You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7113
АЛЛА ӘМІРІН ҰМЫТҚАН ЕЛГЕ ЗАЛЫМДАР БАСШЫ БОЛАДЫ

Алла "егер сендер әміріме құлақ аспай залымдыққа бассаңдар, араларыңдағы өздерің сияқты залымды таңдап, төбелеріңе басшы, сұлтан, би, президент етіп қоямын, ол сендердің бастарыңа қарғыс болып түседі де, сендер еш жақсылық таппайсыңдар, күндерің күн болмас" дейді, Алла әр елдің басшыларын сол елдің халқына қарай таңдап қояды, ал бұл қойылған адамды Алла қалап кетірмегенше,сендер не істесеңдер де, оны кетіре алмайсыңдар, "басшым жақсы, күніміз көңілді болсын" десеңдер, онда Аллаға бұрылып, Алла әмірін орындаңдар, өздеріңді түзеңдер, әйтпесе, еш жақсылықтан дәме етпей-ақ қой, дүние төңкеріліп жатса да, Алла өз әміріне шынайы ерген пендесін жәйлі күйде етіп қояды, оған есендікпен тыныштық сыйлайды, ал керісі болса Алла араларыңдағы залым әрі қарғысталған біреуді үстілеріңе басшы етіп, сендерді жазалайтын болады, бұндайда мейлі 100 басшы, 100 президент, 100 сұлтан ауыстырсаңдар да, ештеңе өзгермейді, бірақ хәлдерің күн өткен сайын тіпті де мүшкілдене бермек, себебі ауру-кесел сенде, ол ауруыңды 100 дохтырға көрсетсең де, 100 дохтыр ұқсас диагноз қойып, ұқсас ваксина салады, ұқсас дәрі береді, бұл іс осыған ұқсайды, Алла әміріне қараған жақсы жан болсаңдар, Алла араларыңдағы ең жақсыны сендерге басшы ететін болады, жаман басшы Алла әміріне құлақ салмаудан, оны ұмытудан, елдің бұзылуынан туындаған мәселе, сондықтан басшыны қарғау қажетсіз, оған қасарысқан сайын күнің нашарлайды.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

اللا ءامىرىن ۇمىتقان ەلگە زالىمدار باسشى بولادى

اللا "ەگەر سەندەر امىرىمە قۇلاق اسپاي زالىمدىققا باسساڭدار، ارالاڭداعى وزدەرىڭ سياقتى زالىمدى تاڭداپ، توبەلەرىڭە باسشى، سۇلتان، بي، پرەزيدەنت ەتىپ قويامىن، ول سەندەردىڭ باستارىڭا قارعىس بولىپ تۇسەدى دە، سەندەر ەش جاقسىلىق تاپپايسىڭدار، كۇندەرىڭ كۇن بولماس" دەيدى، اللا ءار ەلدىڭ باسشىلارىن سول ەلدىڭ حالقىنا قاراي تاڭداپ قويادى، ال بۇل قويىلعان ادامدى اللا قالاپ كەتىرمەگەنشە،سەندەر نە ىستەسەڭدەر دە، ونى كەتىرە المايسىڭدار، "باسشىم جاقسى، كۇنىمىز كوڭىلدى بولسىن" دەسەڭدەر، وندا اللاعا بۇرىلىپ، اللا ءامىرىن ورىنداڭدار، وزدەرىڭدى تۇزەڭدەر، ايتپەسە، ەش جاقسىلىقتان دامە ەتپەي-اق قوي، دۇنيە توڭكەرىلىپ جاتسا دا، اللا ءوز امىرىنە شىنايى ەرگەن پەندەسىن ءجايلى كۇيدە ەتىپ قويادى، وعان ەسەندىكپەن تىنىشتىق سىيلايدى، ال كەرىسى بولسا اللا ارالارىڭداعى زالىم ءارى قارعىستالعان بىرەۋدى ۇستىلەرىڭە باسشى ەتىپ، سەندەردى جازالايتىن بولادى، بۇندايدا مەيلى 100 باسشى، 100 پرەزيدەنت، 100 سۇلتان اۋىستىرساڭدار دا، ەشتەڭە وزگەرمەيدى، ءبىراق حالدەرىڭ كۇن وتكەن سايىن ءتىپتى دە مۇشكىلدەنە بەرمەك، سەبەبى اۋرۋ-كەسەل سەندە، ول اۋرۋىڭدى 100 دوحتىرعا كورسەتسەڭ دە، 100 دوحتىر ۇقساس دياگنوز قويىپ، ۇقساس ۆاكسينا سالادى، ۇقساس ءدارى بەرەدى، بۇل ءىس وسىعان ۇقسايدى، اللا امىرىنە قاراعان جاقسى جان بولساڭدار، اللا ارالارىڭداعى ەڭ جاقسىنى سەندەرگە باسشى ەتەتىن بولادى، جامان باسشى اللا امىرىنە قۇلاق سالماۋدان، ونى ۇمىتۋدان، ەلدىڭ بۇزىلۋىنان تۋىنداعان ماسەلە، سوندىقتان باسشىنى قارعاۋ قاجەتسىز، وعان قاسارىسقان سايىن كۇنىڭ ناشارلايدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #мәхди #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7113