You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=211
Бейтаныстарға жақсы хабар (2022.02.06) «Игілердің аты айтылғанда рақым нұры жауады.» дейді, бұл даналық сөзді білмей тұрып хадис деп айтсақ артықтау болар, бірақ ол хадис болуы да мүмкін немесе көнелерден қалған сөз болуы да мүмкін, бұндайда хадис туралы білім маңызды болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде «бейтаныстарға жақсы хабар.» дейді, бұнда пайғамбарымыз бейтаныстармен бұл дүниемен жұмысы жоқтардың өте тәлейлі жандар екендігі туралы айтады, олар алла тағаланың сүйікті пенделері болып, бұл дүниеде сабырлы болды, ал олар ақиретте өте үлкен табысқа жетпек, олар бұл дүние ісі жәйлі ешқашан бас қатырмайды, бірақ олар бұл дүниедегі әр нәрсеге риза, алла тағаланың бергеніне де риза, ал айналып келіп алла тағалада олардан риза. Біз кеше ғана шайық Әбдұсаламды жерледік, ол кісі адамдар аз тұратын алыстау жерге жерленді, алыс басқа мемілекеттегі көптеген туыстары да келе алмады, біз бір топ бауырлармен оны жер қойнына ұзатып салдық, алла тағала оны бұл дүниеден өтіп кеткенше осылай сақтап келді, бұл дүние осылай, бірақ ақирет мүлдем басқаша болмақ, бұнда оған аздаған адамдардың сәлем беріп амандасып жүргенін көресің, бірақ оның жаназасында көзге көрінбейтін мыңдаған «қонақтар» қатысты, шүкір-алла. Ол «не үшін олай болды?» деп сұрау қойып қарсылық етпейтін, біз барлығыда алла тағаланың қалауы болғасын оған мойын ұсындық, оның үстіне алла тағала адам баласын топырақтан жаратты, әр адам топырағы алынған жерге жерленеді, ол жәйлі ештеңе дей алмаймыз, бәрі біздің қалауымыз бойынша емес, алла тағаланың қалауы бойынша болмақ, ал игі-жақсылар алла тағаланың осы барлық қалауларына мүлдем риза жандар. Әдемі бір сөз бар ... ол бір бейтаныс жан, сөзі өте аз, елдер одан көп нәрсе сұрайды, ал ол болса «мен білмеймін.» деп жауап беретін, ең жақсы істің бірі «мен білмеймін.» деу, ол қате болуы мүмкін болған фатуа жасаудан көрі «мен білмеймін.» деуді ұнататын-ды, бұны айта білудің өзінде өте үлкен игілік жатыр, әрбір адам бұны істей алмайды, ал адамдар бір нәрсе хақында фатуа бергіш келеді, тіпті ол туралы түк білмеседе, әрине олар басқаларға өзінің ойы бойынша ақыл айтып жатады, соңында олар жоқ нәрсені бар етіп, харамды халал етіп алжасады, сондықтан «білмеймін.» деу ең жақсы сөз. Қазірет ұдайы «ең жақсы нәрсе "мен түк білмеймін".» деп айтып отырушы еді, бұл өте әдемі сөз, адамдарға жақсы үлгісі қалды, алла тағала оның рухын берекеттендіргей, жатқан жері жәннат болсын, ол бір үлкен әулиелерден, ол тым жасырылған әулие емес, білінген әулие, бірақ алла тағаланың хикіметінде бұл дүниеде ол кісіге көп нәрсе берілмеді, алла тағала оған риза болғай. Ол мына дүниедегі халуасын (оқшаулану) бітіру үшін осы араны өте жақсы көретін, алла тағала оны осында әкелді, істерін осында бітіріп ақиретке осы арадан аттанды, алла тағала оның рухын құттандырып, мақам-дәрежесін жоғарлатқай және оның берекесі осындағыларға тигей, оның осы арада жерленуінде бір хикімет бар, қабыры жаңа айырпортқа жақын жерде жатыр, бұл осы араға берілген бір берекемен қорған-дүр иншалла. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw بەيتانىستارعا جاقسى حابار (2022.02.06) «يگىلەردىڭ اتى ايتىلعاندا راقىم نۇرى جاۋادى.» دەيدى، بۇل دانالىق ءسوزدى بىلمەي تۇرىپ حاديس دەپ ايتساق ارتىقتاۋ بولار، بىراق ول حاديس بولۋى دا مۇمكىن نەمەسە كونەلەردەن قالعان ءسوز بولۋى دا مۇمكىن، بۇندايدا حاديس تۋرالى ءبىلىم ماڭىزدى بولماق. پايعامبارىمىز ءبىر حاديسىندە «بەيتانىستارعا جاقسى حابار.» دەيدى، بۇندا پايعامبارىمىز بەيتانىستارمەن بۇل دۇنيەمەن جۇمىسى جوقتاردىڭ وتە تالەيلى جاندار ەكەندىگى تۋرالى ايتادى، ولار اللا تاعالانىڭ سۇيىكتى پەندەلەرى بولىپ، بۇل دۇنيەدە سابىرلى بولدى، ال ولار اقيرەتتە وتە ۇلكەن تابىسقا جەتپەك، ولار بۇل دۇنيە ءىسى ءجايلى ەشقاشان باس قاتىرمايدى، بىراق ولار بۇل دۇنيەدەگى ءار نارسەگە ريزا، اللا تاعالانىڭ بەرگەنىنە دە ريزا، ال اينالىپ كەلىپ اللا تاعالادا ولاردان ريزا. ءبىز كەشە عانا شايىق ءابدۇسالامدى جەرلەدىك، ول كىسى ادامدار از تۇراتىن الىستاۋ جەرگە جەرلەندى، الىس باسقا مەمىلەكەتتەگى كوپتەگەن تۋىستارى دا كەلە المادى، ءبىز ءبىر توپ باۋىرلارمەن ونى جەر قوينىنا ۇزاتىپ سالدىق، اللا تاعالا ونى بۇل دۇنيەدەن ءوتىپ كەتكەنشە وسىلاي ساقتاپ كەلدى، بۇل دۇنيە وسىلاي، بىراق اقيرەت مۇلدەم باسقاشا بولماق، بۇندا وعان ازداعان ادامداردىڭ سالەم بەرىپ امانداسىپ جۇرگەنىن كورەسىڭ، بىراق ونىڭ جانازاسىندا كوزگە كورىنبەيتىن مىڭداعان «قوناقتار» قاتىستى، شۇكىر-اللا. ول «نە ءۇشىن ولاي بولدى؟» دەپ سۇراۋ قويىپ قارسىلىق ەتپەيتىن، ءبىز بارلىعىدا اللا تاعالانىڭ قالاۋى بولعاسىن وعان مويىن ۇسىندىق، ونىڭ ۇستىنە اللا تاعالا ادام بالاسىن توپىراقتان جاراتتى، ءار ادام توپىراعى الىنعان جەرگە جەرلەنەدى، ول ءجايلى ەشتەڭە دەي المايمىز، ءبارى ءبىزدىڭ قالاۋىمىز بويىنشا ەمەس، اللا تاعالانىڭ قالاۋى بويىنشا بولماق، ال يگى-جاقسىلار اللا تاعالانىڭ وسى بارلىق قالاۋلارىنا مۇلدەم ريزا جاندار. ادەمى ءبىر ءسوز بار ... ول ءبىر بەيتانىس جان، ءسوزى وتە از، ەلدەر ودان كوپ نارسە سۇرايدى، ال ول بولسا «مەن بىلمەيمىن.» دەپ جاۋاپ بەرەتىن، ەڭ جاقسى ءىستىڭ ءبىرى «مەن بىلمەيمىن.» دەۋ، ول قاتە بولۋى مۇمكىن بولعان فاتۋا جاساۋدان كورى «مەن بىلمەيمىن.» دەۋدى ۇناتاتىن-دى، بۇنى ايتا ءبىلۋدىڭ وزىندە وتە ۇلكەن يگىلىك جاتىر، ءاربىر ادام بۇنى ىستەي المايدى، ال ادامدار ءبىر نارسە حاقىندا فاتۋا بەرگىش كەلەدى، ءتىپتى ول تۋرالى تۇك بىلمەسەدە، ارينە ولار باسقالارعا ءوزىنىڭ ويى بويىنشا اقىل ايتىپ جاتادى، سوڭىندا ولار جوق نارسەنى بار ەتىپ، حارامدى حالال ەتىپ الجاسادى، سوندىقتان «بىلمەيمىن.» دەۋ ەڭ جاقسى ءسوز. قازىرەت ۇدايى «ەڭ جاقسى نارسە "مەن تۇك بىلمەيمىن".» دەپ ايتىپ وتىرۋشى ەدى، بۇل وتە ادەمى ءسوز، ادامدارعا جاقسى ۇلگىسى قالدى، اللا تاعالا ونىڭ رۋحىن بەرەكەتتەندىرگەي، جاتقان جەرى ءجاننات بولسىن، ول ءبىر ۇلكەن اۋليەلەردەن، ول تىم جاسىرىلعان اۋليە ەمەس، بىلىنگەن اۋليە، بىراق اللا تاعالانىڭ حيكىمەتىندە بۇل دۇنيەدە ول كىسىگە كوپ نارسە بەرىلمەدى، اللا تاعالا وعان ريزا بولعاي. ول مىنا دۇنيەدەگى حالۋاسىن (وقشاۋلانۋ) ءبىتىرۋ ءۇشىن وسى ارانى وتە جاقسى كورەتىن، اللا تاعالا ونى وسىندا اكەلدى، ىستەرىن وسىندا ءبىتىرىپ اقيرەتكە وسى ارادان اتتاندى، اللا تاعالا ونىڭ رۋحىن قۇتتاندىرىپ، ماقام-دارەجەسىن جوعارلاتقاي جانە ونىڭ بەرەكەسى وسىنداعىلارعا تيگەي، ونىڭ وسى ارادا جەرلەنۋىندە ءبىر حيكىمەت بار، قابىرى جاڭا ايىرپورتقا جاقىن جەردە جاتىر، بۇل وسى اراعا بەرىلگەن ءبىر بەرەكەمەن قورعان-ءدۇر ينشاللا. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=211