You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=37
Үлкен әулие машайықтарымыз «жәннәттің ішінде көре алмастық деген болмайды!» дейтін еді. Көре алмастықтан асқан жаман нәрсе жоқ, ол бар жерде иман тұрмайды. Барлық көңілсіздіктермен қиыншылықтар және мәселелер көре алмастықтың нәтижесінен келіп шығады. Жәй адамдар арасындағы өзара көре алмаушылық тым сүйкімсіз іс, ал білім иелерінің арасындағы көре алмаушылық онан арман сүйкімсіз әрі қасиетсіз істерден-дүр. Көре алмастық болмаса, адамдар періштелермен қол алысып сәлемдесе алар еді! Мәселен, балалар үшін алсақ, олардың арасындағы ең үлкені барлығын тартып алып, жеке иемденеді, ал кішкентайларына бір нәрсе берілсе, үлкені келіп тағыда оны тартып алмақ.

Көре алмастық адам жүрегін бүркеп тұратын өте қалың перде, ол адаммен алла тағаланың арасына орналасқан, оны әр жердегі барлық адамдардан кездестіруге болады. Егер пенде бұл ауырудан мүлдем ада болса, бұл перде алынып кетеді де, сол мезеттен бастап ол пенде пайғамбар саллалаху әлеихиссаламға қарай алатын болады. Ол кез бейне түс секілді, бірақ сен ояусың, пайғамбарға сөйлей аласың, пайғамбарымыз саған рух бейнесінде көрінеді!

Ақырзаманның бір белгісі - көре алмастық, ол кәдімгі терідегі жұқпалы қотыр кеселі сияқты, біреуінің жанына отырсаң, сағанда жұғып кетуі мүмкін, сондықтан олар үшін арнайы емхана болады.

Қазіргі кезде «көре алмастықтың» қызыл өрті бүккіл адам баласын шарпыған, барлық елбастағандар, көшбасшылар, бастықтар, білім иелері және әйелдер осы өріттің қақ ортасында жүр. Көре алмастық бейне бір теңізге ұқсайды да, онда жамандық атаулының барлығы мекен етеді, ол теңіздің бір шыны «суының» өзінде мың-милион тіршілікті өлтірелік қуат бар. Ібліс дәл осы хасад яғни көре алмаушылықтың себебінен, алла тағаланың илахи құзіретінен қуылды, Абылмен Қабыл арасында болған қайғылы істе осы рухани деріттің кесірінен болған-ды. Кімде кім әлде біреуге көре алмастық етсе, ол алла тағаланың рахымынан құр алақан қалады. Егерде, пенде бойында көре алмастық болады екен, ол пенденің жүрегінде ешқашан тыныштық болмақ емес.

Көре алмастық еткендер бұл өмірдің өзінде-ақ тозақтың отымен күйеді, азғантай көре алмастығы барларды тамыздықтай отқа қарыса, ал іші көре алмастыққа толы пенделерді жалындаған өріт күйдіріп қинауда ұстайды, мейлі қалай болмасын, әйтеуір бұл екі топқада күндіз түні маза жоқ.

Дін ислам болса осы «көре алмастық теңізіне» қарсы күресуде, ислам оның тозаңдай түйірінде қабыл етпек емес! Алла тағала «бізді көре алмаушылықтан сақтай көр» деп өзінен пана тілеуге және бұл «улы теңізді» тезден суалдырып, онда өмір сүріп жүрген барлық «жамандық организим» атаулыны шөлден өлтіруге бұйырады. Бұл теңізің мүлдеп құрғап, қу шөлге айналғанда ғана, жүрегіңе иман нұры қонақ болмақ.

Үлкен шайықтар «көре алмастық дегеніміз сіз мәлім біреуде бар жақсылықтарды одан кетіп қалса екен деп тілеуің» дейтін. Мәселен, біруде жаңа машина болса, көре алмаушы «оның машинасы қирап қалса немесе оны айдап бара жатқанда көпірден құлап түссе екен» деп ойлайды, ал осы уақиғалар шыныменде туылса көре алмастық етіп жүрген пенде қуанады.

Мұса ғалейхиссалам пайғамбардың заманында бір өте кедей кісі өмір сүрген екен. Бір күні ол Мұса пайғамбардан алла тағаланың маған бір сиыр беруіне дұға етсеңіз деп өтінеді, пайғамбар оның талабын қабыл етеді әрі бұл кедей кісіге алла тағала бір сиырды тезден беруін сұрайды. Сол кезде алла тағала «ай Мұса! Оған көршіңеде бір сиыр тіле деп айыт, сосын мен әр біріне бірден, екеуіне екі сиыр жіберемін!» деп жауап қайтарады. Мұса пайғамбар қайтып келген соң, кедейге алла тағаланың не дегенін айтады. Ал кедей «егер көршімде де бір сиыр болса, мен сиырымды не етермін, онда керек емес!» деп ашулана жауап береді!

Бұл қысқа ғана әңгіме адамдар арасында болатын «көре алмастықтың» тәбиғаты қандай болатынын көрсетіп тұр. Ол тек өзіне ғана жақсылық келсе деп ойлайды. Жжәннәттың ішінде «көре алмаушылық» деген нәрсе жоқ. Қызғаныш - «көре алмастық» ағашына түсетін жеміс, бұл ағаш жоқ болса, онда қызғанышта жоқ болады яғни жаман әдеттерде жоғалады.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Назым

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды

كورە الماستىق بار جەردە يمان تۇرماق ەمەس!

ۇلكەن اۋليە ماشايىقتارىمىز «ءجانناتتىڭ ىشىندە كورە الماستىق دەگەن بولمايدى!» دەيتىن ەدى. كورە الماستىقتان اسقان جامان نارسە جوق، ول بار جەردە يمان تۇرمايدى. بارلىق كوڭىلسىزدىكتەرمەن قيىنشىلىقتار جانە ماسەلەلەر كورە الماستىقتىڭ ناتيجەسىنەن كەلىپ شىعادى. ءجاي ادامدار اراسىنداعى ءوزارا كورە الماۋشىلىق تىم سۇيكىمسىز ءىس، ال ءبىلىم يەلەرىنىڭ اراسىنداعى كورە الماۋشىلىق ونان ارمان سۇيكىمسىز ءارى قاسيەتسىز ىستەردەن-ءدۇر. كورە الماستىق بولماسا، ادامدار پەرىشتەلەرمەن قول الىسىپ سالەمدەسە الار ەدى! ماسەلەن، بالالار ءۇشىن الساق، ولاردىڭ اراسىنداعى ەڭ ۇلكەنى بارلىعىن تارتىپ الىپ، جەكە يەمدەنەدى، ال كىشكەنتايلارىنا ءبىر نارسە بەرىلسە، ۇلكەنى كەلىپ تاعىدا ونى تارتىپ الماق.

كورە الماستىق ادام جۇرەگىن بۇركەپ تۇراتىن وتە قالىڭ پەردە، ول اداممەن اللا تاعالانىڭ اراسىنا ورنالاسقان، ونى ءار جەردەگى بارلىق ادامداردان كەزدەستىرۋگە بولادى. ەگەر پەندە بۇل اۋىرۋدان مۇلدەم ادا بولسا، بۇل پەردە الىنىپ كەتەدى دە، سول مەزەتتەن باستاپ ول پەندە پايعامبار ساللالاحۋ الەيحيسسالامعا قاراي الاتىن بولادى. ول كەز بەينە ءتۇس سەكىلدى، بىراق سەن وياۋسىڭ، پايعامبارعا سويلەي الاسىڭ، پايعامبارىمىز ساعان رۋح بەينەسىندە كورىنەدى!

اقىرزاماننىڭ ءبىر بەلگىسى - كورە الماستىق، ول كادىمگى تەرىدەگى جۇقپالى قوتىر كەسەلى سياقتى، بىرەۋىنىڭ جانىنا وتىرساڭ، ساعاندا جۇعىپ كەتۋى مۇمكىن، سوندىقتان ولار ءۇشىن ارنايى ەمحانا بولادى.

قازىرگى كەزدە «كورە الماستىقتىڭ» قىزىل ءورتى بۇككىل ادام بالاسىن شارپىعان، بارلىق ەلباستاعاندار، كوشباسشىلار، باستىقتار، ءبىلىم يەلەرى جانە ايەلدەر وسى ءورىتتىڭ قاق ورتاسىندا ءجۇر. كورە الماستىق بەينە ءبىر تەڭىزگە ۇقسايدى دا، وندا جاماندىق اتاۋلىنىڭ بارلىعى مەكەن ەتەدى، ول تەڭىزدىڭ ءبىر شىنى «سۋىنىڭ» وزىندە مىڭ-ميليون تىرشىلىكتى ولتىرەلىك قۋات بار. ءىبلىس ءدال وسى حاساد ياعني كورە الماۋشىلىقتىڭ سەبەبىنەن، اللا تاعالانىڭ يلاحي قۇزىرەتىنەن قۋىلدى، ابىلمەن قابىل اراسىندا بولعان قايعىلى ىستە وسى رۋحاني دەرىتتىڭ كەسىرىنەن بولعان-دى. كىمدە كىم الدە بىرەۋگە كورە الماستىق ەتسە، ول اللا تاعالانىڭ راحىمىنان قۇر الاقان قالادى. ەگەردە، پەندە بويىندا كورە الماستىق بولادى ەكەن، ول پەندەنىڭ جۇرەگىندە ەشقاشان تىنىشتىق بولماق ەمەس.

كورە الماستىق ەتكەندەر بۇل ءومىردىڭ وزىندە-اق توزاقتىڭ وتىمەن كۇيەدى، ازعانتاي كورە الماستىعى بارلاردى تامىزدىقتاي وتقا قارىسا، ال ءىشى كورە الماستىققا تولى پەندەلەردى جالىنداعان ءورىت كۇيدىرىپ قيناۋدا ۇستايدى، مەيلى قالاي بولماسىن، ايتەۋىر بۇل ەكى توپقادا كۇندىز ءتۇنى مازا جوق.

ءدىن يسلام بولسا وسى «كورە الماستىق تەڭىزىنە» قارسى كۇرەسۋدە، يسلام ونىڭ توزاڭداي تۇيىرىندە قابىل ەتپەك ەمەس! اللا تاعالا «ءبىزدى كورە الماۋشىلىقتان ساقتاي كور» دەپ وزىنەن پانا تىلەۋگە جانە بۇل «ۋلى تەڭىزدى» تەزدەن سۋالدىرىپ، وندا ءومىر ءسۇرىپ جۇرگەن بارلىق «جاماندىق ورگانيزيم» اتاۋلىنى شولدەن ولتىرۋگە بۇيىرادى. بۇل تەڭىزىڭ مۇلدەپ قۇرعاپ، قۋ شولگە اينالعاندا عانا، جۇرەگىڭە يمان نۇرى قوناق بولماق.

ۇلكەن شايىقتار «كورە الماستىق دەگەنىمىز ءسىز ءمالىم بىرەۋدە بار جاقسىلىقتاردى ودان كەتىپ قالسا ەكەن دەپ تىلەۋىڭ» دەيتىن. ماسەلەن، بىرۋدە جاڭا ماشينا بولسا، كورە الماۋشى «ونىڭ ماشيناسى قيراپ قالسا نەمەسە ونى ايداپ بارا جاتقاندا كوپىردەن قۇلاپ تۇسسە ەكەن» دەپ ويلايدى، ال وسى ۋاقيعالار شىنىمەندە تۋىلسا كورە الماستىق ەتىپ جۇرگەن پەندە قۋانادى.

مۇسا عالەيحيسسالام پايعامباردىڭ زامانىندا ءبىر وتە كەدەي كىسى ءومىر سۇرگەن ەكەن. ءبىر كۇنى ول مۇسا پايعامباردان اللا تاعالانىڭ ماعان ءبىر سيىر بەرۋىنە دۇعا ەتسەڭىز دەپ وتىنەدى، پايعامبار ونىڭ تالابىن قابىل ەتەدى ءارى بۇل كەدەي كىسىگە اللا تاعالا ءبىر سيىردى تەزدەن بەرۋىن سۇرايدى. سول كەزدە اللا تاعالا «اي مۇسا! وعان كورشىڭەدە ءبىر سيىر تىلە دەپ ايىت، سوسىن مەن ءار بىرىنە بىردەن، ەكەۋىنە ەكى سيىر جىبەرەمىن!» دەپ جاۋاپ قايتارادى. مۇسا پايعامبار قايتىپ كەلگەن سوڭ، كەدەيگە اللا تاعالانىڭ نە دەگەنىن ايتادى. ال كەدەي «ەگەر كورشىمدە دە ءبىر سيىر بولسا، مەن سيىرىمدى نە ەتەرمىن، وندا كەرەك ەمەس!» دەپ اشۋلانا جاۋاپ بەرەدى!

بۇل قىسقا عانا اڭگىمە ادامدار اراسىندا بولاتىن «كورە الماستىقتىڭ» تابيعاتى قانداي بولاتىنىن كورسەتىپ تۇر. ول تەك وزىنە عانا جاقسىلىق كەلسە دەپ ويلايدى. ءججانناتتىڭ ىشىندە «كورە الماۋشىلىق» دەگەن نارسە جوق. قىزعانىش - «كورە الماستىق» اعاشىنا تۇسەتىن جەمىس، بۇل اعاش جوق بولسا، وندا قىزعانىشتا جوق بولادى ياعني جامان ادەتتەردە جوعالادى.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق نازىم

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=37