You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6835
Сұхбат: елді хидаятқа қалай әкелуге болады? (2023.05.25, 05 Зұл-Қада 1444)
Канада, Исламбол (Стамбул), Түркия

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Иншалла, бүгін түн қасиетті, берекелі бір түн, ол - жұма түні, біз хатым хуажаған (нақышбанд зікірі) істейміз, иншалла, әуелі аз сұхбат айтып, одан соң хатым хуажаған зікірін басталық, бұлар біздің тәриқат Нақышбанд тәриқатының әмірінен, оны осында істейміз, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді бұнда алып келді, еш мәселе жоқ, мүминдер оны әр жерде істеуіне болады, Алла Жәллә Жәләлуху бізге оны қайда істеуді қаласа, біз сонда істейміз, иншалла, олар «сұхбатты франсоз тіліне аударамыз» дей ме? ...

Айтып өткеніміздей, Алла Әззә уә-Жәллә бүкіл жер бетін мүминдермен мұсылмандарға «тахора» (таза) еткен, сондықтан, сіз әр жерде намаз оқуыңызға болады, ғибадат-құлшылықтарды жер жүзінің әр жерінде істеуге болады, бұндағы маңызды бір іс ол жер таза болу керек, намазда сіздің ғибадат ететін жеріңіз, сәжде қоятын жеріңіз, тұратын жерңіз барлығы таза болсын, жер де, сіз де таза күйде болуы тиіс, киміңіз де солай, дәрет-ғұсыл алынуы керек, осылай еткен соң таза күйде боласыз, осы тазалықпен әр жерлерде құлшылық етуіңізге болады.

Сіз мәлім жерде құлшылық еткен кезіңізде, ол жер Алла Әззә уә-Жәлләдан келген нұр болмақ, Алла Жәллә Жәләлуху онда етілген ғибадатқа бола, ол араға Өзінің илахи назарын жібереді, ал Ол назар жіберген жер нұрға айналады, демек, ол жер Алла Жәллә Жәләлухудан жіберілген нұрға айналады. Сіз мешіт я дергаға кіргенде жақсы көңіл күйге бөленесіз, көре алатын адам, ол араға нұрдың төгіліп тұрғанын көреді, бұл нұр жүрекке келеді, ал жүректің нұрлануы мүмин үшін шаттық, қуаныш, бақыт бағыштайды.

Әлхамдулилла, біз бүгін «құлшылық етілетін» мәлім бір жерге бардық, бірақ әдетте ол ара шын құлшылық етілетін жер емес екен, Сәйдина Иса әлейхис-саламмен Сәйдина Мұса әлейхис-салам әмір еткен құлшылық-ғибадат ондағылардың істеп жүргеніндей нәрселер емес, сондықтан, сіз ондай жерлерге барғанда өзіңізді ауыр сезініп, қараңғылықпен көңілсіздікке оранасыз, алайда, иншалла, біз ол араға Алла Жәллә Жәләлуху үшін бардық, иншалла, ондағы көптеген ықласты адамдарға нұр берерміз, иншалла, олардың жүректеріне Алла Жәллә Жәләлухудың нұрының кірулері үшін бардық, мүмкін, Алла Жәллә Жәләлуху олардың тура жолда жүрулері үшін оларға хидаят берер, себебі ол адамдар өте ықласты әрі өте жақсы адамдар екен, бірақ олар өздерінің істеп жүргендері еш пайдасы жоқ нәрселер екендігінен мүлдем хабарсыз.

Біз Алла Жәллә Жәләлуху әмір еткен әр жерлерге барып, адамдарға Алла Әззә уә-Жәлләның хат-сөздерін жеткізуіміз керек, оларды тура жолға, демек, Алла Әззә уә-Жәлләның жолына шақыруымыз керек, бұл бізге міндет, алайда, әрине, біз онда барып, «ох, қанеки келіңдер, мұсылман болыңдар» деп айта алмаймыз, біз онда өз бейнемізді көрсетеміз, айтып өткеніміздей, Алла Жәллә Жәләлуху оларға бір нәрсе берген болса, шаруа дәл сол нүктеден басталып, барған сайын жақсы бола бермек, иншалла.

Ал бұл істерді істей алуымыз үшін, ең әуелі біз өзімізді Алла Жәллә Жәләлухудың жолында және пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның ұнатқан жолында ете білуіміз керек, барған сайын жақсы, жақсы және жақсы бола алуымыз тиіс, егер сіз ниет етіп, бір кісіні Алла Жәллә Жәләлухудың жолына әкеле алсаңыз, бұл Алла Жәллә Жәләлухудан сізге берілген аса үлкен нығымет болмақ.

Ертеде Шақиқ әл-Балқи есімді аса үлкен әулие өткен еді, ол сахабалардан кейінгі тәбиғиндерден соңғы дәуірде жасаған, ол әйгілі Ибырахим ибн Адхамның мүриті болатын, ол да өте үлкен әулие еді, ол тіпті өз мүритіне ерген, ол бірде өзінің жас кезіндегі бір істі баяндайды, ол кезде ол жас жігіттермен ойнап жұрген шағы болатын. Бірде олар сол арадағы отқа табынатын жерге таяу тұрған еді, онда отқа табынатындардың құлшылық үшін бар болатын, ол жер Орта Азиядағы Түркістан өңірі болып, ондағылар сол дәуірде отқа табынатын болған, біз оларды «мажуси» деп атаймыз, тіпті қазіргі Дағыстан да бертінгі 300-400 жылға дейін сол отқа табынушылар бар екен, бұны бізге біз Дағыстанға барғанда, сондағылар айтты, ондай жер көп болыпты, демек, мажусилер көп болған, бұрны естігенде, біз таңғалдық, себебі «біз олар сонау баяғы заманда жоқ боп кеткен шығар» деп ойлап жүр едік, бірақ бертінгі шамамен 300 жылға дейін онда мажусилер өмір сүріп келіпті. Алайда, кейін ол өңірлерге Нақышбанд машайық әулиелері барған соң, солардың берекесімен ондағылар отқа табынуын тастап, имандары күшті мүминдерге айналған.

Шақиқ хазірет сол жас күндерінде ойынға беріліп, манағы мажусилердің отқа табынатын үйіне кіргенін және онда бір жас жігіттің отқа табынып жатқанын көргендігін айтады, жас Шақиқ әл-Бақи хазірет бұл жігітке «не істеп жатсың! бұның дұрыс емес, отқа табынба, мұсылман бол» дейді, ол оған осылай сөйлер, ал манағы мажуси жігіт ашуланып, оның бетінен шапалақпен ұрып жібереді, ал Шақиқ хазірет сол кезде «енді түсіндім, мен бір қате іс қылдым, себебі мен әлі даяр емес екенмін, бұл мажуси жігіттен еш артық жерім жоқ, сондықтан, менің айтқаным оған еш әсер етпеді, ол айтқанымды қабыл етпеді, ол тіпті мені ұрды, таяқ жедім» дейді, ол осылай өксіп жібереді, себебі ол өзінің нәпсісі осындай болғанына өкініп, Алла Жәллә Жәләлухудан кешіріп сұрайды, тәубе етеді, осы істен кейін, Шақиқ хазірет өзіне қарап, өз жөнін жөндемек болады, машайық әулиеден (Адхам Ибырахим әулиені) пір тұтады, жақсы ғұламалардан білім үйренеді, ол осылай жақсара береді әрі адамдар арасында аты шығады, (әулиелікке жетіп) аты мәшхұр болған соң, көптеген адамдар оның артынан ере бастайды, әрине, ол өте үлкен әулие әрі ғұлама болды, ол құлшылық-ғибадат етіп, нәпсісін аяғының астына басты, қалың ел оған ереді, олар оны сүйді әрі оның берекесінен үлес алды.

Тағы бірде, ол қаладан өтіп бара жатып, бұрын өзі болған мажусилердің құлшылық үйін көріп қалады, ол «бұндағы адамдарға не үйретіліп жатқанын көрелік, олар не үшін тура жолға ілеспейді? олардың не істеп жатқанын барып көрелік» дейді, ол мүриттерін ертіп кіреді, ол оның ішіне кіргенде, отқа табынып жатқан бір қарияны көреді, ол оған «о жақсы жан, таза адам, абзал кісім, не істеп жатырсыз?» дейді, мажуси қария «қане, ислам жәйлі айтшы» дер, ол ислам жәйлі айта бастайды, ал мажуси қария, лезде иманға келіп, шахада айтады, мұсылман болады, сол кезде Шақиқ әл-Балқи хазірет оған «о жақсы қариям, мен өте көп жыл бұрын осы араға бір рет келген едім, сол кезде осында бір жас жігіт бар болатын, ол қазір қайда? ол қайда кетті екен?» деп сұрайды, ол «сол жас жігіт мен боламын, қазір қартайдым» дейді, бұны естіген хазірет, оған «мен сол кезде "мұсылман бол" деп айтқанымда, не үшін мұсылман болмадыңыз?» дейді, қария «ол кезде сенің айтқан сөзің менің жүрегіме еш әсер етпеді, себебі ол айтқан сөздеріңде жауапкершілік немесе күш я медет лебі жоқ болатын, сөзіңде қуат жоқ еді, бірақ қазір сөйлеген кезіңде, бір күш төтесінен жүрегіме ағып кірді әрі мені өзіне бағындырды, содан мұсылман болдым» дейді.

Бұл маңызды іске жатады, ол сіздің ықыласыңыз-дүр, ықылас өте маңызды, барлық іс нәпсіңізге еру арқылы емес, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолына еру арқылы істелінуі керек, ол қалай амал етеді, ол адамдарға қалай әсер қылады, ол не істейді, біз осыларға еруіміз керек, ол мына дүниеге ешқашан назар салған емес, көптеген әйел кісілер яғни пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жұбайлары Мединаға барған соң дәулеттері тасып байыйды, бірақ пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам ешбір дүниенің артынан қараған емес, жұбайлары одан ана-мына дүниені көп сұрайтын еді, ал пайғамбарымыз тым жұмсақ еді, ол бүгінгі біздің адамдарға мүлдем ұқсамайтын жан болатын, ал қазіргілер бірдеме айтыла қалса, әйелдерімен соғысып шыға келеді, айғайлап керкілдеседі, оны-бұны істейді, жоқ, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам мүлдем бұндай болмаған, ол ештеңе сөйлемей, үнсіз қалушы еді, ол ренжіп қалғанда, осындай күйде болатын, демек, ол үндемей үнсіз қалатын, ол оларға ренжіп қалғанда, олардың қасына айлап келмей қоятын, ал Алла Әззә уә-Жәллә оларға (пайғамбар жұбайларына) «егер сендер дүние, асыл жақұт, ақша, алтын қаласаңдар, мәселе жоқ, оны алыңдар да пайғамбардан кетіңдер, бірақ Алла Жәллә Жәләлухуды қаласаңдар, онда бұл нәрселерге мүлдем қарамаңдар» дейді, олар «иә, біз Алла Жәллә Жәләлухуды қалаймыз, бізге басқа ештеңе керек емес» дейді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның мінезі осындай болған, оның үйретіп кеткендері міне осылар еді.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан (бүгінге дейін) милиондаған, милиярттаған адамдар мұсылман болды, ол бізге сол жолды көрсетіп кетті, ал біздің ең бірінші істейтін шаруамыз, біздің өзімізге қарауымыз яғни өзімізді жөндеп, түзеп алуымыз болмақ, дүниенің артына түспеңіз, сіз мәлім адамды иманға, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолына әкелсеңіз, бұл сіз үшін аса зор нығымет болмақ, сіз үшін ең үлкен жеңіс осы-дүр, Алла Жәллә Жәләлухумен сауда істеу дүние саудасын жасаудан жақсы, келген әртүрлі адамдарға қарап, «олардан қалай бірдеңе алсам болар?» деп жүрген адамдар да болады, жоқ, сіздер олардан ештеңе алмаңыздар, сұрайтын нәрсеңізді Алла Жәллә Жәләлухудан сұраңыздар, адамдардан ештеңе сұраушы болмаңыздар.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: ەلدى حيداياتقا قالاي اكەلۋگە بولادى؟ (2023.05.25، 05 زۇل-قادا 1444)
كانادا، يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ينشاللا، بۇگىن ءتۇن قاسيەتتى، بەرەكەلى ءبىر ءتۇن، ول - جۇما ءتۇنى، ءبىز حاتىم حۋاجاعان (ناقىشباند زىكىرى) ىستەيمىز، ينشاللا، اۋەلى از سۇحبات ايتىپ، ودان سوڭ حاتىم حۋاجاعان زىكىرىن باستالىق، بۇلار ءبىزدىڭ ءتاريقات ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ امىرىنەن، ونى وسىندا ىستەيمىز، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى بۇندا الىپ كەلدى، ەش ماسەلە جوق، مۇميندەر ونى ءار جەردە ىستەۋىنە بولادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە ونى قايدا ىستەۋدى قالاسا، ءبىز سوندا ىستەيمىز، ينشاللا، ولار «سۇحباتتى فرانسوز تىلىنە اۋدارامىز» دەي مە؟ ...

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇكىل جەر بەتىن مۇميندەرمەن مۇسىلماندارعا «تاحورا» (تازا) ەتكەن، سوندىقتان، ءسىز ءار جەردە ناماز وقۋىڭىزعا بولادى، عيبادات-قۇلشىلىقتاردى جەر ءجۇزىنىڭ ءار جەرىندە ىستەۋگە بولادى، بۇنداعى ماڭىزدى ءبىر ءىس ول جەر تازا بولۋ كەرەك، نامازدا ءسىزدىڭ عيبادات ەتەتىن جەرىڭىز، ساجدە قوياتىن جەرىڭىز، تۇراتىن جەرڭىز بارلىعى تازا بولسىن، جەر دە، ءسىز دە تازا كۇيدە بولۋى ءتيىس، كيمىڭىز دە سولاي، دارەت-عۇسىل الىنۋى كەرەك، وسىلاي ەتكەن سوڭ تازا كۇيدە بولاسىز، وسى تازالىقپەن ءار جەرلەردە قۇلشىلىق ەتۋىڭىزگە بولادى.

ءسىز ءمالىم جەردە قۇلشىلىق ەتكەن كەزىڭىزدە، ول جەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلگەن نۇر بولماق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وندا ەتىلگەن عيباداتقا بولا، ول اراعا ءوزىنىڭ يلاحي نازارىن جىبەرەدى، ال ول نازار جىبەرگەن جەر نۇرعا اينالادى، دەمەك، ول جەر اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان جىبەرىلگەن نۇرعا اينالادى. ءسىز مەشىت يا دەرگاعا كىرگەندە جاقسى كوڭىل كۇيگە بولەنەسىز، كورە الاتىن ادام، ول اراعا نۇردىڭ توگىلىپ تۇرعانىن كورەدى، بۇل نۇر جۇرەككە كەلەدى، ال جۇرەكتىڭ نۇرلانۋى ءمۇمين ءۇشىن شاتتىق، قۋانىش، باقىت باعىشتايدى.

ءالحامدۋليللا، ءبىز بۇگىن «قۇلشىلىق ەتىلەتىن» ءمالىم ءبىر جەرگە باردىق، ءبىراق ادەتتە ول ارا شىن قۇلشىلىق ەتىلەتىن جەر ەمەس ەكەن، ءسايدينا يسا الەيحيس-سالاممەن ءسايدينا مۇسا الەيحيس-سالام ءامىر ەتكەن قۇلشىلىق-عيبادات ونداعىلاردىڭ ىستەپ جۇرگەنىندەي نارسەلەر ەمەس، سوندىقتان، ءسىز ونداي جەرلەرگە بارعاندا ءوزىڭىزدى اۋىر سەزىنىپ، قاراڭعىلىقپەن كوڭىلسىزدىككە وراناسىز، الايدا، ينشاللا، ءبىز ول اراعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن باردىق، ينشاللا، ونداعى كوپتەگەن ىقلاستى ادامدارعا نۇر بەرەرمىز، ينشاللا، ولاردىڭ جۇرەكتەرىنە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ نۇرىنىڭ كىرۋلەرى ءۇشىن باردىق، مۇمكىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ تۋرا جولدا جۇرۋلەرى ءۇشىن ولارعا حيدايات بەرەر، سەبەبى ول ادامدار وتە ىقلاستى ءارى وتە جاقسى ادامدار ەكەن، ءبىراق ولار وزدەرىنىڭ ىستەپ جۇرگەندەرى ەش پايداسى جوق نارسەلەر ەكەندىگىنەن مۇلدەم حابارسىز.

ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءامىر ەتكەن ءار جەرلەرگە بارىپ، ادامدارعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ حات-سوزدەرىن جەتكىزۋىمىز كەرەك، ولاردى تۋرا جولعا، دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىنا شاقىرۋىمىز كەرەك، بۇل بىزگە مىندەت، الايدا، ارينە، ءبىز وندا بارىپ، «وح، قانەكي كەلىڭدەر، مۇسىلمان بولىڭدار» دەپ ايتا المايمىز، ءبىز وندا ءوز بەينەمىزدى كورسەتەمىز، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا ءبىر نارسە بەرگەن بولسا، شارۋا ءدال سول نۇكتەدەن باستالىپ، بارعان سايىن جاقسى بولا بەرمەك، ينشاللا.

ال بۇل ىستەردى ىستەي الۋىمىز ءۇشىن، ەڭ اۋەلى ءبىز ءوزىمىزدى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا جانە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇناتقان جولىندا ەتە ءبىلۋىمىز كەرەك، بارعان سايىن جاقسى، جاقسى جانە جاقسى بولا الۋىمىز ءتيىس، ەگەر ءسىز نيەت ەتىپ، ءبىر كىسىنى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىنا اكەلە الساڭىز، بۇل اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان سىزگە بەرىلگەن اسا ۇلكەن نىعىمەت بولماق.

ەرتەدە شاقيق ءال-بالقي ەسىمدى اسا ۇلكەن اۋليە وتكەن ەدى، ول ساحابالاردان كەيىنگى تابيعيندەردەن سوڭعى داۋىردە جاساعان، ول ايگىلى يبىراحيم يبن ادحامنىڭ ءمۇريتى بولاتىن، ول دا وتە ۇلكەن اۋليە ەدى، ول ءتىپتى ءوز مۇريتىنە ەرگەن، ول بىردە ءوزىنىڭ جاس كەزىندەگى ءبىر ءىستى باياندايدى، ول كەزدە ول جاس جىگىتتەرمەن ويناپ جۇرگەن شاعى بولاتىن. بىردە ولار سول اراداعى وتقا تابىناتىن جەرگە تاياۋ تۇرعان ەدى، وندا وتقا تابىناتىنداردىڭ قۇلشىلىق ءۇشىن بار بولاتىن، ول جەر ورتا ازياداعى تۇركىستان ءوڭىرى بولىپ، ونداعىلار سول داۋىردە وتقا تابىناتىن بولعان، ءبىز ولاردى «ماجۋسي» دەپ اتايمىز، ءتىپتى قازىرگى داعىستان دا بەرتىنگى 300-400 جىلعا دەيىن سول وتقا تابىنۋشىلار بار ەكەن، بۇنى بىزگە ءبىز داعىستانعا بارعاندا، سونداعىلار ايتتى، ونداي جەر كوپ بولىپتى، دەمەك، ماجۋسيلەر كوپ بولعان، بۇرنى ەستىگەندە، ءبىز تاڭعالدىق، سەبەبى «ءبىز ولار سوناۋ باياعى زاماندا جوق بوپ كەتكەن شىعار» دەپ ويلاپ ءجۇر ەدىك، ءبىراق بەرتىنگى شامامەن 300 جىلعا دەيىن وندا ماجۋسيلەر ءومىر ءسۇرىپ كەلىپتى. الايدا، كەيىن ول وڭىرلەرگە ناقىشباند ماشايىق اۋليەلەرى بارعان سوڭ، سولاردىڭ بەرەكەسىمەن ونداعىلار وتقا تابىنۋىن تاستاپ، يماندارى كۇشتى مۇميندەرگە اينالعان.

شاقيق حازىرەت سول جاس كۇندەرىندە ويىنعا بەرىلىپ، ماناعى ماجۋسيلەردىڭ وتقا تابىناتىن ۇيىنە كىرگەنىن جانە وندا ءبىر جاس جىگىتتىڭ وتقا تابىنىپ جاتقانىن كورگەندىگىن ايتادى، جاس شاقيق ءال-باقي حازىرەت بۇل جىگىتكە «نە ىستەپ جاتسىڭ! بۇنىڭ دۇرىس ەمەس، وتقا تابىنبا، مۇسىلمان بول» دەيدى، ول وعان وسىلاي سويلەر، ال ماناعى ماجۋسي جىگىت اشۋلانىپ، ونىڭ بەتىنەن شاپالاقپەن ۇرىپ جىبەرەدى، ال شاقيق حازىرەت سول كەزدە «ەندى ءتۇسىندىم، مەن ءبىر قاتە ءىس قىلدىم، سەبەبى مەن ءالى دايار ەمەس ەكەنمىن، بۇل ماجۋسي جىگىتتەن ەش ارتىق جەرىم جوق، سوندىقتان، مەنىڭ ايتقانىم وعان ەش اسەر ەتپەدى، ول ايتقانىمدى قابىل ەتپەدى، ول ءتىپتى مەنى ۇردى، تاياق جەدىم» دەيدى، ول وسىلاي وكسىپ جىبەرەدى، سەبەبى ول ءوزىنىڭ ءناپسىسى وسىنداي بولعانىنا وكىنىپ، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان كەشىرىپ سۇرايدى، تاۋبە ەتەدى، وسى ىستەن كەيىن، شاقيق حازىرەت وزىنە قاراپ، ءوز ءجونىن جوندەمەك بولادى، ماشايىق اۋليەدەن (ادحام يبىراحيم اۋليەنى) ءپىر تۇتادى، جاقسى عۇلامالاردان ءبىلىم ۇيرەنەدى، ول وسىلاي جاقسارا بەرەدى ءارى ادامدار اراسىندا اتى شىعادى، (اۋليەلىككە جەتىپ) اتى ءماشحۇر بولعان سوڭ، كوپتەگەن ادامدار ونىڭ ارتىنان ەرە باستايدى، ارينە، ول وتە ۇلكەن اۋليە ءارى عۇلاما بولدى، ول قۇلشىلىق-عيبادات ەتىپ، ءناپسىسىن اياعىنىڭ استىنا باستى، قالىڭ ەل وعان ەرەدى، ولار ونى ءسۇيدى ءارى ونىڭ بەرەكەسىنەن ۇلەس الدى.

تاعى بىردە، ول قالادان ءوتىپ بارا جاتىپ، بۇرىن ءوزى بولعان ماجۋسيلەردىڭ قۇلشىلىق ءۇيىن كورىپ قالادى، ول «بۇنداعى ادامدارعا نە ۇيرەتىلىپ جاتقانىن كورەلىك، ولار نە ءۇشىن تۋرا جولعا ىلەسپەيدى؟ ولاردىڭ نە ىستەپ جاتقانىن بارىپ كورەلىك» دەيدى، ول مۇريتتەرىن ەرتىپ كىرەدى، ول ونىڭ ىشىنە كىرگەندە، وتقا تابىنىپ جاتقان ءبىر قاريانى كورەدى، ول وعان «و جاقسى جان، تازا ادام، ابزال كىسىم، نە ىستەپ جاتىرسىز؟» دەيدى، ماجۋسي قاريا «قانە، يسلام ءجايلى ايتشى» دەر، ول يسلام ءجايلى ايتا باستايدى، ال ماجۋسي قاريا، لەزدە يمانعا كەلىپ، شاحادا ايتادى، مۇسىلمان بولادى، سول كەزدە شاقيق ءال-بالقي حازىرەت وعان «و جاقسى قاريام، مەن وتە كوپ جىل بۇرىن وسى اراعا ءبىر رەت كەلگەن ەدىم، سول كەزدە وسىندا ءبىر جاس جىگىت بار بولاتىن، ول ءقازىر قايدا؟ ول قايدا كەتتى ەكەن؟» دەپ سۇرايدى، ول «سول جاس جىگىت مەن بولامىن، ءقازىر قارتايدىم» دەيدى، بۇنى ەستىگەن حازىرەت، وعان «مەن سول كەزدە "مۇسىلمان بول" دەپ ايتقانىمدا، نە ءۇشىن مۇسىلمان بولمادىڭىز؟» دەيدى، قاريا «ول كەزدە سەنىڭ ايتقان ءسوزىڭ مەنىڭ جۇرەگىمە ەش اسەر ەتپەدى، سەبەبى ول ايتقان سوزدەرىڭدە جاۋاپكەرشىلىك نەمەسە كۇش يا مەدەت لەبى جوق بولاتىن، سوزىڭدە قۋات جوق ەدى، ءبىراق ءقازىر سويلەگەن كەزىڭدە، ءبىر كۇش توتەسىنەن جۇرەگىمە اعىپ كىردى ءارى مەنى وزىنە باعىندىردى، سودان مۇسىلمان بولدىم» دەيدى.

بۇل ماڭىزدى ىسكە جاتادى، ول ءسىزدىڭ ىقىلاسىڭىز-ءدۇر، ىقىلاس وتە ماڭىزدى، بارلىق ءىس ناپسىڭىزگە ەرۋ ارقىلى ەمەس، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنا ەرۋ ارقىلى ىستەلىنۋى كەرەك، ول قالاي امال ەتەدى، ول ادامدارعا قالاي اسەر قىلادى، ول نە ىستەيدى، ءبىز وسىلارعا ەرۋىمىز كەرەك، ول مىنا دۇنيەگە ەشقاشان نازار سالعان ەمەس، كوپتەگەن ايەل كىسىلەر ياعني پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جۇبايلارى مەديناعا بارعان سوڭ داۋلەتتەرى تاسىپ بايىيدى، ءبىراق پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ەشبىر دۇنيەنىڭ ارتىنان قاراعان ەمەس، جۇبايلارى ودان انا-مىنا دۇنيەنى كوپ سۇرايتىن ەدى، ال پايعامبارىمىز تىم جۇمساق ەدى، ول بۇگىنگى ءبىزدىڭ ادامدارعا مۇلدەم ۇقسامايتىن جان بولاتىن، ال قازىرگىلەر بىردەمە ايتىلا قالسا، ايەلدەرىمەن سوعىسىپ شىعا كەلەدى، ايعايلاپ كەركىلدەسەدى، ونى-بۇنى ىستەيدى، جوق، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام مۇلدەم بۇنداي بولماعان، ول ەشتەڭە سويلەمەي، ءۇنسىز قالۋشى ەدى، ول رەنجىپ قالعاندا، وسىنداي كۇيدە بولاتىن، دەمەك، ول ۇندەمەي ءۇنسىز قالاتىن، ول ولارعا رەنجىپ قالعاندا، ولاردىڭ قاسىنا ايلاپ كەلمەي قوياتىن، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولارعا (پايعامبار جۇبايلارىنا) «ەگەر سەندەر دۇنيە، اسىل جاقۇت، اقشا، التىن قالاساڭدار، ماسەلە جوق، ونى الىڭدار دا پايعامباردان كەتىڭدەر، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى قالاساڭدار، وندا بۇل نارسەلەرگە مۇلدەم قاراماڭدار» دەيدى، ولار «ءيا، ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى قالايمىز، بىزگە باسقا ەشتەڭە كەرەك ەمەس» دەيدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ مىنەزى وسىنداي بولعان، ونىڭ ۇيرەتىپ كەتكەندەرى مىنە وسىلار ەدى.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان (بۇگىنگە دەيىن) ميليونداعان، ميليارتتاعان ادامدار مۇسىلمان بولدى، ول بىزگە سول جولدى كورسەتىپ كەتتى، ال ءبىزدىڭ ەڭ ءبىرىنشى ىستەيتىن شارۋامىز، ءبىزدىڭ وزىمىزگە قاراۋىمىز ياعني ءوزىمىزدى جوندەپ، تۇزەپ الۋىمىز بولماق، دۇنيەنىڭ ارتىنا تۇسپەڭىز، ءسىز ءمالىم ادامدى يمانعا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنا اكەلسەڭىز، بۇل ءسىز ءۇشىن اسا زور نىعىمەت بولماق، ءسىز ءۇشىن ەڭ ۇلكەن جەڭىس وسى-ءدۇر، اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن ساۋدا ىستەۋ دۇنيە ساۋداسىن جاساۋدان جاقسى، كەلگەن ءارتۇرلى ادامدارعا قاراپ، «ولاردان قالاي بىردەڭە السام بولار؟» دەپ جۇرگەن ادامدار دا بولادى، جوق، سىزدەر ولاردان ەشتەڭە الماڭىزدار، سۇرايتىن نارسەڭىزدى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان سۇراڭىزدار، ادامداردان ەشتەڭە سۇراۋشى بولماڭىزدار.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6835