You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7226
АДАМДАР ҚАРУДЫ БІР-БІРІН ҚЫРУ ҮШІН ҒАНА ЖАСАЙДЫ

Адамзат 20-ғасырда әр жерге "бомба" егумен әуре болды, жүз жылдан бері олардың ең дамыған технологиясы қару-жарақ саласында болып отыр, ал қару-жарақ неге істетіледі? әрине адамзатты қыруға істетіледі яғни олардың барлық зеріттеу мақсаты "адамзатты қайтып құртамыз" дегенге саяды, олар "бізде бәлен қару бар, ол бәлен секундта бәлен мың адам өлтіреді" деп марсыяды, демек олар адамдықтан шығып кетті, әр жерді соғыс, алжасу, қайшылық орап алған, адамдықты бұзатын адамдардың өзі болмақ, сырттан ештеңе келмес, олар ақиретті ұмытты, олар адамдарды бір-біріне қарсы қойып, өшпенділік таратумен әбігер болуда, адамдары бөліп, өзара жау қылу нағыз шайтанның ісі-дүр, олар дүниені осындай ластыққа толтырды, ал алда осыларды тазалайтын сұмдық уақиғалар келе жатыр, алапат келе жатыр, ол адамдықтан шығып кеткендерді қидай сыпырып әкететін аса зор алапатпен бәле-қалалар, батыспен шығыс арасында бұрын-соңды болып көрмеген жойқын соғыс болып, жер жүзін оттан болған "топан су" басады, адамдығын, иманын, мейірімін сақтаған адамдарды бұл отқа күйдірмей қорғайтын періштелер бар, олар осы жақсы адамдарды қорғайды, кім әділетсіз, мейірімсіз, имансыз, адамгершілігі жоқ арамза болса бұл оттан аман қалмайды, адамдарды сүйіңдер, мейірімді болыңдар, хаққа жақ болыңдар, сонда оттан аман қаласыңдар, батыс-шығыс соғысқанда жеңгенмен жеңілгеннің парқы болмас, екі жақта оңбай өртенеді, бұл соғыс адамдардың қолекі істеген зұлымдықтарының жемісі, ол олардың өзін жалмап әкетеді.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ادامدار قارۋدى ءبىر-ءبىرىن قىرۋ ءۇشىن عانا جاسايدى

ادامزات 20-عاسىردا ءار جەرگە "بومبا" ەگۋمەن اۋرە بولدى، ءجۇز جىلدان بەرى ولاردىڭ ەڭ دامىعان تەحنولوگياسى قارۋ-جاراق سالاسىندا بولىپ وتىر، ال قارۋ-جاراق نەگە ىستەتىلەدى؟ ارينە ادامزاتتى قىرۋعا ىستەتىلەدى ياعني ولاردىڭ بارلىق زەرىتتەۋ ماقساتى "ادامزاتتى قايتىپ قۇرتامىز" دەگەنگە سايادى، ولار "بىزدە بالەن قارۋ بار، ول بالەن سەكۋندتا بالەن مىڭ ادام ولتىرەدى" دەپ مارسىيادى، دەمەك ولار ادامدىقتان شىعىپ كەتتى، ءار جەردى سوعىس، الجاسۋ، قايشىلىق وراپ العان، ادامدىقتى بۇزاتىن ادامداردىڭ ءوزى بولماق، سىرتتان ەشتەڭە كەلمەس، ولار اقيرەتتى ۇمىتتى، ولار ادامداردى ءبىر-بىرىنە قارسى قويىپ، وشپەندىلىك تاراتۋمەن ابىگەر بولۋدا، ادامدارى ءبولىپ، ءوزارا جاۋ قىلۋ ناعىز شايتاننىڭ ءىسى-ءدۇر، ولار دۇنيەنى وسىنداي لاستىققا تولتىردى، ال الدا وسىلاردى تازالايتىن سۇمدىق ۋاقيعالار كەلە جاتىر، الاپات كەلە جاتىر، ول ادامدىقتان شىعىپ كەتكەندەردى قيداي سىپىرىپ اكەتەتىن اسا زور الاپاتپەن بالە-قالالار، باتىسپەن شىعىس اراسىندا بۇرىن-سوڭدى بولىپ كورمەگەن جويقىن سوعىس بولىپ، جەر ءجۇزىن وتتان بولعان "توپان سۋ" باسادى، ادامدىعىن، يمانىن، مەيىرىمىن ساقتاعان ادامداردى بۇل وتقا كۇيدىرمەي قورعايتىن پەرىشتەلەر بار، ولار وسى جاقسى ادامداردى قورعايدى، كىم ادىلەتسىز، مەيىرىمسىز، يمانسىز، ادامگەرشىلىگى جوق ارامزا بولسا بۇل وتتان امان قالمايدى، ادامداردى سۇيىڭدەر، مەيىرىمدى بولىڭدار، حاققا جاق بولىڭدار، سوندا وتتان امان قالاسىڭدار، باتىس-شىعىس سوعىسقاندا جەڭگەنمەن جەڭىلگەننىڭ پارقى بولماس، ەكى جاقتا وڭباي ورتەنەدى، بۇل سوعىس ادامداردىڭ قولەكى ىستەگەن زۇلىمدىقتارىنىڭ جەمىسى، ول ولاردىڭ ءوزىن جالماپ اكەتەدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7226