You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=213
Көрсетушілік нәпсінің бір ауруы (2022.02.08) Нәпсінің көптеген ауру-кеселдері бар және бұлар адамға еш жақсылық әкелместен қайта залал алып келеді, осы кеселдердің бір көрсету яғни мақтану, көрсету ауруы нәпсінің өте жақсы көретіндерінен, адамдар титтей нәрсесі бола қалса соны көрсетіп мақтанғысы келіп тұрады, кедейден тартып байға дейін осындай аурумен ауырған, олар әйтеу бірдемені көрсеткісі келіп тұрады. Мейлі аталмыш қожа-молла, ғұлама-ғалым болсын немесе дінмен еш қатысы жоқ адамдарда болсын барлығы көрсету дертіне ұшыраған, алайда көрсетушілік еш маңызы жоқ нәрсе, егер сен өзіңді көрсетіп мақтансаң, бұл саған тек жамандық алып келетін болады, себебі сен «көрсету жасайсың», ал басқа адамдарда көре алмастық немесе тіл-көз деген болады, егер олар бұл көрсетулеріңе қызғаншық отын жіберсе немесе тіл-көзін тигізссе, бұл саған еш жақсылық алып келмейді, өміріңде жақсы өтпейтін болады. Бұрынғы кездерде қоғамдық байланыста жақсы әдеп-ибалар бар болатын, онда адамдар жұрт алдында тамақ жемеуге тәрбиеленетін, себебі кейбір адамдарда ол тамақ жоқ, осы тектес исламдық әдеп-ибалалармен салыт-дәстүрлер османлы тұсында адамдарға өте жақсы үйретілген еді, бірақ одан кейінгі кездері бұндай жақсы жолдар біртіндеп жоғала бастады, бұл жолдар бетінгі 50-60 жылға дейін сақталынды, себебі үлкендер бұл жолды өздерімен бірге алып келген еді, бірақ қазір бұндай дәстүрлер бірте-бірте жоғалып, адамдар көрсеткіш бола бастады, әсіресе соңғы 10 жылда олар меңгеруден мүлдем шығып кетті, олардың қолында сондай бір машиналары яғни қолфондары бар, олар сонысымен минот сайын мыңдаған адамдарға, достарына және дос еместеріне де көрсету жасайтын болды, олар «мен ананы істедім, ал бұнда мынаны жеп жатырмын.» деп көрсетіп жатады, бұрынғы кездер болса бұндай адамдарға «тәрбиесіз» деген дөрекі сөз қолданылатын, әрине адамдар нәпсілеріне құл болғанда осындай лақаптарға лайық болмақ, расында олар тәрбиесіз-дүр. Алла тағала әр нәрсені әдемі етіп жасады, бұндағы ең әдемі бір нәрсе әдеп-иба болмақ, ол исламдық әдептер, сен істегенді істей алмағанда немесе сен жегенді жей алмаған кезде, бұл оларға аяушылық болып, олардың кейбірі оған қызғаныштық танытын болады, бұл кезде бұндай жеген тамағың саған қайырлы болмас, алла тағала панасына алсын, айтып өткеніміздей нәпсіміз жақсы көретін істер бізге ұдайы жамандықтармен залалдар әкеліп жатады, сондықтан бұған көңіл бөлген жөн. Басқаларға «менде мұнша бар, сонша бар.» деп айту жақсылық емес, кейбір нәрселерді жасырын сақтаған саған қайырлы болмақ, адамдар осыны білгені жөн және олар басқалардың істеп жүрген ісінің дұрыс-бұрыстығында білгені жөн, біз қоғамдық байланыс әдептерімен исламдық ибаларды үйренуіміз және оларға көңіл бөлуіміз керек, алла тағала бізді өз нәпсіміздің кесірінен сақтағай, біздері әрдайым хақтың жолында еткей, иншалла. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw كورسەتۋشىلىك ءناپسىنىڭ ءبىر اۋرۋى (2022.02.08) ءناپسىنىڭ كوپتەگەن اۋرۋ-كەسەلدەرى بار جانە بۇلار ادامعا ەش جاقسىلىق اكەلمەستەن قايتا زالال الىپ كەلەدى، وسى كەسەلدەردىڭ ءبىر كورسەتۋ ياعني ماقتانۋ، كورسەتۋ اۋرۋى ءناپسىنىڭ وتە جاقسى كورەتىندەرىنەن، ادامدار تيتتەي نارسەسى بولا قالسا سونى كورسەتىپ ماقتانعىسى كەلىپ تۇرادى، كەدەيدەن تارتىپ بايعا دەيىن وسىنداي اۋرۋمەن اۋىرعان، ولار ايتەۋ بىردەمەنى كورسەتكىسى كەلىپ تۇرادى. مەيلى اتالمىش قوجا-موللا، عۇلاما-عالىم بولسىن نەمەسە دىنمەن ەش قاتىسى جوق ادامداردا بولسىن بارلىعى كورسەتۋ دەرتىنە ۇشىراعان، الايدا كورسەتۋشىلىك ەش ماڭىزى جوق نارسە، ەگەر سەن ءوزىڭدى كورسەتىپ ماقتانساڭ، بۇل ساعان تەك جاماندىق الىپ كەلەتىن بولادى، سەبەبى سەن «كورسەتۋ جاسايسىڭ»، ال باسقا ادامداردا كورە الماستىق نەمەسە ءتىل-كوز دەگەن بولادى، ەگەر ولار بۇل كورسەتۋلەرىڭە قىزعانشىق وتىن جىبەرسە نەمەسە ءتىل-كوزىن تيگىزسسە، بۇل ساعان ەش جاقسىلىق الىپ كەلمەيدى، ومىرىڭدە جاقسى وتپەيتىن بولادى. بۇرىنعى كەزدەردە قوعامدىق بايلانىستا جاقسى ادەپ-يبالار بار بولاتىن، وندا ادامدار جۇرت الدىندا تاماق جەمەۋگە تاربيەلەنەتىن، سەبەبى كەيبىر ادامداردا ول تاماق جوق، وسى تەكتەس يسلامدىق ادەپ-يبالالارمەن سالىت-داستۇرلەر وسمانلى تۇسىندا ادامدارعا وتە جاقسى ۇيرەتىلگەن ەدى، بىراق ودان كەيىنگى كەزدەرى بۇنداي جاقسى جولدار بىرتىندەپ جوعالا باستادى، بۇل جولدار بەتىنگى 50-60 جىلعا دەيىن ساقتالىندى، سەبەبى ۇلكەندەر بۇل جولدى وزدەرىمەن بىرگە الىپ كەلگەن ەدى، بىراق قازىر بۇنداي داستۇرلەر بىرتە-بىرتە جوعالىپ، ادامدار كورسەتكىش بولا باستادى، اسىرەسە سوڭعى 10 جىلدا ولار مەڭگەرۋدەن مۇلدەم شىعىپ كەتتى، ولاردىڭ قولىندا سونداي ءبىر ماشينالارى ياعني قولفوندارى بار، ولار سونىسىمەن مينوت سايىن مىڭداعان ادامدارعا، دوستارىنا جانە دوس ەمەستەرىنە دە كورسەتۋ جاسايتىن بولدى، ولار «مەن انانى ىستەدىم، ال بۇندا مىنانى جەپ جاتىرمىن.» دەپ كورسەتىپ جاتادى، بۇرىنعى كەزدەر بولسا بۇنداي ادامدارعا «تاربيەسىز» دەگەن دورەكى ءسوز قولدانىلاتىن، ارينە ادامدار ناپسىلەرىنە قۇل بولعاندا وسىنداي لاقاپتارعا لايىق بولماق، راسىندا ولار تاربيەسىز-ءدۇر. اللا تاعالا ءار نارسەنى ادەمى ەتىپ جاسادى، بۇنداعى ەڭ ادەمى ءبىر نارسە ادەپ-يبا بولماق، ول يسلامدىق ادەپتەر، سەن ىستەگەندى ىستەي الماعاندا نەمەسە سەن جەگەندى جەي الماعان كەزدە، بۇل ولارعا اياۋشىلىق بولىپ، ولاردىڭ كەيبىرى وعان قىزعانىشتىق تانىتىن بولادى، بۇل كەزدە بۇنداي جەگەن تاماعىڭ ساعان قايىرلى بولماس، اللا تاعالا پاناسىنا السىن، ايتىپ وتكەنىمىزدەي ءناپسىمىز جاقسى كورەتىن ىستەر بىزگە ۇدايى جاماندىقتارمەن زالالدار اكەلىپ جاتادى، سوندىقتان بۇعان كوڭىل بولگەن ءجون. باسقالارعا «مەندە مۇنشا بار، سونشا بار.» دەپ ايتۋ جاقسىلىق ەمەس، كەيبىر نارسەلەردى جاسىرىن ساقتاعان ساعان قايىرلى بولماق، ادامدار وسىنى بىلگەنى ءجون جانە ولار باسقالاردىڭ ىستەپ جۇرگەن ءىسىنىڭ دۇرىس-بۇرىستىعىندا بىلگەنى ءجون، ءبىز قوعامدىق بايلانىس ادەپتەرىمەن يسلامدىق يبالاردى ۇيرەنۋىمىز جانە ولارعا كوڭىل ءبولۋىمىز كەرەك، اللا تاعالا ءبىزدى ءوز ءناپسىمىزدىڭ كەسىرىنەن ساقتاعاي، بىزدەرى ءاردايىم حاقتىڭ جولىندا ەتكەي، ينشاللا. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=213