You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7166
Сұхбат: Алланың бізді сүйгені маңызды (2023.09.24 / 1445-хижри 09-Рабиул Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмилахир рахманир рахим, «وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِى هَـٰذَا ٱلْقُرْءَانِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلٍۢ ۚ وَكَانَ ٱلْإِنسَـٰنُ أَكْثَرَ شَىْءٍۢ جَدَلًۭا» (құран 18:54), садақалахул-ғазим, Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда бүкіл барлығын түсіндіріп кеткенін айтады, Ол «барлық мәселені, барлық игілікті Біз құран әзиму-шәнда баян етіп, оны адамзатқа және басқа барлығына да жібердік» дейді, демек құран әзиму-шәнда барлығы бар, бүкіл барлығы оны қабыл еткен, оны адам баласынан басқа бар топтар, аң-құс, атом-бөлшек, жер-су, тау-тас барлығы қабыл етті, ал адам баласының көбі оған ең қарсы болды, олар Алла Әззә уә-Жәлләдан келген нәрселерге қасарысады, сондықтан олар «адам баласы әмірді қабыл етпейтін ең қасарысқан топ» дейді, ал біз бұны осында да әрдайым көріп жүрміз, ол әуел бастан-ақ ұқсас солай-дүр, демек адамдар сонау Адам әлейхис-саламнан бастап осы жолда болып келген, егер олардың барлығы оны қабыл етсе, ешқандай мәселе болмас еді.

Алайда Алла Әззә уә-Жәллә адамдарды мына дүниеге олардың хақты қабыл етулері үшін, сынақ ретінде жіберді, кім бұны қабыл етсе, ол Алла Жәллә Жәләлухудың сүйікті құлы болмақ, ал кім хақты сүймесе, ол Алла Жәллә Жәләлуху жағынан жек көрілген құлға жатады, Алла Жәллә Жәләлуху сүймей қояды ма? «Мен сүймеймін» дейді Алла Жәллә Жәләлуху құран әзиму-шәнда, біз Алла Жәллә Жәләлухудың ісіне араласа алмаймыз, демек Алла Жәллә Жәләлуху кімді қаласа, соны сүйер, ал кімді жек көрсе, Ол соны жек көрер. Алла Әззә уә-Жәлләдан пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға ең алғашқы әмір келгенде «وَأَنذِرْ عَشِيرَتَكَ ٱلْأَقْرَبِينَ» (құран 26:214) делінді, онда «өз тайпаңа бұл әмірді ескерт, онан бұрын, әуелі туыстарыңа ескерт» деп айтылған, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға міне осындай әмір келген, сонан соң пайғамбарымыз олардың барлығын жинап, өзі жәйлі не білетіндіктерін сұрастырды, әрине, пайғамбарымыз аса кемел адам, ол пайғамбарлықтан бұрын да, пайғамбарлықтан кейін де кемел адам болған, онда еш өзгеріс жоқ, ал жиналғандардың барлығы «біз сені өте жақсы білеміз, сен біздің ең сүйікті кісімізсің» дейді.

Онан соң ол сөзін бастап, «егер мен бір іс айтсам, маған сенесіздер ме?» дейді, жиылған жұрт «сен бізге не айтпақшысың?» дер, міне осылай қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам оларға Алла Жәллә Жәләлухудың әдемі сөздерін айта бастады, әмірлерін бөлісті, олардың барлығының жүректері жұмсай берді, сол кезде оның Әбу Лахаб есімді кіші әкесі болмағанда олар оған сенуге даяр тұрған еді, Әбу лахаб орнынан тұрып, айғайлап лағынет сөздерді жаудыра бастайды әрі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам жәйлі жаман сөздер айтады, міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның «көптеген адамдар хақты қабыл ете алмайды» деп айтуының себебі еді, Әбу Лахаб осындай іс қылған соң, қалғандары дерліктей ол арадан қашып кетті, олар осылайша баяғы күпірлігінде қалды, бірақ кейін олардың көбі мұсылман болды, мәселен, бұндағы Әбу Лахаб құранда қарғысталынды, оған және оның әйеліне қарсы айтылған құран аяты бар, себебі олар бірінші күнінен бастап пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға зұлымдық жасап, өле-өлгенше оған қас дұшпан болды, демек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның ең үлкен дұшпаны өзінің кіші әкесі еді, бірақ ол өзіне өзі зиянкестік қылды, ол тозақта мәңгі қалады, оған тиген қарғыс қазір де жалғасып жатыр.

Біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның дәрежесі бүкіл әлемде мәңгілік биік болып қала бермек, ал оған ілескендер де биік дәрежеге жететін болады, олар абыройлы өмір сүреді, Алла Жәллә Жәләлухудың сүйікті құлы болады, сондықтан Алла Әззә уә-Жәлләның әмірлеріне сұрау салмаңыздар, неге солай? ол солай жазылған, сондықтан құранда да солай, тіпті кейбір адамдар өздерінің кішкентай ақыл-саналарымен бұларға үкім жүргізуге дейін батылдық етеді, сондықтан біз бұл істерден сақтаналық.

Біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның қасиетті айында тұрмыз, ол туылған айда тұрмыз, оны құрмет қылудан қағыс қалмаңыз, жүректеріңізге қыңыр нәрселер кіргізбеңіздер, шайтан сіздердің жүректеріңізге түрлі-түрлі уәсуәсә яғни күбір-сыбырлар жібереді, бірақ бұларды сыртқа шығарып, дауыстап сөйлеп қоюдан сақтаныңыз, демек оларды айтып сыртқа шығармаңыз, «не үшін солай? неге сондай болып қалды?» демеңіз, әйтпесе, сіздің бүкіл өміріңіз босқа кетіп, мәңгілік ұтылысқа дұшар боласыз, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай.

Алла Әззә уә-Жәллә бүй дер, бисмиллахир рахманир рахим, «وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِى هَـٰذَا ٱلْقُرْءَانِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلٍۢ ۚ وَكَانَ ٱلْإِنسَـٰنُ أَكْثَرَ شَىْءٍۢ جَدَلًۭا» (құран 18:54), садақаллахул-ғазим, бұл құран аятында «барлығын Алла құранда баян еткен» делінген, құран Алла Әззә уә-Жәлләның сөзі, ұлы Жаратушымыздың сөзі, ол өте ... барлығы сонда бар, одан тыс қалған ештеңе жоқ, Алла Әззә уә-Жәллә «біз барлығын осы құранда түсіндіріп кеттік, ешкім бұл құранға қарсы келе алмайды, бірақ адамдардың көбі оны қабыл етпес, оған риза болмас, сондықтан оған ілеспес» дейді, алайда кім оған ерсе, бақытты болар, ермесе бақытты бола алмас, оған ілесушілерді Алла Жәллә Жәләлуху сүйеді, оған ілеспей, оны қабыл етпегендерге Алла Жәллә Жәләлуху риза емес, Ол оларды сүймейді.

Алла Әззә уә-Жәллә құранда «иман келтірмегендерді жақсы көрмеймін» дейді, Ол оларды сүймейді екен, бірақ қалайша Ол барлығын оларға беріп қойды? оларда керемет машиналар, ұшақтар, ақша-пулдар, жерлер бар, демек оларда бұның барлығы бар, бірақ бұлар нәрселер сүю немесе сүймеуге өлшем емес, бұл ондай мәселе емес, бұндағы маңыздысы басқа іс-дүр, манағы нәрселердің барлығы ештеңе емес, оның үстіне олар мәңгілік емес, тек тым қысқа уақыт үшін, олар біраз жақсы өмір көргендей болады да, соңында ештеңесі жоқ аттанып кете барады, иә солай, әр адам солай кетер, ал біз болсақ Алла Жәллә Жәләлухудың сүю немесе сүймеу ісіне еш қарсылық ете алмаймыз, оған сіз «не үшін?» дей алмайсыз, бұндай «не үшіндер» бізге харам-дүр, мұсылмандар үшін, мүминдер үшін Алла Әззә уә-Жәлләға және Ол айтқан нәрселерге қарсы сөйленген әрқандай сөз харам есептеледі, мүмкім үйрену үшін айтуға болар, бірақ ол қарсылық үшін болмауы керек, ол бұған арналынбаған, бірақ олардың кобінің істеп жүргені осы қарсылықтар еді, бұл сіздер үшін жақсылық емес, Алла Жәллә Жәләлуху ... Алла Әззә уә-Жәлләға ештеңе әсер ете алмайды.

Сондықтан біз Алла Жәллә Жәләлухудың сүйікті құлы болуымыз үшін Оның әмірлеріне ілесеміз, Алла Әззә уә-Жәлләның сүйікті құлы болу тек мүминдер үшін ғана емес, бірақ бүкіл адам баласы үшін ең зор бақыт болмақ, егер Ол мәлім адамды сүйсе, бүкіл барлығы ол адамды сүйетін болады, ал сүймесе, ол кісіге ештеңе қайырлы болмас, біздің көп айтып жүргеніміз де осы, бірақ оған басым санды адам баласы қарсы келеді, олар бірде оны, бірде бұны айтар, тіпті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам да бұндай істер туылды, Алла Әззә уә-Жәлләдан әмір келіп, ол адамдарға исламмен иман жәйлі айтып, оларды Алла Әззә уә-Жәлләға шақыра бастағанда келеңсіз істер туылды, оған келген алғашқы әмір «бұны ең алдымен өз туыстарыңа, жақындарыңа айт, оларға Алла Жәллә Жәләлухудың әмірін айт, осы игілікті іс хақында айт, егер олар оны қабыл етсе бақытты болмақ» делінді, ел-жұрттың барлығы оны сүйетұғын, себебі ол пайғамбарлықтан бұрын да мүлтіксіз кәміл адам еді, адамдар оны сүйетін, себебі ол өте адал, өте әдепті еді, не жақсы мінез бар, барлығы оның бойында бар болатұғын ...

Міне осылай олар жиналды, сол кезде пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам оларға «мен сіздерге өте маңызды бір істі айтпақшымын, о туысқандарым, ең әуелі сіздерге айтайын, бұнда келіңіздер» дейді, олар бір жерге жиналды, онан соң ол олардан «сіздер мені қаншалықты білесіздер? мен адалмын ба әлде сіздер менен мәлім өтірікті естідіңіздер ме, менен жаман іс көрдіңіздер ме немесе басқа қыңырлық естідіңіздер ме?» деп сұрайды, олар «жоқ, сен ең кемел жансың, ең адал жансың, ал біз сені сүйеміз, сонымен не айтпақшысың?» дер, ол оларға иманмен ислам жәйлі айта бастайды, олар бұған риза болып, барлығының жүректері жұмсай бастайды, олар шәхәда айтып, мұсылман болмаққа шақ қалып отырған кезде, оның кіші әкесі Әбу Ләхаб кіріп келіп, айғай салады, боқтап балағаттайды, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам жәйлі жаман сөздер айта бастайды, ол «сен оны қалай істейсің? оны қалай айтасың? бұл қалай ...?» дейді, осылайша ондағылар көңілсізденіп, ол арадан шәхәда айтпастан я мұсылман болмастан кетіп қалады.

Олардың барлығы оның ең жақындары еді, олардың ішінде өте аз санды кісі ғана мұсылман болды, ал Әбу Ләхабтың ерсі ісі әлі шәхәда айтпаған кісілер үшін кесір болып тиді, алайда пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның міндеті ақиқатты айту, адамдарды бақытты ету еді, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә айтып өткендей көптеген адамдар оған қарсы келеді, сондықтан кімде-кім жақсы іс, игі амалға қарсы келсе, оған ілеспеңіздер, тек қана Алла Әззә уә-Жәлләның жолына еріңіздер, сонда Ол сіздерге риза болар, сол себепті қияметке дейін пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолына милиярттаған адамдар ереді, оны сүйеді, оған ілеседі, бірақ оның ең жақыны болған кіші әкесі Абу Ләхәбпен оның әйелі мәңгілікке қарғысталынды, ал мүмин құл, әлсіздер және ештеңесі жоқтар Алла Жәллә Жәләлуху үшін мәңгі мақтаулы әрі сүйкті жандар болмақ.

Сондықтан Алла Әззә уә-Жәлләның сөзіне қарсы келмеңіз, бұл аса маңызды, оған қарсы бірдеңе айту өте хауіпті іс, әрине, айтып өткеніміздей, егер шайтан сіздің жүрегіңізге сыбырласа, ал сіз ойыңыздағыны тіліңізбен айтып, сыртқа шығармаңыз, ол жүрегіңізде тұрған уәсуәсә яғни шайтанның күбір-сыбыры, ол барлық адамда болады, көптеген адамдар келіп, «менде осындай уәсуәсә бар, ол не?» деп сұрар, еш мәселе жоқ, ол жүрегіңізге келеді, ол Алла Жәллә Жәләлухудан келген сынақ, сондықтан оны «мен былай ойлаймын ... менің жүрегім ... е, жүрегіме мынадай бірдеңе келеген еді...» деп айтушы болмаңыз, бұны ешқашан айтпаңыз, тек «астағфируллаһ» деңіз, міне осылай етсеңіз болды, сізге ештеңе болмайды, Алла Жәллә Жәләлуху бізді пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолында сақтайды, Алла Жәллә Жәләлуху, иншалла, бізді сүйеді. Біз де Алла Жәллә Жәләлухуды өз әлімізше сүймекке тырысудамыз, бірақ бұндағы маңыздысы Алла Жәллә Жәләлухудың біздің сүймегі болмақ, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw



سۇحبات: اللانىڭ ءبىزدى سۇيگەنى ماڭىزدى (2023.09.24 / 1445-حيجري 09-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (كيپىردە ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميلاحير راحمانير راحيم، «وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِى هَـٰذَا ٱءلْقُرَْانِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلٍۢ ۚ وَكَانَ ٱلْإِنسَـٰنُ أَكْثَرَ ءشَىٍْۢ جَدَلًۭا» (قۇران 18:54)، ساداقالاحۋل-عازيم، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا بۇكىل بارلىعىن ءتۇسىندىرىپ كەتكەنىن ايتادى، ول «بارلىق ماسەلەنى، بارلىق يگىلىكتى ءبىز قۇران ءازيمۋ-ءشاندا بايان ەتىپ، ونى ادامزاتقا جانە باسقا بارلىعىنا دا جىبەردىك» دەيدى، دەمەك قۇران ءازيمۋ-ءشاندا بارلىعى بار، بۇكىل بارلىعى ونى قابىل ەتكەن، ونى ادام بالاسىنان باسقا بار توپتار، اڭ-قۇس، اتوم-بولشەك، جەر-سۋ، تاۋ-تاس بارلىعى قابىل ەتتى، ال ادام بالاسىنىڭ كوبى وعان ەڭ قارسى بولدى، ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلگەن نارسەلەرگە قاسارىسادى، سوندىقتان ولار «ادام بالاسى ءامىردى قابىل ەتپەيتىن ەڭ قاسارىسقان توپ» دەيدى، ال ءبىز بۇنى وسىندا دا ءاردايىم كورىپ ءجۇرمىز، ول اۋەل باستان-اق ۇقساس سولاي-ءدۇر، دەمەك ادامدار سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنان باستاپ وسى جولدا بولىپ كەلگەن، ەگەر ولاردىڭ بارلىعى ونى قابىل ەتسە، ەشقانداي ماسەلە بولماس ەدى.

الايدا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردى مىنا دۇنيەگە ولاردىڭ حاقتى قابىل ەتۋلەرى ءۇشىن، سىناق رەتىندە جىبەردى، كىم بۇنى قابىل ەتسە، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتى قۇلى بولماق، ال كىم حاقتى سۇيمەسە، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جاعىنان جەك كورىلگەن قۇلعا جاتادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سۇيمەي قويادى ما؟ «مەن سۇيمەيمىن» دەيدى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ قۇران ءازيمۋ-ءشاندا، ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ىسىنە ارالاسا المايمىز، دەمەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ كىمدى قالاسا، سونى سۇيەر، ال كىمدى جەك كورسە، ول سونى جەك كورەر. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا ەڭ العاشقى ءامىر كەلگەندە «وَأَنذِرْ عَشِيرَتَكَ ٱلْأَقْرَبِينَ» (قۇران 26:214) دەلىندى، وندا «ءوز تايپاڭا بۇل ءامىردى ەسكەرت، ونان بۇرىن، اۋەلى تۋىستارىڭا ەسكەرت» دەپ ايتىلعان، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا مىنە وسىنداي ءامىر كەلگەن، سونان سوڭ پايعامبارىمىز ولاردىڭ بارلىعىن جيناپ، ءوزى ءجايلى نە بىلەتىندىكتەرىن سۇراستىردى، ارينە، پايعامبارىمىز اسا كەمەل ادام، ول پايعامبارلىقتان بۇرىن دا، پايعامبارلىقتان كەيىن دە كەمەل ادام بولعان، وندا ەش وزگەرىس جوق، ال جينالعانداردىڭ بارلىعى «ءبىز سەنى وتە جاقسى بىلەمىز، سەن ءبىزدىڭ ەڭ سۇيىكتى كىسىمىزسىڭ» دەيدى.

ونان سوڭ ول ءسوزىن باستاپ، «ەگەر مەن ءبىر ءىس ايتسام، ماعان سەنەسىزدەر مە؟» دەيدى، جيىلعان جۇرت «سەن بىزگە نە ايتپاقشىسىڭ؟» دەر، مىنە وسىلاي قاسيەتتى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ولارعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ادەمى سوزدەرىن ايتا باستادى، امىرلەرىن ءبولىستى، ولاردىڭ بارلىعىنىڭ جۇرەكتەرى جۇمساي بەردى، سول كەزدە ونىڭ ءابۋ لاحاب ەسىمدى كىشى اكەسى بولماعاندا ولار وعان سەنۋگە دايار تۇرعان ەدى، ءابۋ لاحاب ورنىنان تۇرىپ، ايعايلاپ لاعىنەت سوزدەردى جاۋدىرا باستايدى ءارى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءجايلى جامان سوزدەر ايتادى، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ «كوپتەگەن ادامدار حاقتى قابىل ەتە المايدى» دەپ ايتۋىنىڭ سەبەبى ەدى، ءابۋ لاحاب وسىنداي ءىس قىلعان سوڭ، قالعاندارى دەرلىكتەي ول ارادان قاشىپ كەتتى، ولار وسىلايشا باياعى كۇپىرلىگىندە قالدى، ءبىراق كەيىن ولاردىڭ كوبى مۇسىلمان بولدى، ماسەلەن، بۇنداعى ءابۋ لاحاب قۇراندا قارعىستالىندى، وعان جانە ونىڭ ايەلىنە قارسى ايتىلعان قۇران اياتى بار، سەبەبى ولار ءبىرىنشى كۇنىنەن باستاپ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا زۇلىمدىق جاساپ، ولە-ولگەنشە وعان قاس دۇشپان بولدى، دەمەك پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ەڭ ۇلكەن دۇشپانى ءوزىنىڭ كىشى اكەسى ەدى، ءبىراق ول وزىنە ءوزى زيانكەستىك قىلدى، ول توزاقتا ماڭگى قالادى، وعان تيگەن قارعىس ءقازىر دە جالعاسىپ جاتىر.

ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ دارەجەسى بۇكىل الەمدە ماڭگىلىك بيىك بولىپ قالا بەرمەك، ال وعان ىلەسكەندەر دە بيىك دارەجەگە جەتەتىن بولادى، ولار ابىرويلى ءومىر سۇرەدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتى قۇلى بولادى، سوندىقتان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ امىرلەرىنە سۇراۋ سالماڭىزدار، نەگە سولاي؟ ول سولاي جازىلعان، سوندىقتان قۇراندا دا سولاي، ءتىپتى كەيبىر ادامدار وزدەرىنىڭ كىشكەنتاي اقىل-سانالارىمەن بۇلارعا ۇكىم جۇرگىزۋگە دەيىن باتىلدىق ەتەدى، سوندىقتان ءبىز بۇل ىستەردەن ساقتانالىق.

ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ قاسيەتتى ايىندا تۇرمىز، ول تۋىلعان ايدا تۇرمىز، ونى قۇرمەت قىلۋدان قاعىس قالماڭىز، جۇرەكتەرىڭىزگە قىڭىر نارسەلەر كىرگىزبەڭىزدەر، شايتان سىزدەردىڭ جۇرەكتەرىڭىزگە ءتۇرلى-ءتۇرلى ءۋاسۋاسا ياعني كۇبىر-سىبىرلار جىبەرەدى، ءبىراق بۇلاردى سىرتقا شىعارىپ، داۋىستاپ سويلەپ قويۋدان ساقتانىڭىز، دەمەك ولاردى ايتىپ سىرتقا شىعارماڭىز، «نە ءۇشىن سولاي؟ نەگە سونداي بولىپ قالدى؟» دەمەڭىز، ايتپەسە، ءسىزدىڭ بۇكىل ءومىرىڭىز بوسقا كەتىپ، ماڭگىلىك ۇتىلىسقا دۇشار بولاسىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءبۇي دەر، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِى هَـٰذَا ٱءلْقُرَْانِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلٍۢ ۚ وَكَانَ ٱلْإِنسَـٰنُ أَكْثَرَ ءشَىٍْۢ جَدَلًۭا» (قۇران 18:54)، ساداقاللاحۋل-عازيم، بۇل قۇران اياتىندا «بارلىعىن اللا قۇراندا بايان ەتكەن» دەلىنگەن، قۇران اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءسوزى، ۇلى جاراتۋشىمىزدىڭ ءسوزى، ول وتە ... بارلىعى سوندا بار، ودان تىس قالعان ەشتەڭە جوق، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «ءبىز بارلىعىن وسى قۇراندا ءتۇسىندىرىپ كەتتىك، ەشكىم بۇل قۇرانعا قارسى كەلە المايدى، ءبىراق ادامداردىڭ كوبى ونى قابىل ەتپەس، وعان ريزا بولماس، سوندىقتان وعان ىلەسپەس» دەيدى، الايدا كىم وعان ەرسە، باقىتتى بولار، ەرمەسە باقىتتى بولا الماس، وعان ىلەسۋشىلەردى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سۇيەدى، وعان ىلەسپەي، ونى قابىل ەتپەگەندەرگە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ريزا ەمەس، ول ولاردى سۇيمەيدى.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇراندا «يمان كەلتىرمەگەندەردى جاقسى كورمەيمىن» دەيدى، ول ولاردى سۇيمەيدى ەكەن، ءبىراق قالايشا ول بارلىعىن ولارعا بەرىپ قويدى؟ ولاردا كەرەمەت ماشينالار، ۇشاقتار، اقشا-پۋلدار، جەرلەر بار، دەمەك ولاردا بۇنىڭ بارلىعى بار، ءبىراق بۇلار نارسەلەر ءسۇيۋ نەمەسە سۇيمەۋگە ولشەم ەمەس، بۇل ونداي ماسەلە ەمەس، بۇنداعى ماڭىزدىسى باسقا ءىس-ءدۇر، ماناعى نارسەلەردىڭ بارلىعى ەشتەڭە ەمەس، ونىڭ ۇستىنە ولار ماڭگىلىك ەمەس، تەك تىم قىسقا ۋاقىت ءۇشىن، ولار ءبىراز جاقسى ءومىر كورگەندەي بولادى دا، سوڭىندا ەشتەڭەسى جوق اتتانىپ كەتە بارادى، ءيا سولاي، ءار ادام سولاي كەتەر، ال ءبىز بولساق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءسۇيۋ نەمەسە سۇيمەۋ ىسىنە ەش قارسىلىق ەتە المايمىز، وعان ءسىز «نە ءۇشىن؟» دەي المايسىز، بۇنداي «نە ۇشىندەر» بىزگە حارام-ءدۇر، مۇسىلماندار ءۇشىن، مۇميندەر ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا جانە ول ايتقان نارسەلەرگە قارسى سويلەنگەن ءارقانداي ءسوز حارام ەسەپتەلەدى، مۇمكىم ۇيرەنۋ ءۇشىن ايتۋعا بولار، ءبىراق ول قارسىلىق ءۇشىن بولماۋى كەرەك، ول بۇعان ارنالىنباعان، ءبىراق ولاردىڭ كوبىنىڭ ىستەپ جۇرگەنى وسى قارسىلىقتار ەدى، بۇل سىزدەر ءۇشىن جاقسىلىق ەمەس، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ... اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ەشتەڭە اسەر ەتە المايدى.

سوندىقتان ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتى قۇلى بولۋىمىز ءۇشىن ونىڭ امىرلەرىنە ىلەسەمىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ سۇيىكتى قۇلى بولۋ تەك مۇميندەر ءۇشىن عانا ەمەس، ءبىراق بۇكىل ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ زور باقىت بولماق، ەگەر ول ءمالىم ادامدى سۇيسە، بۇكىل بارلىعى ول ادامدى سۇيەتىن بولادى، ال سۇيمەسە، ول كىسىگە ەشتەڭە قايىرلى بولماس، ءبىزدىڭ كوپ ايتىپ جۇرگەنىمىز دە وسى، ءبىراق وعان باسىم ساندى ادام بالاسى قارسى كەلەدى، ولار بىردە ونى، بىردە بۇنى ايتار، ءتىپتى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام دا بۇنداي ىستەر تۋىلدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ءامىر كەلىپ، ول ادامدارعا يسلاممەن يمان ءجايلى ايتىپ، ولاردى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا شاقىرا باستاعاندا كەلەڭسىز ىستەر تۋىلدى، وعان كەلگەن العاشقى ءامىر «بۇنى ەڭ الدىمەن ءوز تۋىستارىڭا، جاقىندارىڭا ايت، ولارعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءامىرىن ايت، وسى يگىلىكتى ءىس حاقىندا ايت، ەگەر ولار ونى قابىل ەتسە باقىتتى بولماق» دەلىندى، ەل-جۇرتتىڭ بارلىعى ونى سۇيەتۇعىن، سەبەبى ول پايعامبارلىقتان بۇرىن دا مۇلتىكسىز كامىل ادام ەدى، ادامدار ونى سۇيەتىن، سەبەبى ول وتە ادال، وتە ادەپتى ەدى، نە جاقسى مىنەز بار، بارلىعى ونىڭ بويىندا بار بولاتۇعىن ...

مىنە وسىلاي ولار جينالدى، سول كەزدە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ولارعا «مەن سىزدەرگە وتە ماڭىزدى ءبىر ءىستى ايتپاقشىمىن، و تۋىسقاندارىم، ەڭ اۋەلى سىزدەرگە ايتايىن، بۇندا كەلىڭىزدەر» دەيدى، ولار ءبىر جەرگە جينالدى، ونان سوڭ ول ولاردان «سىزدەر مەنى قانشالىقتى بىلەسىزدەر؟ مەن ادالمىن با الدە سىزدەر مەنەن ءمالىم وتىرىكتى ەستىدىڭىزدەر مە، مەنەن جامان ءىس كوردىڭىزدەر مە نەمەسە باسقا قىڭىرلىق ەستىدىڭىزدەر مە؟» دەپ سۇرايدى، ولار «جوق، سەن ەڭ كەمەل جانسىڭ، ەڭ ادال جانسىڭ، ال ءبىز سەنى سۇيەمىز، سونىمەن نە ايتپاقشىسىڭ؟» دەر، ول ولارعا يمانمەن يسلام ءجايلى ايتا باستايدى، ولار بۇعان ريزا بولىپ، بارلىعىنىڭ جۇرەكتەرى جۇمساي باستايدى، ولار ءشاحادا ايتىپ، مۇسىلمان بولماققا شاق قالىپ وتىرعان كەزدە، ونىڭ كىشى اكەسى ءابۋ ءلاحاب كىرىپ كەلىپ، ايعاي سالادى، بوقتاپ بالاعاتتايدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءجايلى جامان سوزدەر ايتا باستايدى، ول «سەن ونى قالاي ىستەيسىڭ؟ ونى قالاي ايتاسىڭ؟ بۇل قالاي ...؟» دەيدى، وسىلايشا ونداعىلار كوڭىلسىزدەنىپ، ول ارادان ءشاحادا ايتپاستان يا مۇسىلمان بولماستان كەتىپ قالادى.

ولاردىڭ بارلىعى ونىڭ ەڭ جاقىندارى ەدى، ولاردىڭ ىشىندە وتە از ساندى كىسى عانا مۇسىلمان بولدى، ال ءابۋ ءلاحابتىڭ ەرسى ءىسى ءالى ءشاحادا ايتپاعان كىسىلەر ءۇشىن كەسىر بولىپ ءتيدى، الايدا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ مىندەتى اقيقاتتى ايتۋ، ادامداردى باقىتتى ەتۋ ەدى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ايتىپ وتكەندەي كوپتەگەن ادامدار وعان قارسى كەلەدى، سوندىقتان كىمدە-كىم جاقسى ءىس، يگى امالعا قارسى كەلسە، وعان ىلەسپەڭىزدەر، تەك قانا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىنا ەرىڭىزدەر، سوندا ول سىزدەرگە ريزا بولار، سول سەبەپتى قيامەتكە دەيىن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنا ميليارتتاعان ادامدار ەرەدى، ونى سۇيەدى، وعان ىلەسەدى، ءبىراق ونىڭ ەڭ جاقىنى بولعان كىشى اكەسى ابۋ لاحابپەن ونىڭ ايەلى ماڭگىلىككە قارعىستالىندى، ال ءمۇمين قۇل، السىزدەر جانە ەشتەڭەسى جوقتار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن ماڭگى ماقتاۋلى ءارى سۇيكتى جاندار بولماق.

سوندىقتان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ سوزىنە قارسى كەلمەڭىز، بۇل اسا ماڭىزدى، وعان قارسى بىردەڭە ايتۋ وتە ءحاۋىپتى ءىس، ارينە، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ەگەر شايتان ءسىزدىڭ جۇرەگىڭىزگە سىبىرلاسا، ال ءسىز ويىڭىزداعىنى تىلىڭىزبەن ايتىپ، سىرتقا شىعارماڭىز، ول جۇرەگىڭىزدە تۇرعان ءۋاسۋاسا ياعني شايتاننىڭ كۇبىر-سىبىرى، ول بارلىق ادامدا بولادى، كوپتەگەن ادامدار كەلىپ، «مەندە وسىنداي ءۋاسۋاسا بار، ول نە؟» دەپ سۇرار، ەش ماسەلە جوق، ول جۇرەگىڭىزگە كەلەدى، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان كەلگەن سىناق، سوندىقتان ونى «مەن بىلاي ويلايمىن ... مەنىڭ جۇرەگىم ... ە، جۇرەگىمە مىناداي بىردەڭە كەلەگەن ەدى...» دەپ ايتۋشى بولماڭىز، بۇنى ەشقاشان ايتپاڭىز، تەك «استاعفيرۋللاھ» دەڭىز، مىنە وسىلاي ەتسەڭىز بولدى، سىزگە ەشتەڭە بولمايدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىندا ساقتايدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ، ينشاللا، ءبىزدى سۇيەدى. ءبىز دە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى ءوز الىمىزشە سۇيمەككە تىرىسۋدامىز، ءبىراق بۇنداعى ماڭىزدىسى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءبىزدىڭ سۇيمەگى بولماق، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7166