You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6843
Сұхбат: Имам Шәмил нағыз мүмин еді (2023.05.26, 06 Зұл-Қада 1444)
Канада, Исламбол (Стамбул), Түркия

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Олар (пайғамбарлар) әр нәрсеге рахымды болған, мәселен, бір соғыста мәлім сахаба бей-мұсылманмен ұрысып жатқан еді, егер соғыста кәпірлер «болды тоқта, мен мұсылман боламын» десе, оған тиісуге болмайды, бұл соғыста осы сахаба олармен қатты соғысып, бір кәпірді өлтіріп жібермек болады, бірақ сол кезде ол «мен мұсылман боламын» дейді, ал сахаба болса «ол менің қылышымнан қорықты» деп оны өлтіріп жібереді, бұл іске пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам қатты ашуланып көңілсізденеді, ол оған «сен оның жүрегін ашып, ішінде ненің шын ненің шын емес екендігін көрдің бе?» дейді, ол бұл сөзді көп айтып кеткен.

Айтып өткеніміздей, мүминдерге қатысты милиондаған осындай үлгі-мысалдар бар, мүмин дегеніміз иман келтіруші әрі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқандарын қабыл ететін адам, әрине, көптеген адамдар «біз мұсылманбыз» дер, бірақ шындығында оларда ешбір сенім-иман жоқ, ештеңесі жоқ, сонау пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кезінен бастап осындай адамдар әр жерде бүлік-фитна жасап келген, ал нағыз мүмин, нағыз иман келтіруші Алла Жәллә Жәләлухудың қалауын істеу үшін, исламды, әулетін, ел-жерін қорғау үшін күреседі.

Бұл жәйлі мысал көп, мәселен, мәлім бір әйгілі кісі өткен, бұнда соны айтуға олады, ол 19-ғасырда Капказда яғни Дағыстан, Шешенстан жерлерінде өткен Шайық Шәмил еді, ол Орыс Империясымен 25 жылдан артық соғысқан, сонымен бірге ол өзіне қосылмаған, бірге соғыспай қойған адамдарға ештеңе істемеген, ол орыс патшасымен өзі (аз әскермен) ғана соғысқан әрі әр жолы орыстарды жеңіп отырған, жеңілмеген, алғашында орыстар аз әскер жібереді, Шайық Шәмилден жеңіледі, ал бұған орыс патшасы қатты ашулады, ол «осы генералдарды және мыналарды алып барып соғысыңдар» дейді, орыстың 50000 қуатты армиясы олармен соғысуға келеді, бірақ олар тағы да Шайық Шәмилден оңбай жеңіледі, Шайық Шәмил орыстардан көп олжа алады, орыс әскерлері қашып, тоз-тозы шығып, жоқ болады, орыс патшасы екінші рет тіпті де іскер генералдарын, күшті армиясын жібереді, олардың арасында Нәполенмен соғысып, Наполенды жеңген генералдар бар еді, олар бұл жолы 60000 күшті әскермен келеді, олар сонда да Шайық Шәмилді жеңе алмайды.

Алайда, осыдан соң олар яғни бұл кәпірлер не істемекші болады? олар Капказдағы ауылдарға барады, ондағы таулар биік болып, оған шығу қиын еді, орыстар оларды (Имам Шәмилдің әскерлерін) ала алмай қояды, сонымен орыс әскерлері жазықта жатқан ауылдағы жәй халықтарға шабуыл жасап оларды өлтіреді, азаптап қинайды, орыстар осындай қитұрқы әдіспен Шайық Шәмилді өздеріне бағындырып, дегенін істетпек болады, олардың істегені міне осы еді, ал ел-жұрт болса Шайық Шәмилдің анасына келіп, Шайық Шәмилдің бұл кәпірлермен келісімге келуін және олардың азаптап қинауларын тоқтаттыруын сұранады, бұған Шайық Шәмилдің анасы қатты қайғырады әрі бұл хабарды оған жеткізеді, бұл хабарды естігенде, Шайық Шәмил де тым көңілсізденеді әрі ауылдағылардың бұл ісі үшін қатты ашынады. Осыдан соң ол мешітке барып, «егер кімде-кім орыстармен тыныштық келісіміне келмекші болса жазалады» деген бұйрық береді, ал оның анасы бұл шешімге қатты таңырқайды әрі оған риза болмайды.

Әдетте, Шайық Шәмил мәлім қиын іске тап болса, мешітке барып, қалуа (оңашалану) қылып, намаз оқитын, дұға жасайтын, ораза ұстап, оразасын мәлім бір илхам келгенше жалғастыратын еді, Шайық Шәмил Алла Жәллә Жәләлуху үшін аса сүйікті жан еді, ол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан медет сұрайтын, ал өзі Нақышбанд сопылық тәриқатының әйгілі әулие шайқысы Шайық Жамалудин әл-Ғумқи хазіреттің мүриті еді, Шайық Жамалудин әл-Ғумқи хазіреттің қабыры Стамбулда, демек, Шайық Шәмил Нақышбанд сопсы болған.

Көп күн өткен соң, ол мешіттен шығып, мынадай әмір береді, демек, ол анасының орыспен келісімге келуді айтқаны үшін шәхардағы қазы-сот алдына келіп, оның жасап кеткен әмірін (кім орыстармен селбессе жазаланды) қабыл етуін айтады, әрине, оның анасы өз айтқан сөзіне (орыспен келісімге келу) қатты өкінген болатын, ол қайратты, жігері берік ана еді, ол сотта Алла Жәллә Жәләлухудан өз қателігіне еш жеңілдіктің болмауын әрі жазаның аз болмауын сұрайды, ол осылай адамдарға әділдікті көрсетпек болды, ол «мен Имам Шәмилдің анасы болғаным үшін маған еш жеңілдік болмасын, ерекше мәміле болмасын» деп Алла Жәллә Жәләлухуға дұға етеді, Имам Шәмил де әділдіктің болуын айтады, ал шешім жасаушы өзі еді, сот шешімімен оның анасы кінәлі болып шығады, қазылар солай дейді, ал жаза үшін жүз қамшы дүре соғылу керек болатын, Шайық Шәмил қамшыны қолына алады, бүкіл жұрт бұл іске қатты көңілсізденеді, себебі ол оның анасы әрі жұрттың барлығы оны сүйетін еді, Шайық Шамилді сүйгендер өмірлерін ол үшін құрбан етуге даяр болатын, бірақ Шайық Шәмил «жоқ, шешім осылай, менің анам күнәлі болды, ол осы жазаға лайық, ол жүз қамшы дүре алуы керек, алайда, анам бұл істі мен үшін істеді әрі жақсы ниетпен басқа адамдарға араша түсіп, мейірімін көрсетті, олардың орыстар жағынан азапқа қалуын қаламады, ол кінәлі , бірақ мен оның ұлымын, сондықтан, бұл жаза дүре маған соғылуы керек» дейді, ел-жұрт бұны естігенде жылай бастайды, олар «біздің Имам қалай қамшымен дүреленбек!» дейді, алайда, ешкім оның сөзіне қарсы келе алмайды, ол жейдесін шешіп, дүрешілерге «мені бар күштеріңмен сабаңдар, еш бәсеңдетпеңдер» дейді, ол келеді, дүрешілер оны ұра бастайды, ел-жұрты жылап қарап тұрады, бірақ ол ештеңе демейді, жүз дүре қамшы біткенше, одан «қыңық» еткен үн шықпады, дүреден соң, бүкіл жон-жотасы қызыл қан болады, жаза біткенде, ол «шүкір-Алла, мен бітірдім» дейді әрі сәждеге жығылады.

Осы істен (келісімге келген) соң орыстар оларды алды, кейін (кеңес билігі орнап) билік оларды коминист етсе де, 80 жыл коминизм билігінің билеуінде ұстаса да, әлхамдулилла, осындай игі жандардың берекесімен оларда ислам жақсы сақталынды, біз ол араға Мәуләнә Шайық Назым хазіретпен 1997 не 1995 бірінші рет бардық, бірақ сіз оларды 80 жыл бойы коминизиммен, зайырлы және әтейістік билікпен басқарылған ел екендігіне сене алмайсыз, себебі олар (дінде) көптеген ислам елдерінен жақсы екен.

Міне бұл бір ғана мысал, ал шын иманымен адамдарға мейірімді болған осындай кісілерге қатсысты милиондаған мысал бар, себебі олар өз кезінде өздерін құрбан етті әрі олардың бұл құрбандықтары текке кеткен жоқ, олар тірі-дүр. Алла Жәллә Жәләлуху «بَلْ أَحْيَآءٌ عِندَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ» (керісінше, олар Раббыларымен тірі жүр, риздықтарын алуда) (құран 03:169) дейді.

Әрине, шайтан ешқашан тоқтаған емес, оның айласы өте көп, шайтан жаңа келген адамдарға «иман келтіруші болмаңдар, мүмин болу еш қажет емес, ештеңеге сенбеңдер, бірақ өздеріңе сеніңдер, құран оқы, хадис керек емес, құраннан нені түсінсеңдер, сол бойынша іс қылып жүре берсеңдер болды» дейді, алайда, манағы жақсы адамдардың берекесі болмаса, бұл өңірлерде исламнан ештеңе қалмас еді, Алланың осыбір игі құлдарымен, мүминдерімен ислам тірі болмақ, солармен ислам діні барлық осындай өңірлерге қайта келді, жанданып кетті, сондықтан, Алла Әззә уә-Жәллә оларға (қарсы топқа) «"біз иман келтіруші мүмин" демеңдер, бірақ "біз мұсылманбыз" деңдер» дейді, Алла Әззә уә-Жәлләның құзіретінде мүминдер ең бағалы әрі олар ең оңай қабыл етіледі. Алла Жәллә Жәләлуху мұсылмандарға жәрдем беріп, оларды мүминдерден еткей, иншалла, әмин.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw


سۇحبات: يمام ءشاميل ناعىز ءمۇمين ەدى (2023.05.26، 06 زۇل-قادا 1444)
كانادا، يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ولار (پايعامبارلار) ءار نارسەگە راحىمدى بولعان، ماسەلەن، ءبىر سوعىستا ءمالىم ساحابا بەي-مۇسىلمانمەن ۇرىسىپ جاتقان ەدى، ەگەر سوعىستا كاپىرلەر «بولدى توقتا، مەن مۇسىلمان بولامىن» دەسە، وعان تيىسۋگە بولمايدى، بۇل سوعىستا وسى ساحابا ولارمەن قاتتى سوعىسىپ، ءبىر كاپىردى ءولتىرىپ جىبەرمەك بولادى، ءبىراق سول كەزدە ول «مەن مۇسىلمان بولامىن» دەيدى، ال ساحابا بولسا «ول مەنىڭ قىلىشىمنان قورىقتى» دەپ ونى ءولتىرىپ جىبەرەدى، بۇل ىسكە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام قاتتى اشۋلانىپ كوڭىلسىزدەنەدى، ول وعان «سەن ونىڭ جۇرەگىن اشىپ، ىشىندە نەنىڭ شىن نەنىڭ شىن ەمەس ەكەندىگىن كوردىڭ بە؟» دەيدى، ول بۇل ءسوزدى كوپ ايتىپ كەتكەن.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، مۇميندەرگە قاتىستى ميليونداعان وسىنداي ۇلگى-مىسالدار بار، ءمۇمين دەگەنىمىز يمان كەلتىرۋشى ءارى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقاندارىن قابىل ەتەتىن ادام، ارينە، كوپتەگەن ادامدار «ءبىز مۇسىلمانبىز» دەر، ءبىراق شىندىعىندا ولاردا ەشبىر سەنىم-يمان جوق، ەشتەڭەسى جوق، سوناۋ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەزىنەن باستاپ وسىنداي ادامدار ءار جەردە بۇلىك-فيتنا جاساپ كەلگەن، ال ناعىز ءمۇمين، ناعىز يمان كەلتىرۋشى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاۋىن ىستەۋ ءۇشىن، يسلامدى، اۋلەتىن، ەل-جەرىن قورعاۋ ءۇشىن كۇرەسەدى.

بۇل ءجايلى مىسال كوپ، ماسەلەن، ءمالىم ءبىر ايگىلى كىسى وتكەن، بۇندا سونى ايتۋعا ولادى، ول 19-عاسىردا كاپكازدا ياعني داعىستان، شەشەنستان جەرلەرىندە وتكەن شايىق ءشاميل ەدى، ول ورىس يمپەرياسىمەن 25 جىلدان ارتىق سوعىسقان، سونىمەن بىرگە ول وزىنە قوسىلماعان، بىرگە سوعىسپاي قويعان ادامدارعا ەشتەڭە ىستەمەگەن، ول ورىس پاتشاسىمەن ءوزى (از اسكەرمەن) عانا سوعىسقان ءارى ءار جولى ورىستاردى جەڭىپ وتىرعان، جەڭىلمەگەن، العاشىندا ورىستار از اسكەر جىبەرەدى، شايىق شاميلدەن جەڭىلەدى، ال بۇعان ورىس پاتشاسى قاتتى اشۋلادى، ول «وسى گەنەرالداردى جانە مىنالاردى الىپ بارىپ سوعىسىڭدار» دەيدى، ورىستىڭ 50000 قۋاتتى ارمياسى ولارمەن سوعىسۋعا كەلەدى، ءبىراق ولار تاعى دا شايىق شاميلدەن وڭباي جەڭىلەدى، شايىق ءشاميل ورىستاردان كوپ ولجا الادى، ورىس اسكەرلەرى قاشىپ، توز-توزى شىعىپ، جوق بولادى، ورىس پاتشاسى ەكىنشى رەت ءتىپتى دە ىسكەر گەنەرالدارىن، كۇشتى ارمياسىن جىبەرەدى، ولاردىڭ اراسىندا ناپولەنمەن سوعىسىپ، ناپولەندى جەڭگەن گەنەرالدار بار ەدى، ولار بۇل جولى 60000 كۇشتى اسكەرمەن كەلەدى، ولار سوندا دا شايىق ءشاميلدى جەڭە المايدى.

الايدا، وسىدان سوڭ ولار ياعني بۇل كاپىرلەر نە ىستەمەكشى بولادى؟ ولار كاپكازداعى اۋىلدارعا بارادى، ونداعى تاۋلار بيىك بولىپ، وعان شىعۋ قيىن ەدى، ورىستار ولاردى (يمام ءشاميلدىڭ اسكەرلەرىن) الا الماي قويادى، سونىمەن ورىس اسكەرلەرى جازىقتا جاتقان اۋىلداعى ءجاي حالىقتارعا شابۋىل جاساپ ولاردى ولتىرەدى، ازاپتاپ قينايدى، ورىستار وسىنداي قيتۇرقى ادىسپەن شايىق ءشاميلدى وزدەرىنە باعىندىرىپ، دەگەنىن ىستەتپەك بولادى، ولاردىڭ ىستەگەنى مىنە وسى ەدى، ال ەل-جۇرت بولسا شايىق ءشاميلدىڭ اناسىنا كەلىپ، شايىق ءشاميلدىڭ بۇل كاپىرلەرمەن كەلىسىمگە كەلۋىن جانە ولاردىڭ ازاپتاپ قيناۋلارىن توقتاتتىرۋىن سۇرانادى، بۇعان شايىق ءشاميلدىڭ اناسى قاتتى قايعىرادى ءارى بۇل حاباردى وعان جەتكىزەدى، بۇل حاباردى ەستىگەندە، شايىق ءشاميل دە تىم كوڭىلسىزدەنەدى ءارى اۋىلداعىلاردىڭ بۇل ءىسى ءۇشىن قاتتى اشىنادى. وسىدان سوڭ ول مەشىتكە بارىپ، «ەگەر كىمدە-كىم ورىستارمەن تىنىشتىق كەلىسىمىنە كەلمەكشى بولسا جازالادى» دەگەن بۇيرىق بەرەدى، ال ونىڭ اناسى بۇل شەشىمگە قاتتى تاڭىرقايدى ءارى وعان ريزا بولمايدى.

ادەتتە، شايىق ءشاميل ءمالىم قيىن ىسكە تاپ بولسا، مەشىتكە بارىپ، قالۋا (وڭاشالانۋ) قىلىپ، ناماز وقيتىن، دۇعا جاسايتىن، ورازا ۇستاپ، ورازاسىن ءمالىم ءبىر يلحام كەلگەنشە جالعاستىراتىن ەدى، شايىق ءشاميل اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن اسا سۇيىكتى جان ەدى، ول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان مەدەت سۇرايتىن، ال ءوزى ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ ايگىلى اۋليە شايقىسى شايىق جامالۋدين ءال-عۋمقي حازىرەتتىڭ ءمۇريتى ەدى، شايىق جامالۋدين ءال-عۋمقي حازىرەتتىڭ قابىرى ستامبۋلدا، دەمەك، شايىق ءشاميل ناقىشباند سوپسى بولعان.

كوپ كۇن وتكەن سوڭ، ول مەشىتتەن شىعىپ، مىناداي ءامىر بەرەدى، دەمەك، ول اناسىنىڭ ورىسپەن كەلىسىمگە كەلۋدى ايتقانى ءۇشىن ءشاحارداعى قازى-سوت الدىنا كەلىپ، ونىڭ جاساپ كەتكەن ءامىرىن (كىم ورىستارمەن سەلبەسسە جازالاندى) قابىل ەتۋىن ايتادى، ارينە، ونىڭ اناسى ءوز ايتقان سوزىنە (ورىسپەن كەلىسىمگە كەلۋ) قاتتى وكىنگەن بولاتىن، ول قايراتتى، جىگەرى بەرىك انا ەدى، ول سوتتا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان ءوز قاتەلىگىنە ەش جەڭىلدىكتىڭ بولماۋىن ءارى جازانىڭ از بولماۋىن سۇرايدى، ول وسىلاي ادامدارعا ادىلدىكتى كورسەتپەك بولدى، ول «مەن يمام ءشاميلدىڭ اناسى بولعانىم ءۇشىن ماعان ەش جەڭىلدىك بولماسىن، ەرەكشە مامىلە بولماسىن» دەپ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا دۇعا ەتەدى، يمام ءشاميل دە ادىلدىكتىڭ بولۋىن ايتادى، ال شەشىم جاساۋشى ءوزى ەدى، سوت شەشىمىمەن ونىڭ اناسى كىنالى بولىپ شىعادى، قازىلار سولاي دەيدى، ال جازا ءۇشىن ءجۇز قامشى دۇرە سوعىلۋ كەرەك بولاتىن، شايىق ءشاميل قامشىنى قولىنا الادى، بۇكىل جۇرت بۇل ىسكە قاتتى كوڭىلسىزدەنەدى، سەبەبى ول ونىڭ اناسى ءارى جۇرتتىڭ بارلىعى ونى سۇيەتىن ەدى، شايىق ءشاميلدى سۇيگەندەر ومىرلەرىن ول ءۇشىن قۇربان ەتۋگە دايار بولاتىن، ءبىراق شايىق ءشاميل «جوق، شەشىم وسىلاي، مەنىڭ انام كۇنالى بولدى، ول وسى جازاعا لايىق، ول ءجۇز قامشى دۇرە الۋى كەرەك، الايدا، انام بۇل ءىستى مەن ءۇشىن ىستەدى ءارى جاقسى نيەتپەن باسقا ادامدارعا اراشا ءتۇسىپ، مەيىرىمىن كورسەتتى، ولاردىڭ ورىستار جاعىنان ازاپقا قالۋىن قالامادى، ول كىنالى ، ءبىراق مەن ونىڭ ۇلىمىن، سوندىقتان، بۇل جازا دۇرە ماعان سوعىلۋى كەرەك» دەيدى، ەل-جۇرت بۇنى ەستىگەندە جىلاي باستايدى، ولار «ءبىزدىڭ يمام قالاي قامشىمەن دۇرەلەنبەك!» دەيدى، الايدا، ەشكىم ونىڭ سوزىنە قارسى كەلە المايدى، ول جەيدەسىن شەشىپ، دۇرەشىلەرگە «مەنى بار كۇشتەرىڭمەن ساباڭدار، ەش باسەڭدەتپەڭدەر» دەيدى، ول كەلەدى، دۇرەشىلەر ونى ۇرا باستايدى، ەل-جۇرتى جىلاپ قاراپ تۇرادى، ءبىراق ول ەشتەڭە دەمەيدى، ءجۇز دۇرە قامشى بىتكەنشە، ودان «قىڭىق» ەتكەن ءۇن شىقپادى، دۇرەدەن سوڭ، بۇكىل جون-جوتاسى قىزىل قان بولادى، جازا بىتكەندە، ول «شۇكىر-اللا، مەن ءبىتىردىم» دەيدى ءارى ساجدەگە جىعىلادى.

وسى ىستەن (كەلىسىمگە كەلگەن) سوڭ ورىستار ولاردى الدى، كەيىن (كەڭەس بيلىگى ورناپ) بيلىك ولاردى كومينيست ەتسە دە، 80 جىل كومينيزم بيلىگىنىڭ بيلەۋىندە ۇستاسا دا، ءالحامدۋليللا، وسىنداي يگى جانداردىڭ بەرەكەسىمەن ولاردا يسلام جاقسى ساقتالىندى، ءبىز ول اراعا ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتپەن 1997 نە 1995 ءبىرىنشى رەت باردىق، ءبىراق ءسىز ولاردى 80 جىل بويى كومينيزيممەن، زايىرلى جانە اتەيىستىك بيلىكپەن باسقارىلعان ەل ەكەندىگىنە سەنە المايسىز، سەبەبى ولار (دىندە) كوپتەگەن يسلام ەلدەرىنەن جاقسى ەكەن.

مىنە بۇل ءبىر عانا مىسال، ال شىن يمانىمەن ادامدارعا مەيىرىمدى بولعان وسىنداي كىسىلەرگە قاتسىستى ميليونداعان مىسال بار، سەبەبى ولار ءوز كەزىندە وزدەرىن قۇربان ەتتى ءارى ولاردىڭ بۇل قۇرباندىقتارى تەككە كەتكەن جوق، ولار ءتىرى-ءدۇر. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ «بَلْ أَءحْيَآٌ عِندَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ» (كەرىسىنشە، ولار راببىلارىمەن ءتىرى ءجۇر، ريزدىقتارىن الۋدا) (قۇران 03:169) دەيدى.

ارينە، شايتان ەشقاشان توقتاعان ەمەس، ونىڭ ايلاسى وتە كوپ، شايتان جاڭا كەلگەن ادامدارعا «يمان كەلتىرۋشى بولماڭدار، ءمۇمين بولۋ ەش قاجەت ەمەس، ەشتەڭەگە سەنبەڭدەر، ءبىراق وزدەرىڭە سەنىڭدەر، قۇران وقى، حاديس كەرەك ەمەس، قۇراننان نەنى تۇسىنسەڭدەر، سول بويىنشا ءىس قىلىپ جۇرە بەرسەڭدەر بولدى» دەيدى، الايدا، ماناعى جاقسى ادامداردىڭ بەرەكەسى بولماسا، بۇل وڭىرلەردە يسلامنان ەشتەڭە قالماس ەدى، اللانىڭ ءوسىبىر يگى قۇلدارىمەن، مۇميندەرىمەن يسلام ءتىرى بولماق، سولارمەن يسلام ءدىنى بارلىق وسىنداي وڭىرلەرگە قايتا كەلدى، جاندانىپ كەتتى، سوندىقتان، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولارعا (قارسى توپقا) «"ءبىز يمان كەلتىرۋشى ءمۇمين" دەمەڭدەر، ءبىراق "ءبىز مۇسىلمانبىز" دەڭدەر» دەيدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇزىرەتىندە مۇميندەر ەڭ باعالى ءارى ولار ەڭ وڭاي قابىل ەتىلەدى. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ مۇسىلماندارعا جاردەم بەرىپ، ولاردى مۇميندەردەن ەتكەي، ينشاللا، ءامين.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6843