You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=45
Биссимиллахир рахманир рахим.
Иман әр адамның жүрегіндегі алла тағалаға және оның мүбарак пайғамбарына деген махаббатың дәрежесіне қарай қонады. Себебі иман ағашыда басқа ағаштар сияқты, оны тек қана егіп қойып, одан соң ескерусіз қалдырсаңыз, олда қурайды. Егер оған көңіл бөлінбесе, суғарылмаса және оған керекті жағдайларды жасалмаса, тәбиғи түрде, ол көктеп өнудың орнына, өліп қалары хақ, ал иманда дәл осылай. «Лә илаха илаллах мұхаммадар расулаллах саллаллаху әлеихи уассалам» деп айтқан соң, ол біздің көңіл бөлуімізді қажет етеді, бұндағы «көңіл бөлу» дегеніміз махаббат еді яғни алла тағалаға және оның пайғамбары мұхаммад мұстафа саллаху әлехи уассаламға деген махаббат.

Әр жолы махаббатыңыз артқан сайын сіз өзіңіздегі күйдің өзгергенін байқайсыз, сіз дүниеге емес, керісінше алла тағалаға қарай көбірек ден қойып кеткеніңізді сезесіз, себебі махаббат өзін осы дүниеге ғана, не болмаса алла тағалаға ғана арнайды яғни ол тек қана екінің бірін ғана құшады. Жүрегі бұл дүниеге деген махаббатқа толы пенде, тағы келіп жүрегіне басқаға арнаған махаббатын сидыра алмайды, оған орын болуы мүмкін емес, бұл бейне таразының жұмыс істеу заңдылығына ұқсайды. Қайсысына арнаған махаббаты көп болса, таразының басы сол жаққа қарай ауады. Егер бұл дүниемен оның күйбеңіне махаббатыңыз күшті болса, онда сізді дүние тірлігімен оны қызықшылығы баурап, сонымен қарбалас боласыз да, көңіліңіз соған ауып тұрмақ.

Алла тағалаға деген махаббатыңыз күшті болса, жүрегіңіз «руханияттың дәміне» иелік ететін болады, тіпті бұл дүниенің бар қызығы, үлдемен бүлдесі алдыңызға әкелінседе, рух ләззәтін оларға айырбастауға көнбейсіз әрі бұл шын иманның жүрекке тамыр тартқандығының белгісі болмақ. Егер түскі намазды оқымасаңыз мәлім мөлшердегі алтын береміз десек, сол намазды тастауға пейілсіз бе? Олай етпейсіз, себебі, егер сіз ол алтынды алсаңыз, нәпсіңыз сізге «оны ал, түскі намазды түстен кейінгі намазбен қосып оқисың» деп ақыл айтатын болады, алайда, сіздің жүрегіңіз яғни ішкі жан дүниеңіз сізге «егер қазір оны алсаң, өлім періштесі келіп жаныңды алса, сен онанда бұданда айырыласың, екеуінде жоғалтасың» деп ескерту береді.

Сонымен, сізді қорқыныш басып кетеді де, намазым бұл төлемдерден әлдеқайда жоғары деп бағалайтын боласыз. Қазір берілетін алтынның мөлшері артса да, тіпті дүниенің бар қазынасын алдыңызға төгіп қойсада, олардың сіз үшін құны жоқ болмақ. Сіз «о, алла тағала өзіңе сиынамын, мен оны тастамаймын!» деп айтуыңыз мүмкін, бірақ бұлар тек сіздің сыртқы ойларыңыз ғана, ал сізді шыншында тиып ұстап тұрған нәрсе алла тағаланың құзіретінен келген рухани қуаныштар еді. Бұлар сіздің жүрегіңіздегі иманның бүр жарып, оның көктей бастағанын және өсіп келе жатқанын білдіреді. Ал енді оған жақсы көңіл бөліңіз, оны өсіре беріңіз, жетілгенде жеміс беретін болады.

Егер иман жемісінің дәмін татсаңыз, өзіңізді басқа әлемнен табатын боласыз - өз әлеміңізбен қауышасыз. Алла тағала сізді өз жеке әлеміңізге кіргізетін болады, тіпті бүккіл дүние бүлініп, жер бетін қайғы қасірет басып кетседе, сіз өзіңізге тиесілі әлемде жүресіз, жаратқан ием сіз үшін бір әлем жаратады, дәл осы уақыт сіз иман дәмін татқан кез. Ал біз, иншалла, сол жолдамыз, осы айтылған уақытқа жеткенде ешнәрсе сізді әурелемейтін болады, оған жету еңбектенуді талап етеді, бұл бейне жер бетіндегі ғарыш кемесін көкке ұшырғанға ұқсайды. Кемені өз ауырлығынан арылтқанша яғни оған жердің тартылыс күшін жеңдіргенше қиындықтар болады, бірақ бұл кедергілерді жеңген соң, ауырлығының әсеріне ұшырамайды әрі ендігарі оны сүйрейтін маторда қажетсіз, осылайша ол басқа әлемге бет алмақ. Сол секілді, нәпсіңіздің тартылыс күшін жеңіп, оның тосқындықтарын бұзып-жарып кете білсеңіз, сізде өзіңіздің әлеміңізге жетесіз!

1998-жыл, Маусым

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мұхаммад Назым Әділ әл-Хаққани Қ.С

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани

جۇرەككە تامىر تارتقان شىن يماننىڭ بەلگىسى

بيسسيميللاحير راحمانير راحيم

يمان ءار ادامنىڭ جۇرەگىندەگى اللا تاعالاعا جانە ونىڭ مۇباراك پايعامبارىنا دەگەن ماحابباتىڭ دارەجەسىنە قاراي قونادى. سەبەبى يمان اعاشىدا باسقا اعاشتار سياقتى، ونى تەك قانا ەگىپ قويىپ، ودان سوڭ ەسكەرۋسىز قالدىرساڭىز، ولدا قۋرايدى. ەگەر وعان كوڭىل بولىنبەسە، سۋعارىلماسا جانە وعان كەرەكتى جاعدايلاردى جاسالماسا، تابيعي تۇردە، ول كوكتەپ ءونۋدىڭ ورنىنا، ءولىپ قالارى حاق، ال يماندا ءدال وسىلاي. «ءلا يلاحا يلاللاح مۇحاممادار راسۋلاللاح ساللاللاحۋ الەيحي ۋاسسالام» دەپ ايتقان سوڭ، ول ءبىزدىڭ كوڭىل ءبولۋىمىزدى قاجەت ەتەدى، بۇنداعى «كوڭىل ءبولۋ» دەگەنىمىز ماحاببات ەدى ياعني اللا تاعالاعا جانە ونىڭ پايعامبارى مۇحامماد مۇستافا ساللاحۋ الەحي ۋاسسالامعا دەگەن ماحاببات.

ءار جولى ماحابباتىڭىز ارتقان سايىن ءسىز وزىڭىزدەگى كۇيدىڭ وزگەرگەنىن بايقايسىز، ءسىز دۇنيەگە ەمەس، كەرىسىنشە اللا تاعالاعا قاراي كوبىرەك دەن قويىپ كەتكەنىڭىزدى سەزەسىز، سەبەبى ماحاببات ءوزىن وسى دۇنيەگە عانا، نە بولماسا اللا تاعالاعا عانا ارنايدى ياعني ول تەك قانا ەكىنىڭ ءبىرىن عانا قۇشادى. جۇرەگى بۇل دۇنيەگە دەگەن ماحابباتقا تولى پەندە، تاعى كەلىپ جۇرەگىنە باسقاعا ارناعان ماحابباتىن سيدىرا المايدى، وعان ورىن بولۋى مۇمكىن ەمەس، بۇل بەينە تارازىنىڭ جۇمىس ىستەۋ زاڭدىلىعىنا ۇقسايدى. قايسىسىنا ارناعان ماحابباتى كوپ بولسا، تارازىنىڭ باسى سول جاققا قاراي اۋادى. ەگەر بۇل دۇنيەمەن ونىڭ كۇيبەڭىنە ماحابباتىڭىز كۇشتى بولسا، وندا ءسىزدى دۇنيە تىرلىگىمەن ونى قىزىقشىلىعى باۋراپ، سونىمەن قاربالاس بولاسىز دا، كوڭىلىڭىز سوعان اۋىپ تۇرماق.

اللا تاعالاعا دەگەن ماحابباتىڭىز كۇشتى بولسا، جۇرەگىڭىز «رۋحانياتتىڭ دامىنە» يەلىك ەتەتىن بولادى، ءتىپتى بۇل دۇنيەنىڭ بار قىزىعى، ۇلدەمەن بۇلدەسى الدىڭىزعا اكەلىنسەدە، رۋح ءلاززاتىن ولارعا ايىرباستاۋعا كونبەيسىز ءارى بۇل شىن يماننىڭ جۇرەككە تامىر تارتقاندىعىنىڭ بەلگىسى بولماق. ەگەر تۇسكى نامازدى وقىماساڭىز ءمالىم مولشەردەگى التىن بەرەمىز دەسەك، سول نامازدى تاستاۋعا پەيىلسىز بە؟ ولاي ەتپەيسىز، سەبەبى، ەگەر ءسىز ول التىندى الساڭىز، ءناپسىڭىز سىزگە «ونى ال، تۇسكى نامازدى تۇستەن كەيىنگى نامازبەن قوسىپ وقيسىڭ» دەپ اقىل ايتاتىن بولادى، الايدا، ءسىزدىڭ جۇرەگىڭىز ياعني ىشكى جان دۇنيەڭىز سىزگە «ەگەر قازىر ونى الساڭ، ءولىم پەرىشتەسى كەلىپ جانىڭدى السا، سەن وناندا بۇداندا ايىرىلاسىڭ، ەكەۋىندە جوعالتاسىڭ» دەپ ەسكەرتۋ بەرەدى.

سونىمەن، ءسىزدى قورقىنىش باسىپ كەتەدى دە، نامازىم بۇل تولەمدەردەن الدەقايدا جوعارى دەپ باعالايتىن بولاسىز. قازىر بەرىلەتىن التىننىڭ مولشەرى ارتسا دا، ءتىپتى دۇنيەنىڭ بار قازىناسىن الدىڭىزعا توگىپ قويسادا، ولاردىڭ ءسىز ءۇشىن قۇنى جوق بولماق. ءسىز «و، اللا تاعالا وزىڭە سيىنامىن، مەن ونى تاستامايمىن!» دەپ ايتۋىڭىز مۇمكىن، بىراق بۇلار تەك ءسىزدىڭ سىرتقى ويلارىڭىز عانا، ال ءسىزدى شىنشىندا تيىپ ۇستاپ تۇرعان نارسە اللا تاعالانىڭ قۇزىرەتىنەن كەلگەن رۋحاني قۋانىشتار ەدى. بۇلار ءسىزدىڭ جۇرەگىڭىزدەگى يماننىڭ ءبۇر جارىپ، ونىڭ كوكتەي باستاعانىن جانە ءوسىپ كەلە جاتقانىن بىلدىرەدى. ال ەندى وعان جاقسى كوڭىل ءبولىڭىز، ونى وسىرە بەرىڭىز، جەتىلگەندە جەمىس بەرەتىن بولادى.

ەگەر يمان جەمىسىنىڭ ءدامىن تاتساڭىز، ءوزىڭىزدى باسقا الەمنەن تاباتىن بولاسىز - ءوز الەمىڭىزبەن قاۋىشاسىز. اللا تاعالا ءسىزدى ءوز جەكە الەمىڭىزگە كىرگىزەتىن بولادى، ءتىپتى بۇككىل دۇنيە ءبۇلىنىپ، جەر بەتىن قايعى قاسىرەت باسىپ كەتسەدە، ءسىز وزىڭىزگە تيەسىلى الەمدە جۇرەسىز، جاراتقان يەم ءسىز ءۇشىن ءبىر الەم جاراتادى، ءدال وسى ۋاقىت ءسىز يمان ءدامىن تاتقان كەز. ال ءبىز، ينشاللا، سول جولدامىز، وسى ايتىلعان ۋاقىتقا جەتكەندە ەشنارسە ءسىزدى اۋرەلەمەيتىن بولادى، وعان جەتۋ ەڭبەكتەنۋدى تالاپ ەتەدى، بۇل بەينە جەر بەتىندەگى عارىش كەمەسىن كوككە ۇشىرعانعا ۇقسايدى. كەمەنى ءوز اۋىرلىعىنان ارىلتقانشا ياعني وعان جەردىڭ تارتىلىس كۇشىن جەڭدىرگەنشە قيىندىقتار بولادى، بىراق بۇل كەدەرگىلەردى جەڭگەن سوڭ، اۋىرلىعىنىڭ اسەرىنە ۇشىرامايدى ءارى ەندىگارى ونى سۇيرەيتىن ماتوردا قاجەتسىز، وسىلايشا ول باسقا الەمگە بەت الماق. سول سەكىلدى، ءناپسىڭىزدىڭ تارتىلىس كۇشىن جەڭىپ، ونىڭ توسقىندىقتارىن بۇزىپ-جارىپ كەتە بىلسەڭىز، سىزدە ءوزىڭىزدىڭ الەمىڭىزگە جەتەسىز!

1998-جىل، ماۋسىم

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مۇحامماد نازىم ءادىل ءال-حاققاني ق.س

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=45