You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7219
Сұхбат: зәредей жамандық жасаудан да сақтан (2023.10.29 / 1445-хижри 14-Рабиул Ахир)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Индонезия, Жакарта)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Әлхамдулилла, біз бұл мәулитке рахметімізді айтамыз, машалла, ол өте жақсы болды, мәжілісімізге береке кіргізді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның мәулитімен Алла Әззә уә-Жәлләдан тіпті де көп берекемен рахман келеді, әлхамдулилла, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды сүйеміз, ол «мені ата-аналарыңнан да, өздеріңнен де артық сүйіңдер» дейді.

Бұндағы жұрт үтір намазды оқып, сүннеттер істеп жатыр, біз шамамыз келгенінше барлық сүннетті орындауға күш салудамыз, әлхамдулилла, намаз оқып, ораза ұстаймыз, исламша киінеміз, барлығы да өз әлімізге қарай болар, әлхамдулилла, бұлардың өзі өте үлкен игілік-дүр, бұлар жақсы әрине, бірақ біз тағы басқа тіпті де мол сауапқа толы Алла Жәллә Жәләлуху ерекше қадірлейтін істерді істеуімізге болады. « َلاَ ضَرَرَ و َ لاَ ض ِ رَا» (зарар да болмасын, зарармен кек алу да болмасын) делінер, бұның мағынасы «зарар істемеңдер және зарармен кек алма» демекілік еді, ешкімге жамандық істемеңіз, егер сіз біреуге зарар әкелсеңіз әрі ол сізді кешірмесе, бұл өте үлкен мәселе болмақ, сіз кешірім сұраудан бұрын ол өліп қалса немесе сіз өліп қалсаңыз, іс қиынға соқпақ, бұл үкім адамға да, хайуанға да, кезкелген нәрсеге де, тіпті өсімдікке де бірдей жүреді, сондықтан сіз оларға зарар әкелуден сақтаныңыз, тіпті мал сойғанда да оны бауыздауға ұста болыңыз әрі оны жақсылап, жұмсақтап сойыңыз, оны малға ауыр етпеңіз.

(Үзіліс)... ол араны іс-түтек басып кетіпті, бүкіл Малайзияны түтін қаптап тұр (орманды өртеген), бірақ олар сөзімізге бой бермеді, ол жер бұл арадан тым алыс, онда көптеген адамдар бұл ыстан зардап шегіп, емханаға да бара алмай қалған, жағдайы тым мүшкіл, міне осылай олар осы ыстан зардап шегуде, олар «орманға өрт қойып тұру жақсы іс, біз жерді кеңейтіп ашамыз» дейді, ал орманның ішінде толып жатқан жануарлар бар емеспе, мұсылмандардың жануарларды тірідей өртеп жіберуі аса қитұрқы іс болмақ, бұл іс сол мемлекетке жамандық алып келеді, естісек сол кезде онда жауын жаумай қойған, ал қазір жауын келіп жатыр, оларда бір маусым бойы жаңбыр жаумаған.

Ал бұндай бәле қайдан келді? кінәсіз жануарларды өртеуден келді, олардың қиналысынан келді, осы істерден бұл адамдарға еш береке келмейді, олар «орманды өртеп, үлкен жер ашамыз, бізге береке кірер» деп ойлап қалған, бірақ оларға береке келмес, апат келер.

Алла Әззә уә-Жәллә «فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُۥ وَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُۥ » (кім атомдай кішкене қайыр істесе, ол оны көреді, ал кім атомдай кішкене жамандық істесе де, ол оны көретін болады) (құран 99:07-08), Алла Жәллә Жәләлуху «кім тым болымсыз қайыр істесе, Ол оған сауап береді, ал кім тым болымсыз шар (кесір) істесе әрі кешірім сұрамаса, ол осы ісі үшін жазаланатын болады» деп айтуда, хараммен еш береке келмес, бірақ береке халалмен кіреді, тіпті хараммен милион және милиярт тапсаңыз да, онда еш береке жоқ, құт жоқ, ал халалмен бір тал болса да, береке кіреді.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтар, әрине қазір бұнда ешкім жоқ, біз мешітте отырмыз, ал бұндағы айтпақшымыз басқа адамдар үшін болып отыр, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен сөзді айтудамыз, ол « ِاللَّهُمَّ إِنَّ هَذَا مُن كَرٌ لا َ نَر ضَى بِه» (о Алла, бұл біз қабыл етпейтін кесірлі іс), демек жақсы болмаған істі біз қабыл ете алмаймыз, біз оны қабыл етпейміз, бірақ оған тосқауыл болуға шамамыздың келмегені үшін кешірім сұраймыз, бірақ біз оны қабыл етпейтіміз өте анық, біз «тәуба астағфируллаһ» айтып, Алла Жәллә Жәләлухудан кешіріммен береке сұраймыз және өзгелерге хидаят тілейміз. сіздердің мемлекет (Индонузия) өте үлкен ел, сондықтан ондағы осыбір (бұзық) адамдарды толықтай меңгере алмайсыздар, сондықтан біз «о Алла Жәллә Жәләлуху, бізді кешір, бізді жазалай көрме, біз бұл адамдармен бірге емеспіз, біз олардың істеп жатқандарын қабыл етпейміз, біз оған қарсымыз, оларды тойтарамыз» деп айтып жатырмыз, бұнда біздің ең әуелі айтып кетпек болған шаруамыз осы еді.

Пайғамбарымыз айтып кеткен екінші бір іс мынау еді, ол «біздің денемізде 360 буын бар, біз олардың әрбірінің садақасын беруіміз керек» дейді, біз садақа беріп немесе басқа игі іс істеп, әркүні осы айтылған садақаны шығарамыз, пайғамбарымыз бізге осылай дер, ол «біреуді тамақтандыру да немесе дұға жасау да садақа» дейді, бұл да мұсылман елдері үшін маңызды болмақ, ол маңызды, себебі ислам діні тазалықтың да діні, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «көшеде жатқан лас нәрсені алып тастау да садақа» дейді, мәселен, көшедегі қоқсықтарды, лас заттарды алып тастау садақаға жатады, міне бұл оның тазалыққа аса сезімтал екендігін білдіреді, демек жолдағы лас нәрсені алып тастап, адамдарды зарардан сақтау да садақаға жатады.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кезінде пластик (солияу) яғни ластықты күйді көрсетіп тұратын нәрселер болған жоқ, ал біз жолдың әр жерінде қаптаған пластик, бөтелке немесе басқа нәрселерді көріп жүрміз, адамдар қоқсықты кезкелген жерге тастай береді. Машалла, қазір бұндағы сіздер мұсылман үмбеті арасындағы ең салих, діндар және пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға ең сүйікті жансыздар, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам суға, өзенге лас нәрсе лақтырған адамды қарғаған, пластик және басқа тасталынған нәрселер суға аса жәйсіз иіс береді, ал олар жинала келе, лас су қалыптастырады, ластануды туындатады, әлхамдулилла, сіздерде осы ластықты әр күні жинайтын адамдар бар, олар оны машиналарымен тасып әкетеді, егер сіздер де Алла Жәллә Жәләлуху үшін, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның әмірі ретінде қоқсық тазалайтын болсаңыздар, бұл да сіздер үшін садақа болмақ.

Садақа өте маңызды, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «садақа бәледен сақтайды әрі өмірді ұзартады» дейді, адамдар «садақа деген кедей адамдарға ақша беру» деп ойлар, жоқ, бұл ғана емес, садақаның түрлері көп, сондықтан үйіңізге кішкене бір қобдиша дайындап қойыңыз да, әр күні үйден шығудан бұрын я тысқа жұмысқа барарда оған садақа салып тұрыңыз, ал бұны істей алмайтындар пайғамбарымыз айтқандай тсықа шығып, көшедегі ластықтарды тазаласын, оны қоқсық сандыққа салсын, міне осылар Алла Жәллә Жәләлухудан бізге берілген нығыметтер болмақ, біз Оның берген нәрселерінің құнын біліп, ол хақында ойлануымыз керек, егер сіз осылай істесеңіз, Оның берері онан арман көбеймек.

Қазір европамен әмерикада немесе бей-мұсылман елдерінде осыған көңіл аударулар көбеюде, демек олар тәбиғатты, мына дүниені қорғамақшы, бірақ олар бұл тақырыпқа жаңа ғана келді, себебі олар бұрын бұған дейін бүкіл тәбиғатпен дүниені құртып болған еді, алайда әлхамдулилла, 1500 жылдан бері пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам тәбиғатты қорғауға әмір еткен, әлхамдулилла, бізде ең кәміл мүлтіксіз дін бар, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бізге ғана емес, бүкіл адам баласына осыны үйретті, ол бүкіл әлемге игілікті үйрету үшін жіберілген, сондықтан иншалла, біз оған еруіміз керек, сонда бізге бұнда да, ақиретте де зор сауаптар берілмек, ол бізге тек құлшылық етуді ғана емес, туылғаннан бастап, қабырға дейінгі, өлгенімізге дейінгі барлығын үйретті, ол әрбір кішкене түйіндерге дейін болсын, олардан ештеңе қалдырмай үйретіп кетті. Иншалла, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға еліктеп, оның сүннеттеріне ереміз, әсіресе ешкімге зарар бермеуге қатты құлшынамыз, себебі ол ең хауіпті іс.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: زارەدەي جاماندىق جاساۋدان دا ساقتان (2023.10.29 / 1445-حيجري 14-رابيۋل احير)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (يندونەزيا، جاكارتا)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءالحامدۋليللا، ءبىز بۇل ماۋليتكە راحمەتىمىزدى ايتامىز، ماشاللا، ول وتە جاقسى بولدى، ماجىلىسىمىزگە بەرەكە كىرگىزدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ماۋليتىمەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ءتىپتى دە كوپ بەرەكەمەن راحمان كەلەدى، ءالحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى سۇيەمىز، ول «مەنى اتا-انالارىڭنان دا، وزدەرىڭنەن دە ارتىق سۇيىڭدەر» دەيدى.

بۇنداعى جۇرت ءۇتىر نامازدى وقىپ، سۇننەتتەر ىستەپ جاتىر، ءبىز شامامىز كەلگەنىنشە بارلىق سۇننەتتى ورىنداۋعا كۇش سالۋدامىز، ءالحامدۋليللا، ناماز وقىپ، ورازا ۇستايمىز، يسلامشا كيىنەمىز، بارلىعى دا ءوز الىمىزگە قاراي بولار، ءالحامدۋليللا، بۇلاردىڭ ءوزى وتە ۇلكەن يگىلىك-ءدۇر، بۇلار جاقسى ارينە، ءبىراق ءبىز تاعى باسقا ءتىپتى دە مول ساۋاپقا تولى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ەرەكشە قادىرلەيتىن ىستەردى ىستەۋىمىزگە بولادى. « َلاَ ضَرَرَ و َ لاَ ض ِ رَا» (زارار دا بولماسىن، زارارمەن كەك الۋ دا بولماسىن) دەلىنەر، بۇنىڭ ماعىناسى «زارار ىستەمەڭدەر جانە زارارمەن كەك الما» دەمەكىلىك ەدى، ەشكىمگە جاماندىق ىستەمەڭىز، ەگەر ءسىز بىرەۋگە زارار اكەلسەڭىز ءارى ول ءسىزدى كەشىرمەسە، بۇل وتە ۇلكەن ماسەلە بولماق، ءسىز كەشىرىم سۇراۋدان بۇرىن ول ءولىپ قالسا نەمەسە ءسىز ءولىپ قالساڭىز، ءىس قيىنعا سوقپاق، بۇل ۇكىم ادامعا دا، حايۋانعا دا، كەزكەلگەن نارسەگە دە، ءتىپتى وسىمدىككە دە بىردەي جۇرەدى، سوندىقتان ءسىز ولارعا زارار اكەلۋدەن ساقتانىڭىز، ءتىپتى مال سويعاندا دا ونى باۋىزداۋعا ۇستا بولىڭىز ءارى ونى جاقسىلاپ، جۇمساقتاپ سويىڭىز، ونى مالعا اۋىر ەتپەڭىز.

(ءۇزىلىس)... ول ارانى ءىس-تۇتەك باسىپ كەتىپتى، بۇكىل مالايزيانى ءتۇتىن قاپتاپ تۇر (ورماندى ورتەگەن)، ءبىراق ولار سوزىمىزگە بوي بەرمەدى، ول جەر بۇل ارادان تىم الىس، وندا كوپتەگەن ادامدار بۇل ىستان زارداپ شەگىپ، ەمحاناعا دا بارا الماي قالعان، جاعدايى تىم مۇشكىل، مىنە وسىلاي ولار وسى ىستان زارداپ شەگۋدە، ولار «ورمانعا ءورت قويىپ تۇرۋ جاقسى ءىس، ءبىز جەردى كەڭەيتىپ اشامىز» دەيدى، ال ورماننىڭ ىشىندە تولىپ جاتقان جانۋارلار بار ەمەسپە، مۇسىلمانداردىڭ جانۋارلاردى تىرىدەي ورتەپ جىبەرۋى اسا قيتۇرقى ءىس بولماق، بۇل ءىس سول مەملەكەتكە جاماندىق الىپ كەلەدى، ەستىسەك سول كەزدە وندا جاۋىن جاۋماي قويعان، ال ءقازىر جاۋىن كەلىپ جاتىر، ولاردا ءبىر ماۋسىم بويى جاڭبىر جاۋماعان.

ال بۇنداي بالە قايدان كەلدى؟ كىناسىز جانۋارلاردى ورتەۋدەن كەلدى، ولاردىڭ قينالىسىنان كەلدى، وسى ىستەردەن بۇل ادامدارعا ەش بەرەكە كەلمەيدى، ولار «ورماندى ورتەپ، ۇلكەن جەر اشامىز، بىزگە بەرەكە كىرەر» دەپ ويلاپ قالعان، ءبىراق ولارعا بەرەكە كەلمەس، اپات كەلەر.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُۥ وَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُۥ » (كىم اتومداي كىشكەنە قايىر ىستەسە، ول ونى كورەدى، ال كىم اتومداي كىشكەنە جاماندىق ىستەسە دە، ول ونى كورەتىن بولادى) (قۇران 99:07-08)، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ «كىم تىم بولىمسىز قايىر ىستەسە، ول وعان ساۋاپ بەرەدى، ال كىم تىم بولىمسىز شار (كەسىر) ىستەسە ءارى كەشىرىم سۇراماسا، ول وسى ءىسى ءۇشىن جازالاناتىن بولادى» دەپ ايتۋدا، حاراممەن ەش بەرەكە كەلمەس، ءبىراق بەرەكە حالالمەن كىرەدى، ءتىپتى حاراممەن ميليون جانە ميليارت تاپساڭىز دا، وندا ەش بەرەكە جوق، قۇت جوق، ال حالالمەن ءبىر تال بولسا دا، بەرەكە كىرەدى.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتار، ارينە ءقازىر بۇندا ەشكىم جوق، ءبىز مەشىتتە وتىرمىز، ال بۇنداعى ايتپاقشىمىز باسقا ادامدار ءۇشىن بولىپ وتىر، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن ءسوزدى ايتۋدامىز، ول « ِاللَّهُمَّ إِنَّ هَذَا مُن كَرٌ لا َ نَر ضَى بِه» (و اللا، بۇل ءبىز قابىل ەتپەيتىن كەسىرلى ءىس)، دەمەك جاقسى بولماعان ءىستى ءبىز قابىل ەتە المايمىز، ءبىز ونى قابىل ەتپەيمىز، ءبىراق وعان توسقاۋىل بولۋعا شامامىزدىڭ كەلمەگەنى ءۇشىن كەشىرىم سۇرايمىز، ءبىراق ءبىز ونى قابىل ەتپەيتىمىز وتە انىق، ءبىز «ءتاۋبا استاعفيرۋللاھ» ايتىپ، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان كەشىرىممەن بەرەكە سۇرايمىز جانە وزگەلەرگە حيدايات تىلەيمىز. سىزدەردىڭ مەملەكەت (يندونۋزيا) وتە ۇلكەن ەل، سوندىقتان ونداعى ءوسىبىر (بۇزىق) ادامداردى تولىقتاي مەڭگەرە المايسىزدار، سوندىقتان ءبىز «و اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ، ءبىزدى كەشىر، ءبىزدى جازالاي كورمە، ءبىز بۇل ادامدارمەن بىرگە ەمەسپىز، ءبىز ولاردىڭ ىستەپ جاتقاندارىن قابىل ەتپەيمىز، ءبىز وعان قارسىمىز، ولاردى تويتارامىز» دەپ ايتىپ جاتىرمىز، بۇندا ءبىزدىڭ ەڭ اۋەلى ايتىپ كەتپەك بولعان شارۋامىز وسى ەدى.

پايعامبارىمىز ايتىپ كەتكەن ەكىنشى ءبىر ءىس مىناۋ ەدى، ول «ءبىزدىڭ دەنەمىزدە 360 بۋىن بار، ءبىز ولاردىڭ ءاربىرىنىڭ ساداقاسىن بەرۋىمىز كەرەك» دەيدى، ءبىز ساداقا بەرىپ نەمەسە باسقا يگى ءىس ىستەپ، اركۇنى وسى ايتىلعان ساداقانى شىعارامىز، پايعامبارىمىز بىزگە وسىلاي دەر، ول «بىرەۋدى تاماقتاندىرۋ دا نەمەسە دۇعا جاساۋ دا ساداقا» دەيدى، بۇل دا مۇسىلمان ەلدەرى ءۇشىن ماڭىزدى بولماق، ول ماڭىزدى، سەبەبى يسلام ءدىنى تازالىقتىڭ دا ءدىنى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «كوشەدە جاتقان لاس نارسەنى الىپ تاستاۋ دا ساداقا» دەيدى، ماسەلەن، كوشەدەگى قوقسىقتاردى، لاس زاتتاردى الىپ تاستاۋ ساداقاعا جاتادى، مىنە بۇل ونىڭ تازالىققا اسا سەزىمتال ەكەندىگىن بىلدىرەدى، دەمەك جولداعى لاس نارسەنى الىپ تاستاپ، ادامداردى زاراردان ساقتاۋ دا ساداقاعا جاتادى.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەزىندە پلاستيك (سولياۋ) ياعني لاستىقتى كۇيدى كورسەتىپ تۇراتىن نارسەلەر بولعان جوق، ال ءبىز جولدىڭ ءار جەرىندە قاپتاعان پلاستيك، بوتەلكە نەمەسە باسقا نارسەلەردى كورىپ ءجۇرمىز، ادامدار قوقسىقتى كەزكەلگەن جەرگە تاستاي بەرەدى. ماشاللا، ءقازىر بۇنداعى سىزدەر مۇسىلمان ۇمبەتى اراسىنداعى ەڭ ساليح، ءدىندار جانە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا ەڭ سۇيىكتى جانسىزدار، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام سۋعا، وزەنگە لاس نارسە لاقتىرعان ادامدى قارعاعان، پلاستيك جانە باسقا تاستالىنعان نارسەلەر سۋعا اسا ءجايسىز ءيىس بەرەدى، ال ولار جينالا كەلە، لاس سۋ قالىپتاستىرادى، لاستانۋدى تۋىنداتادى، ءالحامدۋليللا، سىزدەردە وسى لاستىقتى ءار كۇنى جينايتىن ادامدار بار، ولار ونى ماشينالارىمەن تاسىپ اكەتەدى، ەگەر سىزدەر دە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ءامىرى رەتىندە قوقسىق تازالايتىن بولساڭىزدار، بۇل دا سىزدەر ءۇشىن ساداقا بولماق.

ساداقا وتە ماڭىزدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «ساداقا بالەدەن ساقتايدى ءارى ءومىردى ۇزارتادى» دەيدى، ادامدار «ساداقا دەگەن كەدەي ادامدارعا اقشا بەرۋ» دەپ ويلار، جوق، بۇل عانا ەمەس، ساداقانىڭ تۇرلەرى كوپ، سوندىقتان ۇيىڭىزگە كىشكەنە ءبىر قوبديشا دايىنداپ قويىڭىز دا، ءار كۇنى ۇيدەن شىعۋدان بۇرىن يا تىسقا جۇمىسقا باراردا وعان ساداقا سالىپ تۇرىڭىز، ال بۇنى ىستەي المايتىندار پايعامبارىمىز ايتقانداي تسىقا شىعىپ، كوشەدەگى لاستىقتاردى تازالاسىن، ونى قوقسىق ساندىققا سالسىن، مىنە وسىلار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان بىزگە بەرىلگەن نىعىمەتتەر بولماق، ءبىز ونىڭ بەرگەن نارسەلەرىنىڭ قۇنىن ءبىلىپ، ول حاقىندا ويلانۋىمىز كەرەك، ەگەر ءسىز وسىلاي ىستەسەڭىز، ونىڭ بەرەرى ونان ارمان كوبەيمەك.

ءقازىر ەۆروپامەن امەريكادا نەمەسە بەي-مۇسىلمان ەلدەرىندە وسىعان كوڭىل اۋدارۋلار كوبەيۋدە، دەمەك ولار ءتابيعاتتى، مىنا دۇنيەنى قورعاماقشى، ءبىراق ولار بۇل تاقىرىپقا جاڭا عانا كەلدى، سەبەبى ولار بۇرىن بۇعان دەيىن بۇكىل تابيعاتپەن دۇنيەنى قۇرتىپ بولعان ەدى، الايدا ءالحامدۋليللا، 1500 جىلدان بەرى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءتابيعاتتى قورعاۋعا ءامىر ەتكەن، ءالحامدۋليللا، بىزدە ەڭ كامىل مۇلتىكسىز ءدىن بار، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بىزگە عانا ەمەس، بۇكىل ادام بالاسىنا وسىنى ۇيرەتتى، ول بۇكىل الەمگە يگىلىكتى ۇيرەتۋ ءۇشىن جىبەرىلگەن، سوندىقتان ينشاللا، ءبىز وعان ەرۋىمىز كەرەك، سوندا بىزگە بۇندا دا، اقيرەتتە دە زور ساۋاپتار بەرىلمەك، ول بىزگە تەك قۇلشىلىق ەتۋدى عانا ەمەس، تۋىلعاننان باستاپ، قابىرعا دەيىنگى، ولگەنىمىزگە دەيىنگى بارلىعىن ۇيرەتتى، ول ءاربىر كىشكەنە تۇيىندەرگە دەيىن بولسىن، ولاردان ەشتەڭە قالدىرماي ۇيرەتىپ كەتتى. ينشاللا، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا ەلىكتەپ، ونىڭ سۇننەتتەرىنە ەرەمىز، اسىرەسە ەشكىمگە زارار بەرمەۋگە قاتتى قۇلشىنامىز، سەبەبى ول ەڭ ءحاۋىپتى ءىس.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7219