You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=173
Жақсылықта ғана жәрдемші бол (2021.12.13)

«Дұрыстықпен тақуалықта селбесіңдер, күнәмен тажауыздықта селбеспеңдер.» (құран 05:02) делінеді, алла тағала бізге жақсы іс-әрекеттермен құлшылықта өзара көмектесуды әмір еткен. Мәселен біреу көмек сұраса, оған көмек ет, оған жақсылық қыл, алла тағала көмек еткендерге сауап жазып, си-сияпаттар беретін болады, ол «шамаң келгенінше барлық көмектерді жаса, іс-әрекет еңбектік және рухани жақтан болсын көмек жасаңдар.» дейді.

Әркім әлі жеткенше көмек жасағаны жөн, себебі өзара қолдау болған жерде, көмекті берушімен оны алушыда бірдей игілікке кенеледі, жұрт ұйымдсып, оларға күш бітеді, сонымен бірге ол бар адамға, мұсылмандарға және жақслық істеушілерге түгелдей тәндік және рухани жақтан қуат бағыштайды, ал жалғыз қалған жерді қауқарсыздық жайлап, адамдар бөліне бастайды ... Алла тағала жақсыларға өзара көмек жасасуды әмір етеді, көмек етпей тасада қалма, алла тағаланың ризалығына жетем десең онда оның әмірін істеде, әлің келгенше көмек жасап, дұрыс іс қыл.

Алла тағала адамдарға жамандықта бір-біріне жәрдемші болмауға бұйырады, сендер күнә істеуде, зұлымдықта және жаулық жасауда өзара көмектеспеңдер дейді, бұндай істемеңдер, ол сендерді еш пайдамен жақсылықтарға жеткізбек емес, бұндай істерде тәндік немесе рухани иігілік жоқ, бірақ ол адамдар ара өзара өшпенділікті онан арман арыттыра түспек. Басқаларға зұлымдық жасауда көмектесуден еш жақсылық келмес, ол тек залал әкеліп, өзіңеде өзгегеде бірдей зиян салмақ. Егер зұлымдық жасаушы біреу «мен тек басқаларды зияндап жатырмын.» деп ойласа, ол қателеседі, бұнда ол ең алдымен өзіне зұлымдық жасаушы болады, себебі бұл жағдайда оның күнәсі барған сайып зорайып, оған алла тағаланың азабы түспек. Алла тағаланың қарғысы сондай адамдарға жетеді, сондықтан бұл аса маңызды түйіндерден, егер көмек ете алмасаң, кемінде зұлымдық жасама және зұлымдыққа көмек етпе.

Бұл ақырзаман уақытында бүкіл жер беті суайыттықтармен жалғандықтарға және зұлымдықтарға толған, көптеген адамдар бас пайдасы немесе экономикалық табыстары үшін зұлымдар жағына шығып алады, бірақ олар зұлымдардан еш пайда келмейтінін білсе еді, зұлымдардан тек залал ғана келеді. Алла тағала баршамызды панасына алғай, бізді жақсылардан және жақсылық жасаушылардан еткей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

جاقسىلىقتا عانا جاردەمشى بول (2021.12.13)

«دۇرىستىقپەن تاقۋالىقتا سەلبەسىڭدەر، كۇنامەن تاجاۋىزدىقتا سەلبەسپەڭدەر.» (قۇران 05:02) دەلىنەدى، اللا تاعالا بىزگە جاقسى ءىس-ارەكەتتەرمەن قۇلشىلىقتا ءوزارا كومەكتەسۋدى ءامىر ەتكەن. ماسەلەن بىرەۋ كومەك سۇراسا، وعان كومەك ەت، وعان جاقسىلىق قىل، اللا تاعالا كومەك ەتكەندەرگە ساۋاپ جازىپ، سي-سياپاتتار بەرەتىن بولادى، ول «شاماڭ كەلگەنىنشە بارلىق كومەكتەردى جاسا، ءىس-ارەكەت ەڭبەكتىك جانە رۋحاني جاقتان بولسىن كومەك جاساڭدار.» دەيدى.

اركىم ءالى جەتكەنشە كومەك جاساعانى ءجون، سەبەبى ءوزارا قولداۋ بولعان جەردە، كومەكتى بەرۋشىمەن ونى الۋشىدا بىردەي يگىلىككە كەنەلەدى، جۇرت ۇيىمدسىپ، ولارعا كۇش بىتەدى، سونىمەن بىرگە ول بار ادامعا، مۇسىلماندارعا جانە جاقسلىق ىستەۋشىلەرگە تۇگەلدەي تاندىك جانە رۋحاني جاقتان قۋات باعىشتايدى، ال جالعىز قالعان جەردى قاۋقارسىزدىق جايلاپ، ادامدار بولىنە باستايدى ... اللا تاعالا جاقسىلارعا ءوزارا كومەك جاساسۋدى ءامىر ەتەدى، كومەك ەتپەي تاسادا قالما، اللا تاعالانىڭ ريزالىعىنا جەتەم دەسەڭ وندا ونىڭ ءامىرىن ىستەدە، ءالىڭ كەلگەنشە كومەك جاساپ، دۇرىس ءىس قىل.

اللا تاعالا ادامدارعا جاماندىقتا ءبىر-بىرىنە جاردەمشى بولماۋعا بۇيىرادى، سەندەر كۇنا ىستەۋدە، زۇلىمدىقتا جانە جاۋلىق جاساۋدا ءوزارا كومەكتەسپەڭدەر دەيدى، بۇنداي ىستەمەڭدەر، ول سەندەردى ەش پايدامەن جاقسىلىقتارعا جەتكىزبەك ەمەس، بۇنداي ىستەردە تاندىك نەمەسە رۋحاني يىگىلىك جوق، بىراق ول ادامدار ارا ءوزارا وشپەندىلىكتى ونان ارمان ارىتتىرا تۇسپەك. باسقالارعا زۇلىمدىق جاساۋدا كومەكتەسۋدەن ەش جاقسىلىق كەلمەس، ول تەك زالال اكەلىپ، وزىڭەدە وزگەگەدە بىردەي زيان سالماق. ەگەر زۇلىمدىق جاساۋشى بىرەۋ «مەن تەك باسقالاردى زيانداپ جاتىرمىن.» دەپ ويلاسا، ول قاتەلەسەدى، بۇندا ول ەڭ الدىمەن وزىنە زۇلىمدىق جاساۋشى بولادى، سەبەبى بۇل جاعدايدا ونىڭ كۇناسى بارعان سايىپ زورايىپ، وعان اللا تاعالانىڭ ازابى تۇسپەك. اللا تاعالانىڭ قارعىسى سونداي ادامدارعا جەتەدى، سوندىقتان بۇل اسا ماڭىزدى تۇيىندەردەن، ەگەر كومەك ەتە الماساڭ، كەمىندە زۇلىمدىق جاساما جانە زۇلىمدىققا كومەك ەتپە.

بۇل اقىرزامان ۋاقىتىندا بۇكىل جەر بەتى سۋايىتتىقتارمەن جالعاندىقتارعا جانە زۇلىمدىقتارعا تولعان، كوپتەگەن ادامدار باس پايداسى نەمەسە ەكونوميكالىق تابىستارى ءۇشىن زۇلىمدار جاعىنا شىعىپ الادى، بىراق ولار زۇلىمداردان ەش پايدا كەلمەيتىنىن بىلسە ەدى، زۇلىمداردان تەك زالال عانا كەلەدى. اللا تاعالا بارشامىزدى پاناسىنا العاي، ءبىزدى جاقسىلاردان جانە جاقسىلىق جاساۋشىلاردان ەتكەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=173