You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6839
"ҒАЗЫ", "ҚАЗЫ" ЕСІМ МАҒЫНА СЫРЛАРЫ

Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Ұйғыр, Татар, Ноғай, Түрік-Түрікмендердің кісі есім соңына "ғазы", "қазы" сөздерінің жалғанып келуі көп кездеседі, мәселен, Әлімғазы, Ешенғазы, Құрманғазы, Әбілғазы, Бекқазы кете береді, бұл текке емес еді, "ғазы", "қазы" өз кезінде Орта Азия Түрік Мұңғыл жұрты арасында даңық-лауазым ретінде істетілген, ел-жер, дін, Алла үшін жорыққа шығып, мерт болған батырды "шәхит" десе, тірі оралған батырды "ғазы" деген, "қазы" деп хан ордадағы кеңесші, уәзір, билерді айтқан, екеуіде Арап тіліндегі сөз, ал Түрік-Мұңғылдар өз тілдеріне сай, ғазыны "Қазақ", қазыны "Қызай" деп атаған, батыр, сұлтандарда "Қазақылық құру" салты болған, алайда ол бас кететін өте қиын іс еді, ғазы лауазымын алған әйгілі тұлғаның бір егейі Әмір Темір, ал хан-сұлтандарға кеңесші дана, сұңғыла кісіні "Қызай" деп атаған, "Қызай" лауазымы орда би-уәзірлерінің тағы бір аталуы, сол үшін, Түркілер балаға ат қойғанда ат соңына "Қазақтай батыр бол" деп "ғазы", "Қызайдай би бол" деп "қазы" қосқан.

"عازى"، "قازى" ەسىم ماعىنا سىرلارى

قازاق، وزبەك، قىرعىز، ۇيعىر، تاتار، نوعاي، تۇرىك-تۇرىكمەندەردىڭ كىسى ەسىم سوڭىنا "عازى"، "قازى" سوزدەرىنىڭ جالعانىپ كەلۋى كوپ كەزدەسەدى، ماسەلەن، ءالىمعازى، ەشەنعازى، قۇرمانعازى، ءابىلعازى، بەكقازى كەتە بەرەدى، بۇل تەككە ەمەس ەدى، "عازى"، "قازى" ءوز كەزىندە ورتا ازيا تۇرىك مۇڭعىل جۇرتى اراسىندا داڭىق-لاۋازىم رەتىندە ىستەتىلگەن، ەل-جەر، ءدىن، اللا ءۇشىن جورىققا شىعىپ، مەرت بولعان باتىردى "ءشاحيت" دەسە، ءتىرى ورالعان باتىردى "عازى" دەگەن، "قازى" دەپ حان ورداداعى كەڭەسشى، ءۋازىر، بيلەردى ايتقان، ەكەۋىدە اراپ تىلىندەگى ءسوز، ال تۇرىك-مۇڭعىلدار ءوز تىلدەرىنە ساي، عازىنى "قازاق"، قازىنى "قىزاي" دەپ اتاعان، باتىر، سۇلتانداردا "قازاقىلىق قۇرۋ" سالتى بولعان، الايدا ول باس كەتەتىن وتە قيىن ءىس ەدى، عازى لاۋازىمىن العان ايگىلى تۇلعانىڭ ءبىر ەگەيى ءامىر تەمىر، ال حان-سۇلتاندارعا كەڭەسشى دانا، سۇڭعىلا كىسىنى "قىزاي" دەپ اتاعان، "قىزاي" لاۋازىمى وردا بي-ۋازىرلەرىنىڭ تاعى ءبىر اتالۋى، سول ءۇشىن، تۇركىلەر بالاعا ات قويعاندا ات سوڭىنا "قازاقتاي باتىر بول" دەپ "عازى"، "قىزايداي بي بول" دەپ "قازى" قوسقان.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6839