You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=216
Тәриқат (сопылық жол) өте берік жол (2022.02.12) Шүкір-алла, біздің тәриқат жолы қасиетті пайғамбарымыздан келген хақтың жолы, шүкір-алла, бұл жол еш қыңыр-қисықсыз, жаманшылықсыз және қатесіз жетті, пайғамбар жолы осылай. Тәриқат сөзі жол деген мағынаны білдіреді, бұл сөз осыдан шыққан, шайтанмен оның ерушілері бұл жолды талқандап жойып жібермек болып сан мәрте шабұыл жасады, бірақ тәриқат сонау әу бастан-ақ өте берік еді, ол осы кезге дейін осы берік қалпынан жазған жоқ, шүкір-алла. Пайғамбарымыз сахабаларына өз сөзінде айтып кеткен еді, бұл хадисте «сендер бұйырылған 10 істің бәрін істеңдер, егер оның біреуін істемесеңдер құрисыңдар, ал бірақ ақырзаман кезіндегі үмбетім осы 10 істің біреуін істей алса болғаны олар құтылады, тіпті олар қалған 9 істі істемеседе құтылады.» дейді. Басқа хадистерде де сахабаларға «берілген істі барлығын яғни 100%-тін істеңдер, егер оның 1%-тін істемесеңдер құрисыңдар.» деген мағынада әмір берілген, осындай хадистерде бар, айтып өткеніміздей сахабалар бұйырылған 10 іс болса сол 10 істің бәрін істеуі керек болған, не үшін? себебі бұл жол әу бастан өте мықты берік жол, егер бұл жол әу бастан берік болмағанда бүгінгі күндегі біздерге жетпес еді, сондықтан тәриқат жолы өте берік жол, бұл жол пайғамбарымыздан қазірет Әбубәкір Сыдыққа осылай аманатталып тапсырылды. Қазірет сәйдина Әбубәкір Сыдық мейрімді және жұмсақ адам еді, алла тағала оған риза болсын, пайғамбарымыз қайтыс болған соң араптар исламды тастай бастады, ал олардың тастауына түрткі болған үлкен себеп зекет беру еді яғни олар өздерінің ақша, мал-мүлкінен айырып зекет бергісі келмеді, сондықтан олар «біз зекет бергеннен басқа нәрсенің бәрін қабыл етеміз, егер осы шартымызға қосылсаң исламда қаламыз, әйтпесе діннен шығып кетеміз.» дейді, Қазірет сәйдина Әбубакір Сыдық «егер сендер бір дерхам түгілі бір күрұш кем қылсаңдар, мен сендермен соғысамын.» дейді, осы себепті соғыс туылады, қазірет осы соғыс-жорықтар арқылы бұл адасқандарды жолға қайтарып әкеледі әрі ол еш мызғып бой берместен осы мығым берік жол үстінде жүре береді. Сондықтан бұл жол хақтың жолы, әдемі жол әрі берік жол, шүкір-алла. Ал тәриқатты (сопылық жол) қабыл етпейтіндер ... Адамдар тәриқатқа кірмеуіне болады, бірақ тәриқатты жоққа шығарғандармен оған қарсы келгендердің шаруасы бітіп құритын болады, себебі осындай жаман іске басқанда олар адасып пайғамбарымыздың жолынан шығып кеткендер санатына қосылады. Айтып өткеніміздей әрбір адам сөзсіз тәриқатта болуы қажетсіз, бірақ ақиқатында тәриқатта болған ең абзал іс, тәриқатқа кіріп оны ұстануың өз еркіңдегі іс, ол парыз немесе уәжіп емес, шын мәнінде тәриқат ұстану жүрек ісі. Ол жүрек ісі болғандықтан барлығы өз орнында, бірақ тәриқатқа қарсы шабұылдап, оны мүшірік атағандар оңбай құритын болады, алла тағала өзі панасына алғай. Сондықтан біз сақ болғанымыз жөн, әрине шын-хақ тәриқатты ешқашан сындап оған мін айтуға болмайды, ал тәриқатқа ермегендер бәрібір тәриқат жолында болмайды, алла тағала бізді панасына алғай және бізді тура жолынан айырмағай, бұл жол біздің қасиетті пайғамбарымыз жүрген мұбәрак жол, біз осы жолда жалғасты жүре берлік, иншалла. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw تاريقات (سوپىلىق جول) وتە بەرىك جول (2022.02.12) شۇكىر-اللا، ءبىزدىڭ تاريقات جولى قاسيەتتى پايعامبارىمىزدان كەلگەن حاقتىڭ جولى، شۇكىر-اللا، بۇل جول ەش قىڭىر-قيسىقسىز، جامانشىلىقسىز جانە قاتەسىز جەتتى، پايعامبار جولى وسىلاي. تاريقات ءسوزى جول دەگەن ماعىنانى بىلدىرەدى، بۇل ءسوز وسىدان شىققان، شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرى بۇل جولدى تالقانداپ جويىپ جىبەرمەك بولىپ سان مارتە شابۇىل جاسادى، بىراق تاريقات سوناۋ ءاۋ باستان-اق وتە بەرىك ەدى، ول وسى كەزگە دەيىن وسى بەرىك قالپىنان جازعان جوق، شۇكىر-اللا. پايعامبارىمىز ساحابالارىنا ءوز سوزىندە ايتىپ كەتكەن ەدى، بۇل حاديستە «سەندەر بۇيىرىلعان 10 ءىستىڭ ءبارىن ىستەڭدەر، ەگەر ونىڭ بىرەۋىن ىستەمەسەڭدەر قۇريسىڭدار، ال بىراق اقىرزامان كەزىندەگى ۇمبەتىم وسى 10 ءىستىڭ بىرەۋىن ىستەي السا بولعانى ولار قۇتىلادى، ءتىپتى ولار قالعان 9 ءىستى ىستەمەسەدە قۇتىلادى.» دەيدى. باسقا حاديستەردە دە ساحابالارعا «بەرىلگەن ءىستى بارلىعىن ياعني 100%-ءتىن ىستەڭدەر، ەگەر ونىڭ 1%-ءتىن ىستەمەسەڭدەر قۇريسىڭدار.» دەگەن ماعىنادا ءامىر بەرىلگەن، وسىنداي حاديستەردە بار، ايتىپ وتكەنىمىزدەي ساحابالار بۇيىرىلعان 10 ءىس بولسا سول 10 ءىستىڭ ءبارىن ىستەۋى كەرەك بولعان، نە ءۇشىن؟ سەبەبى بۇل جول ءاۋ باستان وتە مىقتى بەرىك جول، ەگەر بۇل جول ءاۋ باستان بەرىك بولماعاندا بۇگىنگى كۇندەگى بىزدەرگە جەتپەس ەدى، سوندىقتان تاريقات جولى وتە بەرىك جول، بۇل جول پايعامبارىمىزدان قازىرەت ابۋباكىر سىدىققا وسىلاي اماناتتالىپ تاپسىرىلدى. قازىرەت ءسايدينا ابۋباكىر سىدىق مەيرىمدى جانە جۇمساق ادام ەدى، اللا تاعالا وعان ريزا بولسىن، پايعامبارىمىز قايتىس بولعان سوڭ اراپتار يسلامدى تاستاي باستادى، ال ولاردىڭ تاستاۋىنا تۇرتكى بولعان ۇلكەن سەبەپ زەكەت بەرۋ ەدى ياعني ولار وزدەرىنىڭ اقشا، مال-مۇلكىنەن ايىرىپ زەكەت بەرگىسى كەلمەدى، سوندىقتان ولار «ءبىز زەكەت بەرگەننەن باسقا نارسەنىڭ ءبارىن قابىل ەتەمىز، ەگەر وسى شارتىمىزعا قوسىلساڭ يسلامدا قالامىز، ايتپەسە دىننەن شىعىپ كەتەمىز.» دەيدى، قازىرەت ءسايدينا ابۋباكىر سىدىق «ەگەر سەندەر ءبىر دەرحام تۇگىلى ءبىر كۇرۇش كەم قىلساڭدار، مەن سەندەرمەن سوعىسامىن.» دەيدى، وسى سەبەپتى سوعىس تۋىلادى، قازىرەت وسى سوعىس-جورىقتار ارقىلى بۇل اداسقانداردى جولعا قايتارىپ اكەلەدى ءارى ول ەش مىزعىپ بوي بەرمەستەن وسى مىعىم بەرىك جول ۇستىندە جۇرە بەرەدى. سوندىقتان بۇل جول حاقتىڭ جولى، ادەمى جول ءارى بەرىك جول، شۇكىر-اللا. ال تاريقاتتى (سوپىلىق جول) قابىل ەتپەيتىندەر ... ادامدار تاريقاتقا كىرمەۋىنە بولادى، بىراق تاريقاتتى جوققا شىعارعاندارمەن وعان قارسى كەلگەندەردىڭ شارۋاسى ءبىتىپ قۇريتىن بولادى، سەبەبى وسىنداي جامان ىسكە باسقاندا ولار اداسىپ پايعامبارىمىزدىڭ جولىنان شىعىپ كەتكەندەر ساناتىنا قوسىلادى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي ءاربىر ادام ءسوزسىز تاريقاتتا بولۋى قاجەتسىز، بىراق اقيقاتىندا تاريقاتتا بولعان ەڭ ابزال ءىس، تاريقاتقا كىرىپ ونى ۇستانۋىڭ ءوز ەركىڭدەگى ءىس، ول پارىز نەمەسە ءۋاجىپ ەمەس، شىن مانىندە تاريقات ۇستانۋ جۇرەك ءىسى. ول جۇرەك ءىسى بولعاندىقتان بارلىعى ءوز ورنىندا، بىراق تاريقاتقا قارسى شابۇىلداپ، ونى مۇشىرىك اتاعاندار وڭباي قۇريتىن بولادى، اللا تاعالا ءوزى پاناسىنا العاي. سوندىقتان ءبىز ساق بولعانىمىز ءجون، ارينە شىن-حاق تاريقاتتى ەشقاشان سىنداپ وعان ءمىن ايتۋعا بولمايدى، ال تاريقاتقا ەرمەگەندەر ءبارىبىر تاريقات جولىندا بولمايدى، اللا تاعالا ءبىزدى پاناسىنا العاي جانە ءبىزدى تۋرا جولىنان ايىرماعاي، بۇل جول ءبىزدىڭ قاسيەتتى پايعامبارىمىز جۇرگەن مۇباراك جول، ءبىز وسى جولدا جالعاستى جۇرە بەرلىك، ينشاللا. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=216