You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=50
Адамына қарай сөзің болсын (2021.05.28)

Кейбір адамдар қажетсіз нәрселерге бола өздерін қапа етеді немесе жоқ жерден өздеріне іс тауып алады, не үшін? Себебі олар өздерімен қатыссыз адамдарға шатысады, кімдермен сөйлесу керектігін білмейді. Әр адамның өз міндеті бар, олардың әдеп-ибасымен білімі деңгейлеріде ұқсамайды, ал осы ұқсамастықтарды дұрыс бір жақтылы ете білмеуі себепті көптеген адамдар өздерін әртүрлі мәселелерге ұрындырып алады. Сіз әрбір адамның дәрежесімен ақылына қарай сөйлей білуіңіз керек.

Бір хадисте пайғамбарымыз «адамдарға ақылына қарай сөйле.» дейді. Ақылдылар астарлап сөйлесең де, сөзіңді түсінеді, ал ақылсыздар, оны түсіне алмайды да, сөзің бекер болып, босқа налисың. Олар сөзіңді түсінбегендіктен сізге жаман сөздер айтып, сізді ашуландырады, содан сіз өзіңізді қорғамақ болып тағыда көп сөздер сөйлейсіз немесе түсіндірмекші боласыз, осылайша айтыса келе сіз өзіңізді олардың деңгейіне түсіріп аласыз. Адамдар арасында жоғары-төмен дәреже болады, бірі ақылсыз болса, бір ақылды болады, тағы бірі дана келеді. Ақылсыз адамдардың еш ісіне қатыса көрме, сөз түсіндірсең түсінбейді, олармен сөйлесу де қажетсіз, ал шындықты тіпті түсіндіріп бола алмайсың. Сондықтан олармен араласудың қажеті жоқ, надандармен бірге болсаң, сенде сондай боларсың.

Қасиетті пайғамбарымыз әлехиссаламнан қалған мәшхұр бір хадис бар еді. Бірде бір адам сәйдина Әбубакір Сыдық қазіретті пайғамбарымыздың көзінше боқтап, ауыр сөздер айтады, алайда қазіреті Сыдық сабырлық танытып, лам демей отыра береді, ал пайғамбарымыз да күлімсіреп, үндемей отырған еді. Соңында Сыдық қазіреті ол адамға жақсы әдеппен жауап қайырады, дәл сол кезде пайғамбарымыз ол арадан кетіп қалады. Әдеп-ибаның барлығы пайғамбардан келеді, ең жақсы әдеп сол мүбарак пайғамбарымызда, ол біреуге зекіп немесе ренжіп көрген емес. Пайғамбарымыз бір нәрсені жақсы көрмесе үнсіз қалатын немесе ол жерден кетіп қалатын. Пайғамбарымыздың бұл ісіне қарап, өзінен бір қателіктің кеткенін сезінген Сыдық қазіреті «я расулалла, сіз кетіп қалдыңыз ғой? Менен қателік кетсе керек. Ол мені ант су ішіп балағаттап жатқанда күлімсіреп отыр едіңіз?» дейді. Қазіреті пайғамбарымыз «ол сені балағаттап жатқанда, алла тағала сен үшін оған жауап қайтаратын бір періште орналастырған еді, бірақ сен сөйлей бастағанда шайтан жетіп келді, ал мен шайтан тұрған жерде тұрмаймын, бұл менің ол арадан кетіп қалу себебім еді.» деп жауап береді.

Адамдар мәлім бір істі дұрыс істеп жатырмын деп ойлайды, бірақ олар өз майданын қорғап айтыса бастағанда, онысы өзіне пайдалы болмастан, керісінше зиян алып келеді. Сондықтан, алда тұрған адаммен кең пікірлесуден бұрын оның сөз түсінерлік кісіме әлде жоқпа, соны білуің керек, сөз түсінерлік кісі болса сөйледе, әйтпесе тіл қатудан аулақ бол. Себебі кей адамдар ақылсыз болады, олармен пікірлессең сенде төмен құлап, солардай ақылсыз ғапілеттікке түсетін боласың.

Алла тағала біздерді өз панасына алсын, бізді нәпсімізді тежеп ұстауға және мәңгілік жеңіске жетуге жардем берсін, үйткені нәпсіңіз сізге көптеген істерді жақсы етіп көрсетеді де, сізге «жақсы іс» етіп жатсың деген ой салады, алайда бұл жақсы деген істеріңіз соңында сізге қарсы жамандыққа айналып шыға келеді. Алла тағала өзі сақтасын.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.

Мамыр 28, 2021

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

ادامىنا قاراي ءسوزىڭ بولسىن

كەيبىر ادامدار قاجەتسىز نارسەلەرگە بولا وزدەرىن قاپا ەتەدى نەمەسە جوق جەردەن وزدەرىنە ءىس تاۋىپ الادى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولار وزدەرىمەن قاتىسسىز ادامدارعا شاتىسادى، كىمدەرمەن سويلەسۋ كەرەكتىگىن بىلمەيدى. ءار ادامنىڭ ءوز مىندەتى بار، ولاردىڭ ادەپ-يباسىمەن ءبىلىمى دەڭگەيلەرىدە ۇقسامايدى، ال وسى ۇقساماستىقتاردى دۇرىس ءبىر جاقتىلى ەتە بىلمەۋى سەبەپتى كوپتەگەن ادامدار وزدەرىن ءارتۇرلى ماسەلەلەرگە ۇرىندىرىپ الادى. ءسىز ءاربىر ادامنىڭ دارەجەسىمەن اقىلىنا قاراي سويلەي ءبىلۋىڭىز كەرەك.

ءبىر حاديستە پايعامبارىمىز «ادامدارعا اقىلىنا قاراي سويلە.» دەيدى. اقىلدىلار استارلاپ سويلەسەڭ دە، ءسوزىڭدى تۇسىنەدى، ال اقىلسىزدار، ونى تۇسىنە المايدى دا، ءسوزىڭ بەكەر بولىپ، بوسقا ناليسىڭ. ولار ءسوزىڭدى تۇسىنبەگەندىكتەن سىزگە جامان سوزدەر ايتىپ، ءسىزدى اشۋلاندىرادى، سودان ءسىز ءوزىڭىزدى قورعاماق بولىپ تاعىدا كوپ سوزدەر سويلەيسىز نەمەسە تۇسىندىرمەكشى بولاسىز، وسىلايشا ايتىسا كەلە ءسىز ءوزىڭىزدى ولاردىڭ دەڭگەيىنە ءتۇسىرىپ الاسىز. ادامدار اراسىندا جوعارى-تومەن دارەجە بولادى، ءبىرى اقىلسىز بولسا، ءبىر اقىلدى بولادى، تاعى ءبىرى دانا كەلەدى. اقىلسىز ادامداردىڭ ەش ىسىنە قاتىسا كورمە، ءسوز تۇسىندىرسەڭ تۇسىنبەيدى، ولارمەن سويلەسۋ دە قاجەتسىز، ال شىندىقتى ءتىپتى ءتۇسىندىرىپ بولا المايسىڭ. سوندىقتان ولارمەن ارالاسۋدىڭ قاجەتى جوق، ناداندارمەن بىرگە بولساڭ، سەندە سونداي بولارسىڭ.

قاسيەتتى پايعامبارىمىز الەحيسسالامنان قالعان ءماشحۇر ءبىر حاديس بار ەدى. بىردە ءبىر ادام ءسايدينا ابۋباكىر سىدىق قازىرەتتى پايعامبارىمىزدىڭ كوزىنشە بوقتاپ، اۋىر سوزدەر ايتادى، الايدا قازىرەتى سىدىق سابىرلىق تانىتىپ، لام دەمەي وتىرا بەرەدى، ال پايعامبارىمىز دا كۇلىمسىرەپ، ۇندەمەي وتىرعان ەدى. سوڭىندا سىدىق قازىرەتى ول ادامعا جاقسى ادەپپەن جاۋاپ قايىرادى، ءدال سول كەزدە پايعامبارىمىز ول ارادان كەتىپ قالادى. ادەپ-يبانىڭ بارلىعى پايعامباردان كەلەدى، ەڭ جاقسى ادەپ سول مۇباراك پايعامبارىمىزدا، ول بىرەۋگە زەكىپ نەمەسە رەنجىپ كورگەن ەمەس. پايعامبارىمىز ءبىر نارسەنى جاقسى كورمەسە ءۇنسىز قالاتىن نەمەسە ول جەردەن كەتىپ قالاتىن. پايعامبارىمىزدىڭ بۇل ىسىنە قاراپ، وزىنەن ءبىر قاتەلىكتىڭ كەتكەنىن سەزىنگەن سىدىق قازىرەتى «يا راسۋلاللا، ءسىز كەتىپ قالدىڭىز عوي؟ مەنەن قاتەلىك كەتسە كەرەك. ول مەنى انت سۋ ءىشىپ بالاعاتتاپ جاتقاندا كۇلىمسىرەپ وتىر ەدىڭىز؟» دەيدى. قازىرەتى پايعامبارىمىز «ول سەنى بالاعاتتاپ جاتقاندا، اللا تاعالا سەن ءۇشىن وعان جاۋاپ قايتاراتىن ءبىر پەرىشتە ورنالاستىرعان ەدى، بىراق سەن سويلەي باستاعاندا شايتان جەتىپ كەلدى، ال مەن شايتان تۇرعان جەردە تۇرمايمىن، بۇل مەنىڭ ول ارادان كەتىپ قالۋ سەبەبىم ەدى.» دەپ جاۋاپ بەرەدى.

ادامدار ءمالىم ءبىر ءىستى دۇرىس ىستەپ جاتىرمىن دەپ ويلايدى، بىراق ولار ءوز مايدانىن قورعاپ ايتىسا باستاعاندا، ونىسى وزىنە پايدالى بولماستان، كەرىسىنشە زيان الىپ كەلەدى. سوندىقتان، الدا تۇرعان اداممەن كەڭ پىكىرلەسۋدەن بۇرىن ونىڭ ءسوز تۇسىنەرلىك كىسىمە الدە جوقپا، سونى ءبىلۋىڭ كەرەك، ءسوز تۇسىنەرلىك كىسى بولسا سويلەدە، ايتپەسە ءتىل قاتۋدان اۋلاق بول. سەبەبى كەي ادامدار اقىلسىز بولادى، ولارمەن پىكىرلەسسەڭ سەندە تومەن قۇلاپ، سولارداي اقىلسىز عاپىلەتتىككە تۇسەتىن بولاسىڭ.

اللا تاعالا بىزدەردى ءوز پاناسىنا السىن، ءبىزدى ءناپسىمىزدى تەجەپ ۇستاۋعا جانە ماڭگىلىك جەڭىسكە جەتۋگە جاردەم بەرسىن، ۇيتكەنى ءناپسىڭىز سىزگە كوپتەگەن ىستەردى جاقسى ەتىپ كورسەتەدى دە، سىزگە «جاقسى ءىس» ەتىپ جاتسىڭ دەگەن وي سالادى، الايدا بۇل جاقسى دەگەن ىستەرىڭىز سوڭىندا سىزگە قارسى جاماندىققا اينالىپ شىعا كەلەدى. اللا تاعالا ءوزى ساقتاسىن.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.

مامىر 28، 2021

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=50