You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6837
"ҚАЗАҚ" ЖӘНЕ "ҚЫЗАЙ" АТАУЛАРЫ ХАҚЫНДА

Қазақ түбі - ғазы, Қызай түбі - қазы, ғазы - батыр, қазы - би. Елі, діні, Алла үшін жорыққа шығып, меріт болған батырды "шәхит" десе, тірі оралған батырды "ғазы" деген. Түркі-Мұңғыл жұрты ғазыны "Қазақ", қазыны "Қызай" дер, сондықтан, оларда "Хан я Сұлтан болам десең, әуелі Қазақ (ғазы) боп көр" деген өмір салты болған, хандық таққа үміткер ханзада ғазы яғни Қазақ атағы үшін алпарысқан, ол өзінің мықты екендігін дәлелдеу үшін айлап-жылдап, қарсы жаққа не дін дұшпандарына жорыққа шығатын, тым ауыр, өте хауіпті күндерді өткізіп, ұрысқа әбден шынығып ысылатын, жұрт бұндай қимылды "Қазақылық", "Қазақшылық жасау", "Қазақылық құру" деп атаған, "олар Қазақ боп кетіпті", "Қалмақтарға Қазақшылық құрып кетіпті (қалмақты шауып, дін исламға кіргізу)" деген сөздер болған, демек, "Қазақ" лауазымы кезінде Орта Азияда мәшһүр болған, Славяндар бұған еліктеп, оларда "Казактар" пайда болды, ал "Қазақ" саяси түс алып, Әбілқайырдан (Өзбек) бөлінген елге берілді, Қазақ хандығы құрылып, ұлт атауы болды.

"قازاق" جانە "قىزاي" اتاۋلارى حاقىندا

قازاق ءتۇبى - عازى، قىزاي ءتۇبى - قازى، عازى - باتىر، قازى - بي. ەلى، ءدىنى، اللا ءۇشىن جورىققا شىعىپ، مەرىت بولعان باتىردى "ءشاحيت" دەسە، ءتىرى ورالعان باتىردى "عازى" دەگەن. تۇركى-مۇڭعىل جۇرتى عازىنى "قازاق"، قازىنى "قىزاي" دەر، سوندىقتان، ولاردا "حان يا سۇلتان بولام دەسەڭ، اۋەلى قازاق (عازى) بوپ كور" دەگەن ءومىر سالتى بولعان، حاندىق تاققا ۇمىتكەر حانزادا عازى ياعني قازاق اتاعى ءۇشىن الپارىسقان، ول ءوزىنىڭ مىقتى ەكەندىگىن دالەلدەۋ ءۇشىن ايلاپ-جىلداپ، قارسى جاققا نە ءدىن دۇشپاندارىنا جورىققا شىعاتىن، تىم اۋىر، وتە ءحاۋىپتى كۇندەردى وتكىزىپ، ۇرىسقا ابدەن شىنىعىپ ىسىلاتىن، جۇرت بۇنداي قيمىلدى "قازاقىلىق"، "قازاقشىلىق جاساۋ"، "قازاقىلىق قۇرۋ" دەپ اتاعان، "ولار قازاق بوپ كەتىپتى"، "قالماقتارعا قازاقشىلىق قۇرىپ كەتىپتى (قالماقتى شاۋىپ، ءدىن يسلامعا كىرگىزۋ)" دەگەن سوزدەر بولعان، دەمەك، "قازاق" لاۋازىمى كەزىندە ورتا ازيادا ءماشھۇر بولعان، سلاۆياندار بۇعان ەلىكتەپ، ولاردا "كازاكتار" پايدا بولدى، ال "قازاق" ساياسي ءتۇس الىپ، ءابىلقايىردان (وزبەك) بولىنگەن ەلگە بەرىلدى، قازاق حاندىعى قۇرىلىپ، ۇلت اتاۋى بولدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6837