You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7097
НЕ ҮШІН ШАЙТАНҒА КӨП, ӘУЛИЕГЕ АЗ АДАМ ЕРЕДІ?

Егер дәрежесі ең төмен жәй әулиеге Алла рұхсат берсе, ол әулие кереметімен бүкіл милиярд адамзатты артынан қойша шұбата ертіп, олардың барлығын мұсылман ете алады, бірақ бұлай істеу адамдардың ерік-жігерін байлау болып, мына дүниенің мақсаты жойылады, сынақтың керегі қалмас, себебі бұл дүниені Алла сынақ алаңы етіп жаратқан әрі адамдарға таңдау ұқығын берген, бірақ Алла осы еркіндікті беріп тұрып, соңында кім жамандықты таңдаса жазаланатынын, ал жақсылықты таңдаса, жәннатқа жететінін ескертіп қойған, осылай Алла адамдарға Аллаға сену-сенбеу, пайғамбармен әулиеге еру-ермеу, жамандық-жақсылық істеу еркіндік ұқығын берген, сондықтан дінде еш зорлық жоқ, пайғамбарлармен әулиелерге мұғжиза я керемет істетіп, ел-жұртты, адамдары артынан ертіп алу, исламға келтіру ұқығы берілмеген, олар өз еркімен кереметін істетпейді, оны тек Алла істетуге әмір бергенде ғана істетеді, олардың міндеті адамзатты Алла жолына шақыру, оларға ергені ерер, ермегені шайтанмен қалар, бірақ адамдар ісіне қияметте жауап береді де, оларға ергендері қуанып, ермегендері мәңгілік өкінішке қалады, ал шайтанға да адамдарды адастыруға мәлім дәрежеде еркіндік берілген, алайда адамдардың көбі нәпсі, дүние, шайтанға ергенді қалайды да, шайтанға ерген адам тым көп, әулиеге ерген адам тым аз болар.

نە ءۇشىن شايتانعا كوپ، اۋليەگە از ادام ەرەدى؟

ەگەر دارەجەسى ەڭ تومەن ءجاي اۋليەگە اللا رۇحسات بەرسە، ول اۋليە كەرەمەتىمەن بۇكىل ميليارد ادامزاتتى ارتىنان قويشا شۇباتا ەرتىپ، ولاردىڭ بارلىعىن مۇسىلمان ەتە الادى، ءبىراق بۇلاي ىستەۋ ادامداردىڭ ەرىك-جىگەرىن بايلاۋ بولىپ، مىنا دۇنيەنىڭ ماقساتى جويىلادى، سىناقتىڭ كەرەگى قالماس، سەبەبى بۇل دۇنيەنى اللا سىناق الاڭى ەتىپ جاراتقان ءارى ادامدارعا تاڭداۋ ۇقىعىن بەرگەن، ءبىراق اللا وسى ەركىندىكتى بەرىپ تۇرىپ، سوڭىندا كىم جاماندىقتى تاڭداسا جازالاناتىنىن، ال جاقسىلىقتى تاڭداسا، ءجانناتقا جەتەتىنىن ەسكەرتىپ قويعان، وسىلاي اللا ادامدارعا اللاعا سەنۋ-سەنبەۋ، پايعامبارمەن اۋليەگە ەرۋ-ەرمەۋ، جاماندىق-جاقسىلىق ىستەۋ ەركىندىك ۇقىعىن بەرگەن، سوندىقتان دىندە ەش زورلىق جوق، پايعامبارلارمەن اۋليەلەرگە مۇعجيزا يا كەرەمەت ىستەتىپ، ەل-جۇرتتى، ادامدارى ارتىنان ەرتىپ الۋ، يسلامعا كەلتىرۋ ۇقىعى بەرىلمەگەن، ولار ءوز ەركىمەن كەرەمەتىن ىستەتپەيدى، ونى تەك اللا ىستەتۋگە ءامىر بەرگەندە عانا ىستەتەدى، ولاردىڭ مىندەتى ادامزاتتى اللا جولىنا شاقىرۋ، ولارعا ەرگەنى ەرەر، ەرمەگەنى شايتانمەن قالار، ءبىراق ادامدار ىسىنە قيامەتتە جاۋاپ بەرەدى دە، ولارعا ەرگەندەرى قۋانىپ، ەرمەگەندەرى ماڭگىلىك وكىنىشكە قالادى، ال شايتانعا دا ادامداردى اداستىرۋعا ءمالىم دارەجەدە ەركىندىك بەرىلگەن، الايدا ادامداردىڭ كوبى ءناپسى، دۇنيە، شايتانعا ەرگەندى قالايدى دا، شايتانعا ەرگەن ادام تىم كوپ، اۋليەگە ەرگەن ادام تىم از بولار.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7097