You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=221
Алла ризалығы үшін істелмеген әрбір іс - бос іс (2022.02.17)

Адамдарды жаратқан - алла тағала, әр адамның мақсат-тілеу қалауы ұқсамайды, бірақ оларда бір ұқсас ортақ нәрсе бар, бұндағы ортақтық олардың барлығы бұл дүниеде өздерін алға қарай дамытып, өз қалауларын қандыру, мына дүниеде милиярттаған адам бар, олардың әрбіреуі «бірдеңе» болғысы келіп тыраштануда, олар өз жұмыс-шаруаларында жетістікке жетпек үшін барын салып күндіз-түні құлшынуда, олардың қалап-сұрағаны, аңсағаны осы нәрселер әрі бұл алла тағаланың адамдарға берген тәбиғаты.

Алла тағала бұндай қасиетті адамдарға жақсылыққа істетуге берген еді, алла тағала оларды осындай етті, сонда барып олар жақсы жандарға айналмақ, алла тағала бұл қасиеттерді адамдарға дүние қуып байлық жиуы үшін бермеді, бірақ алла тағала адамдарға өз қүзіретінде алла тағаланың асыл құлы және сүйікті қызметкері болулары үшін берді, міне бұл алла тағаланың осы қасиетті адам тәбиғатына беруінің себебі, алайда адамдар оны ұмытып, өздерін алла тағала сүйетін істерге емес, бірақ өздері сүйетін іске барынша арнауда әрі олардың бұнысы пайдасыз тірлікке айланбақ, еткендері расында пайдасыз-дүр, мейлі олар қаншалықты үздік керемет жандар болсын, бірақ олар алла тағаланың қалап бұйырған жолда болмаса, олар мүлдем пайдасыз жандардан болмақ.

Қасиетті пайғамбарымыз «істелген істер алла тағаланың ризалығы үшін болмаса, онда бұл істер пайдасыз әрі маңызсыз істер.» дейді, пайғамбарымыздың бұл хадисы бей-мұсылмандармен діні жоқтар үшінде бірдей, тек мұсылмандар ғана арналған емес болып, оларға да келеді. Әр істі істегенде оны алла тағаланың ризалығы үшін істеймін дегін, әр жолы таңда оянғанда «иншалла, бүгін әрбір істеген істерімді алла тағала сүйетін істерден етегор, істерімді алла тағала риза болатындай іс қылагор, сонда барып менің әр минот, әр тыныс, әр сәтім бос кетпейді.» деп айыт.

Бұл өмір қысқа, оны бос нәрселерге сырап етпе, осы оймен ниет жеткілікті болып, бәрін өз арнасына салады, ол әр алған тыныс деміңе құн береді, бұл өмір қағидасы біз істейтін әрбір іске бірдей үйлеседі ... Қазір толып жатқан ауқымдар (тренд) бар, мәселен кейбіреулер әлеуметтік желіде басқалар жағынан «ұнатылу» үшін биіктен құлап немесе өзін атып өздерін жазым етуде, олар өздерін өз қолдарымен өлтіруде, неге бола сүйтті? желілерде басқалар жағынан «ұнатылу» (лайык) басылуы үшін сүйтті, адамдар онда не мұнда, білмейіз қайда, әйтеу кезкелген жерлерде «ұнату» берілуі үшін бірдеңелерін шығарып жатады, анығы сол осындайлардың өмірі босқа кеткен өмір, басқалар жағынан жақсы көрілуі үшін өткен өмір нағыз бос өткен өмір.

Алла тағала, пайғамбарымыз және әулйе машайықтар сенімен қуанып, саған риза болуы керек, соларды риза ететіндей іс қыл, құлшынсаң осыған құлшын, мүминдер жақсы көретін іске қайратыңды арна, егер «жүз, мың, он мың немесе жүз мың адам мені жақсы көрді (немесе маған лайык басты)» деп жүрсең онда құрығаның, уақытыңды сырап етіп, бос іс қылып жүрсің, бұндай өмір арсыз өмір, ұятты өмір, ең соңында қортындылай келгенде бұндай істерден еш пайдаға жетпейсің, ал біздің істеуге тиісті ісіміз алла тағаланың ризалығын табу, нағыз пайдалы кеніш осы болмақ. Алла тағала біздерді осындай шын қазына нағыз игіліктерге жеткізгей, алла тағала ұдайы бізге риза болғай, иншалла, істеп жатқан әрбір істеріміз алла тағаланың ризалығы үшін болғай.

Алла тағала адамзатты жаратып, оған белгілі қасиеттер берді, адам болып жаралған әр адам өзінің ерекше біреу болғанын қалап тұрады, мейлі қызметте болсын, мейлі бизінис саудада болсын, мейлі өмірде болсын олар біреуден жоғары тұрғысы келеді, табысқа жетіп, өзін қуандыруы үшін көптеген істерді істеп бағады, бүкіл дүниеде де осылай, тіпті ең кедей жарлыда осындай ойда жүреді, оны жоғары біреу болудан жалықты деп ойлап қалма, ол да ерекше біреу болғысы келеді, ол да бұл арман-қиялдан тыс қалған жоқ, алла тағала жаратқан мыа күллі адамзаттың бәрі сол, барлығы бірдей сол дәмеде жүр, себебі алла тағала оларға сол қасиетті беріп солай жаратқан, алайда сонымен бірге алла тағала осы жаратқан пенделерін өз әмірлеріне еріп, оны қабыл етуге бұйырады, бірақ өте көп санды адамдар, тіпті бүкіл дүние өздерінің нәпсісін қанағаттандыру үшін және дүниеде дүние табысына жетуі үшін арқа еті арша, борбай еті борша болып жүр, олар өмірдің қысқа екендігін және өздерінің істер жүргендері ақылға симас ақымақтықпен бос нәрселер екендігін ұмытып кетті, тіпті бұл нәрселеріңде табысқа жетіп, жақсы көргеніңе жеткен күнде де, ондағы маңызды нәрсені ұмыт қалдырған болсаң бәрі де бос нәрсеге айналмақ.

Бұндағы іс яғни маңызды іс не? мүбәрак пайғамбарымыз «алла тағаланың ризалығына жету ниетінсіз істелінген әрқандай істе мән жоқ, ол түкке татымайды.» дейді, егер осы түйінді ұмытып кетсең, мейлі сен қаншама істерді істеп, зор шаруаларды тындырсаңда, бәрін істесеңде, оларың бос нәрсеге айналып тек өзіңді шаршататын боласың, құй қуан құй жұбан, ешқайсысы маңызды емес, ең соңында ұтылғандардан болып, ештеңеге жетпейсің, бұл айтып отырғандарымыз кәпірлер үшін емес, тіпті иман келтіргендер үшін де осылай. Кәпірлердың барлығы «біз бірдеме тындырып жүрміз.» деп ойлайды, бірақ олар сонау әу бастан-ақ ұтылушылар-дүр, ал иман келтіргендермен және басқалар әрбір іс істегенде «алла тағала бізге риза болып, бізге қуануы үшін осыны істеп жатырмын.» деп ниет қылсақ, біз әрбір сиконд, әрбір минот және әрбір күн сайын жеңімпаздардан боламыз, істеген әрбір ісің алла тағаланың ризалығы үшін болса болғаны, сен ұтушысың, жеңімпазссың.

Алла тағала саған риза, себебі сен әр ісіңде оны ұмытпай еске алудасың, сен ұдайы онымен жалғанып тұрсың, ешбір сиконтың бос кетпейді, сондықтан міне осылар біз ойлауға тиісті нәрселер болмақ, өмір осындай өтуі керек, әр күн 24 сағат бұлай қыла алмассың, бірақ әу бастан әр күннің ниеті осылай жасалуы керек, біз әр істе күндіз-түні осы ниетпен іс қылғанымыз жөн. Алла тағала бізді өзін есіне алушылардан еткей, бізге риза болғай, бұл өте маңызды істерден, ал маңызсыз істер дегеніміз адамдар ризалығын қуып оларды қуанту немесе ашуландыру, адамдар риза болмайды, бірақ қазір бір ауқым бар, сүбхах-алла, қазір қолфон деген нәрсе бар болып, оның ішнде сан түрлі сұмдықтың бәрі бар, онда көптеген адамдар елдің назарын бұруы үшін қызықты нәрселерді салады немесе құтырған адамның істерін қылып жатады, олар бұны «ұнату» яғни «лайык» деп атайды, бұл ұнатудың не ұнату екенін білмедік, олар сондай «ұнату» деген түймешені қойып қойған. Адамдар «охо, менікін жүз адам ұнатыпты, ол менікін ұнатыпты, мың адам, он мың адам, милион адам ұнатты...» деп жатады, бірақ бұның бәрі бос, тек қоқсық нәрселер ғана, бұл кәдімгі сайқымазақшының ісіне ұқсас іс, әйтеу адамдарға бірдеңені ұнаттыру, сенімен риза болғандай қылдыру, бұл істер алла тағаланың ризалығынан ештеңе ала алмайды.

Алла тағаланың ризалығы үшін іс қылсам деп ойлануың қажет, өзінің ризалығын үшін емес, істелген істер сені бейне үрлеген шардай етіп ісіп-кеудіруі үшін болмағаны жөн ... әркім үрлеп жатыр және үрлеуде, соңына жарылып, олардың бәрі жоқ болмақ. Сондықтан, иншалла, алла тағала бізбен риза болғай, алла тағала бізді өзі риза болған жандарынан еткей, нәпсіңді өзіңмен мәз қылдыруға ұмтылма, алла тағала бізге осындай жақсы қасиеттер бергей, сонда барып біз соңында жеңіске жетушілерден болатын боламыз, иншалла.

Себебі бұл өмір өте тез өтіп кетеді әрі ол тым бағалы-дүр, уақытымыз өте асыл нәрсе, оны бос нәрселерге кетірме, әр істе болсын, тіпті отырып дем алсаңда «мен алла тағала үшін дем алып отырмын, иншалла, менімен риза болыңыз.» де, иншалла, алла тағала бізге риза болып, біздің бар уақытымыз бос нәрсеге емес, бірақ аса құнды сәттерге айналатын болады, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

اللا ريزالىعى ءۇشىن ىستەلمەگەن ءاربىر ءىس - بوس ءىس (2022.02.17)

ادامداردى جاراتقان - اللا تاعالا، ءار ادامنىڭ ماقسات-تىلەۋ قالاۋى ۇقسامايدى، بىراق ولاردا ءبىر ۇقساس ورتاق نارسە بار، بۇنداعى ورتاقتىق ولاردىڭ بارلىعى بۇل دۇنيەدە وزدەرىن العا قاراي دامىتىپ، ءوز قالاۋلارىن قاندىرۋ، مىنا دۇنيەدە ميليارتتاعان ادام بار، ولاردىڭ اربىرەۋى «بىردەڭە» بولعىسى كەلىپ تىراشتانۋدا، ولار ءوز جۇمىس-شارۋالارىندا جەتىستىككە جەتپەك ءۇشىن بارىن سالىپ كۇندىز-ءتۇنى قۇلشىنۋدا، ولاردىڭ قالاپ-سۇراعانى، اڭساعانى وسى نارسەلەر ءارى بۇل اللا تاعالانىڭ ادامدارعا بەرگەن تابيعاتى.

اللا تاعالا بۇنداي قاسيەتتى ادامدارعا جاقسىلىققا ىستەتۋگە بەرگەن ەدى، اللا تاعالا ولاردى وسىنداي ەتتى، سوندا بارىپ ولار جاقسى جاندارعا اينالماق، اللا تاعالا بۇل قاسيەتتەردى ادامدارعا دۇنيە قۋىپ بايلىق جيۋى ءۇشىن بەرمەدى، بىراق اللا تاعالا ادامدارعا ءوز قۇزىرەتىندە اللا تاعالانىڭ اسىل قۇلى جانە سۇيىكتى قىزمەتكەرى بولۋلارى ءۇشىن بەردى، مىنە بۇل اللا تاعالانىڭ وسى قاسيەتتى ادام تابيعاتىنا بەرۋىنىڭ سەبەبى، الايدا ادامدار ونى ۇمىتىپ، وزدەرىن اللا تاعالا سۇيەتىن ىستەرگە ەمەس، بىراق وزدەرى سۇيەتىن ىسكە بارىنشا ارناۋدا ءارى ولاردىڭ بۇنىسى پايداسىز تىرلىككە ايلانباق، ەتكەندەرى راسىندا پايداسىز-ءدۇر، مەيلى ولار قانشالىقتى ۇزدىك كەرەمەت جاندار بولسىن، بىراق ولار اللا تاعالانىڭ قالاپ بۇيىرعان جولدا بولماسا، ولار مۇلدەم پايداسىز جانداردان بولماق.

قاسيەتتى پايعامبارىمىز «ىستەلگەن ىستەر اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولماسا، وندا بۇل ىستەر پايداسىز ءارى ماڭىزسىز ىستەر.» دەيدى، پايعامبارىمىزدىڭ بۇل حاديسى بەي-مۇسىلماندارمەن ءدىنى جوقتار ۇشىندە بىردەي، تەك مۇسىلماندار عانا ارنالعان ەمەس بولىپ، ولارعا دا كەلەدى. ءار ءىستى ىستەگەندە ونى اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن ىستەيمىن دەگىن، ءار جولى تاڭدا ويانعاندا «ينشاللا، بۇگىن ءاربىر ىستەگەن ىستەرىمدى اللا تاعالا سۇيەتىن ىستەردەن ەتەگور، ىستەرىمدى اللا تاعالا ريزا بولاتىنداي ءىس قىلاگور، سوندا بارىپ مەنىڭ ءار مينوت، ءار تىنىس، ءار ءساتىم بوس كەتپەيدى.» دەپ ايىت.

بۇل ءومىر قىسقا، ونى بوس نارسەلەرگە سىراپ ەتپە، وسى ويمەن نيەت جەتكىلىكتى بولىپ، ءبارىن ءوز ارناسىنا سالادى، ول ءار العان تىنىس دەمىڭە قۇن بەرەدى، بۇل ءومىر قاعيداسى ءبىز ىستەيتىن ءاربىر ىسكە بىردەي ۇيلەسەدى ... قازىر تولىپ جاتقان اۋقىمدار (ترەند) بار، ماسەلەن كەيبىرەۋلەر الەۋمەتتىك جەلىدە باسقالار جاعىنان «ۇناتىلۋ» ءۇشىن بيىكتەن قۇلاپ نەمەسە ءوزىن اتىپ وزدەرىن جازىم ەتۋدە، ولار وزدەرىن ءوز قولدارىمەن ولتىرۋدە، نەگە بولا ءسۇيتتى؟ جەلىلەردە باسقالار جاعىنان «ۇناتىلۋ» (لايىك) باسىلۋى ءۇشىن ءسۇيتتى، ادامدار وندا نە مۇندا، بىلمەيىز قايدا، ايتەۋ كەزكەلگەن جەرلەردە «ۇناتۋ» بەرىلۋى ءۇشىن بىردەڭەلەرىن شىعارىپ جاتادى، انىعى سول وسىندايلاردىڭ ءومىرى بوسقا كەتكەن ءومىر، باسقالار جاعىنان جاقسى كورىلۋى ءۇشىن وتكەن ءومىر ناعىز بوس وتكەن ءومىر.

اللا تاعالا، پايعامبارىمىز جانە اۋليە ماشايىقتار سەنىمەن قۋانىپ، ساعان ريزا بولۋى كەرەك، سولاردى ريزا ەتەتىندەي ءىس قىل، قۇلشىنساڭ وسىعان قۇلشىن، مۇميندەر جاقسى كورەتىن ىسكە قايراتىڭدى ارنا، ەگەر «ءجۇز، مىڭ، ون مىڭ نەمەسە ءجۇز مىڭ ادام مەنى جاقسى كوردى (نەمەسە ماعان لايىك باستى)» دەپ جۇرسەڭ وندا قۇرىعانىڭ، ۋاقىتىڭدى سىراپ ەتىپ، بوس ءىس قىلىپ ءجۇرسىڭ، بۇنداي ءومىر ارسىز ءومىر، ۇياتتى ءومىر، ەڭ سوڭىندا قورتىندىلاي كەلگەندە بۇنداي ىستەردەن ەش پايداعا جەتپەيسىڭ، ال ءبىزدىڭ ىستەۋگە ءتيىستى ءىسىمىز اللا تاعالانىڭ ريزالىعىن تابۋ، ناعىز پايدالى كەنىش وسى بولماق. اللا تاعالا بىزدەردى وسىنداي شىن قازىنا ناعىز يگىلىكتەرگە جەتكىزگەي، اللا تاعالا ۇدايى بىزگە ريزا بولعاي، ينشاللا، ىستەپ جاتقان ءاربىر ىستەرىمىز اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولعاي.

اللا تاعالا ادامزاتتى جاراتىپ، وعان بەلگىلى قاسيەتتەر بەردى، ادام بولىپ جارالعان ءار ادام ءوزىنىڭ ەرەكشە بىرەۋ بولعانىن قالاپ تۇرادى، مەيلى قىزمەتتە بولسىن، مەيلى ءبيزىنيس ساۋدادا بولسىن، مەيلى ومىردە بولسىن ولار بىرەۋدەن جوعارى تۇرعىسى كەلەدى، تابىسقا جەتىپ، ءوزىن قۋاندىرۋى ءۇشىن كوپتەگەن ىستەردى ىستەپ باعادى، بۇكىل دۇنيەدە دە وسىلاي، ءتىپتى ەڭ كەدەي جارلىدا وسىنداي ويدا جۇرەدى، ونى جوعارى بىرەۋ بولۋدان جالىقتى دەپ ويلاپ قالما، ول دا ەرەكشە بىرەۋ بولعىسى كەلەدى، ول دا بۇل ارمان-قيالدان تىس قالعان جوق، اللا تاعالا جاراتقان مىا كۇللى ادامزاتتىڭ ءبارى سول، بارلىعى بىردەي سول دامەدە ءجۇر، سەبەبى اللا تاعالا ولارعا سول قاسيەتتى بەرىپ سولاي جاراتقان، الايدا سونىمەن بىرگە اللا تاعالا وسى جاراتقان پەندەلەرىن ءوز امىرلەرىنە ەرىپ، ونى قابىل ەتۋگە بۇيىرادى، بىراق وتە كوپ ساندى ادامدار، ءتىپتى بۇكىل دۇنيە وزدەرىنىڭ ءناپسىسىن قاناعاتتاندىرۋ ءۇشىن جانە دۇنيەدە دۇنيە تابىسىنا جەتۋى ءۇشىن ارقا ەتى ارشا، بورباي ەتى بورشا بولىپ ءجۇر، ولار ءومىردىڭ قىسقا ەكەندىگىن جانە وزدەرىنىڭ ىستەر جۇرگەندەرى اقىلعا سيماس اقىماقتىقپەن بوس نارسەلەر ەكەندىگىن ۇمىتىپ كەتتى، ءتىپتى بۇل نارسەلەرىڭدە تابىسقا جەتىپ، جاقسى كورگەنىڭە جەتكەن كۇندە دە، ونداعى ماڭىزدى نارسەنى ۇمىت قالدىرعان بولساڭ ءبارى دە بوس نارسەگە اينالماق.

بۇنداعى ءىس ياعني ماڭىزدى ءىس نە؟ مۇباراك پايعامبارىمىز «اللا تاعالانىڭ ريزالىعىنا جەتۋ نيەتىنسىز ىستەلىنگەن ارقانداي ىستە ءمان جوق، ول تۇككە تاتىمايدى.» دەيدى، ەگەر وسى ءتۇيىندى ۇمىتىپ كەتسەڭ، مەيلى سەن قانشاما ىستەردى ىستەپ، زور شارۋالاردى تىندىرساڭدا، ءبارىن ىستەسەڭدە، ولارىڭ بوس نارسەگە اينالىپ تەك ءوزىڭدى شارشاتاتىن بولاسىڭ، قۇي قۋان قۇي جۇبان، ەشقايسىسى ماڭىزدى ەمەس، ەڭ سوڭىندا ۇتىلعانداردان بولىپ، ەشتەڭەگە جەتپەيسىڭ، بۇل ايتىپ وتىرعاندارىمىز كاپىرلەر ءۇشىن ەمەس، ءتىپتى يمان كەلتىرگەندەر ءۇشىن دە وسىلاي. كاپىرلەردىڭ بارلىعى «ءبىز بىردەمە تىندىرىپ ءجۇرمىز.» دەپ ويلايدى، بىراق ولار سوناۋ ءاۋ باستان-اق ۇتىلۋشىلار-ءدۇر، ال يمان كەلتىرگەندەرمەن جانە باسقالار ءاربىر ءىس ىستەگەندە «اللا تاعالا بىزگە ريزا بولىپ، بىزگە قۋانۋى ءۇشىن وسىنى ىستەپ جاتىرمىن.» دەپ نيەت قىلساق، ءبىز ءاربىر سيكوند، ءاربىر مينوت جانە ءاربىر كۇن سايىن جەڭىمپازداردان بولامىز، ىستەگەن ءاربىر ءىسىڭ اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولسا بولعانى، سەن ۇتۋشىسىڭ، جەڭىمپازسسىڭ.

اللا تاعالا ساعان ريزا، سەبەبى سەن ءار ىسىڭدە ونى ۇمىتپاي ەسكە الۋداسىڭ، سەن ۇدايى ونىمەن جالعانىپ تۇرسىڭ، ەشبىر سيكونتىڭ بوس كەتپەيدى، سوندىقتان مىنە وسىلار ءبىز ويلاۋعا ءتيىستى نارسەلەر بولماق، ءومىر وسىنداي ءوتۋى كەرەك، ءار كۇن 24 ساعات بۇلاي قىلا الماسسىڭ، بىراق ءاۋ باستان ءار كۇننىڭ نيەتى وسىلاي جاسالۋى كەرەك، ءبىز ءار ىستە كۇندىز-ءتۇنى وسى نيەتپەن ءىس قىلعانىمىز ءجون. اللا تاعالا ءبىزدى ءوزىن ەسىنە الۋشىلاردان ەتكەي، بىزگە ريزا بولعاي، بۇل وتە ماڭىزدى ىستەردەن، ال ماڭىزسىز ىستەر دەگەنىمىز ادامدار ريزالىعىن قۋىپ ولاردى قۋانتۋ نەمەسە اشۋلاندىرۋ، ادامدار ريزا بولمايدى، بىراق قازىر ءبىر اۋقىم بار، ءسۇبحاح-اللا، قازىر قولفون دەگەن نارسە بار بولىپ، ونىڭ ىشندە سان ءتۇرلى سۇمدىقتىڭ ءبارى بار، وندا كوپتەگەن ادامدار ەلدىڭ نازارىن بۇرۋى ءۇشىن قىزىقتى نارسەلەردى سالادى نەمەسە قۇتىرعان ادامنىڭ ىستەرىن قىلىپ جاتادى، ولار بۇنى «ۇناتۋ» ياعني «لايىك» دەپ اتايدى، بۇل ۇناتۋدىڭ نە ۇناتۋ ەكەنىن بىلمەدىك، ولار سونداي «ۇناتۋ» دەگەن تۇيمەشەنى قويىپ قويعان. ادامدار «وحو، مەنىكىن ءجۇز ادام ۇناتىپتى، ول مەنىكىن ۇناتىپتى، مىڭ ادام، ون مىڭ ادام، ميليون ادام ۇناتتى...» دەپ جاتادى، بىراق بۇنىڭ ءبارى بوس، تەك قوقسىق نارسەلەر عانا، بۇل كادىمگى سايقىمازاقشىنىڭ ىسىنە ۇقساس ءىس، ايتەۋ ادامدارعا بىردەڭەنى ۇناتتىرۋ، سەنىمەن ريزا بولعانداي قىلدىرۋ، بۇل ىستەر اللا تاعالانىڭ ريزالىعىنان ەشتەڭە الا المايدى.

اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن ءىس قىلسام دەپ ويلانۋىڭ قاجەت، ءوزىنىڭ ريزالىعىن ءۇشىن ەمەس، ىستەلگەن ىستەر سەنى بەينە ۇرلەگەن شارداي ەتىپ ءىسىپ-كەۋدىرۋى ءۇشىن بولماعانى ءجون ... اركىم ۇرلەپ جاتىر جانە ۇرلەۋدە، سوڭىنا جارىلىپ، ولاردىڭ ءبارى جوق بولماق. سوندىقتان، ينشاللا، اللا تاعالا بىزبەن ريزا بولعاي، اللا تاعالا ءبىزدى ءوزى ريزا بولعان جاندارىنان ەتكەي، ءناپسىڭدى وزىڭمەن ءماز قىلدىرۋعا ۇمتىلما، اللا تاعالا بىزگە وسىنداي جاقسى قاسيەتتەر بەرگەي، سوندا بارىپ ءبىز سوڭىندا جەڭىسكە جەتۋشىلەردەن بولاتىن بولامىز، ينشاللا.

سەبەبى بۇل ءومىر وتە تەز ءوتىپ كەتەدى ءارى ول تىم باعالى-ءدۇر، ۋاقىتىمىز وتە اسىل نارسە، ونى بوس نارسەلەرگە كەتىرمە، ءار ىستە بولسىن، ءتىپتى وتىرىپ دەم الساڭدا «مەن اللا تاعالا ءۇشىن دەم الىپ وتىرمىن، ينشاللا، مەنىمەن ريزا بولىڭىز.» دە، ينشاللا، اللا تاعالا بىزگە ريزا بولىپ، ءبىزدىڭ بار ۋاقىتىمىز بوس نارسەگە ەمەس، بىراق اسا قۇندى ساتتەرگە اينالاتىن بولادى، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=221