You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7210
Сұхбат: төте тартқан түзу жол (2023.10.23 / 1445-хижри 08-Рабиул Ахир)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Индонезия, Жакарта)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Әлхамдулилла, бір жылдай уақыттан кейін біз қайта жүздесіп отырмыз, әлхамдулилла, Алла Жәллә Жәләлуху осыған нәсіп етіп, қайта кездестік, біз бұнда Алла Жәллә Жәләлуху үшін, Алла Жәллә Жәләлухудың махаббаты үшін келіп отырмыз, сіздер қуанып отырсыздар, әлхамдулилла, біз де қуанып отырмыз, Алла Әззә уә-Жәллә да риза, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «мүминдердің жүрегіне қуаныш салу Алла Жәллә Жәләлухудың илахи құзіретіндегі ең биік іс саналады» дейді.

Әлхамдулилла, машалла, Алла Жәллә Жәләлуху мүминдерге ерекше бір нәрсе берер яғни олар тағы бір мүминді көргенде қуанады, демек олар оларға көмектескісі келер немесе олардан білім алғысы келер я олармен бірге болғысы келер, сондықтан Алла Жәллә Жәләлуху оларды бүлікпен фитнадан аулақ етіп, хауіпсіз сақтайды, себебі қазір ислам дүниесінде сан түрлі бүліктер болып жатыр, бірақ әлхамдулилла, әр жолы біз бұнда келгенде мәлім бір істі естіп қаламыз, алайда келер жолы келгенде ол хақында ештеңе естімейміз, Алла Жәллә Жәләлуху бұндағы адамдардың жақсы ниет, таза жүректері себепті ол бүліктерді олардан алып кетеді, міне бұл Алла Жәллә Жәләлухудан Алла Жәллә Жәләлухуға ниеті таза адамдарға берілетін нығымет, не іс туылса да Алла Жәллә Жәләлуху оларды қорғайды, себебі сонау пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кезінен бастап бүгінге дейін ислам әлемінде өте көп істермен бүліктер туылып келеді, шығып жатыр.

Әрине, Алла Әззә уә-Жәллә Өзінің хикіметін Өзі білер, ал біз Оның хикіметі жәйлі ештеңе білмейміз, бірақ барлық іс Алла Жәллә Жәләлухудың әмірімен туылады әрі ол мүмин үшін қайырлы болмақ. Сондықтан, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам осы дүниеде жүрген кезінде өзінің сөздерімен хадистерін жазуды қабылдамады (рұхсат бермеді), ол «тек қана құранды жазып алсаңдар болады» деп айтты, ол сахабаларына хадистерді жазып алуға тиым салды, оны шектеді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бұл дүниеден өткен соң, олар оны жаза бастады, бірақ, әрине мұнафиқтармен кәпірлер ұқсамаған «хадистер» жазып, «бұлар пайғамбардан» деп өтірікті соқты, алайда ғұламалар таңдаған кезде оларды алмай, тастап жіберді, сондықтан пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан соң, олар хадистерді тездетіп жаза бастады, сахабалардың пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан естігендерін жаза бастады, міне осылай неше жүзмыңдаған хадистер жазылып алынды, олар осыларға қарады әрі оларды жақсы сақтады.

Әрине олардан соң яғни сахабалардан соң ғұламалар, тәбиғиндер, тәбил тәбиғиндер келді, олардың барлығы таза мүминдер болды, демек олар Алла Жәллә Жәләлухудың сүйікті адамдары еді. Сәйдина Имам Мәлік, Сәйдина Әбу Ханифа, Сәйдина Имам Шафиғи хазіреттердың барлығы исламды кітапта сақтауға келді әрі олар өздерінің еңбектері адамдар үшін мың жылдан да көп уақыт бойы қызымет өтейтінін білетін, себебі олар міндетті түрде истиқара жасап іс қылған, олардың көбі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды (рухани немесе шын бейнеде) көріп, хадистердің дұрыс-бұрыстығын анықтаған соң ғана кітапқа жазғандығын айтады, пайғамбарымыз бұл жәйлі алдын ала айтып кеткен, ол «менен соң, ол бұлай болады» деп көптеген істерді айтқан, себебі ол қияметке дейін болатын істерді айтып кетті, ол «олар менің атыман "бұл пайғамбардан" деп сөйлейтін болады, сақ болыңдар, түйсіктеріңе де қараңдар, нені сездіңдер, соған назар салыңдар, сонда оның пайғамбардан немесе осы адамдар екендігін білетін боласыңдар» дейді, сондықтан сақ болуыңыз керек, ғұламардың көбі нағыз әулиелер еді, мәзхап имамдарымен ақида имамдарының барлығы үмбеттің хидаятта болуы үшін пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламмен қияметке дейін шынайы байланысқан.

Сіздер білесіздер, Имам Шафиғи хазірет Газада туылған, Алла Жәллә Жәләлуху ондағыларды есендікте еткей, иншалла, ол анасымен бірге тұрды, машалла, ол сондай құлшынып үйренді, ол жеті жасында хафиз болды, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам исыраға бара жатып, Мәдинаға жеткенде, екі ракат намаз оқыды, онан Бәйтул Мақдиста және басқа көптеген жерлерде де намаз оқыды, олардың бірі осы Газа еді, демек ол Газада екі ракат намаз оқыды, онан соң ол Құдысқа барды әрі онан ары Миражға сапар шекті. Манағы ғұламалардың имам боларлықтай Алладан берілген ерекше сыйлары бар еді, мәселен, Имам Шафиғиға қазірге дейін милиондаған, милиярттаған адамдар ерді, демек оларда ерекше нәрселер бар.

Жеті жылдан соң, ол оқуын бастады, осы кездерде ол шөлге кетіп, арапша оқып, арапша сөйледі, нағыз таза арапша сөйледі, ол онда екі жыл тұрып, араптардың тіл үндестіктерін өте жақсы үйреніп келді, арап тілі сөздік қормен басқа барлығы жағынан болсын, ол аса мол тіл, ол өте маңызды әрі берекелі тіл, ол олардан көптеген нәрселерді үйренді, адамдар үшін барлығын үйрену маңызды, демек олар үйрене алғанынша үйренуі керек, ол осы асқан қабілетімен және олармен бірге болудай орайларына байлансты, онда көптеген көне хикаяларды, ескі дүниелерді, бағызы дәстүрлерді білді, осыдан соң ол қайтып келді де, бағдатқа кетті.

Ол ғұлаламарға аса керекті болған ерекше таланытты шәкірт еді, ол Имам Мәлік жазған «муаттағ» деген фиққа қатсыты кітапті жеті күнде жүрегімен үйреніп алды, бұл кез халифа Харун әр-Рашидиннің тұсы болып, ол кезде Византия (Рум) императоры мұсылмандармен соғыспайтын, бірақ мұсылмандарға жизиях (салық) төлейтін еді, бей-мұсылмандарға соғысы жасамақшы болса, келісім жазылып, олар мұсылмандарға әр жылы салық төлеу міндет болды, оларға осы жеткілікті еді, ол кезде бей-мұсылмандар мұсылмандарға салық төлеп, соғыстан сақтанатын немесе соғысатын немесе оларға ислам қабылдау шарт еді, оларға осындай үш талғам берілген, мұсылман елінде өмір сүрген бей-мұсылмандар әр жылы осындай салық төлейтін еді, ал олар осыны төлеген кезде оларға мұсылмандардан да көп ұқықтар берілетін, демек олардың барлық дүниесі қорғалып, оларға ешкімнің тиісуіне болмайтын әрі олар өздері қалағанынша құлшылықтарын істей беретін, сондықтан кейбір жаман ниетті адамдар «қараңдаршы, мұсылмандар ақша қалап тұр» дейтін, бірақ шындығын қарап тұрсақ, бей-мұсылман мемлекеттер жұрттың жалақысының жартысынан көбін салықпен тартып алып жатыр, ал исламдық билік кезінде, олар оларды қорғау үшін өте аз ғана салық алатын (ол кезде мұсылман елдеріне қазіргі кәпірлер еліндегі сияқты 30-40%, тіпті 50-70% салық төлеу деген болмаған, зекет 2.5% болған).

Осылай Византия императоры, әрине, қазір көп адамдар тәрихты білмейді, көп жұрт «Византия (Рум)» не, ол қайда, бұнан еш хабарсыз, менше бұл қателік-дүр, осы Византия императоры «мен сендерге христан монахтарын және басқа адамдарды жіберемін, олар сендердің ғұламаларыңмен айтысатын болады, егер біз жеңсек, сендерге ендігәрі салық төлемейміз, ал сендер жеңсеңдер, біз салықты жалғасты төлеп отыратын боламыз» дейді, міне осылай, ол монақ, ғұлама және философтардан құралған 400 адам жіберді, ол кәдімгі армия сияқты 400 кісіні жіберер.

Олар «біз осымен мұсылмандардың ақидасын (сенімін) бұзып, оларды жеңіп аламыз» деп ойлады, ал халифамен ғұламалар «дижлаһ (тигір)» деген өзенге келді, Бағдат қаласында «дижлаһ» өзені бар, олардың барлығы сонда келді, ал халифа болса Имам Шафиға «сен бар» дейді, Имам Шафиғидың үнемі иығында алып жүретін жәйнамазы бар еді, ол жәй намазын өзендегі суға қойып, судың үстімен жүріп кетті де, өзеннің ортасында отырды (керемет арқылы) әрі ол «кімде-кім сөйлеспекші болса, бұнда келсін, біз осы жерде сөйлеселік» деді, ал манағы келген адамдар (монақтармен философтар) бұны көргенде, еріксіз таңданып, еш сөз айта алмай, ислам қабылдап, мұсылман болып кетті.

Міне осы үлкен имамдардың барлығы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға жалғанған, олардың жолы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолы, ол - қияметке дейін баратын берік жол, барлығы Алла Жәллә Жәләлухудың хикіметімен болады, Ол әхлул-сүннә уәл-жамағамен төрт мәзхап арқылы сақталынып келді. Көптеген мәзхаптар болған әрине, бірақ олардың ерушілері қалмағандықтан, Алла Жәллә Жәләлухудың хикіметіне тек осы төрт мәзхап қана сақталынып қалды, демек Ол осы төрт мәзхапты ғана сақтады, бұл төрт мәзхаптың қайсы біріне де ілесуге болады, олар адамдардың мекеніне, мінездеріне немесе салт-дәстүрлеріне қарай жұртқа үйлесімді келер, жұрт олардың қайсысын ұнатса, соған ерулеріне болады.

Айтып өткеніміздей, оларда тек шәриғат ғана болмаған, тәриқат та болған, шәриғатпен тәриқат ұқсас-дүр, алайда шайтан болса олардың арасын бөле жарып, айырып жібергісі келеді, сонда шайтан үшін адамдарды қирату тіпті де оңайға түспек, бір әскерде екі мылтықтың болғаны жақсы ма? әлде бір мылтық жақсы? демек ол біздің қаруымыз, шәриғатпен тәриқат біздің қос қаруымыз, олар біздің иманымыздың қаруы, ал біз өзімізді шайтаннан қорғау үшін бұндай қаруды ерекше қажетсінеміз, егер оның біреуін тастасақ, әлсірейміз, кімде-кім «оны (сопылық тәриқатты) исламнан емес» десе, оларға құлақ салмаңыз, керісінше тәриқат исламның жүрегі-дүр, сахабалардан бастап, қазірге дейін, олар бір болып келген, олардың барлығы да пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға деген махаббатқа толы болған, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның махаббаты сопылық тәриқаттың маңыз-қаймағы болмақ, ендеше кім «сахабалар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолынан шығып кеткен» деп айта алар? тәриқул мустақим яғни төте жол, тәриқах дегеніміз жалан яғни жол (жолды малай тілінде «жалан» дейді), демек біз барлығымыз ұқсас жолдамыз, ұқсас тәриқатпыз, ұқсас истиқамақпыз, демек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолын осылай берік ұстанып келе жатырмыз. Алла Жәллә Жәләлуху бізді осы жолда баянды етіп, көптеген адамдарды хидаятқа әкелгей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw



سۇحبات: توتە تارتقان ءتۇزۋ جول (2023.10.23 / 1445-حيجري 08-رابيۋل احير)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (يندونەزيا، جاكارتا)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءالحامدۋليللا، ءبىر جىلداي ۋاقىتتان كەيىن ءبىز قايتا جۇزدەسىپ وتىرمىز، ءالحامدۋليللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وسىعان ءناسىپ ەتىپ، قايتا كەزدەستىك، ءبىز بۇندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ماحابباتى ءۇشىن كەلىپ وتىرمىز، سىزدەر قۋانىپ وتىرسىزدار، ءالحامدۋليللا، ءبىز دە قۋانىپ وتىرمىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا دا ريزا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «مۇميندەردىڭ جۇرەگىنە قۋانىش سالۋ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ يلاحي قۇزىرەتىندەگى ەڭ بيىك ءىس سانالادى» دەيدى.

ءالحامدۋليللا، ماشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ مۇميندەرگە ەرەكشە ءبىر نارسە بەرەر ياعني ولار تاعى ءبىر ءمۇميندى كورگەندە قۋانادى، دەمەك ولار ولارعا كومەكتەسكىسى كەلەر نەمەسە ولاردان ءبىلىم العىسى كەلەر يا ولارمەن بىرگە بولعىسى كەلەر، سوندىقتان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى بۇلىكپەن فيتنادان اۋلاق ەتىپ، ءحاۋىپسىز ساقتايدى، سەبەبى ءقازىر يسلام دۇنيەسىندە سان ءتۇرلى بۇلىكتەر بولىپ جاتىر، ءبىراق ءالحامدۋليللا، ءار جولى ءبىز بۇندا كەلگەندە ءمالىم ءبىر ءىستى ەستىپ قالامىز، الايدا كەلەر جولى كەلگەندە ول حاقىندا ەشتەڭە ەستىمەيمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇنداعى ادامداردىڭ جاقسى نيەت، تازا جۇرەكتەرى سەبەپتى ول بۇلىكتەردى ولاردان الىپ كەتەدى، مىنە بۇل اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا نيەتى تازا ادامدارعا بەرىلەتىن نىعىمەت، نە ءىس تۋىلسا دا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى قورعايدى، سەبەبى سوناۋ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەزىنەن باستاپ بۇگىنگە دەيىن يسلام الەمىندە وتە كوپ ىستەرمەن بۇلىكتەر تۋىلىپ كەلەدى، شىعىپ جاتىر.

ارينە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوزىنىڭ حيكىمەتىن ءوزى بىلەر، ال ءبىز ونىڭ حيكىمەتى ءجايلى ەشتەڭە بىلمەيمىز، ءبىراق بارلىق ءىس اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ امىرىمەن تۋىلادى ءارى ول ءمۇمين ءۇشىن قايىرلى بولماق. سوندىقتان، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام وسى دۇنيەدە جۇرگەن كەزىندە ءوزىنىڭ سوزدەرىمەن حاديستەرىن جازۋدى قابىلدامادى (رۇحسات بەرمەدى)، ول «تەك قانا قۇراندى جازىپ الساڭدار بولادى» دەپ ايتتى، ول ساحابالارىنا حاديستەردى جازىپ الۋعا تيىم سالدى، ونى شەكتەدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بۇل دۇنيەدەن وتكەن سوڭ، ولار ونى جازا باستادى، ءبىراق، ارينە مۇنافيقتارمەن كاپىرلەر ۇقساماعان «حاديستەر» جازىپ، «بۇلار پايعامباردان» دەپ وتىرىكتى سوقتى، الايدا عۇلامالار تاڭداعان كەزدە ولاردى الماي، تاستاپ جىبەردى، سوندىقتان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان سوڭ، ولار حاديستەردى تەزدەتىپ جازا باستادى، ساحابالاردىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان ەستىگەندەرىن جازا باستادى، مىنە وسىلاي نەشە ءجۇزمىڭداعان حاديستەر جازىلىپ الىندى، ولار وسىلارعا قارادى ءارى ولاردى جاقسى ساقتادى.

ارينە ولاردان سوڭ ياعني ساحابالاردان سوڭ عۇلامالار، تابيعيندەر، ءتابيل تابيعيندەر كەلدى، ولاردىڭ بارلىعى تازا مۇميندەر بولدى، دەمەك ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتى ادامدارى ەدى. ءسايدينا يمام مالىك، ءسايدينا ءابۋ حانيفا، ءسايدينا يمام شافيعي حازىرەتتەردىڭ بارلىعى يسلامدى كىتاپتا ساقتاۋعا كەلدى ءارى ولار وزدەرىنىڭ ەڭبەكتەرى ادامدار ءۇشىن مىڭ جىلدان دا كوپ ۋاقىت بويى قىزىمەت وتەيتىنىن بىلەتىن، سەبەبى ولار مىندەتتى تۇردە يستيقارا جاساپ ءىس قىلعان، ولاردىڭ كوبى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى (رۋحاني نەمەسە شىن بەينەدە) كورىپ، حاديستەردىڭ دۇرىس-بۇرىستىعىن انىقتاعان سوڭ عانا كىتاپقا جازعاندىعىن ايتادى، پايعامبارىمىز بۇل ءجايلى الدىن الا ايتىپ كەتكەن، ول «مەنەن سوڭ، ول بۇلاي بولادى» دەپ كوپتەگەن ىستەردى ايتقان، سەبەبى ول قيامەتكە دەيىن بولاتىن ىستەردى ايتىپ كەتتى، ول «ولار مەنىڭ اتىمان "بۇل پايعامباردان" دەپ سويلەيتىن بولادى، ساق بولىڭدار، تۇيسىكتەرىڭە دە قاراڭدار، نەنى سەزدىڭدەر، سوعان نازار سالىڭدار، سوندا ونىڭ پايعامباردان نەمەسە وسى ادامدار ەكەندىگىن بىلەتىن بولاسىڭدار» دەيدى، سوندىقتان ساق بولۋىڭىز كەرەك، عۇلاماردىڭ كوبى ناعىز اۋليەلەر ەدى، ءمازحاپ يمامدارىمەن اقيدا يمامدارىنىڭ بارلىعى ۇمبەتتىڭ حيداياتتا بولۋى ءۇشىن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالاممەن قيامەتكە دەيىن شىنايى بايلانىسقان.

سىزدەر بىلەسىزدەر، يمام شافيعي حازىرەت گازادا تۋىلعان، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ونداعىلاردى ەسەندىكتە ەتكەي، ينشاللا، ول اناسىمەن بىرگە تۇردى، ماشاللا، ول سونداي قۇلشىنىپ ۇيرەندى، ول جەتى جاسىندا حافيز بولدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام يسىراعا بارا جاتىپ، ءماديناعا جەتكەندە، ەكى راكات ناماز وقىدى، ونان ءبايتۋل ماقديستا جانە باسقا كوپتەگەن جەرلەردە دە ناماز وقىدى، ولاردىڭ ءبىرى وسى گازا ەدى، دەمەك ول گازادا ەكى راكات ناماز وقىدى، ونان سوڭ ول قۇدىسقا باردى ءارى ونان ارى ميراجعا ساپار شەكتى. ماناعى عۇلامالاردىڭ يمام بولارلىقتاي اللادان بەرىلگەن ەرەكشە سىيلارى بار ەدى، ماسەلەن، يمام شافيعيعا قازىرگە دەيىن ميليونداعان، ميليارتتاعان ادامدار ەردى، دەمەك ولاردا ەرەكشە نارسەلەر بار.

جەتى جىلدان سوڭ، ول وقۋىن باستادى، وسى كەزدەردە ول شولگە كەتىپ، اراپشا وقىپ، اراپشا سويلەدى، ناعىز تازا اراپشا سويلەدى، ول وندا ەكى جىل تۇرىپ، اراپتاردىڭ ءتىل ۇندەستىكتەرىن وتە جاقسى ۇيرەنىپ كەلدى، اراپ ءتىلى سوزدىك قورمەن باسقا بارلىعى جاعىنان بولسىن، ول اسا مول ءتىل، ول وتە ماڭىزدى ءارى بەرەكەلى ءتىل، ول ولاردان كوپتەگەن نارسەلەردى ۇيرەندى، ادامدار ءۇشىن بارلىعىن ۇيرەنۋ ماڭىزدى، دەمەك ولار ۇيرەنە العانىنشا ۇيرەنۋى كەرەك، ول وسى اسقان قابىلەتىمەن جانە ولارمەن بىرگە بولۋداي ورايلارىنا بايلانستى، وندا كوپتەگەن كونە حيكايالاردى، ەسكى دۇنيەلەردى، باعىزى داستۇرلەردى ءبىلدى، وسىدان سوڭ ول قايتىپ كەلدى دە، باعداتقا كەتتى.

ول عۇلالامارعا اسا كەرەكتى بولعان ەرەكشە تالانىتتى شاكىرت ەدى، ول يمام مالىك جازعان «مۋاتتاع» دەگەن فيققا قاتسىتى كىتاپتى جەتى كۇندە جۇرەگىمەن ۇيرەنىپ الدى، بۇل كەز حاليفا حارۋن ءار-ءراشيديننىڭ تۇسى بولىپ، ول كەزدە ۆيزانتيا (رۋم) يمپەراتورى مۇسىلماندارمەن سوعىسپايتىن، ءبىراق مۇسىلماندارعا جيزياح (سالىق) تولەيتىن ەدى، بەي-مۇسىلماندارعا سوعىسى جاساماقشى بولسا، كەلىسىم جازىلىپ، ولار مۇسىلماندارعا ءار جىلى سالىق تولەۋ مىندەت بولدى، ولارعا وسى جەتكىلىكتى ەدى، ول كەزدە بەي-مۇسىلماندار مۇسىلماندارعا سالىق تولەپ، سوعىستان ساقتاناتىن نەمەسە سوعىساتىن نەمەسە ولارعا يسلام قابىلداۋ شارت ەدى، ولارعا وسىنداي ءۇش تالعام بەرىلگەن، مۇسىلمان ەلىندە ءومىر سۇرگەن بەي-مۇسىلماندار ءار جىلى وسىنداي سالىق تولەيتىن ەدى، ال ولار وسىنى تولەگەن كەزدە ولارعا مۇسىلمانداردان دا كوپ ۇقىقتار بەرىلەتىن، دەمەك ولاردىڭ بارلىق دۇنيەسى قورعالىپ، ولارعا ەشكىمنىڭ تيىسۋىنە بولمايتىن ءارى ولار وزدەرى قالاعانىنشا قۇلشىلىقتارىن ىستەي بەرەتىن، سوندىقتان كەيبىر جامان نيەتتى ادامدار «قاراڭدارشى، مۇسىلماندار اقشا قالاپ تۇر» دەيتىن، ءبىراق شىندىعىن قاراپ تۇرساق، بەي-مۇسىلمان مەملەكەتتەر جۇرتتىڭ جالاقىسىنىڭ جارتىسىنان كوبىن سالىقپەن تارتىپ الىپ جاتىر، ال يسلامدىق بيلىك كەزىندە، ولار ولاردى قورعاۋ ءۇشىن وتە از عانا سالىق الاتىن (ول كەزدە مۇسىلمان ەلدەرىنە قازىرگى كاپىرلەر ەلىندەگى سياقتى 30-40%، ءتىپتى 50-70% سالىق تولەۋ دەگەن بولماعان، زەكەت 2.5% بولعان).

وسىلاي ۆيزانتيا يمپەراتورى، ارينە، ءقازىر كوپ ادامدار ءتاريحتى بىلمەيدى، كوپ جۇرت «ۆيزانتيا (رۋم)» نە، ول قايدا، بۇنان ەش حابارسىز، مەنشە بۇل قاتەلىك-ءدۇر، وسى ۆيزانتيا يمپەراتورى «مەن سەندەرگە حريستان موناحتارىن جانە باسقا ادامداردى جىبەرەمىن، ولار سەندەردىڭ عۇلامالارىڭمەن ايتىساتىن بولادى، ەگەر ءبىز جەڭسەك، سەندەرگە ەندىگارى سالىق تولەمەيمىز، ال سەندەر جەڭسەڭدەر، ءبىز سالىقتى جالعاستى تولەپ وتىراتىن بولامىز» دەيدى، مىنە وسىلاي، ول موناق، عۇلاما جانە فيلوسوفتاردان قۇرالعان 400 ادام جىبەردى، ول كادىمگى ارميا سياقتى 400 كىسىنى جىبەرەر.

ولار «ءبىز وسىمەن مۇسىلمانداردىڭ اقيداسىن (سەنىمىن) بۇزىپ، ولاردى جەڭىپ الامىز» دەپ ويلادى، ال حاليفامەن عۇلامالار «ديجلاھ (تيگىر)» دەگەن وزەنگە كەلدى، باعدات قالاسىندا «ديجلاھ» وزەنى بار، ولاردىڭ بارلىعى سوندا كەلدى، ال حاليفا بولسا يمام شافيعا «سەن بار» دەيدى، يمام شافيعيدىڭ ۇنەمى يىعىندا الىپ جۇرەتىن ءجاينامازى بار ەدى، ول ءجاي نامازىن وزەندەگى سۋعا قويىپ، سۋدىڭ ۇستىمەن ءجۇرىپ كەتتى دە، وزەننىڭ ورتاسىندا وتىردى (كەرەمەت ارقىلى) ءارى ول «كىمدە-كىم سويلەسپەكشى بولسا، بۇندا كەلسىن، ءبىز وسى جەردە سويلەسەلىك» دەدى، ال ماناعى كەلگەن ادامدار (موناقتارمەن فيلوسوفتار) بۇنى كورگەندە، ەرىكسىز تاڭدانىپ، ەش ءسوز ايتا الماي، يسلام قابىلداپ، مۇسىلمان بولىپ كەتتى.

مىنە وسى ۇلكەن يمامداردىڭ بارلىعى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جالعانعان، ولاردىڭ جولى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولى، ول - قيامەتكە دەيىن باراتىن بەرىك جول، بارلىعى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ حيكىمەتىمەن بولادى، ول ءاحلۋل-ءسۇننا ءۋال-جاماعامەن ءتورت ءمازحاپ ارقىلى ساقتالىنىپ كەلدى. كوپتەگەن ءمازحاپتار بولعان ارينە، ءبىراق ولاردىڭ ەرۋشىلەرى قالماعاندىقتان، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ حيكىمەتىنە تەك وسى ءتورت ءمازحاپ قانا ساقتالىنىپ قالدى، دەمەك ول وسى ءتورت ءمازحاپتى عانا ساقتادى، بۇل ءتورت ءمازحاپتىڭ قايسى بىرىنە دە ىلەسۋگە بولادى، ولار ادامداردىڭ مەكەنىنە، مىنەزدەرىنە نەمەسە سالت-داستۇرلەرىنە قاراي جۇرتقا ۇيلەسىمدى كەلەر، جۇرت ولاردىڭ قايسىسىن ۇناتسا، سوعان ەرۋلەرىنە بولادى.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ولاردا تەك ءشاريعات عانا بولماعان، ءتاريقات تا بولعان، شاريعاتپەن ءتاريقات ۇقساس-ءدۇر، الايدا شايتان بولسا ولاردىڭ اراسىن بولە جارىپ، ايىرىپ جىبەرگىسى كەلەدى، سوندا شايتان ءۇشىن ادامداردى قيراتۋ ءتىپتى دە وڭايعا تۇسپەك، ءبىر اسكەردە ەكى مىلتىقتىڭ بولعانى جاقسى ما؟ الدە ءبىر مىلتىق جاقسى؟ دەمەك ول ءبىزدىڭ قارۋىمىز، شاريعاتپەن ءتاريقات ءبىزدىڭ قوس قارۋىمىز، ولار ءبىزدىڭ يمانىمىزدىڭ قارۋى، ال ءبىز ءوزىمىزدى شايتاننان قورعاۋ ءۇشىن بۇنداي قارۋدى ەرەكشە قاجەتسىنەمىز، ەگەر ونىڭ بىرەۋىن تاستاساق، السىرەيمىز، كىمدە-كىم «ونى (سوپىلىق ءتاريقاتتى) يسلامنان ەمەس» دەسە، ولارعا قۇلاق سالماڭىز، كەرىسىنشە ءتاريقات يسلامنىڭ جۇرەگى-ءدۇر، ساحابالاردان باستاپ، قازىرگە دەيىن، ولار ءبىر بولىپ كەلگەن، ولاردىڭ بارلىعى دا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا دەگەن ماحابباتقا تولى بولعان، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ماحابباتى سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ماڭىز-قايماعى بولماق، ەندەشە كىم «ساحابالار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنان شىعىپ كەتكەن» دەپ ايتا الار؟ ءتاريقۋل مۋستاقيم ياعني توتە جول، ءتاريقاح دەگەنىمىز جالان ياعني جول (جولدى مالاي تىلىندە «جالان» دەيدى)، دەمەك ءبىز بارلىعىمىز ۇقساس جولدامىز، ۇقساس ءتاريقاتپىز، ۇقساس يستيقاماقپىز، دەمەك پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىن وسىلاي بەرىك ۇستانىپ كەلە جاتىرمىز. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى وسى جولدا باياندى ەتىپ، كوپتەگەن ادامداردى حيداياتقا اكەلگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7210