You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=207
Зұлымдықты кемінде жүрегіңмен жек көр (2022.01.31) Пайғамбарымыз «дұрыс болмаған жаман істерді көргеніңде оны қолыңмен өзгерте алар қуатың болса қолыңмен өзгерт, ал ондай қуат болмаса тілңмен айтып жүртті істемеуге үнде, ал бұны да істей алмайтын жағдайда болсаң оны іштей жүрегіңмен болсада қабыл етпе» дейді, бұл мәшхұр хадис болып, адамдардың көбі естіген болса керек. Қазір кейбір адамдар жағдайды өзгертуге қолында күші бар және тілмен айтуға да әлі жетеді, бірақ олар олай етсе онан арман үлкен бүлік-фитнамен мәселелер туылатын болады, сондықтан бұндай жағдайларда оны істемеген абзал, жеке адамдарға, топтарға және билікке де солай. Біз қазір бір сондай сұмдық заманда өмір сүріп жатырмыз, сен бір игілік істемек болсаң немесе бәлки бір жағдайды түземек болсаң болғаны тағы бір үлкен мәселе сені шыр айналады, сондықтан адамдар үнсіз қалады, бірақ бұл үндемеу ешқашан ақиқаттың шаруасы біткенін білдірмейді, оның төрелігі алла тағаланың алдында жасалатын болады, алла тағала ешнәрсені жай тастап қоймайды әрі ұмытпайды. «Тозаңның салмағындай жақсылығың болса, алла тағала оны көреді әрі ол үшін сауап береді, ал тозаңның салмағындай жамандығың болсада, егер тәубе етпесең оны алла тағала көреді әрі сол үшін жазалайтын болады.» (құран 99:07-08) дейді құран кәримде. Ешбір адам ештеңе істей алмаған соң немесе айта алмаған соң адамдар онан арман тағыласып барады және олар бұдан бір пайдаға кенеліп жүрміз деп ойлайды, бірақ олар қайдан ғана пайдаға жетсін, бұл қазіргі ақырзаман уақытының жәй-күйі, әр жер зұлымдыққа толған, әр жерде адамдардың ұқықтары аяқ асты етілген, адамдар өз жерлерінде еркіндігінен айырылған, бір ел тағы бір елге бірдеме істесе болғаны зұлымдық дереу жоғары қарқынмен үдей түспек, сондықтан ештеңе істелінбеді, олар яғни зұлымдар бізді ештеңе жеңе алмақ емес, бізге қарсы келе ешкім жоқ деп ойлайды, бірақ сендер қиямет күнінде сұралатын боласыңдар, әлі есеп беретін боласыңдар, алла тағаланың рұқсатында ешбіреуі бос қалмақ емес. Алла тағала Сахиб-заман әл-Махдиді жіберіп осында да әр нәрсе сұралмақ әрі ақиреттеде үлкен есеп жүргізбек. Сондықтан адамдар зұлымдық жасамауға және жамандық істемеуге қатты көңіл бөлгені жөн, адамдар ештеңе ете алмағанымен алла тағала ұмытпайды, ол өзі төрелік қылатын болады. Алла тағала бізді нәпсілеріміздің кесір-кесапаттарынан сақтасын, біз жамандықпен зұлымдықтарды қолдамаймыз, біз бұны өз жүрегімізбен және тілімізбен айтып отырмыз, кейде бұндай істерді кей жерде тілменде айтуға келмейді, себебі айтсақ одан арман үлкен бүлікке мұрындық болады, көз алдыңда дұрыс болмаған әрі жаман істерді көрсең оны жүрегіңмен жек көр және оны қабыл етпейтіндігіңді айт, зұлымдық әр жерді қаптаған, оны көрсең болғаны қабыл етпейтіндігіңді жүрегімен, тіліңмен айтып сауап ал. Алла тағала бізді сондай жағдайлардан сақтасын және біздерді дұрыс болмаған келеңсіз істерді істеуден сақтасын, иншалла, алла тағала бізді харам істерден аулақ еткей. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw زۇلىمدىقتى كەمىندە جۇرەگىڭمەن جەك كور (2022.01.31) پايعامبارىمىز «دۇرىس بولماعان جامان ىستەردى كورگەنىڭدە ونى قولىڭمەن وزگەرتە الار قۋاتىڭ بولسا قولىڭمەن وزگەرت، ال ونداي قۋات بولماسا تىلڭمەن ايتىپ ءجۇرتتى ىستەمەۋگە ۇندە، ال بۇنى دا ىستەي المايتىن جاعدايدا بولساڭ ونى ىشتەي جۇرەگىڭمەن بولسادا قابىل ەتپە» دەيدى، بۇل ءماشحۇر حاديس بولىپ، ادامداردىڭ كوبى ەستىگەن بولسا كەرەك. قازىر كەيبىر ادامدار جاعدايدى وزگەرتۋگە قولىندا كۇشى بار جانە تىلمەن ايتۋعا دا ءالى جەتەدى، بىراق ولار ولاي ەتسە ونان ارمان ۇلكەن بۇلىك-فيتنامەن ماسەلەلەر تۋىلاتىن بولادى، سوندىقتان بۇنداي جاعدايلاردا ونى ىستەمەگەن ابزال، جەكە ادامدارعا، توپتارعا جانە بيلىككە دە سولاي. ءبىز قازىر ءبىر سونداي سۇمدىق زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، سەن ءبىر يگىلىك ىستەمەك بولساڭ نەمەسە بالكي ءبىر جاعدايدى تۇزەمەك بولساڭ بولعانى تاعى ءبىر ۇلكەن ماسەلە سەنى شىر اينالادى، سوندىقتان ادامدار ءۇنسىز قالادى، بىراق بۇل ۇندەمەۋ ەشقاشان اقيقاتتىڭ شارۋاسى بىتكەنىن بىلدىرمەيدى، ونىڭ تورەلىگى اللا تاعالانىڭ الدىندا جاسالاتىن بولادى، اللا تاعالا ەشنارسەنى جاي تاستاپ قويمايدى ءارى ۇمىتپايدى. «توزاڭنىڭ سالماعىنداي جاقسىلىعىڭ بولسا، اللا تاعالا ونى كورەدى ءارى ول ءۇشىن ساۋاپ بەرەدى، ال توزاڭنىڭ سالماعىنداي جاماندىعىڭ بولسادا، ەگەر تاۋبە ەتپەسەڭ ونى اللا تاعالا كورەدى ءارى سول ءۇشىن جازالايتىن بولادى.» (قۇران 99:07-08) دەيدى قۇران كاريمدە. ەشبىر ادام ەشتەڭە ىستەي الماعان سوڭ نەمەسە ايتا الماعان سوڭ ادامدار ونان ارمان تاعىلاسىپ بارادى جانە ولار بۇدان ءبىر پايداعا كەنەلىپ ءجۇرمىز دەپ ويلايدى، بىراق ولار قايدان عانا پايداعا جەتسىن، بۇل قازىرگى اقىرزامان ۋاقىتىنىڭ ءجاي-كۇيى، ءار جەر زۇلىمدىققا تولعان، ءار جەردە ادامداردىڭ ۇقىقتارى اياق استى ەتىلگەن، ادامدار ءوز جەرلەرىندە ەركىندىگىنەن ايىرىلعان، ءبىر ەل تاعى ءبىر ەلگە بىردەمە ىستەسە بولعانى زۇلىمدىق دەرەۋ جوعارى قارقىنمەن ۇدەي تۇسپەك، سوندىقتان ەشتەڭە ىستەلىنبەدى، ولار ياعني زۇلىمدار ءبىزدى ەشتەڭە جەڭە الماق ەمەس، بىزگە قارسى كەلە ەشكىم جوق دەپ ويلايدى، بىراق سەندەر قيامەت كۇنىندە سۇرالاتىن بولاسىڭدار، ءالى ەسەپ بەرەتىن بولاسىڭدار، اللا تاعالانىڭ رۇقساتىندا ەشبىرەۋى بوس قالماق ەمەس. اللا تاعالا ساحيب-زامان ءال-ءماحديدى جىبەرىپ وسىندا دا ءار نارسە سۇرالماق ءارى اقيرەتتەدە ۇلكەن ەسەپ جۇرگىزبەك. سوندىقتان ادامدار زۇلىمدىق جاساماۋعا جانە جاماندىق ىستەمەۋگە قاتتى كوڭىل بولگەنى ءجون، ادامدار ەشتەڭە ەتە الماعانىمەن اللا تاعالا ۇمىتپايدى، ول ءوزى تورەلىك قىلاتىن بولادى. اللا تاعالا ءبىزدى ناپسىلەرىمىزدىڭ كەسىر-كەساپاتتارىنان ساقتاسىن، ءبىز جاماندىقپەن زۇلىمدىقتاردى قولدامايمىز، ءبىز بۇنى ءوز جۇرەگىمىزبەن جانە تىلىمىزبەن ايتىپ وتىرمىز، كەيدە بۇنداي ىستەردى كەي جەردە تىلمەندە ايتۋعا كەلمەيدى، سەبەبى ايتساق ودان ارمان ۇلكەن بۇلىككە مۇرىندىق بولادى، كوز الدىڭدا دۇرىس بولماعان ءارى جامان ىستەردى كورسەڭ ونى جۇرەگىڭمەن جەك كور جانە ونى قابىل ەتپەيتىندىگىڭدى ايت، زۇلىمدىق ءار جەردى قاپتاعان، ونى كورسەڭ بولعانى قابىل ەتپەيتىندىگىڭدى جۇرەگىمەن، تىلىڭمەن ايتىپ ساۋاپ ال. اللا تاعالا ءبىزدى سونداي جاعدايلاردان ساقتاسىن جانە بىزدەردى دۇرىس بولماعان كەلەڭسىز ىستەردى ىستەۋدەن ساقتاسىن، ينشاللا، اللا تاعالا ءبىزدى حارام ىستەردەن اۋلاق ەتكەي. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=207