You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=42
Өз дін сенімінде жүрген әрбір адамды құрмет етуіміз керек, себебі ол пендемен алла тағаланың арасында қандай байланыс бар екенін біз білмейміз.

Ертеректе аты мәшхұр бір әулие ұзақ жолда сапарлап келе жатып, иен далада еңкеңдеп намаз оқып жатқан қойшыға кез болады. Әулие кісі қойшының күні бойы тынбай жұмыс істегендіктен, үстіндегі кимінің тым кір боп кеткенін байқайды әрі оның бұндай кір киіммен намазда тұрғанын жақтырмайды.

«Бұл түріңмен қалай намаз оқып жатсың? Үстіңдегі кимің өте кір болып кетіпті, денеңнен қойдың исі де мүңкіп тұр! Намазға тұрғанда киімің таза болу керектігін білмейсің бе?» дейді әулие қойшыға.

Сәл кідіріп үнсіз қалған қойшы, сәлден соң оған бұрылып, бір түрлі ғажап күйдегі бейнемен «О, құрметті шайық, мені ғапу еткейсіз! Бағана сіздің не айтқаныңызды естіген жоқпын. Алла тағала маған сәждеге жығыл деп бұйырғанда, мен қойларымды суғарып жүрген едім, қазір ғана раббым маған үн қатты. Сізге бәлендей жәрдем керекпе, сізге қалай көмек етсем болар?» дейді.

Бұны естіген әулие қатты ұялғанынан «О жаратқан ием, пендеңе құрметсіздік етіп, оған еткен төрелігімді кешіре кор!» деп жылап, дереу сәждеге жығылып ыстиғфар етеді, өзін кешіруін өтінеді.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Назым

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани

پەندەڭە ەتكەن تورەلىگىمدى كەشىرە كور

ءوز ءدىن سەنىمىندە جۇرگەن ءاربىر ادامدى قۇرمەت ەتۋىمىز كەرەك، سەبەبى ول پەندەمەن اللا تاعالانىڭ اراسىندا قانداي بايلانىس بار ەكەنىن ءبىز بىلمەيمىز.

ەرتەرەكتە اتى ءماشحۇر ءبىر اۋليە ۇزاق جولدا ساپارلاپ كەلە جاتىپ، يەن دالادا ەڭكەڭدەپ ناماز وقىپ جاتقان قويشىعا كەز بولادى. اۋليە كىسى قويشىنىڭ كۇنى بويى تىنباي جۇمىس ىستەگەندىكتەن، ۇستىندەگى كيمىنىڭ تىم كىر بوپ كەتكەنىن بايقايدى ءارى ونىڭ بۇنداي كىر كيىممەن نامازدا تۇرعانىن جاقتىرمايدى.

«بۇل تۇرىڭمەن قالاي ناماز وقىپ جاتسىڭ؟ ۇستىڭدەگى كيمىڭ وتە كىر بولىپ كەتىپتى، دەنەڭنەن قويدىڭ ءيسى دە مۇڭكىپ تۇر! نامازعا تۇرعاندا كيىمىڭ تازا بولۋ كەرەكتىگىن بىلمەيسىڭ بە؟» دەيدى اۋليە قويشىعا.

ءسال كىدىرىپ ءۇنسىز قالعان قويشى، سالدەن سوڭ وعان بۇرىلىپ، ءبىر ءتۇرلى عاجاپ كۇيدەگى بەينەمەن «و، قۇرمەتتى شايىق، مەنى عاپۋ ەتكەيسىز! باعانا ءسىزدىڭ نە ايتقانىڭىزدى ەستىگەن جوقپىن. اللا تاعالا ماعان ساجدەگە جىعىل دەپ بۇيىرعاندا، مەن قويلارىمدى سۋعارىپ جۇرگەن ەدىم، قازىر عانا راببىم ماعان ءۇن قاتتى. سىزگە بالەندەي جاردەم كەرەكپە، سىزگە قالاي كومەك ەتسەم بولار؟» دەيدى.

بۇنى ەستىگەن اۋليە قاتتى ۇيالعانىنان «و جاراتقان يەم، پەندەڭە قۇرمەتسىزدىك ەتىپ، وعان ەتكەن تورەلىگىمدى كەشىرە كور!» دەپ جىلاپ، دەرەۋ ساجدەگە جىعىلىپ ىستيعفار ەتەدى، ءوزىن كەشىرۋىن وتىنەدى.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق نازىم

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=42