You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=166
Алла тағаланың әмірлері ауыр емес (2021.12.01)

«Алла тағала пендесіне олар көтере алмайтын міндеттерді жүктемейді.» (құран 02:256) делінеді құран кәримде, алла тағала адамдарға олар алып жүре алмайтын істерді тапсырмайды, ол әркімге міндеттеген істердің барлығын олардың істей алуына мүмкіндігі бар, олар қиын нәрселер емес, орындауға жеңіл. Мәселен, күніне бес уақ намаз, ораза, зекет, қажылық қатарлыларды атқару оңай, әркім намаз оқып ораза ұстай алады, тіпті ауырып жатса намазды отырып та оқуына болады, ал қатты ауырса төсекте жатып та намаз оқи алады.

Алла тағала адамдарға олар істей алатын істерді әмір еткен. Ораза хақында, мәселен ауырып қалған адам сауыққанда оны толықтауына болады, толықтаған соң оразасы толық біткен ораза ретінде саналады. Айтып өткеніміздей алла тағаланың бізге істе деп бұйырғандарды өте оңай нәрселер, біз оны істей аламыз, бірақ шайтан оны бізге тым қиын істерден етіп көрсетеді.

Дін хақында айтсақ қазір дін біреу ғана (ол ислам діні), басқа дін жоқ (басқа діндер пайғамбарымыз келген соң алла тағаланың құзіретінде өз күшін жойған, содан бастап олар алла тағаланың алдында дін деп танылмайды, тек қана пайғамбарымыз әкелген ислам діні алла тағаланың алдында қабыл етіледі, ол жайлы құранда айтылған). Қазіргі адасқан басқа діндерде істелініп жүрген құлшылықтар пайғамбарлар әкелген құлшылықтар емес, бұл құлшылықтары олар өз ойларынан шығарып алған нәрселері ғана, олар қалай құлшылық еткісі келсе солай құлшылық жасайды. Ал ақымақ адамдар болса оларға қарайды да «бұлар намаз оқымайды, дәрет алмайды, бұндай ешнәрсе жоқ, қандай жақсы, олардың еткендері оңай ғой.» дейді, бірақ жеңіл емес, олар діндегілер емес, дін тек ислам ғана, барлық пайғамбарлардың діні ислам болып, оның ішінде алла тағаланың әмірлері бар, ол әмірлер бұрынғы кездері қазір бізге бұйырған әмірлерден ауыр болған, істеуге қиын еді, ал қазіргі ислам дініндегі әмір-бұйрықтар пайғамбарымыздың құрметі үшін рахым ретінде бізге жеңілдетілді, сондықтан біз алла тағалаға сансыз шүкірліктер айтуымыз керек, ал орынды себебі бар адамдарға тіпті де көбірек жеңілдіктер берілген.

Адамдар міндетті түрде осыларды есінеде сақтауы керек, біз алла тағаланың әмірлерін істеуге тиістіміз, бұл бейне біздің ішіп-жеу, тыныс алу сияқты істерімізге ұқсайды, құлшылықтарда осындай болуы керек, олар қиын емес, ауыр жүкте емес. Алла тағала біздің тәбиғатымызбен әлімізге қарай міндеттерді бұйырған, аллаға шүкірліктер болсын, алла тағала бұйырғандарын бізге ауыр қылмай, жеңіл етіп көрсеткей.

Кім алла тағаланың бұйырғандарын істесе тыныштықта болады әрі істері де жеңіл болмақ және ол жан бұл дүниеде де ол дүниеде де абырйлы өмір көреді, сонымен бірге ол алла тағаланың сүйікті пенделерінен және пайғамбарымыздың сүйікті үмбеттерінен болмақ, иншалла. Алла тағала біздерді шайтанмен өзіміздің нәпсілеріміздің кесір-кесапаттарынан сақтасын, себебі олар бізге ұдайы кедергілік жасайды.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

اللا تاعالانىڭ امىرلەرى اۋىر ەمەس (2021.12.01)

«اللا تاعالا پەندەسىنە ولار كوتەرە المايتىن مىندەتتەردى جۇكتەمەيدى.» (قۇران 02:256) دەلىنەدى قۇران كاريمدە، اللا تاعالا ادامدارعا ولار الىپ جۇرە المايتىن ىستەردى تاپسىرمايدى، ول اركىمگە مىندەتتەگەن ىستەردىڭ بارلىعىن ولاردىڭ ىستەي الۋىنا مۇمكىندىگى بار، ولار قيىن نارسەلەر ەمەس، ورىنداۋعا جەڭىل. ماسەلەن، كۇنىنە بەس ۋاق ناماز، ورازا، زەكەت، قاجىلىق قاتارلىلاردى اتقارۋ وڭاي، اركىم ناماز وقىپ ورازا ۇستاي الادى، ءتىپتى اۋىرىپ جاتسا نامازدى وتىرىپ تا وقۋىنا بولادى، ال قاتتى اۋىرسا توسەكتە جاتىپ تا ناماز وقي الادى.

اللا تاعالا ادامدارعا ولار ىستەي الاتىن ىستەردى ءامىر ەتكەن. ورازا حاقىندا، ماسەلەن اۋىرىپ قالعان ادام ساۋىققاندا ونى تولىقتاۋىنا بولادى، تولىقتاعان سوڭ ورازاسى تولىق بىتكەن ورازا رەتىندە سانالادى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي اللا تاعالانىڭ بىزگە ىستە دەپ بۇيىرعانداردى وتە وڭاي نارسەلەر، ءبىز ونى ىستەي الامىز، بىراق شايتان ونى بىزگە تىم قيىن ىستەردەن ەتىپ كورسەتەدى.

ءدىن حاقىندا ايتساق قازىر ءدىن بىرەۋ عانا (ول يسلام ءدىنى)، باسقا ءدىن جوق (باسقا دىندەر پايعامبارىمىز كەلگەن سوڭ اللا تاعالانىڭ قۇزىرەتىندە ءوز كۇشىن جويعان، سودان باستاپ ولار اللا تاعالانىڭ الدىندا ءدىن دەپ تانىلمايدى، تەك قانا پايعامبارىمىز اكەلگەن يسلام ءدىنى اللا تاعالانىڭ الدىندا قابىل ەتىلەدى، ول جايلى قۇراندا ايتىلعان). قازىرگى اداسقان باسقا دىندەردە ىستەلىنىپ جۇرگەن قۇلشىلىقتار پايعامبارلار اكەلگەن قۇلشىلىقتار ەمەس، بۇل قۇلشىلىقتارى ولار ءوز ويلارىنان شىعارىپ العان نارسەلەرى عانا، ولار قالاي قۇلشىلىق ەتكىسى كەلسە سولاي قۇلشىلىق جاسايدى. ال اقىماق ادامدار بولسا ولارعا قارايدى دا «بۇلار ناماز وقىمايدى، دارەت المايدى، بۇنداي ەشنارسە جوق، قانداي جاقسى، ولاردىڭ ەتكەندەرى وڭاي عوي.» دەيدى، بىراق جەڭىل ەمەس، ولار دىندەگىلەر ەمەس، ءدىن تەك يسلام عانا، بارلىق پايعامبارلاردىڭ ءدىنى يسلام بولىپ، ونىڭ ىشىندە اللا تاعالانىڭ امىرلەرى بار، ول امىرلەر بۇرىنعى كەزدەرى قازىر بىزگە بۇيىرعان امىرلەردەن اۋىر بولعان، ىستەۋگە قيىن ەدى، ال قازىرگى يسلام دىنىندەگى ءامىر-بۇيرىقتار پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن راحىم رەتىندە بىزگە جەڭىلدەتىلدى، سوندىقتان ءبىز اللا تاعالاعا سانسىز شۇكىرلىكتەر ايتۋىمىز كەرەك، ال ورىندى سەبەبى بار ادامدارعا ءتىپتى دە كوبىرەك جەڭىلدىكتەر بەرىلگەن.

ادامدار مىندەتتى تۇردە وسىلاردى ەسىنەدە ساقتاۋى كەرەك، ءبىز اللا تاعالانىڭ امىرلەرىن ىستەۋگە ءتيىستىمىز، بۇل بەينە ءبىزدىڭ ءىشىپ-جەۋ، تىنىس الۋ سياقتى ىستەرىمىزگە ۇقسايدى، قۇلشىلىقتاردا وسىنداي بولۋى كەرەك، ولار قيىن ەمەس، اۋىر جۇكتە ەمەس. اللا تاعالا ءبىزدىڭ تابيعاتىمىزبەن الىمىزگە قاراي مىندەتتەردى بۇيىرعان، اللاعا شۇكىرلىكتەر بولسىن، اللا تاعالا بۇيىرعاندارىن بىزگە اۋىر قىلماي، جەڭىل ەتىپ كورسەتكەي.

كىم اللا تاعالانىڭ بۇيىرعاندارىن ىستەسە تىنىشتىقتا بولادى ءارى ىستەرى دە جەڭىل بولماق جانە ول جان بۇل دۇنيەدە دە ول دۇنيەدە دە ابىريلى ءومىر كورەدى، سونىمەن بىرگە ول اللا تاعالانىڭ سۇيىكتى پەندەلەرىنەن جانە پايعامبارىمىزدىڭ سۇيىكتى ۇمبەتتەرىنەن بولماق، ينشاللا. اللا تاعالا بىزدەردى شايتانمەن ءوزىمىزدىڭ ناپسىلەرىمىزدىڭ كەسىر-كەساپاتتارىنان ساقتاسىن، سەبەبى ولار بىزگە ۇدايى كەدەرگىلىك جاسايدى.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=166