You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=55
Шамаң келетін міндет қана жүктелген (2021.05.31)

Ағузубиллахи минашшайтанир ражим, биссимилахир рахманир рахим.
Құран азимушанда алла тағала «لَا يُكَلِّفُ ٱللَّهُ نَفۡسًا إِلَّا وُسۡعَهَاۚ» яғни «алла әр пендесіне, оның шамасы келмейтін істі тапсырмайды.» дейді. Алла жалла жаллалуху аса мейрімді әрі аса рахымды, ол пендесі көтере алмайтын жүкті оларға жүктемейді. Біз алла тағаладан келген әмірлерді орындауымыз керек әрі оны әр адам өз шамасына қарай істеуге рұхсат берілген, сондықтан әркім өз шамасы келгенше құлшынсын, ал шамасы жетпегенін алла өзі кешіретін болады, бұнда бір жақсы амалды істеп, оны шама келгенше үздіксіз жалғастыра беру өте маңызды. Әрине ораза ұстаумен намаз істелуы тиісті амалдардан, бұдан тыс құран оқу немесе оны жүрекпен жаттау сынды амалдарды істесе болады. Бірақ барлық адам бірдей құранды жүрекпен жаттай алмайды, ал жаттап алғандар оны күте білуі керек, себебі аманат ретінде, оныңда өз жауапкершілігі бар, аз ғана құран жаттасаңда оны сақтаған жөн, ұмытпау керек.

Әрине арап тілін білмейтін кісілер құранды өз шамасы келгенше оқысын, кей адамдар мен оқи алмаймын немесе қате оқимын дейді. Алайда алла тағала адамдар құран азимушанды оқығанда, оның қате кеткен жерлерін арнайы түзететін періштелер орналастырған, олар оқылған құранды түзетіп алла құзіретіне жібереді. Кейбір адамдар құранды қате оқып күна істеп қоямыз, сондықтан оқымаймыз деп айтады, сен бұған бола күнәлы болмайсың, иншалла, бұл мүбарак пайғамбарымыздан келген жақсы хабарлардан. Сіз тіпті қате оқып алсаңызда, періштелер оны түзетіп алла құзірына ұсынады. Періштелер бізге ұқсамайды, алла тағала оларды ерекше жаратылыс етіп жаратқан, олар шаршамайды әрі берілген міндетін дәл уағында мүлтіксіз орындайды. Адамдар оқылуын толық орындай алмасада, оны тағайындалған періштелер міндетті түрде түзеп толықтайды. Адамдардың «құранды қате оқып қоямын, бір сөзді де дұрыс оқи алмаймын» деп айтуы дұрыс емес, алаңсыз бол, қате оқуыңды түзейтін алла тағаланың періштелері бар, оларға бұл міндетті орындау еш қиын емес.

Алла тағаланың жаратқан жаратылыстарының санында есеп жоқ, олар өте көп, алла тағаланың білімі шексіз, оны түсініп бола алмайсың, оған ақыл жетпейді. Сондықтан, адамдар алла тағаламен бірге бола алса болғаны, оларға барлығы жеңіл болмақ, алла тағала тіпті адамдардың қателігін түзететін періштелерды адамға қызмет еттіріп қойған. Біздің оң-сол екі жақта амалдарымызды жазып отыратын періштелерде солай, олар біздің жасаған жақсы амалды лезде жазып алсада, бірақ біз істеген күнәларды дереу жазбайды, керісінше қателігіңді түзетуге уақыт береді, тәубемен түзетуіңді күтеді, олар күнаңды сегіз сағаттан соң ғана жазады, лезде жазып алмайды. Алла тағаланың бұндай мейрімімен рахымы шексіз, ұлық алла тағала біздерді бұндай әдемі жолдан тайдырымасын.

Адамдар орынсыз шаршауға салынбай, қарсылықтарын тастаса, олар исламмен иман ішінде жайлы өмір сүрер еді әрі бұл дүниеде және ақиреттеде бақытты болар еді. Алла тағала бәрімізге иман бергей әрі иманымызда бекем еткей, бұл өте маңызды. Бұл тілекті ұдайы алла тағаладан сұрауымыз керек, себебі біз басқаларға көз қызартсақ немесе қызғана қарасақ, бұл әрі әдемі әрі жеңіл жолдан тайып кетуіміз мүмкін, біз бұл жолдан айырылмауымыз керек. Бұл жолда еместер немесе одан шығып кеткендер бейне құздың басынан құлаған адамдарға сяқты, олар бақытты еместер, нұрын сөндіріп, өз құндарын түсіріп алғандар. Оларда сендер қызығатын, қызғанатын немесе үйренетін ешнәрседе жоқ, олай ету ақылсыздардың ісінен болмақ-дүр. Олар мүмкін суреттерінде немесе адамдарға алыстан тартымды көрінер, алайда шын өмірде бәріде басқаша, қасына жолауға да келмейді, олар нәпсілеріне құл боп кеткендер, олардан саған еш жақсылық келмейді, олардан бойыңды аулақ ұстауың керек. Алла тағаланың жолында емес адамдардан алыс жүрген жөн, олар расында адам жаны ашитындай тым бейшара хәлдегілер. Алла тағала бізді панасына алысын әрі өз жолында бекем етсін, қараңғылықта қалған пенделеріне алла тағала хидаят берсін.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.

Мамыр 31, 2021

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

شاماڭ كەلەتىن مىندەت قانا جۇكتەلگەن

اعۋزۋبيللاحي ميناششايتانير راجيم، بيسسيميلاحير راحمانير راحيم.
قۇران ازيمۋشاندا اللا تاعالا «لَا يُكَلِّفُ ٱللَّهُ نَفۡسًا إِلَّا وُسۡعَهَاۚ» ياعني «اللا ءار پەندەسىنە، ونىڭ شاماسى كەلمەيتىن ءىستى تاپسىرمايدى.» دەيدى. اللا جاللا جاللالۋحۋ اسا مەيرىمدى ءارى اسا راحىمدى، ول پەندەسى كوتەرە المايتىن جۇكتى ولارعا جۇكتەمەيدى. ءبىز اللا تاعالادان كەلگەن امىرلەردى ورىنداۋىمىز كەرەك ءارى ونى ءار ادام ءوز شاماسىنا قاراي ىستەۋگە رۇحسات بەرىلگەن، سوندىقتان اركىم ءوز شاماسى كەلگەنشە قۇلشىنسىن، ال شاماسى جەتپەگەنىن اللا ءوزى كەشىرەتىن بولادى، بۇندا ءبىر جاقسى امالدى ىستەپ، ونى شاما كەلگەنشە ۇزدىكسىز جالعاستىرا بەرۋ وتە ماڭىزدى. ارينە ورازا ۇستاۋمەن ناماز ىستەلۋى ءتيىستى امالداردان، بۇدان تىس قۇران وقۋ نەمەسە ونى جۇرەكپەن جاتتاۋ سىندى امالداردى ىستەسە بولادى. بىراق بارلىق ادام بىردەي قۇراندى جۇرەكپەن جاتتاي المايدى، ال جاتتاپ العاندار ونى كۇتە ءبىلۋى كەرەك، سەبەبى امانات رەتىندە، ونىڭدا ءوز جاۋاپكەرشىلىگى بار، از عانا قۇران جاتتاساڭدا ونى ساقتاعان ءجون، ۇمىتپاۋ كەرەك.

ارينە اراپ ءتىلىن بىلمەيتىن كىسىلەر قۇراندى ءوز شاماسى كەلگەنشە وقىسىن، كەي ادامدار مەن وقي المايمىن نەمەسە قاتە وقيمىن دەيدى. الايدا اللا تاعالا ادامدار قۇران ازيمۋشاندى وقىعاندا، ونىڭ قاتە كەتكەن جەرلەرىن ارنايى تۇزەتەتىن پەرىشتەلەر ورنالاستىرعان، ولار وقىلعان قۇراندى تۇزەتىپ اللا قۇزىرەتىنە جىبەرەدى. كەيبىر ادامدار قۇراندى قاتە وقىپ كۇنا ىستەپ قويامىز، سوندىقتان وقىمايمىز دەپ ايتادى، سەن بۇعان بولا كۇنالى بولمايسىڭ، ينشاللا، بۇل مۇباراك پايعامبارىمىزدان كەلگەن جاقسى حابارلاردان. ءسىز ءتىپتى قاتە وقىپ الساڭىزدا، پەرىشتەلەر ونى تۇزەتىپ اللا قۇزىرىنا ۇسىنادى. پەرىشتەلەر بىزگە ۇقسامايدى، اللا تاعالا ولاردى ەرەكشە جاراتىلىس ەتىپ جاراتقان، ولار شارشامايدى ءارى بەرىلگەن مىندەتىن ءدال ۋاعىندا مۇلتىكسىز ورىندايدى. ادامدار وقىلۋىن تولىق ورىنداي الماسادا، ونى تاعايىندالعان پەرىشتەلەر مىندەتتى تۇردە تۇزەپ تولىقتايدى. ادامداردىڭ «قۇراندى قاتە وقىپ قويامىن، ءبىر ءسوزدى دە دۇرىس وقي المايمىن» دەپ ايتۋى دۇرىس ەمەس، الاڭسىز بول، قاتە وقۋىڭدى تۇزەيتىن اللا تاعالانىڭ پەرىشتەلەرى بار، ولارعا بۇل مىندەتتى ورىنداۋ ەش قيىن ەمەس.

اللا تاعالانىڭ جاراتقان جاراتىلىستارىنىڭ سانىندا ەسەپ جوق، ولار وتە كوپ، اللا تاعالانىڭ ءبىلىمى شەكسىز، ونى ءتۇسىنىپ بولا المايسىڭ، وعان اقىل جەتپەيدى. سوندىقتان، ادامدار اللا تاعالامەن بىرگە بولا السا بولعانى، ولارعا بارلىعى جەڭىل بولماق، اللا تاعالا ءتىپتى ادامداردىڭ قاتەلىگىن تۇزەتەتىن پەرىشتەلەردى ادامعا قىزمەت ەتتىرىپ قويعان. ءبىزدىڭ وڭ-سول ەكى جاقتا امالدارىمىزدى جازىپ وتىراتىن پەرىشتەلەردە سولاي، ولار ءبىزدىڭ جاساعان جاقسى امالدى لەزدە جازىپ السادا، بىراق ءبىز ىستەگەن كۇنالاردى دەرەۋ جازبايدى، كەرىسىنشە قاتەلىگىڭدى تۇزەتۋگە ۋاقىت بەرەدى، تاۋبەمەن تۇزەتۋىڭدى كۇتەدى، ولار كۇناڭدى سەگىز ساعاتتان سوڭ عانا جازادى، لەزدە جازىپ المايدى. اللا تاعالانىڭ بۇنداي مەيرىمىمەن راحىمى شەكسىز، ۇلىق اللا تاعالا بىزدەردى بۇنداي ادەمى جولدان تايدىرىماسىن.

ادامدار ورىنسىز شارشاۋعا سالىنباي، قارسىلىقتارىن تاستاسا، ولار يسلاممەن يمان ىشىندە جايلى ءومىر سۇرەر ەدى ءارى بۇل دۇنيەدە جانە اقيرەتتەدە باقىتتى بولار ەدى. اللا تاعالا بارىمىزگە يمان بەرگەي ءارى يمانىمىزدا بەكەم ەتكەي، بۇل وتە ماڭىزدى. بۇل تىلەكتى ۇدايى اللا تاعالادان سۇراۋىمىز كەرەك، سەبەبى ءبىز باسقالارعا كوز قىزارتساق نەمەسە قىزعانا قاراساق، بۇل ءارى ادەمى ءارى جەڭىل جولدان تايىپ كەتۋىمىز مۇمكىن، ءبىز بۇل جولدان ايىرىلماۋىمىز كەرەك. بۇل جولدا ەمەستەر نەمەسە ودان شىعىپ كەتكەندەر بەينە قۇزدىڭ باسىنان قۇلاعان ادامدارعا سياقتى، ولار باقىتتى ەمەستەر، نۇرىن ءسوندىرىپ، ءوز قۇندارىن ءتۇسىرىپ العاندار. ولاردا سەندەر قىزىعاتىن، قىزعاناتىن نەمەسە ۇيرەنەتىن ەشنارسەدە جوق، ولاي ەتۋ اقىلسىزداردىڭ ىسىنەن بولماق-ءدۇر. ولار مۇمكىن سۋرەتتەرىندە نەمەسە ادامدارعا الىستان تارتىمدى كورىنەر، الايدا شىن ومىردە بارىدە باسقاشا، قاسىنا جولاۋعا دا كەلمەيدى، ولار ناپسىلەرىنە قۇل بوپ كەتكەندەر، ولاردان ساعان ەش جاقسىلىق كەلمەيدى، ولاردان بويىڭدى اۋلاق ۇستاۋىڭ كەرەك. اللا تاعالانىڭ جولىندا ەمەس ادامداردان الىس جۇرگەن ءجون، ولار راسىندا ادام جانى اشيتىنداي تىم بەيشارا حالدەگىلەر. اللا تاعالا ءبىزدى پاناسىنا الىسىن ءارى ءوز جولىندا بەكەم ەتسىن، قاراڭعىلىقتا قالعان پەندەلەرىنە اللا تاعالا حيدايات بەرسىن.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.

مامىر 31، 2021

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=55