You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=178
Жүрген жолыңда бекем бол (2021.12.20)
«Алла тағала бекем сөзбен өзіне сенгендерді дүниеде де ақиретте де бекем етеді, ал күнәкарларды қаңғытып жібереді.» (құран 14:27) дейді алла тағала құран кәримде, бұнда алла тағала кімдерді қаласа соны тура жолына салып әрі оларды сол жолда бекем ететіндігін айтады, бұндағы бекемдік дегеніміз тура жолдан таймай төтесінен алдыға жүре беру және уәдесін бұзбау дегендік.

Сондықтан қасиетты пайғамбарымыз «еткен жақсы амалдарың аз болсада, үзіліссіз жалғассын.» дейді, бұндағы айтылмағы тұрақтылықпен алға қарай бекем бет алу, тым көп істеп алып, артынан шаршап бәрін тастап кетпе, егер бұлай болса сөзіңді бұзып, жолдан тайған боласың, бұл маңызды түйін-дүр.

Алла тағала бізді өз панасына алсын, адамдар бұл өмірде өздеріне не болып жатқанынан хабарсыз, олар ұдайы өздерін бір жолға салып алып, енді өмірім осылай өтпек деп ойлайды, алайда бұнда нәпсі, шайтан және дүние деген нәрселер оларды ана жолдан мына жолға лақтырады, бірақ бұндай істер ол кісі үшін бір жамандық-дүр, еш жақсылық емес. Осы себептерге байланысты біз құлшынуымыз керек, алла тағала бізді тура жолымызда яғни тәриқатымызда үздіксіз жүре беруге нәсіп еткей, түскен тура жолыңда құлшынуыңмен бекем болуың аса маңызды іс.

Бекем болу әр істе де маңызды, тіпті соғыстада солай, мәселен соғыс болып жатқанда біреу соғыс майданын тастап қашып кетсе, бұл өте ауыр күнә болмақ, себебі бір адамның қашуы бүтін армияның жеңілісіне әкеліп соғуы мүмкін, біреуі қашса, басқалары да оны көріп қашуы мүмкін, армия соғыста осылай жеңіледі. Сондықтан соғыста қашқындық жасау кісі өлтіргеннен, зинадан және арақ ішуден де ауыр күнә болып саналады, кімде кім жолында бекем болмай, оны тастап кетседе осындай жаман істерді істеумен бірдей іс болмақ.

Біз бүкіл өмірімізде үлкен жихат ішінде жүреміз, соғыста майданнан қашып кету кіші жихаттан қашқандық болып саналады, олардың бәріде бірдей жаман істер, себебі олай етсең шайтаннан жеңілген болып саналасың, сонымен бірге сен жеңілген соң, басқаларда саған қарайды да «ол осылай етті, менде сүйтемін.» дейді, осылайша сен басқалардың күйреуіне себепкер немесе ашылған бүлік есігі боласың, сол үшін бекем бол, жолыңнан ауытқыма, қатты зорланып көп істеймін деме, бірақ шамаң келісінше істе де, жолыңда табанды бол, жолыңды тастап, шетке шығып қалудан абай бол, олай етсең өзіңде құрисың және өзгелердің де құруына есік ашып берген боласың.

Қазір біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, бұл дүние бүкіл адамды сондай бір қатты қарбаластыққа салып, оларды бас көтерітпейтіндей етіп мүлдем басып алғаны соншалықты, олар азғантай жақсылық істеуге де құлықсыз болған. Шайтан, адамдағы нәпсі, дүние және хауа еш жақсылықты қаламайды да, оларды басқа бос істермен қатты әбігер етіп қойды. Адамдар жан-жағына қарайды, содан оған елітіп тура жолын тастайды да бұрыс жолдарға ат басын бұрады, алла тағала біздері панасына алғай және жәрдем еткей.

Біз қиын уақыттарда өмір сүріп жатырмыз, бірақ қаншалықты қиындықта өмір сүрген сайын, соған орай алла тағаланың берер сауабы да мол болмақ, алла тағаланың белі бекем пенделеріне берер сауабы аса үлкен, алла тағала біздерді осы жолымызда белі бекемдерден еткей әрі бізде уәдемізде берік болайық, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

جۇرگەن جولىڭدا بەكەم بول (2021.12.20)

«اللا تاعالا بەكەم سوزبەن وزىنە سەنگەندەردى دۇنيەدە دە اقيرەتتە دە بەكەم ەتەدى، ال كۇناكارلاردى قاڭعىتىپ جىبەرەدى.» (قۇران 14:27) دەيدى اللا تاعالا قۇران كاريمدە، بۇندا اللا تاعالا كىمدەردى قالاسا سونى تۋرا جولىنا سالىپ ءارى ولاردى سول جولدا بەكەم ەتەتىندىگىن ايتادى، بۇنداعى بەكەمدىك دەگەنىمىز تۋرا جولدان تايماي توتەسىنەن الدىعا جۇرە بەرۋ جانە ۋادەسىن بۇزباۋ دەگەندىك.

سوندىقتان قاسيەتتى پايعامبارىمىز «ەتكەن جاقسى امالدارىڭ از بولسادا، ءۇزىلىسسىز جالعاسسىن.» دەيدى، بۇنداعى ايتىلماعى تۇراقتىلىقپەن العا قاراي بەكەم بەت الۋ، تىم كوپ ىستەپ الىپ، ارتىنان شارشاپ ءبارىن تاستاپ كەتپە، ەگەر بۇلاي بولسا ءسوزىڭدى بۇزىپ، جولدان تايعان بولاسىڭ، بۇل ماڭىزدى ءتۇيىن-ءدۇر.

اللا تاعالا ءبىزدى ءوز پاناسىنا السىن، ادامدار بۇل ومىردە وزدەرىنە نە بولىپ جاتقانىنان حابارسىز، ولار ۇدايى وزدەرىن ءبىر جولعا سالىپ الىپ، ەندى ءومىرىم وسىلاي وتپەك دەپ ويلايدى، الايدا بۇندا ءناپسى، شايتان جانە دۇنيە دەگەن نارسەلەر ولاردى انا جولدان مىنا جولعا لاقتىرادى، بىراق بۇنداي ىستەر ول كىسى ءۇشىن ءبىر جاماندىق-ءدۇر، ەش جاقسىلىق ەمەس. وسى سەبەپتەرگە بايلانىستى ءبىز قۇلشىنۋىمىز كەرەك، اللا تاعالا ءبىزدى تۋرا جولىمىزدا ياعني تاريقاتىمىزدا ۇزدىكسىز جۇرە بەرۋگە ءناسىپ ەتكەي، تۇسكەن تۋرا جولىڭدا قۇلشىنۋىڭمەن بەكەم بولۋىڭ اسا ماڭىزدى ءىس.

بەكەم بولۋ ءار ىستە دە ماڭىزدى، ءتىپتى سوعىستادا سولاي، ماسەلەن سوعىس بولىپ جاتقاندا بىرەۋ سوعىس مايدانىن تاستاپ قاشىپ كەتسە، بۇل وتە اۋىر كۇنا بولماق، سەبەبى ءبىر ادامنىڭ قاشۋى ءبۇتىن ارميانىڭ جەڭىلىسىنە اكەلىپ سوعۋى مۇمكىن، بىرەۋى قاشسا، باسقالارى دا ونى كورىپ قاشۋى مۇمكىن، ارميا سوعىستا وسىلاي جەڭىلەدى. سوندىقتان سوعىستا قاشقىندىق جاساۋ كىسى ولتىرگەننەن، زينادان جانە اراق ىشۋدەن دە اۋىر كۇنا بولىپ سانالادى، كىمدە كىم جولىندا بەكەم بولماي، ونى تاستاپ كەتسەدە وسىنداي جامان ىستەردى ىستەۋمەن بىردەي ءىس بولماق.

ءبىز بۇكىل ومىرىمىزدە ۇلكەن جيحات ىشىندە جۇرەمىز، سوعىستا مايداننان قاشىپ كەتۋ كىشى جيحاتتان قاشقاندىق بولىپ سانالادى، ولاردىڭ بارىدە بىردەي جامان ىستەر، سەبەبى ولاي ەتسەڭ شايتاننان جەڭىلگەن بولىپ سانالاسىڭ، سونىمەن بىرگە سەن جەڭىلگەن سوڭ، باسقالاردا ساعان قارايدى دا «ول وسىلاي ەتتى، مەندە سۇيتەمىن.» دەيدى، وسىلايشا سەن باسقالاردىڭ كۇيرەۋىنە سەبەپكەر نەمەسە اشىلعان بۇلىك ەسىگى بولاسىڭ، سول ءۇشىن بەكەم بول، جولىڭنان اۋىتقىما، قاتتى زورلانىپ كوپ ىستەيمىن دەمە، بىراق شاماڭ كەلىسىنشە ىستە دە، جولىڭدا تاباندى بول، جولىڭدى تاستاپ، شەتكە شىعىپ قالۋدان اباي بول، ولاي ەتسەڭ وزىڭدە قۇريسىڭ جانە وزگەلەردىڭ دە قۇرۋىنا ەسىك اشىپ بەرگەن بولاسىڭ.

قازىر ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، بۇل دۇنيە بۇكىل ادامدى سونداي ءبىر قاتتى قاربالاستىققا سالىپ، ولاردى باس كوتەرىتپەيتىندەي ەتىپ مۇلدەم باسىپ العانى سونشالىقتى، ولار ازعانتاي جاقسىلىق ىستەۋگە دە قۇلىقسىز بولعان. شايتان، ادامداعى ءناپسى، دۇنيە جانە حاۋا ەش جاقسىلىقتى قالامايدى دا، ولاردى باسقا بوس ىستەرمەن قاتتى ابىگەر ەتىپ قويدى. ادامدار جان-جاعىنا قارايدى، سودان وعان ەلىتىپ تۋرا جولىن تاستايدى دا بۇرىس جولدارعا ات باسىن بۇرادى، اللا تاعالا بىزدەرى پاناسىنا العاي جانە جاردەم ەتكەي.

ءبىز قيىن ۋاقىتتاردا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، بىراق قانشالىقتى قيىندىقتا ءومىر سۇرگەن سايىن، سوعان وراي اللا تاعالانىڭ بەرەر ساۋابى دا مول بولماق، اللا تاعالانىڭ بەلى بەكەم پەندەلەرىنە بەرەر ساۋابى اسا ۇلكەن، اللا تاعالا بىزدەردى وسى جولىمىزدا بەلى بەكەمدەردەن ەتكەي ءارى بىزدە ۋادەمىزدە بەرىك بولايىق، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=178