You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=188
Құлшылық ете алғаныңа қуан (2022.01.03)

«"Алла тағаланың мәрхаметімен мейрімі ішінде оларды қуандырып шаттандыр және бұл олардың барлық жиғанынан әлде қайда жақсы" деп айыт.» (құран 10:58) делінеді қасиетті құран кәримде, біз құлшылық етеміз, құлшылық ете алған адамдар құлшылықты аса ірі нығмет және қуаныш көруі тиіс, бұлар алла тағаладан келген өте үлкен мәрхамет және мейірім-дүр, құлшылық етушілер бағы зор тәлейлі жандар, сол үшін алла тағалаға шүкір етелік, шүкіршілік етсеңдер нығыметтерің онан арман арта бермек.

Бізді осы жолға салған мейрімді алла тағала, бірақ біздегі нәпсі құлшылықты ешқашан қаламайды, ол оған мүлдем кері ағар қарсы-дүр, нәпсіміз ұдайы бізді осы жолдан тайдырып жібергісі келеді, құлшылық етіп жүргендер, тәриқаттағылар және жай жүргендерде болсын құлшылыққа қуаныңдар, бұны алла тағала айтып отыр. Бұның барлығыда алла тағаланың мейрім іззеттерінен-дүр, алла тағала бізді панасына алсын, егер алла тағала қаласа сені басқа жаққа жөткей алады, сені жамандыққа бағыттап, өзіне қасарысып қалғандардың орынына да қоя алады, егер алла тағала қаласа, кезкелген әрбір адам күллі жамандық атаулының барлығын істей алады (себебі әрбір адамда 70 шайтанның күшіне барабар нәпсі бар).

Сондықтан біз осы жолда бола алғандығымыз үшін және құлшылық жасай алғандығымыз үшін шаттанып қуаналық, сансыз шүкірліктер айталық, адамдар құлшылық қылып, ораза ұстап жүргеніне сеніп немесе дандайсып қалмасын, кейбір адамдар бұл құлшылықтарды істеуді өте ауыр қиыншылық көреді, себебі оларды бұны істеуден олардың нәпсісі және шайтандар тосып тастаған, ал біз болсақ алла тағаланың мәрхаметімен көмегінде және оның қалауы астында бұларды ауыр көрмей істей алып жүрміз.

Құлшылықтарыңды істегенде, оны қуана істе, себебі ол алла тағаладан саған берілген ірі нығмет және үлкен абырой, онда аса мол игіліктер жатыр, ол мына бүккіл дүниенің бар байлығын жиып алғаннан әлде қайда жақсы қайырлы-дүр, құранда жоғарыда айтылған аяттағыдай оны «бұл олардың бар жиғанынан жақсы.» дей сипаттайды. Расында адамдар мына дүниеде мал-мүлік жинауына болар, бірақ алла тағала «құлшылықтар олардың бұл жиғанынан әлде қайда жақсы.» дейді, ол ішіп-жеуден және басқаның бәрінен де әлде қайда артық нығымет, түсінгендерге алла тағалаға құлшылық етіп, оған қызмет өтеу аса үлкен нығымет-дүр, ол өте жақсы іс, оны қуана істе және «алла тағала өзіңе сансыз шүкірліктер болсын, раббым сен маған осыны істей алуға нәсіп еттің, мендей бір әлсіз құлың осыбір әдемі істерді істей алады.» деп шүкірлік айыт, адамдар үшін ең жақсы ең қайырлы іс алла тағаланың қызыметінде болып, алла тағаланың әмірлерін орындай алу болмақ. Намаз, зекет, хаж, ұмыра, оразадан тартып басқада көптеген алла тағала бұйырған және сүйген құлшылықтар бар, алла тағала біздерді осы құлшылықтарды істеп жатқанда оны қуанып сүйе орындайтындардан еткей.

Кейбір адамдар намаз оқи алмаймыз дейді, бірақ сен намаз оқуға тиістісің, ол алла тағала берген өте бір әдемі іс, құлшылық етіп жатқанда қуан және шүкіршілікте бол, ал оны аяқтағанда да алла тағалаға оны бітіре алғандығың үшін шүкіршілік ет, шайтанның уәсуасына ілініп қалма, «мен тазаланып дәрет ала алмаймын, ананы я мынаны істей алмаймын.» деп айтпа, ол уәсуаса-дүр, дәретіңді ал да, намазыңды оқы, осылай алла тағала ризалығына жет, ал алла тағала ризалығына жеткен құл сөзсіз түрде құлшылығынан игілікте көретін болады.

Алла тағалаға осы жолды көрсеткені үшін шүкіршілік айтамыз, енді алла тағала осы жолда біздің белімізді бекем, қадамымызды нық еткей, алла тағала бізді қорғағай және бізді бұл жолдан айырмағай, ал біз үздіксіз шүкір етелік, иншалла шүкіршілікпен бұл нығыметтер арта бермек.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

قۇلشىلىق ەتە العانىڭا قۋان (2022.01.03)

«"اللا تاعالانىڭ مارحامەتىمەن مەيرىمى ىشىندە ولاردى قۋاندىرىپ شاتتاندىر جانە بۇل ولاردىڭ بارلىق جيعانىنان الدە قايدا جاقسى" دەپ ايىت.» (قۇران 10:58) دەلىنەدى قاسيەتتى قۇران كاريمدە، ءبىز قۇلشىلىق ەتەمىز، قۇلشىلىق ەتە العان ادامدار قۇلشىلىقتى اسا ءىرى نىعمەت جانە قۋانىش كورۋى ءتيىس، بۇلار اللا تاعالادان كەلگەن وتە ۇلكەن مارحامەت جانە مەيىرىم-ءدۇر، قۇلشىلىق ەتۋشىلەر باعى زور تالەيلى جاندار، سول ءۇشىن اللا تاعالاعا شۇكىر ەتەلىك، شۇكىرشىلىك ەتسەڭدەر نىعىمەتتەرىڭ ونان ارمان ارتا بەرمەك.

ءبىزدى وسى جولعا سالعان مەيرىمدى اللا تاعالا، بىراق بىزدەگى ءناپسى قۇلشىلىقتى ەشقاشان قالامايدى، ول وعان مۇلدەم كەرى اعار قارسى-ءدۇر، ءناپسىمىز ۇدايى ءبىزدى وسى جولدان تايدىرىپ جىبەرگىسى كەلەدى، قۇلشىلىق ەتىپ جۇرگەندەر، تاريقاتتاعىلار جانە جاي جۇرگەندەردە بولسىن قۇلشىلىققا قۋانىڭدار، بۇنى اللا تاعالا ايتىپ وتىر. بۇنىڭ بارلىعىدا اللا تاعالانىڭ مەيرىم ىززەتتەرىنەن-ءدۇر، اللا تاعالا ءبىزدى پاناسىنا السىن، ەگەر اللا تاعالا قالاسا سەنى باسقا جاققا جوتكەي الادى، سەنى جاماندىققا باعىتتاپ، وزىنە قاسارىسىپ قالعانداردىڭ ورىنىنا دا قويا الادى، ەگەر اللا تاعالا قالاسا، كەزكەلگەن ءاربىر ادام كۇللى جاماندىق اتاۋلىنىڭ بارلىعىن ىستەي الادى (سەبەبى ءاربىر ادامدا 70 شايتاننىڭ كۇشىنە بارابار ءناپسى بار).

سوندىقتان ءبىز وسى جولدا بولا العاندىعىمىز ءۇشىن جانە قۇلشىلىق جاساي العاندىعىمىز ءۇشىن شاتتانىپ قۋانالىق، سانسىز شۇكىرلىكتەر ايتالىق، ادامدار قۇلشىلىق قىلىپ، ورازا ۇستاپ جۇرگەنىنە سەنىپ نەمەسە داندايسىپ قالماسىن، كەيبىر ادامدار بۇل قۇلشىلىقتاردى ىستەۋدى وتە اۋىر قيىنشىلىق كورەدى، سەبەبى ولاردى بۇنى ىستەۋدەن ولاردىڭ ءناپسىسى جانە شايتاندار توسىپ تاستاعان، ال ءبىز بولساق اللا تاعالانىڭ مارحامەتىمەن كومەگىندە جانە ونىڭ قالاۋى استىندا بۇلاردى اۋىر كورمەي ىستەي الىپ ءجۇرمىز.

قۇلشىلىقتارىڭدى ىستەگەندە، ونى قۋانا ىستە، سەبەبى ول اللا تاعالادان ساعان بەرىلگەن ءىرى نىعمەت جانە ۇلكەن ابىروي، وندا اسا مول يگىلىكتەر جاتىر، ول مىنا بۇككىل دۇنيەنىڭ بار بايلىعىن جيىپ العاننان الدە قايدا جاقسى قايىرلى-ءدۇر، قۇراندا جوعارىدا ايتىلعان اياتتاعىداي ونى «بۇل ولاردىڭ بار جيعانىنان جاقسى.» دەي سيپاتتايدى. راسىندا ادامدار مىنا دۇنيەدە مال-مۇلىك جيناۋىنا بولار، بىراق اللا تاعالا «قۇلشىلىقتار ولاردىڭ بۇل جيعانىنان الدە قايدا جاقسى.» دەيدى، ول ءىشىپ-جەۋدەن جانە باسقانىڭ بارىنەن دە الدە قايدا ارتىق نىعىمەت، تۇسىنگەندەرگە اللا تاعالاعا قۇلشىلىق ەتىپ، وعان قىزمەت وتەۋ اسا ۇلكەن نىعىمەت-ءدۇر، ول وتە جاقسى ءىس، ونى قۋانا ىستە جانە «اللا تاعالا وزىڭە سانسىز شۇكىرلىكتەر بولسىن، راببىم سەن ماعان وسىنى ىستەي الۋعا ءناسىپ ەتتىڭ، مەندەي ءبىر ءالسىز قۇلىڭ ءوسىبىر ادەمى ىستەردى ىستەي الادى.» دەپ شۇكىرلىك ايىت، ادامدار ءۇشىن ەڭ جاقسى ەڭ قايىرلى ءىس اللا تاعالانىڭ قىزىمەتىندە بولىپ، اللا تاعالانىڭ امىرلەرىن ورىنداي الۋ بولماق. ناماز، زەكەت، حاج، ۇمىرا، ورازادان تارتىپ باسقادا كوپتەگەن اللا تاعالا بۇيىرعان جانە سۇيگەن قۇلشىلىقتار بار، اللا تاعالا بىزدەردى وسى قۇلشىلىقتاردى ىستەپ جاتقاندا ونى قۋانىپ سۇيە ورىندايتىنداردان ەتكەي.

كەيبىر ادامدار ناماز وقي المايمىز دەيدى، بىراق سەن ناماز وقۋعا ءتيىستىسىڭ، ول اللا تاعالا بەرگەن وتە ءبىر ادەمى ءىس، قۇلشىلىق ەتىپ جاتقاندا قۋان جانە شۇكىرشىلىكتە بول، ال ونى اياقتاعاندا دا اللا تاعالاعا ونى بىتىرە العاندىعىڭ ءۇشىن شۇكىرشىلىك ەت، شايتاننىڭ ءۋاسۋاسىنا ءىلىنىپ قالما، «مەن تازالانىپ دارەت الا المايمىن، انانى يا مىنانى ىستەي المايمىن.» دەپ ايتپا، ول ءۋاسۋاسا-ءدۇر، دارەتىڭدى ال دا، نامازىڭدى وقى، وسىلاي اللا تاعالا ريزالىعىنا جەت، ال اللا تاعالا ريزالىعىنا جەتكەن قۇل ءسوزسىز تۇردە قۇلشىلىعىنان يگىلىكتە كورەتىن بولادى.

اللا تاعالاعا وسى جولدى كورسەتكەنى ءۇشىن شۇكىرشىلىك ايتامىز، ەندى اللا تاعالا وسى جولدا ءبىزدىڭ بەلىمىزدى بەكەم، قادامىمىزدى نىق ەتكەي، اللا تاعالا ءبىزدى قورعاعاي جانە ءبىزدى بۇل جولدان ايىرماعاي، ال ءبىز ۇزدىكسىز شۇكىر ەتەلىك، ينشاللا شۇكىرشىلىكپەن بۇل نىعىمەتتەر ارتا بەرمەك.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=188