتىلگەن، ەڭ ماڭىزدى ءىس» دەپ ويلايدى، الايدا ادامدار ءسال ويلانىپ، اقىلىن ىستەتە بىلەسە، ولار كوپ ءجايدى تۇسىنەر ەدى، سونىمەن بىرگە ولار بارلىق ادامداردى الداپ جاتىر، ال ءبىزدىڭ بۇنداعى ەڭ ۇناتپاعانمىز، وزدەرىن مۇسىلمان اتاعانىمەن ءوسىبىر جاماندىقتاردى كورىپ، تاني بىلمەيتىن ادامداردىڭ ءىسى بولماق، ولار - كور سوقىرلار، ولار ءوز مۇسىلماندارىنا بولىپ جاتقان سونشاما جاماندىقتاردى كورمەيدى، ءبىراق سول جاماندىقتاردى ىستەپ جاتقاندارعا قول سوعىپ، سولاردى قولدايدى، مۇسىلماندارعا جاماندىق ىستەپ جاتقاندار اشىق كورىنىپ-اق تۇر، ىستەگەندەرى انىق، ولار بالا-شاعا دەمەي، دۇنيەنىڭ كوز الدىندا بۇكىل جاماندىقتى ىستەپ جاتىر، ال ادامدار بۇعان اشۋلانىپ رەنجۋدە، ەگەر ءسىز اشۋلانساڭىز، وندا ەڭ كەمىندە ولاردىڭ ءوسىبىر جامان ىستەرىن قابىل ەتپەڭىز دە، «ءبىز بۇنى قابىل ەتپەيمىز» دەپ ايتىڭىز، ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ قابىل ەتپەيتىن ىستەردى قابىل ەتپەيمىز، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قابىل ەتپەيتىن ءارقانداي ءىستى ءبىز دە قابىل قىلمايمىز، ءبىراق ءبىز ەشتەڭە ىستەي المايمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارلىق ىستەر ءۇشىن بەلگىلى ۋاقىت ساعاتىن بەلگىلەپ قويعان، وسى ۋاقىتى كەلگەندە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ رۇحساتىندا بۇكىل دۇنيە تىنىشتىققا جەتەتىن بولادى.

ءقازىر بولىپ جاتقان زۇلىمدىقتار جالعاسا بەرەر، دەمەك زۇلىمدىق توقتامايدى، وندا ول قاشان توقتاماق؟ ول يسلام بۇكىل جەر جۇزىنە تاراعان كەزدە عانا توقتايدى ءارى بۇل ۋاقىت تاياۋ تۇر، بارلىعىنىڭ جەتەر ەڭ سوڭعى اقىرى بار، ال وسى بولىپ جاتقان جاعدايلاردىڭ دا اقىرى جاقىن، ينشاللا، سەبەبى ادامدار بۇنداي سۇمدىقتى كورىپ كورگەن جوق، ءتىپتى ولار كورسە دە، ونىڭ جاماندىق ەكەندىگىن بىلەدى، ءبىراق ءقازىر ولار «جاماندى جاقسى» دەپ ويلار، ءتىپتى ولار وعان شاپالاق سوعىپ، ونى قۋانا-قۋانا قولدايتىن بولدى، ال ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان اقىل جانە تۇسىنىك بەرۋىن سۇرايمىز، باسقا ءسوزىمىز جوق.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام تايفتان قايتقاندا، ادامدار وعان تاس اتىپ، ونى ۇرعان ەدى، سول كەزدە جەبىرەيىل الەيحيس-سالام كەلىپ، «مەن ولاردى قاناتىممەن باسىپ، لەزدە كۇل-تالقانىن ەتەيىن» دەيدى، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بولسا، «جوق، مەنىڭ قاۋىمىم ءالى ەشتەڭە بىلمەيدى، ولار ءوز اقىلدارىنا ءالى كەلمەدى، ينشاللا، ولار كەيىن بىلەتىن بولادى، ولار اقىلىنا كەلگەنشە، وسىنداي كەسىرلى ىستەر بولىپ تۇرادى» دەپ ايتادى. ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بىزگە جاردەم بەرۋىن سۇرايمىز، باسقا سۇرارىمىز جوق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدىڭ ادامدارعا جانە مۇسىلمان بولىپ ءومىر ءسۇرىپ جۇرگەندەرگە اقىلمەن تۇسىنىك بەرگەي، سەبەبى ولار وزگەلەردىڭ (باتىستىڭ، كاپىرلەردىڭ) قولىنداعى ويىنشىققا اينالىپ قالدى، ولارعا جاماندىق جاقسىلىق، ال جاماندىق جاقسىلىق رەتىندە كورسەتىلىپ قويدى.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادام بالاسىنا اقىلمەن تۇسىنىك بەرگەي، ولار ەسسىز تۇردە اسىعا جۇگىرە بەرمەي، ەستەرىن جيىپ نەنىڭ جاقسى، نەنىڭ جامان ەكەندىگىنە قاراۋى كەرەك، اسىقپاڭىز، كىم كورىنگەننىڭ ارتىنان جۇگىرمەڭىز، ادامنىڭ بارلىعى بىردەي تازا ىقلاستى، كىرشىكسىز بولا بەرمەس، تازا ىقلاستى ادامدار وتە از، ادامداردىڭ «مىڭنان ءبىرى» دەمەي-اق قويالىق، ون-مىڭنان ءبىرى، ءتىپتى ءجۇز-مىڭنان ءبىرى وسىنداي يگى جانداردان بولسا وتە جاقسى بولار ەدى.

جاقىننان بەرى ياعني 15-20 جىلدان بەرى ينتەرنەت كەڭ تاراي باستادى، حابار وسى ينتەرنەتتەن الىناتىن ءارى جۇرت وعان سەنەتۇعىن، ءبىراق ءقازىر ادامدار ينتەرنەتتەگى حابارعا كوپ سەنبەيتىن بولدى، ءبىراق ينتەرنەت ادامداردىڭ كەيبىر ماقساتتارىنا جۇمىس جاسايتىندىقتان، كەيبىرەۋلەر ونى قابىل ەتىپ، وعان سەنەدى، الايدا ينتەرنەتتەگى نارسەلەرگە سەنبەڭىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزگە اقىلمەن تۇسىنىك بەرگەن، اسىقپاڭىز، تۇرا جۇگىرە كەتپەڭىز، ەگەر اسىعار بولساڭىز، جاقسى ىسكە اسىعىڭىز، نامازعا، ورازاعا، زەكەر تولەۋگە، ساداعا بەرۋگە اسىعىڭىز، ەگەر ۇيلەنۋ ءىسى بولسا، سوعان اسىعىڭىز، ۇيلەنىڭىز، قاجىلىققا دا اسىعىڭىز، ءسىز اسىعۋعا ءتيىستى ىستەر مىنە وسىلار، وسىلارعا اسىعىڭىز، سەبەبى ءسىز ءولىمىڭىزدىڭ قاشان كەلەتىنىن بىلمەيسىز، باسقا ىستەردەن بۇرىن ءوسىبىر جاقسى امالداردى جانە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ امىرلەرىن ورىنداڭىز، ايتپەسە كەيىن بوس ىستەردىڭ ارتىنان جۇگىرىپ اسىققانىڭىز ءۇشىن وكىنەتىن بولاسىز، الايدا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءامىر ەتكەن ىستەردە ەش وكىنىش بولمايدى، ءبىراق ادامداردىڭ بۇل حاقىندا وكىنەر ءتۇرى جوق، ءبىر سۇمدىعى سول، ولار اللا ىسىنەن باسقا بوس ىستەرگە ۇدايى وكىنگىش كەلەدى.

ءقازىر ءبىز نە ءۇشىن بۇنى ايتىپ وتىرمىز؟ سەبەبى ءقازىر توپ-توپ جۇرگەن الدامشى-سۋايىتتار (شارلاتاندار) بار، ءبىز ءومىر ءسۇرىپ وتىرعان بۇل اقىرزاماندا قاي جاعىنان، قاي سالادان الىپ قاراسا دا الدامشىلارعا تولعان، ولار ادامداردى بىردەڭەگە اسىقتىرىپ، ولاردىڭ اقشاسىن ۇرلاۋ ءۇشىن «بۇندا قارجى سالساڭ، بالەن اقشا تاباسىڭ; بۇندا كەلمەسەڭ، تۇگىلەن بولادى» دەگەن سياقتى سوزدەردى ايتىپ الدايدى، وسىنداي نارسەلەر دە بار، سوندىقتان ءبىز اسىقپاۋىمىز كەرەك، ايتىپ وتكەنىمىزدەي اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ امىرىنە اسىعىڭىزدار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم بەرگەي، ءوسىبىر ادەمى ىستەردە كومەك ەتكەي، جاردەم بەرگەي، ينشاللا. دۇنيە ىسىنە مۇلدەم اسىقپاڭىز، سەبەبى دۇنيە ءىسى سىزگە كەلەدى، ولار مىندەتتى تۇردە اينالىپ كەلەدى، وعان اسىعۋ قاجەتسىز، مەيلى وعان اسىعارسىز يا اسىقپاسسىز، ولار كەلەدى، ال ولار كەلمەيتىن نارسە بولسا، ونى قۋالاپ، سونشا اسىقساڭىز دا، ءبارىبىر ول سىزگە كەلمەيدى، وعان ەشقاشان جەتە المايسىز.

مىنە بۇلار ءدىن يسلاممەن ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ امىرلەرىنەن، اركىمگە ىلەسە بەرۋ قاتەلىك-ءدۇر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ اقىرزاماننىڭ ادامدارىنا جاردەم بەرگەي، ادامدارعا بارلىق جاعىنان شابۋىل سوعىستار باستالىپ كەتتى، سوعىس تەك قانا مىلتىق جانە بومبامەن عانا بولماس، ولار ادامداردىڭ مي-سانالارىنا ونان ارمان سۇرقيا بومبالاردى تاستاۋدا، بۇنداي قارۋلار ادامداردىڭ يماندارىنان تۇك قالتىرعان جوق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، بۇلار وقپەن بومبادان دا وراسان ءحاۋىپتى، وق ءتيىپ ولسەڭىز، ءشاحيت بولارسىز، بومبادا سولاي، ايتەۋ اقيرەتىڭىزدى قۇتقارىپ قالدىڭىز، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ساناعا اتىلعان وقپەن تاستالعان بومبادان ساقتاعاي، دەمەك بۇل جاعدايدىڭ ىشىنە ءتۇسىپ كەتسەڭىز، اقىرىڭىز جاقسى بولمايدى، ەگەر ءسىز ولاردىڭ نىساناسىنا ءىلىنىپ، ءسىزدى اتىپ جىقسا نەمەسە ءسىز سونى قالاساڭىز، اقىرىڭىز قايىرلى بولماس.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى شايتاننىڭ كەسىرلەرىنەن ساقتاعاي، اسىرەسە ادامداردىڭ (ادام شايتانداردىڭ) كەسىرىنەن قورعاعاي، سەبەبى ادامدار شايتاننان دا بەتەر سۇرقيا بولىپ كەتتى، شايتان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ءوز كەزىندە «نەگە ولاردىڭ جاراتتىڭ؟ ولار مەنەن دە بۇزىق قوي» دەگەن ەدى، ادام بالاسى راسىندا سولاي، ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بىزگە جاردەمدەسۋىن سۇرايمىز، بۇدان باسقا سۇرارىمىز جوق.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7241